kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Классный час на тему: "?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі "

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі             1 «а» сынып

Саба?ты? та?ырыбы:  «?ош бол, с?йікті  ?ліппем!»
Саба?ты? ма?саты:   О?ушыларды? ?ліппеден ал?ан білімдерін тияна?тау. ?р о?ушыны? іс-?рекеттері  ар?ылы ?абілеттерін к?рсету, шы?армашылы?ын дамыту. Жа?а о?улы?пен таныстыру, ?ызы?ушылы?ын арттыру.
О?ушыларды? ата-ана, Отан, ел алдында?ы борышын сезінуге, елін с?юге т?рбиелеу.
К?рнекілік:  ?ліппе, Ана тілі макеттері, шарлар, ?ріптер та?балары мен цифрлар т.б., слайд.
Музыка ойнап т?рады.  Сахна?а хан мен оны? кішкене ?ызы шы?ады. 
  ХАН  (Берекет):                     Уа, халайы?! Армысы?,
                                                    А?айын ту?ан, бармысы?
                                                    Жарлы?ымды ты?да?дар, 
                                                    Бос?а ?арап ?алма?дар
                                                    Мен сендерге сенемін
                                                    ?ызымды мектепке апар?ан?а
                                                    Ат басындай алтын беремін
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Классный час на тему: "?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі "»

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі 1 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы: «Қош бол, сүйікті Әліппем!»
Сабақтың мақсаты:   Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері  арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі макеттері, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд.
Музыка ойнап тұрады.  Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады. 
ХАН (Берекет): Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар, 
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Қызы: ( Амина) Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
Керек емес білімің
Тазша бала: (Айбек) Уа, тақсыр, армысыз, 
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 «а» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!
Ханша: барсақ, баралық, көрсек, көрелік! 
Мұғалім: - Сәлематсыздар ма, құрметті ата-аналар, ардақты ұстаздар! «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты 1 «а» сынып оқушыларының әліппемен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Әсемай: Кешегі сәби балаңыз, 
  Жарады міне қараңыз. 
  Ғылым, білім жолына 
  Енді қайық саламыз. 
Сабина: Ал, балалар! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз.

Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.
«БІЗ КІМБІЗ?»
Қазақстан өлеңін айту
Нұртаза: «Қ» Қарсы ал ерте күн көзін
Төсегіңді жина өзің
Асықпай іш тамақты

Жалама ыдыс-аяқты
Аружан:        « А»        Астанам, ұлы, Астанам
                                  Ұлылыққа бастаған!
                                  Мақтан тұтар өзіңді,
                                  Кіп-кішкентай жас балаң
Бекет:     «З»   Зау-зау заңғар заңғарлар, 
                                Замандар бар, заңдар бар
                                З-да барлық заңдылық
                                Заңда з мен заң болар!

Ернұрбек:             «А»:                   Ана тілің арың бұл  
                                                          Ұятың боп тұр бетте
                                                           Өзге тілдің бәрін біл
                                                           Өз тіліңді құрметте!
Әмина:     «Қ»:                           Қарағанды көмірі
                                                          Қостанайдың егіні.
                                                          Даласындай жомарт қой
                                                          Қазағымның көңілі.
Ералы:           «С»:           Жағасында Ертістің
                                                           Семей деген қалам бар
                                                           Туған мұнда атақты
                                                           Абай, Мұхтар, бабалар
Нұрбақыт:     «Т»:                          Жарақты жаумен жұлқысқан 
                                                           Қылышты жаумен қырқысқан
                                                           Ең ежелгі астана
                                                           Қасиетті Түркістан!
 Гүлназым:      «А»:                        Піскен алма топ-топ түсті,
                                                           Топ-топ түсті, көптен түсті
 

Арсен:   «Н»:                         Ас біткеннің анасы
                                                       Қасиетті нан осы
Мұғалім: Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай сөз шығады екен?
ХОРМЕН: « ҚАЗАҚСТАН»

Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады?

Асемай «Отан» туралы
- Ендеше, сендер  Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар. Осы туған елімізге арнап «ДОСТЫҚ» әнін шырқайық.
ХОР: «ДОСТЫҚ ӘНІ»
Мұғалім:
Айтыңдаршы, балалар!
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол –әліппе.
Мұғалім:
Ендеше, бүгінгі кешіміздің басты қонағы әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
(Музыка қосылып, балалар әліппені тосады)
Мұғалім: Әліппе неге кешікті екен? Балалар, біздәі электронды поштамызға хат келді. Осы кезде электронды поштаға хат келіп түседі. 
- Балалар, жолда досын ертіп келе жатқан әліппені ҚЫС ХАНШАЙЫМЫ  ұстап алыпты. Оның бізге мынадай талабы бар екен.
1-тапсырма Әліппе пәнінен берілген екен. Кәне, тезірек, жауап берейік.

  1. Жуан дауысты дыбыстарды ата: Жауабы: а, о, ы, ұ

  2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? Жауабы: 42

  3. Абай Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа айт.

  4. Мына сөздерді буынға бөл: Ертегі, шаян, экипаж, кітапхана, қараторғай.

  5. Санамақты жатқа айт.

2-тапсырма «Қызықты математика» деп аталады.

  1. Табақта 5 алма,

Қолымда 3 алма

Інімде 2 алма

Қосқанда барлығын

Болады неше алма? Жауабы: 10

  1. Көлден ұшты 7 қаз

Қайтып қонды 2 қаз

Қонбады оның нешеуі

Кәне, кім тез шешеді? Жауабы: 5

  1. Тал басында тізіліп

  1. Жапырақ тұр еді

Жел соқты да, үзіліп

Ұшып кетті біреуі

Ізінше оның жұлынып

Түсті тағы бесеуі

Тұр әлі де ілініп

Жапырақтың нешеуі? Жауабы: 4

3-тапсырма «Кім жылдам?» дүниетану пәнінен берілген. Тыңдаймыз.

  1. Біздің елімізді кім басқарады? (Елбасы, президент)

  2. Бір аптада неше күн бар. Ата. (7 күн)

  3. Қыстан кейін қай жыл мезгілі? (көктем)

  4. Табиғат нешеге бөлінеді? (2, өлі және тірі)


Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, біздей ақылды, білімді балаларды Қыс ханшайымының тапсырмалары қорқытпайды. Барлық тапсырмаларын орындадық, ендеше қошеметпен Әліппені қарсы алайық!

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе ортаға шығады:  (Тамерлан)
 -Армысыңдар жас достар! 
 Армысыңдар, ата-ана! 
 Болашаққа жол бастар, 
 Әліппең келді ортаға. 
 Білім деген ғажаптың, 
 Әліппесін меңгерген. 
 Келешегі қазақтың, 
 Басталады сендерден. 
 Таудай болса талабың, 
 Айтары көп әріптің 
 Қуанышы баланың 
 Қуанышы ананың 
 Жақсы білім көрімдік, 
 Болсын бізге халайық. 
 Не үйретіп, не білдік, 
 Қане, ортаға салайық! 

Бекнар: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Әнуар: Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе - білім бесігі
Әсемай: Әліппе сауатыңмен санамды аштың
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
Мұғалім: Балалар, енді әліппемен қоштасар сәтте келіп жетті. Әліппе кітабынан әріптерді танып білдік. Ұқыпты, таза ұстадық. Не себепті?

Сабинаның жауабы тыңдалады.
Мұғалім: Ертең алтыға толатын, 
Сендердей әпке болатын
Әліппені алып қолына
Үлгілі шәкірт болатын кішкене бүлдіршінге әліппені тапсырайық.


Әмина: Іші толған әріпке
Мынау – әйбат Әліппе
Барлық ілім - білімнің 
Әжесі – осы Әліппе!

Әліппе: (Тамерлан) Білімнің көп қой саласы, 
Әліппе соған  жолбасшы
Ғылымның қиын жалғасын
Басқа кітаптан табарсың! 
-    Қош болыңдар, балалар! 

Хормен: «Қош бол Әліппе!»
Ән: Серікқали Әсемайдың орындауында «Әліппеге рахмет!» әні

Мұғалім: Балалар, енді біз ана тілі кітабын жалғастырамыз! Кәне, онымен жақынырақ танысайық!
Ана тілі: (Айбек) Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Мұғалім: Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз.
Ернұрбек: Әріптерді үйретіп, 
Жақын болған кім бізге,
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған кім бізге!


Аружан: Әліппе оқуға, 
  Үйреткен әр күні 
  Үйретіп санауды, 
  Көп еңбек сіңірген 
  Мұғалім апай ғой! 
Бекет: Үйретіп мұғалім бізге әліппені, 
  Мұғалім ғылымға жол салып берді. 
  Адамның ақыл-ойы, мақсаттары, 
  Оқудың сәулесімен жарық көрді. 
Миіржан: Әліппе даңғыл жол ашты, 
  Жаңадан пәндер жалғасты. 
  Әліппе сырын ұқтырған 

Барлығы хормен:  -Рахмет, ұстаз алғашқы! 
Ән: «Ұстазым» орындайтын Аманғалиева Інжу

 Мұғалім: 
 -Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – кім?

Барлығы хормен: Ана! 
Ералы: -Ана - біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз. 

Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз: 

ХОРМЕН: Ата-анамызға рахмет!
Көрініс: Хан мен қызы:

Хан: (Берекет) - Әне, балаларды көрдің гой. Барлығы оқиды, жазады, сандарды санайды, есептеп шығарады. Міне, сенде мектепке барып, осы балалардай сауатты боласың. Саған балалардың білімдері мен өнерлері ұнады ма?

Қызы: (Амина) - Ұнады.

- Әке, кешіріңіз, мен бәрін түсіндім. Мектепке барамын, білім аламын, жазып оқуға үйренемін. Сізге уәде беремін!

Мұғалім: Біз енді әріптерді меңгеріп, оқып, жаза аламыз, сонымен қатар санау да білеміз. Енді осы қалпымыздан танбау үшін ата-аналарымыздың алдында «Ант қабылдау» рәсімін өткіземіз:
 АНТ ҚАБЫЛДАУ:
1. Отанымды сүюге, мақтаныш етуге,
2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, 
3. Білімге ұмтылуға;

4.Мектеп ережесін сақтауға,

5.Үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға,

6.Ата-ананы қадірлеуге;
7.Табиғатты аялауға;
8. Салауатты өмір салтын ұстануға;

Барлығы хормен: Ант етеміз, Ант етеміз, Ант етеміз.
Мұғалім: Міне, біз Әліппені аяқтадық. Бәріміз оқи білеміз, жазамыз. Алға қарай да жаксы оқимыз. Енді бүгін мен сендерді дипломмен марапаттағым келіп тұр. Оқушыларды дипломдармен марапаттау:

  • Енді оқушылардың өнерлерін тамашалайық.

  1. Вальс: қыздар мен ұлдар

  2. Ұл балдардың орындауында хор: «Ақ көгершін»

  3. Қыздардың орындауында «Қуыршақ» биі.

Қорытынды: Осымен 1 «а» сынып оқушыларының «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі аяқталды.

Ата-аналарға сөз беру, оқушыларды құттықтауы.




Мұғалімі: Ескалиева Шолпан Ерболқызы





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Классный час на тему: "?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі "

Автор: Ескалиева Шолпан Ерболовна

Дата: 31.01.2016

Номер свидетельства: 285961


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства