kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект воспитательного часа "?негелі ана, ?нерлі кыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а аналарды? ?мірде орыны? жо?ары екендігін  т?сіндіру. Ана отбасы ?йыт?ысы екенін сезіндіру.

Ана десем ал?ыс алам хал?ымнан

Ана десе те?із болам шал?ы?ан, 

Ана десе ашылады ?аба?ым,

Ана десем ?ділдікті ??амын.

Біз ?ана емес ?адір т?т?ан бабалар

Аналардан ту?анкейбір даналар

Ана деген тіршілікті?  тірегі

Армысыздар ?асиетті,аналар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«конспект воспитательного часа "?негелі ана, ?нерлі кыз" »

Тақырыбы: «Өнегелі ана, өнерлі қыз» атты сайыс

Мақсаты:оқушыларға аналардың өмірідегі орнының жоғары екендігін түсіндіру.Отбасының ұйытқысы ана екендігін сезіндіру.
Жүргізуші: 
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғынам.
Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған кейбір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Құрметті қонақтар, ардақты ата – аналар, қадірлі әжелер, қымбатты ұстаздар мен аяулы қыздар және оқушылар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршасындай болып, Аналар мерекесі келеді. Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған 8 – наурыз Халықаралық аналар мерекесі құтты болсын!
«Өнерлі ана, өнегелі қыз!» атты мерекелік сайысқа қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші:

- Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан,

Бұл кім, балалар?

- Балалар: Ана! Ана! Ана!

Дұрыс, онда аналарға арналған өлең жолдарын айтып жіберейік.

Сабина: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
                            Ана дейді жас сәби де жарқылдап
                             Ана деген байтерегі өмірдің
                            Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
                            Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
                            О, адамдар қадірлей біл ананы
                            Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

Даулет. Ана жанын әже болсаң ұғарсың,
  Алдыңдағы ол биік құзар шың.
Немере үшін кеуде керіп мақтанып,
Немере үшін биіктен де құларсың.

Асылхан. Бас қосты бүгін жиынға
                                                           Аналардың қауымы
                                                           Таусылмасын әрдайым
                                                           Отбасының сауығы

Асемай. Анашым ортамызға келсең күліп
Болады Алатаудан еңсем биік
Мен сенің қарызыңды өтермін де
Әлемнің жақсылығын берсең жиып
Жүргізуші:
- Бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды қошеметтеп ортаға шақырайық.
1.Шапхатова Тілекші , қызы Сабина

2.Атамбекова Маржангүл, қызы Әсемай

3.Мамитова Айгүл, қызы Динара

4.Даулетова Тілекші , қызы Гүлдархан

- Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Ал қазір құрметті аналар ортаға келіп мына қоржын ішінен өздеріңнің кезек нөмірлеріңді алуға шақырамыз.
Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы алты бөлімнен тұрады.
1. бөлім «Тегін білген тектілік» Таныстыру
2. бөлім «Зерделінің ойы озық»
салт-дәстүрге байланысты сұрақтар
3. бөлім «Дәм думан» тағамдар сайысы үй тапсырмасы
4. бөлім. Өнер сайысы.
5«Кімнің ойы ұшқыр» қимылмен іс – әрекетті көрсету кезеңі

6. бөлім «Оң саусағың майысып, шебер болар ма екенсің»
«Сән үлгі - 2015»

Номерлеріңізді алған болсаңыздар, атап жіберуді сұраймын. ( дайындала беруге рұқсат беру)
Ал,халайық, ықыласпен демелік
Аналардың бүгінгі сайыстарын көрелік.
Анасы мен қызына қарап біз
Әділдікпен бағаларын берелік
1- бөлім «Тегін білген тектілік» таныстыру кезеңі

Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Сайыскерлер таныстырсың өздерін
Әрбір жұптың айтар сөзін тындайық- деп таныстыру кезеңін бастайық.

Бірінші сайысымыз бағасын беруге әділ қазыларға сөз береміз.
Жүргізуші:
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік -
деп сайысымыздың екінші бөлімі «Зерделінің ойы озық...» 2-бөлімінде салт - дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:1.Жеті атаны ата( әке, бала, немере,шөбере,шөпшек, немене, туажат)

2.Жеті қазынаны ата(ер жігіт,сұлу әйел,ілім-білім,жүйрік ат, қыран бүркіт,ұшқыр тазы, берен мылтық)

3.Сәндік бұйым жасайтын адам.(Зергер)
4. Наурыз көженің жасалу жолы мен құрамын айтып бер.
5.Үш арсызды ата (ұйқы, күлкі,тамақ)
6.Қазақ қыздарының бас киімі.(Сәукеле)
7.Анаға байланысты мақал-мәтел айтып бер.

 Жүргізуші: Сайыскерлеріміз келесі бөлімге дайындаламын дегенше аналарға арналаған балалардың өлең жолдарын тыңдайық.

Тақпақтар Данат
Жер жүзілік мерекең
Құтты болсын анашым.
Өзің бақыт -берекем
Мәпелейтін баласын.
Асылжан
Күн нұрындай шуақты 
Мейірбанды нұр жүзің
Сау бол әр кез қуатты
Деп тілейді ұл қызың
Гүлдархан
Апам мені « Айым» дейді,
Мен мұңайсам уайым жейді.
Апам мені « Күнім» дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
Жантілек
Менің апам бұл апам,
Айтқан сөзі дәл апам.
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі апам.




Досмұхамед
Мәпелейсің мені анам ,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.
Динара
Ана-өмірдің қуанышы, тірегі,
Бала- оның жұбанышы, жүрегі.
Ана алдында ел жауы да бас иген 
Олар дәйім тыныштықты тіледі
.

Әжеге арналған тақпақ Әлішер

Әжемді мейрамымен құттықтаймын 
Айтатын ән беретін гүлім дайын
 
«Әжетай, сені жақсы көремін» деп
 
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
 
Нұрдаулет

Әже деген көп шығар,
Әжемдейі жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі.
Айдос
«Айналайын» дегені
Жанға рақат береді.
Көңіліңді табады
Әнді қалай салады.
Ерсін
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Жүргізуші:
.Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Аналарымыз тез арада майысып-деп
« Дәм -думан» бөлімі 3 бойынша аналарға берілген үй тапсырмасы тағам түрлерін дайындап, оның дайындалу жолдарымен таныстырып өтеді.

Жүргізуші:

Біздің халық өнерпазға бай халық,
Әнші деп те биші деп те айталық.
Талаптарын таудай екен бүгінгі,
Өнерлеріңді көрсетсеңдер қайтеді -
дей отырып біздің сайыскерлеріміздің өз өнерлерімен «Өнер» сайысына 4- бөлім ортаға шақырамыз

5- бөлім.«Кімнің ойы ұшқыр» қимылмен іс – әрекетті көрсету кезеңі (уақыт 3 минут)
1. Аяқкиімі аяғын қысып тұрған адам.
2. Сабақтан 2 алған бала.
3. Ұтыс билетінен ақша ұтып алған адам
4. Гүл ұстаған ана

5. Жаңа жылдың басты қонағы

6. Биші

Ән: Құттықтаймын, мама, туған күніңмен
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктетер аласаны.
Болмаса сұлу қыз ару әйел,
Табысып бүкіл әлем жарасады-дегендей аналар
«Сән - 2015» көктемгі киім үлгілерімен 6- бөлім қыздарын киіндіріп шығару керек.

Осымен бұл сайысты тамамдасақ,
Тағыда жарысамыз аман болсақ.
Сөз береміз әділқазы алқасына,
Әр ананың өнерлерін сараласақ.
Би: Чунга-чанга
Сөз кезегі әділ қазыларда, марапаттаулар, сыйлықтар табыстау.

































Н.К.Крупская орта мектебі













Тәрбие сағаты

«Өнегелі ана,өнерлі қыз»

аналар сайысы















1 «А» сынып



Дайындағын: Тастемирова К.Е.













2015 жыл




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
конспект воспитательного часа "?негелі ана, ?нерлі кыз"

Автор: Тастемирова Конырша Ендешбаевна Атырауский область Курмангазинский районы село Котяев

Дата: 09.10.2015

Номер свидетельства: 237895


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства