Просмотр содержимого документа
«"К?шеде ж?ру т?ртібі"»
Тақырыбы: Көшеде жүру тәртібі
Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта.
Командалық сайыс.
Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді: қызыл түсті киім киген оқушылар – «Қызылдар», сары түстілер- «Сарылар».
Жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім: Армысыздар Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Көшеде жүру тәртібі» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер.
Бүгінгі «Көшеде жүру тәртібі » атты сайысымызға екі топ қатысады. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады.Сайысты әділқазылар алқасы бағалайды. Сайысымыз5 шарттан тұрады.
Ой қозғау.
Балаларға қойылатын жұмбақтар.
Белгілерді дұрыс қой.
Сөздер құрастыру.
Көлік түрлерін ата.
Мұғалім: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар» және сары түстілер – «Сарылар» тобы.
Әр топ өздерін таныстырады:
«Қызылдар» тобы: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
1 ТапсырмаОй қозғау.
№1
А) Сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Жауап: Кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар жолаушылар болып есептеледі.
Ә) Сұрақ. Топпен бірге жүру деген сөзді қалай түсінесің?
Жауап: -қатардан шықпа.
-алысып ойнама
- жүгірме секірме.
.
№2
А) Сұрақ. Жолаушыларды таситын қоғамдық көліктерді қай жерде күтуге болады, ол қалай аталады?
Жауап: Аялдама
Ә) Сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
Жауап: механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді құрал. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде үлкен рөл атқарады.
№3
А) Сұрақ. Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өтеді?
Жауап: Аялдамаға тоқтаған автобустың алдынан да артынан да өтуге болмайды, сол айналада жол өткелі болуға тиіс содан өту керек.
Ә) Сұрақ. Қауіпті бұрылыс дегеніміз не?
Жауап: ол жүргізушілерге алда жолдың бұрылатыны болатынын ескертеді.
2 тапсырма.
Балаларға жұмбақтар. ( кезекпен кезек )
Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күзеткен ( Жол сақшысы )
Көше бойлап аяндайды,
Адам тасып аялайды.( Автобус )
Көліктің қаншасын жанынан өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. ( Жол)
4) Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім
Тапшы мұны оқушым (жол)
5) Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
6) Жапанда бір жолаушы аузын ашып,
Аяғын келе жатыр жылдам басып,
Жарқырап маңдайында екі көзі,
Ілезде жеткізеді жерге қашық.(автомобиль)
1 Тапсырма. Белгілерді дұрыс қой.
2 Тапсырма. Сөздер құрастыру.
3 Тапсырма. Көлік түрлерін ата.
Мұғалім: Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер.Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді
Осымен біздің «Көшеде жүру тәртібі» атты тәрбие сағатымыз аяқталды сөз әділқазыларға беріледі.