kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кластан тыс шара. 3 класс. Та?ырыбы: "Не деген к?ркем еді?!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Арда?ты да аяулы аруларымызды?, аналарымызды? мерекесі 8 наурызда жо?ары сынып о?ушыларыны? мектеп о?ушылары мен ?стаздарына, аналарына арнал?ан «Не деген к?ркем еді?!» атты кешті? сценарийін ?сынамыз:

Ма?саты: Ана?а деген с?йіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы ??рметтеу, сыйлай білуге, о?ушылар бойында?ы жеке ?абілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, досты?ты ?астерлей білуге т?рбиелеу.

1 -ж?ргізуші:    К?гімні? к?ркі кім?

2 - ж?ргізуші:  Ана.

1 -ж?ргізуші:   Ж?регімні? н?ры кім?

2 - ж?ргізуші:  Ана.

1 -ж?ргізуші:   ?лемні? н?ры кім?

2 - ж?ргізуші:  Ана.

1 - ж?ргізуші:

Армысы? ару ?ыздар, абзал ана!

Ана?а те? келетін бар ма дана?

Мереке? б?гінгі к?н ??тты болсын,

?уанышпен ??ша?ы? г?лге толсын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кластан тыс шара. 3 класс. Та?ырыбы: "Не деген к?ркем еді?!"»


Ардақты да аяулы аруларымыздың, аналарымыздың мерекесі 8 наурызда жоғары сынып оқушыларының мектеп оқушылары мен ұстаздарына, аналарына арналған «Не деген көркем едің!» атты кештің сценарийін ұсынамыз:

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

1 -жүргізуші: Көгімнің көркі кім?

2 - жүргізуші: Ана.

1 -жүргізуші: Жүрегімнің нұры кім?

2 - жүргізуші: Ана.

1 -жүргізуші: Әлемнің нұры кім?

2 - жүргізуші: Ана.

1 - жүргізуші:

Армысың ару қыздар, абзал ана!

Анаға тең келетін бар ма дана?

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,

Қуанышпен құшағың гүлге толсын!

2-жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік «Не деген көркем едің!» атты кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер!

1-жүргізуші:

Десек те уақытпенен жарыспайды,

Қияға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп

Өнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе ортаға 3 ә класс оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар. Барлығы хормен «Мерекелеріңізбен» деп айтады.

2-жүргізуші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі класс жетекшіміз Раушан Ермаганбетовнаға беріледі.

1-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне класымыздың ер балаларының орындауында хор «Анажаным» атты әнді қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:

Әлемдегі ең ақылды, дана боп,

Нұрын шашар жақсыларға пана боп.

Кім-кім болсын сені алақанында,

Мейірлене ешкім сүймес ана боп.




1-жүргізуші: Алақаны жылылықтан балқыған,

Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.


Бұл сезімге ие болған барша жұрт,

Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып сүйікті ұлдарыңыз Исламбектің жүрекжарды тілегін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті биші ұлдарыңыз Ислам мен Ердәулетке береміз.


1-жүргізуші: Ана деген – бастауы ұлылықтың

Ана деген - рәмізі сұлулықтың

Ана деген - бір жыр бар шырқалатын

Асқақтатар биікке ұрпақ атын

Олай болса Диасты қарсы алайық

Дауысына сүйсініп тамсанайық

Ерке ұлдың талантына тәнті болып,

Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!

Ән: « Кекілі кеткен қыз бала» Орындайтын: Еркиналиев Диас

2-жүргізуші: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым

1-жүргізуші:

«Бала, бала, бала» деп,

Бізді өсірген анашым.

Гүлге толып, құшағың,

Бақытты бол, анашым.

2-жүргізуші:

Қамымды ойлар күн- түні,

Анам- менің көктемім.

Ақтай алсам, үмітін,

Арманыма жеткенім, – 3 ә класс ұлдарының қыздар мен аналарға арнап жасаған шағын слайдын көре отырыңыздар! ( Класс ұлдары аналары мен қыздарының қызықты суреттері мен даналы сөздер арқылы слайд жасап, көрсетеді).

1-жүргізуші:

Ару - Ана өмірдің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,

Сендер үшін мереке шашулары, - дей отырып Ердәулет пен Алиханның пародия жанрындағы «Алло» атты тамаша әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Аналарды ардақтап,

Әдеппен бас иеміз!

1-жүргізуші:

Ана деген жан екен,

Ана деген ән екен.

Ұстаз-ана, әжелер,




Үстем болсын мерейің, – деп ортаға класс оқушыларының аналарын шақырып, келесі кезекті «Тапқыр бала» ойынына береміз. (Оқушылар көзін орамалмен байлаймыз. Өз аналарын табуы керек).

Тосын сый ата - аналарға арналған. (ойын)

2 шарт орындалады.

1. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.

2. 5 ата - ананы шығарып 5 шарды жарып ішіндегі сұраққа жауап береді.

2-жүргізуші:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

1 -жүргізуші:

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған әжелердің құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Хор «Менің әжем осындай» .

2-жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.



1-жүргізуші:

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас - қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!

2-жүргізуші:

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші ұлдарыңыздың орындауындағы «Қазақ жастары» атты әнін қол соғып, қошеметтеп қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

2-жүргізуші:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы, – деп көрермендеріміз аналар жайлы даналық сөздерді қаншалықты біледі екен? Байқап көрейік? Ойын шарты: Біз мақалдың басын айтамыз, сіздер жалғасын табуларыңыз керек. Ең көп тапқан көрерменімізге сыйлығымыз бар.

1. Алып анадан туады,

Ат биеден туады.

2. Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс.

3. Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды.

4. Атыңа ауыр жүк артпа,

Анаңа ауыр сөз айтпа.

5. Анасын сыйламағанды адал деме,

Ұстазын сыйламағанды адам деме.

6.Тапқан ана емес, баққан ана.


7. Анаңа рақым етпесең,

Балаңнан рақым күтпе.

8. Анаға баланың алалығы жоқ.

9. Ердің анасы – елдің анасы.

10. Ананың ізін қыз басар,

Әкенің ізін ұл басар.

11. Анасын сүйгеннің баласын сүй.

12. Анасын көріп қызын ал,

Аяғын көріп асын іш.

1-жүргізуші:

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары.

2-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен сұлу қыздарымызға арнап Айдын мен Ердәулеттің «Анашым» әнін қабыл алыңыздар. (Осы уақытта оқушылар аналар мен қыздарға гүл шоқтарын ұсынады).

1-жүргізуші:

Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,

Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,

Биімен көрерменді тәнті ететін

Арулар келді міне толқып, тасып. Ортаға ару қыздарымызды « Қазақ » биімен шақырымыз!



2-жүргізуші:

Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.

1-жүргізуші|:

Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

Мерекелік кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін аналар қауымына береміз.

2-жүргізуші:

Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! –дей келе алдарыңызда класс оқушыларының валсін қабыл алыңыздар.

1 – жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

Міне, бүгінгі « Не деген көркем едің! » атты мерекелік кешіміз де өз мәресіне жетті.

Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет!

8 наурыз құтты болсын!

Тағы да мерекелеріңізбен! – дей келе класымыздың оқушыларының орындауында « Бол жанымда » әнін қабыл алыңыздар.










№36 қазақ орта мектебі











Класс сағаты

« Не деген көркем едің! »







Класс жетекшісі: Каршагина Раушан
















Ақтөбе 2015 – 2016 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Кластан тыс шара. 3 класс. Та?ырыбы: "Не деген к?ркем еді?!"

Автор: Каршагина Раушан Ермаганбетовна

Дата: 16.03.2016

Номер свидетельства: 306335


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства