«Көңілді старт" спорттық жарыс Мақсаты: 1. Ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 1. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу. 2. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру. Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп, тағы басқа заттар. Барысы: 1. кіріспе сөз 2. спорттық жарыс 3. қорытынды сөз. Жүргізуші Құрметті оқушылар! Бүгінгі спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты - жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін спорттық сайыс өткізгелі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Көңілді старт" спорттық жарыс»
«Көңілді старт" спорттық жарыс Мақсаты: 1. Ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 1. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу. 2. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру. Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп, тағы басқа заттар. Барысы: 1. кіріспе сөз 2. спорттық жарыс 3. қорытынды сөз. Жүргізуші Құрметті оқушылар! Бүгінгі спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты - жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін спорттық сайыс өткізгелі отырмыз. Жүргізуші Ал, құрметті халайық, Жарысты енді көріндер, Әділ қазы алқасын сайлап, Әділ баға берііңдер! Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап, таныстырып өту.
Жазғы лагерь аланының жетекшісі Қуанышбай Айгүл Хайрулақыз
Бағалау жүйесі 5, 4, 3 балдармен бағалау. Жүргізуші Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы 4 топ алдарыңызда өнер көрсетпекші. 1 топ – «Жазғы жұлдыз» 2 топ -«Балдәурен»
3топ – «Дружба»
Ал ендеше сайысымыздың шарттармен танысайық. Сайыс шарттары: 1. «Допты ойын» 2. «Ептілікті байқау» 3. «Жүйрік паравоз» 4. «Кедергілерден өту» 5. «Допты шелекке сал, ұпай жина» 6. «Кеме жарысы» 7. «Капитандар сайысы » Бұл ойында бізге көмек көрсететін оқушылар
Жүргізуші Денсаулық - шексіз бақыт, Уа, халқым назар аудар денсаулыққа. Өмірде бақыттысың денің сауда, «Денсаулық - терең бақыт» деген сөзді, Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,- деп, келесі ойынымызға көшейік.
Денің сауда күштісің бұл әлемде, Денің сауда сұлусың жер бетінде. Сол мықты денсаулықтың арқасында, Жетерсің әлі талай бақыттарға
1 . «Допты ойын» Шарты: бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады. Бір, екі, үш дайындал, алға! Жүргізуші 2. «Ептілікті байқау» теннис шаригін қасыққа салып, кедергіні айналып қайта орына келіп келесі оқушыға беру.
3. «Жүйрік паравоз» жарысы
Ойын шарты: Бірінші бала паравоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паравоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ертіп айналып келіп, үшінші баланы ертеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паравозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.
4. «Кеме» жарысы
Ойын шарты: Екі дөңгелек сақина беріледі. Балалар ортасына кіріп екі сакинаға кезек-кезек секіру арқылы мәреге жеті керек.
5. «Кедергілерден өту»
Ойын шарты:
Ойыншы бастапқы орыннан жүгіріп шығып ортада турган орындықтың үстімен өтіді. Қайтар жолда жай жүгіріп келіп, келесі ойыншыға қол береді. Осылайша екінші ойыншы ойынды жалғастырады.
6. «Капитандар» сайысы
Шарты: Бір оқушы жүгіріп келіп математикалық есепті шығару керек. Қайтар жолда жүгіріп қайтады.. Бір, екі, үш дайындал, алға! 1 Жүргізуші Өнерге биік сеніңіз, Думанға қызық келіңіз. Әділ қазы ел сенген
Сайыс баға беріңіз - дей отыра, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарып, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі. Әділқазылар алқасының шешімі дайын болғанша барлығымыз «Көңілді жаттығу» биін билейік Жеңімпаздарды марапаттау. (Әділқазылардың ұпайларын тыңдау) І орын – «» ІІ орын –«» ІІІ орын –«» Жүргізуші: Құрметті ұстазымыз! Бір тілек айтарымыз, Берекелі заман болсын, Балаларымыз аман болсын! Жиырма бірінші ғасырда, Ашық аспан астында, Денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жанұяларыңыз қуанышқа толсын! Бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» жарысын, Осымен аяқтаймыз! Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!....2 Жүргізуші Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсың! Бүгінгі спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.