Просмотр содержимого документа
«"?ош бол, с?йікті ?ліппем!" ерте?гілік жоспары»
Жакиянова Назым Сагдоллаевна
ШҚО, Күршім ауданы, Тақыр ауылы,
Тақыр негізгі орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Қош бол, сүйікті әліппем!
Ертеңгілік мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнінен алған
білімдерін тиянақтау , өз өнерлерін ортағасалу. Эстетикалық талғамдарын кеңейте түсу,оқу-білім алуға , достық қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қош бол , сүйікті Әліппем!» сөздері жазылған плакат , шарлар, «ана тілі», «әліппе» оқулығының макеті, кеспе карточкалар, саңырауқұлақ макеті
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Осыдан 4 ай бұрын ата- аналары жетектеп 1- сынып табалдырығынан аттатқан бүлдіршіндер бүгін сауат ашып, білім алып, мектеп сатысының бір кезеңін артқа қалдырды. Бұл кезең- Әліппе кезеңі.Ғажайып әліппенің арқасында 42 әріппен танысып, өздері оқып, сауатты жазуға үйренді. Сондықтан бүгін бізде мереке. Ендеше ата-аналар, оқушылар сіздерді осы мерекемен құттықтай мыз! «Қош бол, сүйікті әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!(Кезек оқушыларға беріледі)
Саламат:Өмір берер ертеңгі бағаларын Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың Халқыма ұрпақ берген, өмір берген Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым. Әсел: Біз бүгін алғаш рет қолымыза ұстап, әріп таныған, сауатымызды ашқан Әліппемен қоштасқалы отырмыз. Әлижан: Әліппе - бұл бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол. Біз бүгін сіздерге ғылым дүниесінің алғашқы жолы « Әліппені » қалай аяқтағанымызды көрсетпекпіз. Әлемжан: Әліппе бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі.Ендеше біз бүгінгі күні сол белестердің бірінен астық. Назым: Мен өзім –ақ оқып , жаза аламын. Ертегі, әңгімелерді өз бетімше оқитын болдым. Мұғалім Ендеше, Әліппені ортаға шақырып, 4 ай бойы алған білімімізді көрсетейік. Кәне бәріміз хормен «Әліппе келіңіз, әліппе келіңіз! » дейік
Әліппе: Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болсын талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Мұғалім: Балалар! Міне, Әліппеміз ортада, енді алғысымызды, білімімізді көрсетейік.
Әліппе:Қане ,балалар сендер мені 4 ай бойы оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Кәне, соны айтыңдаршы. Назым Мама, папа атын сен, Бізге үйреттің Әліппе. Бізге нағыз жақын сен, Сенен білдік әріпті Азамат Ыстық әрбір беттерің, Жазуыңды ұғамын. Ақыл бердің Әліппе, Ақылды сен мұғалім. Әлижан Әліппем менің, Әліппем, Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен. Саламат Әліппем менің, әліппем, А деген бастап әріптен. Сөз құрап жаза бастадым, Тақылдап таңба танып мен. Әлемжан Осылай алға аттадым, Әр әріпті жаттадым. Жаттаған сайын әріпті, Сөз құрап жаза бастадым. Әсел Әліппем менің, әліппем, Өшпейтін нұрлі әріптен. Есігін аштым білімнің, Өзіңнен кілт алып мен. Азамат Үйреттің бізге Әліппе, 42 дербес әріпті. Сөз , сөйлем құрап әріптен, Жаздырдың бізге Әліппе. Әсел Оқитын әрі жазатын, Білімге қол созатын. Оқушы болдық сауатты, Білімді тегін қазатын. Әлижан Бар кітапқа бас болған, Әліппе ғылым анасы. Әліппеден басталған, Даналықтың данасы Әлемжан
Әліппе сауатыңмен санамды аштың Достарыммен теңдес араластым Үйреніп әріптер мен әңгімені Күн сайын алға қарай қадам бастым.
Назым
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа
Саламат Әліппем, менің Әліпем, Өмірді келем танып мен. Қайталап айтам мың рет, Хормен: -Өзіңе көп-көп рахмет!
Әліппе:Жақсы, балалар рахмет сендерге. Менің мына сұрақтарыма жауап беріңдерші? Сыйлап үлкен ағаны Сәлем берген баланы Кім дейміз? Хормен: Әдепті екен бұл дейміз! Кітап, дәптер, қаламы Кір шалмаған баланы Кім дейміз? Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз! Таудай биік талабы Жақсы оқитын баланы Кім дейміз? Хормен: Үлгілі екен бұл дейміз! Өтірік сөз айтпаса Уәдесінен қайтпаса Кім дейміз?Хормен: Шыншыл екен бұл дейміз!
Әліппе: -Өте жақсы , балалар . Мен сендерге ризамын. Әрқашанда әдепті, ұқыпты,үлгілі,шыншыл болыңдар! Ал, балалар айтыңдаршы, қазақ тілінде қанша әріп бар?
Қанша дауысты дыбыс бар?
Қанша дауыссыз дыбыс бар?
Неше белгі бар? (балалар жауап береді) Әліппе: - Балалар , сендер мені оқып, сауаттарыңды аштыңдар, жазуға , оқуға үйрендіңдер.Ал , кәне, көпшілікке әріптердің сырын ашыңдар А (Азамат)
Балалар Әліппе досымызға оқыған ертегілеріміздің бірін неге көрсетпеске.
Ендеше «Ертегілер » қойылымын көрейік
Балғындарға көңіл бөлейік
Өнерге баға берейік
Бәріміз тамашалап көрейік..
Ертегі қойылымы: «Саңырауқұлақ саясында»
Әліппе: - Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Енді менен алған білімдеріңді « Ана тілімен » ұштайсыңдар.Міне менің досым Ана тілінің өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар.
Хормен: Сәлеметсіз бе , Ана тілі!
Ана тілі: Сәлем, ойшыл достарым! Туған елдің тілімін, Ақылы мен танымымын. Түсіндірер бәріне, Ана тілі пәнімін.
Мұғалім: Ана тілінің келу құрметіне арнап ұлдарымыздың орындауында « Қошақаным » әнін орындайды. Әліппе: Жарайсыңдар , балғындар! Сендерге ризамын. Кәрі-жасқа ой сала, Үйрететін ой сана. Ана тілін сүйіңдер, Осыған бас иіңдер. Әлемжан : Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты, міне балаңыз. Әсел: Таныстырған 42 әріппен Қош бол менің қасиетті Әліппем. Сенің арқаң оқи жаза білгенім, Сауатты адам санатына кіргенім Қане, балалар сүйікті әліппемізге рахметімізді айтып сәлем жолдайық!
Ән: «Рахмет саған, әліппе» Әліппе: Айналайын , балдырған, Менен білім алдыңдар! Әр сөзімді жаттаған, Достар үшін мақтаған. Рахмет айтып шаттанам, Риза болып аттанам Алда ұзақ жасың бар, Оқумен өсіп толыңдар, Аман –есен болыңдар!
Хормен : Әліппемен қоштастық,
Ана тілмен достастық.
-Ал балалар, математикадан не үйренгендеріңді көрсетіңдерші? (Сан құрамдарын тақтада жазу). Енді қызықты есептерді шығарып көрейік Бес асықтың үшеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі, Өз қолыңда қалады. 5-3 = 2 Ағаштағы төрт алмұрт, Піскен екен тимей құрт. Самат алып екеуін, Қалдырған екен нешеуін? 4-2 = 2 Қазып жүр құмды бес мысық, Үшеуі жатыр күн ыстық. Екеуі жүр шомылып, Барлығы қанша санап шық. 5+3+2 = 10 Алма ағашта жеті алма, Қандай тәтті жесе алма. Жетеуінде жеп қойсам, Қалады онда неше алма? ( 0 ) 2. Табақта 4 өрік, Қолымда 3 өрік. Қосқанда барлығын Болады неше өрік? ( 7 ) 3. Маратта бар 5іні, Мұратта бар 2 іні. Қоссақ бес пен екіні, Неше болады шешуі? (7 ) Мұғалім: -Ал балалар, білімді екендерінді көрсетіп жатырсыңдар, енді өнерлеріңді көрсетіңдерші? Жиналған қауым таң қалсын
Ән бимен шашу шашылсын
Бименен кешті жалғасын деп балалардың орындауында «Жалқаубек» биін тамашалаңыздар!
Ана тілі: -Балалар, ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім еді? -Ыбырай Алтынсарин -Ал алғашқы әліппенің атасы кім? -Ахмет Байтұрсынов
Жақсы балалар.Балалар,сендер Отан туралы ,туған жер туралы өлең –жыр білесіңдер ме?
Саламат:
Отан жерім, Отан-суым
Отан қуат, нәр береді.
Отан-ұран,Отан-туым
Отан мәңгі гүлденеді!
Әлижан
Отан-сенің ата-анаң
Отан-досың, бауырың.
Отан-өлкең, астанаң
Отан-аудан, ауылың!
Азамат
Отан-тарих,Отан-тіл, Отан-өлең,Отан-жыр,
Жасаған елің, ер халқың. Көтерген көкке ел даңқын
Әсел
Отан осы, достарым!
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
Назым
Отанымның төріндей,
Сарыарқаның өңірінде
Ту ұстаған Астанам-
Әсем қалам, бас қалам!
Әлемжан:
Қазақстан –Отаным, Арттырып даңқын, атағын,
Туған жерім – киелім. Әрқашан бас иемін.
Ана тілі: Жарайсыңдар балалар, сендерден болашақта білімді азамат болады деп зор сенім артамын!
Мұғалім: -Ал енді «Әліппені » ерінбей, жалықпай, жанымызда отырып үйреткен жандарға жыр арнайық Азамат Анам екеуіміз Қолға қалам аламыз, Бірге жазу жазамыз. Сұрақтарға берілген, Бірге жауап табамыз. Әсел:Бірге сурет саламыз, Соған мәз боп қаламыз. Бірге ойланып есепке, Қосып, бөліп, аламыз. НазымБірге өсіп, толамыз, Биіктерге қонамыз. Бірге еңбек етеміз
Мақсатқа біз жетеміз! Әлемжан: Оқитұғын баланың, Қадағалап сабағын. Ойынын да ойнатып, Дайындайтын тамағын. Әлижан:Менің анам – жаны ізгі, Әрбір сөзі маңызды. Меніменен оқитын, Сыныптасым тәрізді Саламат:Алақаның аялы, Бесігімді тербеткен. Дәл осындай ананы, Таба алмаспын жер — көктен
Қорытынды сөз Қымбатты шәкірттерім! Білім әлемінің беташары Әліппені табысты аяқтауларыңызбен құттықтап, білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын демекпін, мерекеміздің соңын «Қазақстан»әнімен аяқтаймыз.Қош сау болыңыздар!