Просмотр содержимого документа
«?ош келді?, ?з Наурыз! мерекелік іс-шара»
Қазақстан
Ақтөбе қаласы
Благодар орта мектебі
Еспамбетова Айгуль Бартаевна
Қош келдің, Әз Наурыз! Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, алтыбақан. т. б. с Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Мұғалім: Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Эльнара:
Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты. Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді. Сонда жаңа күн деген сөз шығады екен. Наурыз – жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні – жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-інші жұлдызына сәйкес келеді.
Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
Мұғалім: Олай болса Наурыз қызды қарсы алайық
Наурыз қыз: Тахмина *Жасай бер жаңа күн! Туа берсін жаңа күн Дүр сілкінсін дала бір Құтты болсын жаңа жыл!! Құтты болсын Наурыз – той, Құтты болсын Жаңа жыл!
* О, жарандар, жарандар, Бермен қарай қараңдар. Наурыз тойы басталды. Құттықтаймын бәріңді Үлкен - кіші, кәріңді Ақ дегенің мол болсын, Қайда барсаң жол болсын. Алла қолдап ісіңді, Қадамың басқан оң болсын!
Мұғалім: Ежелден 21 наурыз түні Қыдыр ата ел аралаған. Ұлыстың ұлы күні әркез қасиетті болып саналған. Халық сол күні жаңа немесе таза киім киген, бір-бірімен көрісіп, амандасып, реніштері болса бір-бірін кешірген.
Жаңа жылда мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып, тазартылады. Жыл басы жақсы басталса, аяғына дейін жақсы болады дейді.
Енді осы ұлыстың ұлы күні ата салтымыз бойынша ортамызға Қыдыр бабамызды шақырайық. Қыдыр баба баршамызға ақ тілек, оң батасын берсін!
Қыдыр ата: Бекарыс
Армысыңдар халайық, Армысыңдар балалар! Сендерге арнап көктемде, «Қарғалдақты» өсірдім. Белгісі болсын көктемнің Берекесін берсін өткеннің. Наурыз көже сыйлықпен, Сендерге бүгін жеткенмін. Ал, балалар, балалар, Би билеп, ән салайық, Наурыз тойда, думандап. Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын Пәле – жала жерге енсін! Аумин.
* Күн мен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді. Соны тойлар ел енді. Наурыз тойы салтымыз, «Көгерсін!» деп халқымыз, Көшеге тал егеді. Бабалардың үмітін, Жас ұрпақтар ақтаймыз. Қыдыр атаны шақырып, Наурыз тойын бастаймыз.
Нұрдана:
* Жылдың басы Наурыз, Жердің басы Наурыз. Мерекеге арналсын Бүгінгі жыр- әніміз.
Мұғалім: Ұмай ана - ертедегі Ұлы Даланы мекендеген түркі тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушы, береке-молшылық тәңірісі. Ұмай анаға қазақтар және түркі тілдес халықтар табынған. Ежелгі түркілердің аңыздық желісінде «Ұмай ана» ұрпақ жалғастығын жебейтін періште болып саналады.
Бөбектер мен аналардың жебеуші піріне айналған
Олай болса балалардың аналарына деген әндерін қабыл алыңыздар.
Ән: "Ақ мамам"
Ән: "Аналар алтын"
Саян:
*Қыс өтіп қар кетті, Жырлайық жаз жетті. Мейрамы ежелден Құтты болсын Наурыз!
Дидар:
*Әнім де саған, биім де, Құт қонақ өзің үйімде. Қуаныш сыйлар еліме, Күлімде, Наурыз, күлімде.
Әбдікәрім:
*Күн менен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді, Қуанышта ел енді. Наурыз келді салтымыз: Көгерсін деп халқымыз Көшеге тал егеді. Наурыз тойы - береке, Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Аяулым:
* Ақпан кетті араз боп Наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жетті көрісіп, жанын үзген Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Мұғалім: Наурыз мерекесі күні қандай тағамдар әзірленген?
Наурыз көже, ет асылған, бауырсақ пісірілген.
Наурыз көжені қандай азық-түліктермен пісірген?
Даниял: * Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен, Мейірім танысын деп тасып өткен. Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух, Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
Абдулазиз:
* Наурызым ғажап туысың, Ұлыстың ұлы күнісің. Жылыттың жердің жүрегін, Жүрегі елдің жылысын.
- Балалар, көктем келгенін табиғаттың қандай белгілері, қандай өзгерістері арқылы білуге болады?
Құстар оралады.
Малдар жайылымға шығады, төлдейді.
Ән:"Қошақаным"
* Ұлы күні кәрі - жас, Құшақтасып көріскен. Жаңа ағытқан қозыдай, Жамырасып өсірген. Наурыз той құтты болсын!
Қуанайық халайық, Келді міне жар салып. Жаңа жылмен тойлайық, Би билейік, ән салып.
Нұртілек: * Сәнді көктем - Наурыз! Наурыз тойы - жырымыз. Көңіл гүлдей жайнасын. Құлпырсын күн мен ай. Құтты болсын Наурыз!
*Бүгін күн мен түн теңелді, Жер шуаққа көгереді, Соны тойлап ел енді. Қуанышқа кенеледі
Жанарыс: * Қар су болып жөңелді, Қалды дала жалаңаш, Күн нұрына кеңелді. Келіп көктем құстары, Бау-бақшада ән салды. Оларды жас достары, Ұя жасап қарсы алды.
* Дастарханда дәніміз, Жайдарымыз бәріміз. Жарасу бар, жаулық жоқ, Қандай жақсы Наурыз!
Наурыз құтты болсын! Дендеріміз сау, мықты болсын! Наурыз тойы келе берсін! Барлық халық бақытты болсын, Қош ,сау болыңыздар, халайық! Көріскенші күн жарық болсын!
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.