Просмотр содержимого документа
«?ош,с?йікті ?ліппе !»
Қош сүйікті, Әліппе!
Мақсаты: 1. Оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушының әліппеден алған
білімдерін тиянақтау.
2. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық
мүмкіндіктерін ашу.
3. Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, « Әліппе», « Ана тілі » оқулықтарының мұқабасы, шарлар.
Жүргізуші: - Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!
Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, алғаш танысқан оқулығы – ол Әліппе. Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі – әліппемен қоштасу тойына арналған « Қош сүйіктіӘліппе » деп аталатын ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Қазіргі таңда балаларыңыз –алфавиттің барлық әріптерін танып, оқуды, жазуды меңгерді. Әрине ол алғашқы оқулығымыз Әліппенің арқасы. Әліппе тек сендерді – әріптермен таныстырып қана қойған жоқ, оның әрбір парағы – сендерді татулыққа, достыққа, адамгершілікке, үйретті, және мектеп ережесімен таныстырды. Ендеше балалар, - білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын дей отырып, - бүгінгі ертеңгілігімізді Қ.Р. Гимнімен бастайық:
Орындайтын: Хор
Қуаныш : Армысыздар мұғалімдер, әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар
Каусар: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға
Жүргізуші: Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер сол жұмбақтың жауабын тауып көріңдерші:
Іші толы әріпке
Білімдегі жарық не ?
Хормен: Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті Әліппе
Ол сүйікті Әліппе-
Жүргізуші : Олай болса балалар, бәрімізге ең қымбат –Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе.
Әліппе: Армысыздар , жас достар
Армысыздар ата-ана
Болашаққа жол ашар
Әліппең келді ортаңа
Менің атым Әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ержеткен
Ағаң менен әпкеңде- балалар, сендер әліппені оқып үйрендіңдер, енді мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Әліппеден үйренген білімдеріңді, өнерлеріңді маған көрсетесіңдер ме ? ----------------------иа.
Жүргізуші: Олай болса балалар, біз дайындаған ән-жырымызды ортаға салайық.
Ақбөбек: Мектебімнің есігін
Қыркүйекте ашқанбыз
Оқушы болып мектепке
Қуанып қадам басқанбыз
Нұрбақыт: Әліппе-білім анасы
Әліппе кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған
Адамның барма баласы
Темірлан: Әліппем менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
« Аяулы мектебім » әнімен ортаға Сара
Муслима: Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың
Бибінұр: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе
Эльдар: Бәрімізді сүйіп өткен
Балаларға үйреткен
Әліппемен ұстазға
Бас иеміз құрметпен
« Ұстазым » әнімен ортаға Мадина мен Азамат
Жеткізген: Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе
Ұлбибі: Бар кітапқа бас болған
Әліппе-ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Ибрахим: Таныстырар әріппен
Мынау әйбат Әліппең
Әліппе деген аты оның
Басталған қай әріптен
« Туған жер » әнімен ортаға Гаухар
Хасан: Таныстырған 42- әріппен
Қош бол менің, қош сүйікті әліппем
Сенің арқаң оқи,жаза білгенім
Сауатты адам қатарына кіргенім
Жанали: Алфавиттің а-тұрады басында
Әрқашанда Ә- тұрады қасында
Байқадыңба Б- тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші
Іңкар: А - деген ол аналар ғой ардақты
Ә- деген ол әкелер ғой салмақты
Б- деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі
Алшақ кетпей сондықтан да расында
Тұрады олар алфавиттің басында
« Көңілді күн » әнімен ортаға Дайана
М.Амина: Сипадыңда басымнан
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім
Назым: Әліппе даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рақмет, ұстаз алғашқы
Мирас: Әліппем менің Әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рақмет
Әліппе: Жарайсыңдар, өнерлерің үстем болсын! Балалар, сендер тек менімен достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқылығымен де таныстыңдар. Солай ма ?
Олай болса балалар , математика пәні бойынша алған білімдеріңді қазір ұстаздарың байқап көрсін. Келісемізбе ?------------------иа
Жүргізуші: Балалар математика—ол ғылымдардың атасы. Ендеше мен сендердің математика пәнінен алған білімдеріңді тексеріп көрейін:
Тал басына күнара 2.Үштен бірді алайық
Қонушы еді бір ара Қанша бала санайық
Бүгін екі туысын Қарайық та санайық
Ертіп келді бұл ара Санайық та табайық
Тал басында тізіліп Мұз айдында үш бала
Үш жапырақ тұр еді Асыр сап жүр сырғанап
Жел соқты да үзіліп Сырғанамай бір бала
Ұшып кетті біреуі Жағалауда тұр қарап
Жүргізуші: Балалар сендер әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып, осыоайша, оқи білулерің ата-аналарың үшін де, мен үшін де , үлкен қуаныш. Есепті де жақсы шығардыңдар. Бұл жерде балалар, сендердің ата-аналарыңның да еңбегі зор. Сондықтан қазір біз аналарымызға арнап ән жолдайық.
« Анажаным » әнімен ортаға : Арнат пен Амина
Ендігі кезекті биші қыздарымызға береміз . Ортада « қыздар » тобы
Жүргізуші : Иә, балалар бұгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан Әліппені бітірудеміз. Олай болса, балалар, барлығымыз Әліппеге деген алғысымызды әнмен жеткізейік.
« Рақмет саған Әліппе» әні. орындайтын хор.
Әліппе: Әндеріңе рақмет, балалар.
Ал, достар, бүгін сендер,менің жолымда әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Таныс болыңдар—бұл ана тілі.
Ана тілі: Сәлеметсіңдерме балалар!
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Ана тілің арың бұл
Уятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте- балалар сендер ана тілі пәнін жақсы оқып, келешекте
сауатты азамат болатындарыңа сенемін. Менімен дос боласыңдарма ? ------------------------иа
Әліппе: - Ал балалар, міне , ана тілімен достастыңдар. Енді менің кететін уақытым да таяп қалыпты. Мен сендермен қоштасамын: Сабақты жақсы оқыңдар !