kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош бол,бастауыш сынып!

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Малонарым орта мектебі"КММ мамыр айыны? со?ында д?ст?рлі бастауышпен ?оштасу мерекесі ?тті.Мерекеге балалар ?лкен дайынды?пен ?атысып,аналар?а мерекелік сыйлы? себет толы раушан г?л сыйланып,?н шыр?алып,би билеп ?она?тар мен мектеп ?кімшілігіні? к??ілінен шы?ып,жа?сы к??іл к?ймен  ерте?гілік со?ында т?рбие ісіні? ме?герушісі Ашимбаева Д.С сынып жетекшісімен о?ушыларды мерекелерімен ??тты?тап,т?рбиелі де,білімді  ?аза?стан Республикасыны? туын биікке к?теретін азаматтары болындар деп ?з тілегін білдірді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош бол,бастауыш сынып!»

Тақырыбы: «Бастауыш – білім бесігі».


Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниега есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті,ұстаздарын құрметтеп, еңбегін бағалай білуге, Отанның адал ұл-қызы болуға тәрбиелеу. Ақыл, ой-өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапаср тілеп табыстау.


Көрнекілігі: Сынып, ұстаз туралы жазылған нақыл сөздермен және шар, гүлдермен көркемдеп әсемделген.


Ертеңгілік барысында оқушылар ән айтып, көркемсөз оқып, би билеп, көрініс көрсетіп, әрбір пән бойынша тапсырмалар орындап, ата-аналармен, ұстаздармен бірігіп ойындар ойналады.


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Бастауыш – білім бесігі» атты бастауышпен қоштасу кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

1-жүргізуші: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңне мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз бақытты балғын шақты балалар.

2-жүргізуші: Төрт жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Құрметті біздің балалар,

Орындалды ойыңыз,

Құтты болсын тойыңыз!

1-жүргізуші: Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз-ғалым толастатпас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асылжандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Әдемі киініп, шар, гүл ұстаған балалар алға шығады.

оқушы: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен малшы да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.


оқушы: Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өстім ұстазымның есімін.


оқушы: Есімде ерен ұстазым,

Шашымнан сипап өпкенің.

Аянбай бізге қыс-жазы,

Молынан мейір төккенің.


оқушы: Балғын шақта келіп едім,

Бал қызыққа еніп едім.

Тағдырымның билігін де,

Сеніп сізге беріп едім.


оқушы: Ақылшым, асыл ұстазым,

Жолымды айқын нұсқадың.

Қасыма кеп қанша сен,

Қамқор боп қалам ұштадың.


оқушы: Үйретіп өмір «уставын»

Үлгілі іске нұсқадың.

Ақ көңіл, іскер қашан да,

Ақылшым менің-ұстазым.


оқушы: Өткенде бізден ағаттық,

Байсалдылықпен тағат қып.

Балалық болса кешірген,

Байыппен баурап өсірген.

Үлгілі, әр кез ұстамды,

Сабырлы, ізгі ұстазды

Анадай көріп сыйлаймыз,

Айырылар кезде қимаймыз.


оқушы: Арманым болып аңсаған,

Мәңгілік қалдың мекендеп.

Өзіңе арнап ән салам,

Ардақтап сізді өтем деп.



16-оқушы: Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады.

Ұмытпаймын салған жолын ақылын,

Барлығы хормен: Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.

Ән ұстазым

Оқушылар ұстаздарға гүл ұсынады.


1-жүргізуші: Әкелерге арнау Би флешмоб

Әкелерді құрметтеп,

Сүйеміз шын жүректен.

Әке- асқар тауымыз,

Көңілдерге гүл еккен.

Өсіреді сананы,

Тура жолға салады.

Әкелерге мың алғыс,

Әлпештеген баланы.

2-жүргізуші: Аналарға арнау Сыйлық

Ойында мейірім, ақ тілек,

Бойында ақ сүт, тәтті леп.

Анадай пейіл қайда бар?

Бәріне тұрған бақ тілеп.

Арадай балын жиятын,

Ақылы дария құятын.

Ана көңілі-кеңістік,

Бүкіл әлем сиятын,- деп ақын ағамыз жырлағандай келесі сөз аналарға беріледі.


1-жүргізуші: Бізге шаттық әкелді,

Басшы болып әр істе.

Ұстаз, ана, әкені

Шақырамыз вальске.

Қош бол,бастауыш сынып билеу.

Ертеңгілік соңында:

Марапаттау,слайд-шоу,мектеп директоры мен ТІМ сөз беріледі


4 а сынып

Мұғалімі Пазылова Ж Н







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ош бол,бастауыш сынып!

Автор: Пазылова Жанбота Нуралбековна

Дата: 02.04.2016

Номер свидетельства: 313916


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства