Б?л мерекелік саба? тек бастауыш сынып о?ушыларыны? ?оштасу кешіне арнал?ан. Бастауыш сыныпта о?итын о?ушыларды? естерінде м??гілікке ?алатын мереке бол?анды?тан ?мытылмастай болып ?туі керек деп ойлаймын. О?ушыларды? жо?ар?ы сынып?а бар?анда бастауыш сыныпта?ыдай бір м??алім емес, бірнеше ?стаз саба? береді. Осы т?рт жол бойы сендерді жетектеп,?анаттарынан демеп, ?анаттандыр?ан ?стаздарымен б?гін ?оштасасы?дар. ?адамдарына г?л бітсін.Алар асуларын к?рінер белестерін б?рі алда.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?ош бол, бастауышым балб?ла?ым!»
Қош бол, бастауышым балбұлағым!
Сабақтың мақсаты: оқушылардың төрт жыл бойы алған білім- біліктерін, ой- өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, үлкен өмірге қадам басуға даярлау, адамгершілікке, достыққа , бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер, шарлар.
Мұғалім: Қадірлі қауым, міне асыға күткен мереке- қоштасу күні де келіп жетті. Тәй- тәй басқан бүлдіршіндер бүгінде үлкен жолға қадам басқалы отырсыздар. Сіздердің жәудіреген жаңарларыңызбен сәбилік ақ жүрекпен күлкілеріңіздің бәрі де- мына отырған Ұстаздардың жүрегінде!
Жас жүректің өмірлік құштары гүл
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл.
Бастауышпен қоштасып олар бүгін,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман- тілек талаптарын.
Әрқайсыңа арнаймын жырымды мен
6- ды жетектеп парақтадым.
Ортаға бүгінгі қуаныш иелерін, 4 а сынып оқушыларын шақырамын.Қарсы алыңыздар.
Алуа – сынып жүрегі
Сіздің балаңыз – Алуа
Көркіне ақылы сай, дара
Байыптылық, ізгілік
Бір өзінде қаншама!
Ата-ана сізге көп рахмет,
Алуадай балаға!
Аңғал ғой балаңыз, ақ жарқын
Күлімдеп үнемі жүреді
Ата- ана ақылын ақтайтын
Асема, ардақты ақылды
Рахмет сізге, Ата- ана!
Балдырған ақ жүрек Мерейдің
Бойында ізгілік тұнып тұр
Ренжіген кезім де мені де
Жәудіреп жанары қуантты
Анадан дарыған махаббат
Мерейден әрдайым табылат
Еліктің лағындай елгезек,
Майысып, жымиып тұр бөлек
Инабат, сыр- сымбат, кербездік
Бойына жарасып тұр бүгін
Ата- ана, сіз жайдарлы үнемі
Беріпсіз үлгі өнеге!
Сері ғой өжет мінез балаңыз,
Сыныптағы нағыз жігіт қараңыз
Талпынып қуантады білімімен
Ата- ана сізге алғыс айтарымыз!
Майысып, жымиып отырған
Гүлшекер біздің жұмбақ жан.
Достық деген сезімді
Қастерлеген асыл жан
Адалдықты, достықты
Ата- ана сізден алған ғой!
1-Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата- аналар! Бүгінгі біздің «Қош бол, бастауышым бал- бұлағым!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
2- жүргізуші: Біз талай қиындықтарды жеңіп, жетістіктерге қол жеткізген мектеп басшыларына және жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі үшін ұстаздарға мың алғыс айтып, бас иеміз.
Жүргізуші:
Алдарыңда сан тарау жолдары тұр
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр
Үлкен өмір есігін ашпақ міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүгін!
Жүргізуші:
Мектебім, сәулетті мектебім,
Өзіңмен жайқалдым, көктедім
Құшағыңда тек сенің,
Білім алып көктедім
Жүргізуші:
Тарыдай боп кіріп, таудай боп шығатын алтын ұямыз, екінші үйіміз мектепке жыр арнау.
Алихан
Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп бал- бұл жүзіміз жанған күн
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау
Шақырғаны алға бізді арман мың
Ясмина:
Әсем бөлме терезелері жап- жарық
Қойған дерсің шырағданнан шам жағып
Қара тақта, аппақ парта қаз – қатар
Отырдық біз сипап бәрін таң қалып
Алуа:
Мектеп деген- білім кені, жыр кені
Мектеп деген- ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген- даналардың мекені
Гүлшекер:
Мектеп- үйім, ұстаздарым, ата- анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамсандырып, сан тарапқа тараған
Мерей:
Өмірге азық мол сыйың
Құшағы құтты нұрлы ұям
Мектебім менің өз үйім
Санама күнде нұр құйған
Асема:
Мектеп сенсің адалдықты үйреткен
Мектеп сенсің жамандықтан жиренткен
Мектеп сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп сенсің мені жұртқа сыйлы еткен
ӘН: «Мектебім»
БИ: «Өзбек биі:
Гүлшекер:
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман тоғай, көлімізді
Асема:
Отан – менің өз елім
Отан- туған өз жерім
Отан- тауым, орманым
Отан- далам, өзенім
Мерей:
Отан деген- атамекен,
Отан- деген- туған жер.
Отан- ана,
Отан- үлкен
Қазақстан- туған ел!
Алихан:
Отан менің жүрегім,
Отан- менің тірегім
Құшағымда гүл жайнап,
Бақытты боп жүремін
Ясмина:
Отан- біздің әніміз
Отан- біздің сәніміз
Ер жетеміз саңанда
Сені сүйіп бәріміз
Алуа:
Отан деген- әрбір жүрек дірілі
Отан үшін болып келем үлгілі
Менің, сенің үмітіміз ертеңгі
Қазақстан- келешектің мекені.
ӘН: «Атамекен»
БИ «Қазақ биі»
1-жүргізуші:Иә, ата- ана бізді өмірге әкелді, бақты, қақты.Сен білесің бе, кейбір балалар үй шаруасына көмектесетіні үшін немесе сабақ оқығаны үшін ата- анасынан ақша сұрайды екен!
2-жүргізуші:
А, естімеген елде көп деген осы екен- ау! Ата- ана бізді бағып- қағып өсіргені үшін ақша сұрағаны жоқ қой!
1 жүргізуші:
Әрине, біздің арамызда ондай балалар жоқ, әрі ешқашан да болмайды.
Алихан:
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әкені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Ясмина:
Кір түсірмей жағаға
Шашымды да тарайсың
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың
Алуа:
Тау қопарып тасты ұрып
Тұрғыздың сен не қала
Саған қандай жақсылық
Жасай алам мен ана!
Гүлшекер:
Осы халге жеткенің
Ата- анаңның еңбегі
Өлшеусіз сол еңбекті
Ақта! Деді ұстазым!
Мерей:
Мен бәріне адалмын,
Маған жақын бар адам
Барлығына солардың
Жақынырақ жан анам
Хормен: Ата- ана, сіздерге мың рахмет!
ӘН: Мама
1 жүргізуші:
Мектеп қой еліміздің қаны, жаны
Мектептен басталады бәрі бәрі
Бүгінгі бастауышпен қошқасуда
Шырқалсын қазағымның тамаша әні
ӘН «Ұстазым»
2 жүргізуші:
Теніздей тербетіліп көл бетінде
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетуде
БИ «Үнді биі»
ӘН «Қоштасу»
2 жүргізуші:
Бастауышпен қоштасуда
Ән мен биге басайық
Өнерімізді көрсетіп
Құрметіне бұл тойдың Мектеп вальсін тамашалайық!
1 жүргізуші:
Бастауышпен қоштасу ертеңгілікті аяқтай отырып, сөз кезегін мектебіміздің басшысына береміз
2 жүргізуші:
Әрбір адам өзінің алғашқы ұстазын еш уақытта ұмытпайды. Біз де алғашқы ұстазымызды ұмытпаймыз! Қош бол, бастауышым- балбұлағым!
1-Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата- аналар! Бүгінгі біздің «Қош бол, бастауышым бал- бұлағым!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Алдарыңда сан тарау жолдары тұр
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр
Үлкен өмір есігін ашпақ міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүгін!
1-Жүргізуші:
Тарыдай боп кіріп, таудай боп шығатын алтын ұямыз, екінші үйіміз мектепке жыр арнау.
1-жүргізуші:Иә, ата- ана бізді өмірге әкелді, бақты, қақты.Сен білесің бе, кейбір балалар үй шаруасына көмектесетіні үшін немесе сабақ оқығаны үшін ата- анасынан ақша сұрайды екен!
1 жүргізуші:
Әрине, біздің арамызда ондай балалар жоқ, әрі ешқашан да болмайды.
1 жүргізуші:
Мектеп қой еліміздің қаны, жаны
Мектептен басталады бәрі бәрі
Бүгінгі бастауышпен қошқасуда
Шырқалсын қазағымның тамаша әні
1 жүргізуші:
Бастауышпен қоштасу ертеңгілікті аяқтай отырып, сөз кезегін мектебіміздің басшысына береміз
2- жүргізуші: Біз талай қиындықтарды жеңіп, жетістіктерге қол жеткізген мектеп басшыларына және жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі үшін ұстаздарға мың алғыс айтып, бас иеміз.
2-Жүргізуші:
Мектебім, сәулетті мектебім,
Өзіңмен жайқалдым, көктедім
Құшағыңда тек сенің,
Білім алып көктедім
2-жүргізуші:
А, естімеген елде көп деген осы екен- ау! Ата- ана бізді бағып- қағып өсіргені үшін ақша сұрағаны жоқ қой!
2 жүргізуші:
Теніздей тербетіліп көл бетінде
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетуде
2 жүргізуші:
Бастауышпен қоштасуда
Ән мен биге басайық
Өнерімізді көрсетіп
Құрметіне бұл тойдың Мектеп вальсін тамашалайық!
2 жүргізуші:
Әрбір адам өзінің алғашқы ұстазын еш уақытта ұмытпайды. Біз де алғашқы ұстазымызды ұмытпаймыз! Қош бол, бастауышым- балбұлағым!