kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош бол,бастауыш сынып!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:

  1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу;
  2. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт-сапар тілеу;

    Мақсаты:

  3. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу;
  4. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт-сапар тілеу;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош бол,бастауыш сынып!»

Тақырыбы:Қош бол бастауыш мектеп!

Мақсаты:

  1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу;

  2. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт-сапар тілеу;

  3. 3.Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: шарлар, білім кілті, фотомонтаж, слайдтар, видео-ролик, мақал- мәтелдер, нақыл сөздер

Мұғалім:

Бүгін, міне, жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап білімменен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.

    Құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар!

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміз , енді міне, қанаттары қатайып, білімнің негізі болатын бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Олай болса 4-сыныптың «Қош бол, бастауыш мектеп»  атты мерекелік салтанатына қош келдіңіздер!

Бесіктегі  баланың,
Күлгенін көрген — бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген — бір мұрат дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!   (Оқушылар ортаға шығады)

Надира:

Тәрбиенің нұры ескен бойынан,

Ақындықтың барын көрем ойынан

Надираның болашағы ақ болсын,

Кедергілер кездеспесін жолынан

Мансур:

Мансур достарының берекесі,

Жайдарлы, әрқашанда ел еркесі.

Өмірден алар орны жақсы болып,

Жайылсын көпшілікке керегесі.


Гүлнәз:

Өмір сыйлар өз үлесін еселеп,

Бақыт пенен қуанышты жетелеп.

Гүлнәз да болашақтың маманы

Көрсетейік қане халқым қошемет.


Зайнура:

Бақытты ғой бүгінгі күн түлегі,

Жүзінде шаттық, көздерінде нұр еді.

Зайнура деген әп-әдемі оқушы,

Өнер десе дүрсілдейді жүрегі.


Чингис:

Ғылым жолын қызығумен қарайды,

Чингистің болашағы арайлы.

Ұстаздарын сыйлап, үлкен құрметпен,

Ал мектебін өз үйіне балайды.


Гұлнұр:

Ұлы ақын таңдаған,
Талғамына жараған
Гүлнұрдей аруға,
Тамсанады бар ғалам.


Даурен:

Сахнаның төрінде,

Әнімен жұртты баураған.

Дәурен ол бір төбе,

Сенімді әркез ақтаған.


Акбота

Жаны жайсаң жазира,
Әрбір айтқаны қағида.
Достарына жанашыр,
Көркем неткен Ақбота,


Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп отырайық,
4-сынып оқушылары ортамызда!

Мұғалім:
Армандасаң да , қиялдасаң  да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына  өз өнерлерін көрсетуге дайын.


Надира:Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар!
Бастауышпен қоштасу тойымызға.


Мансур:Мектeп деген –  білім кені жыр кені,
Мектеп деген –  ғылымның ең үлкені.
Мeктеп деген –  тәрбиеші адамға,
Мектeп деген –  даналардың мекені.


Гүлнәз:Армысыздар, өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін, міне, бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер!


Зайнура:Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!


Чингис:Мектебім білім берер алтын ұям,
Бой жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.


Гүлнұр:Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр-алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!


Дәурен:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.


Ақбота:Армысыздар, әжелер мен аналар!
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйла, оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.


Мұғалім:

«Мектеп — білім» кемесін
Басқарып бүгін келесіз.
Ата-ана, ұстаз, балаға
Ақ жарқын сәлем етесіз.
Шақырып едік, келдіңіз,

Серік Сағындықұлына

Сөз кезегін береміз.
Мектеп директорының құттықтау сөзі


Мұғалім:

Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті, міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын. :  Олай болса келесі жырымызды қолымызға қалам ұстатып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі –  ұстаздарымызға арнаймыз!Ән

Тақпақтар:

Әдемі де ақылды ,

Тәртіпті ол бақылайт

Күлкісі оның әдемі

Замзагүлдей аты бар

Жайнайды ол мектепте

Қазақ тілін береді

Нұрын шашат сабақта

Сізге көптен көп рахмет

Мектептегі әр адамның

Жүреді ол әр күні сенімді жайнап

Серік ағай сізге ерекше мың алғыс

Жарқырап жүріңіз жұлдыздай жайнап


Салтанаттай мұғалім бар мектепте

Музыкадан сабақ бередібізге де

Домбыра ,гитара,қобызда да

Ойнаймыз біз ең күшті ырғақта


Әр адамға құрметпен қараған

Өз бойынан мол ізгілік тараған

Талап пен тәртіпті тек ту етіп

Нүргүл апай сіздей қайда бар адам


Еркебулан ағай ерке

Келеді жұмысқа ерте

Көзді ашып жұмғанша

Табады бізге ойын да


Еркін ағай жарайсыз

Сабақ жақсы бересіз

Жаттығулар жасатып

Жанымызда жүресіз


Білімді де ақылды

Қаламқас апай болады

Директордың оң қолы

Әр дайым көмекке тұрады


Жас ұрпаққа жалынды

Сөз маржаның дарытқан

Алдыңдағы баламен

Тіл арқылы табысқан

Орыс тілін меңгерген

Үйретуді жөн көрген

Анна,Кенже апай

Ұстазға жаңа оң берген


Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда

Күнім болып көріндің аспанымда

Білім болып егілдің жас жаныма

Гүлім болып төгілдің асқарыма

Қас қағымға қасынан тастадын ба

Бастауыш апайларым жас жадымда


Компьютермен жұмыс істеуге бізді үйреткен

Программаларды ашуға бізге көрсеткен

Жұлдыз Самигатовна сізге мың алғыс

Бізді күлімдеп көпке үйреткен


Good morning teacher деп бастаймыз оның әр бір сабағын

Бақылаймыз кейде біраз түйіп келген қабағын

Маржан апай сізге де алғыс айтып әрқашан

Түскі ауысым арасында өзіңізді табам


Көп жақсылық үйрендік

Жамандықтан жирендік

Мейірімді Сандуғаш мұғалімге

Шексіз алғыс білдірдік


Мұғалім:

Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты,

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.- деп балалардың орындауында вальс.

Біздердің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Олай болса келесі жыр шумақтары аяулы ата-аналарымызға арналады. Қабыл алыңыздар! Ән «Момантёнок»(Ата-аналарға алғыс хаттарды табыс ету)

 

2-оқушы:  Мансур

Соңымыздан еріп келе жатқан  мектеп алды даярлық тобының  бүлдіршіндеріне  бастауыштың білім кілтін табыс етеміз.

1-жүргізуші: Гүлнәз

Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі біздей азамат болғалы тұр.
Біріншіге келетін балаларға
Тапсырамыз  білімнің кілтін біз.


3-жүргізуші: Дәурен
Осыдан 4 жыл бұрын біз де сендер секілді бүлдіршін едік. Мектеп табалдырығын имене аттап, оқушы атандық. Енді, міне, 4-сыныпты аяқтап, бастауышпен қоштасқалы отырмыз. Мінекей, бастауыштың  білім кілтін сендерге табыстаймыз. Сабақтарыңды жақсы оқып, тек алда болыңдар!


Біздер өстік, есейдік,

Қанаттандық, қатайдық.

Қоштасарда ән салып,

Би билейік думан ғып.- балалардың орындауында би


Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.-Ата-аналардың құттықтау сөзі


Ал ата-аналарға айтарым:

Қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын.
Тек биікке самғасын!

Ал түлектерге айтарым: Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Қарлығаштай қанат қағып самғаңдар,
Есейіңдер өмір жолын таңдаңдар.
Бастауыштан алған нұрлы білімді,
Әрі қарай, ізденіңдер, жалғаңдар, — демекшімін,  бастауышта алған білімдеріңді әрі қарай шыңдай түсіңдер.






















«Мортық орта мектебі»КММ

















«Қош бол бастауыш мектеп»







Өткізген:Шәріп Ф.И.













2020-2021 оқу жылы



2-оқушы: Мансур

Соңымыздан еріп келе жатқан мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндеріне бастауыштың білім кілтін табыс етеміз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Қош бол,бастауыш сынып!

Автор: Шәріп Фаризат Исләмбекқызы

Дата: 19.05.2021

Номер свидетельства: 580848


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства