Просмотр содержимого документа
«классный час на тему "Елін с?йген, елі с?йген Елбасы"»
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген Елбасы Мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. ә) Дамытушылық: Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету. б) Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, кітаптар бұрышы, нақыл сөздер, слайдтар Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
1 - жүргізуші:
Желтоқсаннан бастау алған егемен, Егеменді елде берік керегем. Қазақстан бірлігімнің айғағы, Әлем білген басшысымен көреген. 2 - жүргізуші: Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған, Құт қонған ел қасиеттен жаралған. Бірлігімнің туын биік ұстаған, Жаңарған ел желтоқсаннан нәр алған. 1 - жүргізуші: Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы, Бейбіт күнде желбіреген байрағы. Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен, Қазақстан - ынтымақтың айғағы. 2 - жүргізуші: Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай. 1 - жүргізуші: Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырмаүш жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 жел¬тоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата - бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады. 2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, 2 «А» сыныбының «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! II бөлім
Мұғалім сөзі: Елбасының өмірбаянына шолу жасау
Мақсаты: Елбасының өмірбаянымен таныстыра отырып,атақты тұлғаның туған жерін оның өсіп - өнгенін, әсіресе, қазақтар үшін генеологиялық діңгегін білу ,қызығушылығын ояту.Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. 1 - слайд:. Атақты тұлғаның туған жерін оның өсіп - өнгенін, әсіресе, қазақтар үшін генеологиялық діңгегін білу кез келген адамның қызығушылығын тудырады. Бұл, біріншіден, біздің Президентімізге қатысты. Бұл көп жазылды, фильмдер көрсетілді. Әсіресе «Балалық шағымның аспаны» фильмі өте қызықты, жан жүйеңді толғандырады. Болашақ Президент Алматы облысы Шамалған ауданы Үшқоңыр төбесіндегі киіз үйде туған. Ата - анасының ұзақ күткен ұлы, тұңғыш баласы отбасын, қуаныш пен үлкен қызыққа кенелтті. Әйтеуір шаңырақта бала күлкісі мен кішкентай қадамның дауысы естілді.
2 - слайд: Нұрсұлтан үшін алғашқы мектеп қоңырауы Шамалған ауылында соғылды. Бұл мектепте әртүрлі ұлт пен этнос өкілдері оқыды, сабақ берді. Мүмкін осы жерде білімге деген құштарлық пен шыдамдылық, адамдарға деген ерекше ашықтығы қалыптасқан болар. Оныншы сыныпты Нұрсұлтан Қаскелеңде алтын медальмен аяқтады.
3 - слайд: Отбасындағы тұңғыш ұл, сондықтан мойнында аса үлкен жауапкершілік. Ата - анасына көмектесіп, уақытша өз арман - мұратын ұмытуға тура келді. Сондықтан «Ленинская смена» газетінде Бүкілодақтық комсомол құрылысы – металлургиялық комбинаттың жастарды шақыруы туралы оқып, Нұрсұлтан металлург мамандығын алу үшін сонда баруды шешті. Ата - анасы бұл шешімге қарсы болмады, оны қолдады. Алда Днепродзержинскіде болат қорытушы мамандығына оқу, кейін Теміртауда жаңадан салынған металлургиялық комбинатта мамандығы бойынша жұмыс істеу күтіп тұрды. Бұл қала мен комбинат кісілері шынымен болашақ ел президентінің өміріне зор әсерін тигізгені анық.
4- слайд: Н. Назарбаев «Сындарлы он жыл» кітабында былай деп жазады: «Әлі тәжірибесіз балаңдау шағымда, көмейінде от пен металл ойнақ салған алып шомбал пештің жанында тұрғанда немесе қаңылтыр қақтау станының құлақ жаратын тарсыл - гүрсілін ести жүріп жұмыс істеген кездерде, мен сайын даланың жанға дауа саумал самалын аңсайтынмын, екіндінің шырт тыныштығында ұйып тұрған жусан иісін құныға сіміргім келетін. Әсіресе мың градуста сарқылдап қайнап жатқан металдың сенен санаулы - ақ метр жерде тұрғанын, мұндайда күрделі металлургиялық процесте бола беретін, сенің аңдаусыз қимылың мен күтпеген техникалық кездейсоқтықтарды елестеткенде, балаң жанның баршасына тән қай - қайдағы үрей мен толқынысты сәттер есімде қалыпты».
5-слайд: 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984 - 1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990 - 1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан - сәуір айлары) болып қызмет атқарды.
6-слайд: Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н. Ә. Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті.
«Атамекен» әні орындалады. Мұғалім сөзі: : Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел президентін сайлады. Сөйтіп оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. «Рухы күшті ел – алынбайтын қамал» дейді халық нақылы.
Хормен: Халық үшін Елбасы, Әскер үшін қолбасы. Тар жол тайғақ кешуде Нұр ағаны Туған жұрты қолдасын
IY Ой қозғау “Қазақстан және Елбасы туралы мағлұмат ”
Мақсаты: Қазақстан және Елбасы туралы мағлұмат мәнерлі жатқа айту. Елбасына арналған өлеңдерді нақышына келтіріп орындау. Елбасы және Қазақстан туралы әр бала тебірене жеткізуге баулу.
1 - оқушы: Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
2 - оқушы: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
3 - оқушы: «Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
4- оқушы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады - ау кісілік! Би: Қазақ биі қыздар тобы
5 - оқушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
6 - оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. 7 - оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. 8 - оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 9-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады 10-оқушы:1992 жылы 4 - маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов. 11-оқушы:1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 12-оқушы:1993 жылы 15 - қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді. 13-оқушы:2006 жылы 7 - қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды. 14-оқушы:1995 жылы 28 - қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
Y бөлім «Қазақстан туралы не білеміз?» ойыны
Мақсаты: Ойын әдісі арқылы еліміз туралы білгендерін ,өз ойларын ашық айту.. Отан туралы мақалдардың жалғасын тауып топ жұмысы арқылы қорыту. Біздің еліміз қалай аталады? Біздің еліміз қандай? Республикамызда қанша облыс бар? Біз қай облысқа қараймыз? Тұрып жатқан қаламыз қалай аталады? Біздің қаламыз әлемге несімен әйгілі?
Сұрақтарға жауап береді.Отан туралы мақал-мәтелдер,қанатты сөздер айтылады.
Ойын «Жалғасын тап»
1.Отан үшін отқа түс .....
2.Отанды сүю ...
3.Отансыз адам- ...
4.Отан-оттан да ...
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н. Назарбаев, әні: Б. Тілеуханов)
YI Топпен жұмыс «Менің Президентім»
Мақсаты: Әр топ Елбасы туралы білгендерін топтастыру арқылы жүйелеу, жинақтау. Топ басшылары қорғап,білімдерін жетілдіреді.
Тәуелсіз елді қандай адам басқарады? Ел басқаратын адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар? (топтаcтыру)
өнер иесі
ақын жазушы
қамқор әке мейірімді ата
дүниежүзі қазақтары Әнұранның авторы
қауымдастығының төрағасы
профессор халық қамқоршысы
ҚР Бас қолбасшысы
«Нұр Отан» партиясының
төрағасы
ЕҚЫҰ төрағасы
Мұғалім сөзі: Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз» Ән: «Жаса Қазақстан!
YII «Тәуелсіздік перзентінің тілегі»
«Жүректерден жүрекке» Елбасына жүректен шыққан тілектерін арнау
(Оқушылар бір-бірден тілек айтып, жазады.)
Пайдаланған әдебиеттер
1.Н.Ә. Назарбаев Қазақстан жолы кітабы. Сындарлы он жыл