Просмотр содержимого документа
«К??ілді тап?ырлар.?аза? тілі »
Көңілді тапқырлар Мақсаты:қазақ тілінің білгірлері,көңілді тапқырларды анықтау, туған елін,тілін қадірлеуге тәрбиелеу, ұтқырлыққа баулу. Сабақтың түрі:сайыс сабақ. Көрнекілік: интерактивтік тақта,сызба, сөздер. Сабақтыңбарысы: Мұғалімніңкіріспесөзі: Сабақтың барысы: -Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сабағымыз «Көңілді тапқырлар » тақырыбында жарыс түрінде өткізіледі. Мақсатымыз белсенділік танытып, білімді екенімізді көрсете білу. Біздің сайысымыз V кезеңнен тұрады. Әр тапсырма 5 балдық жүйемен бағаланады. Бұл сайыс болғасын бізге әділ қазылар керек.
- Әділ қазы алқасымен таныс болыңыздар: Қазақ тілі мұғалімдері: -Сонымен сайысымызды бастаймыз. Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. «Білімді азамат- ел ертеңі», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар. Бүгінгі білімге 2 - сынып оқушылары қатысқалы тұр. Сайыста біздерге әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Сайыста жеңу үшін біздер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек жауап беруіміз керек. 1-сайыс: «Сәлемдесу» Мақсаты:өз тобының атын,ұранын таныстыру. 1-топ: «Ойшылдар» Ұраны: «Біз ойшылдар боламыз, Жарыста да озамыз» 2-топ: «Тапқырлар» Ұраны: «Тапқырлар да қалыспас, Сондықтан да сайыста Біз де қарап қалмаспыз» 2-сайыс: «Сандар арқылы сөз табу» 3-сайыс: «Қоржынның ішінен бір асықты таңдап, сұраққа жауап беру. 1-топ: «Ойшылдар» 1. Дыбыстар нешеге бөлінеді ? (2, дауысты, дауыссыз) 2. Дауысты дыбыстар қанша? (2,жуан,жіңішке) 3.Сөйлемнің неше түрі бар? (3, хабарлы,сұраулы,лепті) 4. Сөз неден құралады? (дыбыстардан) 5. Сөздің түбіріне жалғанғанда,оның мағынасын өзгертетін қосымшаны қалай атаймыз? ( жұрнақ) 2-топ: «Тапқырлар» 1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42) 2. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата? (қатаң,ұяң,үнді) 3. Сөйлем неден құралады? (сөздерден) 4. Қосымша нешеге бөлінеді? (2, жұрнақ,жалғау) 5. Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны қалай атаймыз? (жалғау)
Сабақта «2» алып қалдыңдар. Оған ата-анаң қатты ренжіді. Сол ренішті қалай өтер едіңдер?
2-топ: «Тапқырлар» Мектепке жаңа доп алып келдің. Ойнап жүріп,досың добыңды жарып алды. Не істейсің? Үйдегілерге не айтасың?
5-сайыс: «Полиглот»
1.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап-книга-бук)
2. Мұрты бар,сақалы жоқ,
Тоны бар,шапаны жоқ. (Мысық-кошка-кәт)
3. Бiлiмнiң дәнiн тередi,
Балаға тәлiм бередi. (Ұстаз-учитель-титчэ)
4. Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (Дәптер-тетрадь-копибук)
5. Оқушыға күнде ерiп,
Жүретiн не? (Күнделiк-дневник-дайэри)
6.Күндіз көрінбейді,
Түнде күлімдейді. (ай-луна-мун)
Осымен бұл қызықты тамамдасақ, Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ? Үйрендік білмегенді осы жолы, Тағы да үйренеміз аман болсақ! Жетпесіңе жеткізген, Қызықты уақыт өткізген. Бар ғылымды сыйдырып, Білетіні көп бізден. Жаңалықтың жаршысы, Жұртты елең еткізген Қазақ тілге мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз. ( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі). Келесі сайыстарда кездескенше сау саламатта болыңыздар.