Қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты түсінуге, өнерге, мәдениетке, өткен тарихымызды білуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың болашағы және үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын ұғындыру. Әдеп пен сыпайылық, инабаттылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындату.
Үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеу.
Сайыстың мақсаты:
“Көктем аруы– 2015” байқауының кезеңдері
I-“Сәлем сөздің анасы”(таныстыру)
II-“Өнерлі өрге жүзер”(өз-өнері)
III-“Кім көп біледі?”(сұрақ-жауап)
IV-“Шебердің қолы ортақ”(ою-өрнек ою)
V-“Қыздарға әсемдік жарасады”(сән үлгісі)
Сайыста бақ сыналар ,бап сыналар.
Бас жүлдені өнерлі,тапқыр алар
Кім өнерлі,кім тапқыр,шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нақ сыналар
Әділ қазылар алқасы :
Оқу ісінің меңгерушісі:Аубакирова Гүлнар Қарсақбайқызы
Тарбие ісінің меңгерушісі:Сейдахметов Ержан Тілегенұлы
Технология пәнінің мұғалімі:Ахметова Гүлзайра
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып
Көрейік ару қыздарды жарыстырып
Бұл залда білетін бар ,білмейтін бар
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып
Мың бұралып бйлеген, аруды кім сүймеген
Күміс көмей аруларға,кімдер басын имеген
«Өнерлі өрге жүзер» деп халқым бекер айтпаған,
Қол соғып бір желпінтіп,әділ баға берейік.
Бұл сайыста аруларымыз әділ қазылар алқасының дайындаған сұрақтарына жауап береді.
Бұл бөлімде аруларымыздың ұлттық нақыштағы өю-өрнектерімізді қаншалықты ептілікпен оятынын көреміз.
Қыздарға әсемдік жарасады
Ай көркі биіктерге таласады
Болмаса сұлу қыз , ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады
Қыз емес қыздың аты, қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес
Ақынның сақтай білген ізгі салтын
Қыздар, қыздар
кімсіңдер?
Күлімдеген күнсіңдер
Осынау дархан өмірде
Думандатып жүріңдер!
Келесі кешімізде кездескенше,сымбатты да сұлу қыздар!