Тақырыбы: «Күз мереке-күз береке» Мақсаты: Күз айлары туралы білімдерін ортага сала отырып,табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балдардың білімдерін кеңейту.Күз мезгілінің берекелі екенін айтып,түсінік беру,ойлау қабілетін дамыту.Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Просмотр содержимого документа
«Күз мереке-Күз береке»
Тақырыбы: «Күз мереке-күз береке»
Мақсаты: Күз айлары туралы білімдерін ортага сала отырып,табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балдардың білімдерін кеңейту.Күз мезгілінің берекелі екенін айтып,түсінік беру,ойлау қабілетін дамыту.Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Жоспары:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі
2.Топ құру:көкөністер,жемістер
3.Сұрақ-жауап
4.Күз сыйы
5.Жаңылмай айт
6.Кім бұрын
I.Ұйымдастыру
Бүгінгі 2 ж сыныптың оқушылары арасында ұйымдастырып отырған «Күз береке-күз мереке» атты сайысына қош келдіңіздер
Уа халайық,халайық
Мұнда назар салайық
Берекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық
ІІ.Негізгі бөлім:
Топ құру: Оқушыларды топтасырып екі топқа бөлу
1.Көкөністер
2.Жемістер.
2. Сұрақ-жауаптар бойынша балаларға күз мезгілі туралы туралы сұрақтар қойылып,әр баланың жауаптары бойынша күз мезгіліне мәлімет жинау.
1 Күз айларына қай айлары жатады?
2 Күз мезгілі қай мезгілден кейін келеді?
3 Күзде қандай мереке болады?
4 Күзді не үшін берекелі деп атайды?
3. Күз сыйы:Екі топтың оқушыларына әр түрлі жапрақтардан апликация жасау
4. Жаңылмай айт:Екі топтың оқушылары біреуі жемістердің атын,екінші топ көкөністердің аттарын жаңылмай айту керек.
5 Кім бұрын:
Екі топтан бір,бір оқушыдан шыгарып күз мезгілі бейнеленген сурет салдыру және әңімелеп беру.Және бір бір оқушыға күз жайлы шыгарма жаздыру.
Енді қазылар алқасы екі топтың бағаларын шыгарамын дегенше балалардың тақпақтарын тыңдайық:
1 Астық жеміс жиналды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
2 Көбейді құт- береке
Астық толы қамбамыз
Кутты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз
Осымен сайыскерлеріміз бес кезеңнен өтіп,өздерінің бойындағы қасиеттерін көрсетті.Ендігі сөзді әділқазылар алқасына берейік.
Бойларыңда от бар екен байқадым
Жүректерде шоқ бар екен байқадым
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әр дайым,дей отырып,бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.Сайыста жеңіп шыққан топты марапаттау.