kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Классный час на тему: "Даналар сөзі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Классный час на тему : Даналар сөзі"В этой разработке слова-назидания великих казахских людей. Как воспевали свой родной язык.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Классный час на тему: "Даналар сөзі"»

«Даналар сөзі-ақылдың көзі»

Өтілетін орын тақырыпқа сай безендіріледі.Дыбыс күшейткіштен Отан,туған жер тақырыптарында әндер орындалып тұрады.

Мақсаты:аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру.

Міндеті :

  • Сол сөздерден өнеге алуға баулу.

  • Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге,ақылды,салмақты ой айтуға үйрету.

Кіріспе сөз:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Мерекеміз құтты болсын!Бақытымыз баянды болсын! «Даналар сөзі-ақылдың көзі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Даналар сөзі – кешегі өткен қариялардан,ғұлама ойшылдар мен шешен билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра,мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.

Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп,бақилық болып жатыр.Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі,Қаныш пен Әлкей білімі,Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні,Дінмұхамедтің парасаты- бүгінгі ұрпаққа өнеге.Олардың даналық болжамы,ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып,жүрегімізден орын алуда.Оған өздеріңізде куә боласыздар.

Сабақтың барысы:

1.Қызығушылықты ояту.

-Балалар, мен сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр.Сендер қазақтың қандай ақын-жазушыларын білесіңдер?

Оқушылардың жауабы.

-Жақсы балалар, олай болса біз сендермен қазір «Тұлғаны таны» ойынын ойнаймыз.

-Қай тұлғаны таныдыңдар?

Оқушылар ақын-жазушылардың аты-жөндерін,шығармаларын айтады.

Онда балалар, сөз тізгіні өздеріңде.

1оқушы: Асан қайғы,Жиренше

Сөйлеп кеткен қазақ тіл

Жәнібек пен Қойлыбай

Сыйлап өткен ғажап тіл

Ата-анамыз әлдилеп,

Уатқан бізді баба тіл.

Осы тілді жек көрген

Дүниеден қалар құр.

Бағаласаң шынымен

Баба тілі асыл дүр.

Қожаберген жырау


2оқушы: Үнінен, тілінен және дінінен айырылған халық жер бетінен жойылып кетеді.

Әл-Фараби


3оқушы: Адам екі нәрсе арқылы қартаймайды.

Біріншісі-қайырымды ісі.Екіншісі-мейірімге толы сөзі.

Ж.Баласағұн

4 оқушы : Ғылымым жұрттан асты деп,

Кеңессіз сөз бастама

Жеңемін деп біреуді,

Өтірік сөзбен қостама.

Асан Қайғы


Халық қазынасының бірі-домбыра.Динаның күйі «16 жыл».Қабыл алыңыздар.



5 оқушы: Сөздің өзі- бала: тербетсе – оянады, тербетпесе – оянбайды.

Байдалы шешен



6 оқушы : Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады.


Ы.Алтынсарин


7 оқушы: Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы

Ол ақынның білімсіз бейшарасы

Абай


8 оқушы: Жақсы сөзді ел жаттар,

Ел жаттар сөзде салмақ бар.


Жамбыл


9 оқушы : Елдің тұрмысын, тілін,мінезін білмеген кісі

Көш басын да алып жүре алмайды


Ә.Бөкейхан


10 оқушы :Сөз - ойдың айнасы.Ойсыз сөз- сөз болмайды.

Ой жетілу мен тіл жетілу қатар жүреді.

Ж.Аймауытұлы


11 оқушы:Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,

Сенімен бағаланған балаң түрі.

Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,

Сенімен әлдилеген анам мені.

Ж.Аймауытұлы



12 оқушы : Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай,орамды, терең тіл жоқ.Түрік тілімен сөйлеймін деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші.


М.Жұмабаев

13 оқушы : Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы,ерінбе.

С.Торайғыров



14 оқушы: Кімде-кім ана тілін,әдебиетін сыйламаса,бағаламаса,оны сауатты,мәдениетті адам деп санауға болмайды.


М.Әуезов



15 оқушы: Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді,өгей ұлдары ғана аяққа басады.

Ғ.Мүсірепов



16 оқушы : Тіл салақ сөйлегеннен бұзылады.

Ғ.Мүсірепов


«Атамекен» әнін тамашалаңыздар.



17 оқушы : Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуіне не шала білуіне, ең алдымен ата-аналары кінәлі.

Б.Момышұлы


18 оқушы : Өз тілін сезбеген бала-ана сүтін татпаған жетіммен тең. Б.Момышұлы


19 оқушы : Ана тілі-бабаңның есімі,балаңның бесігі.

С.Мәуленов


20 оқушы :Өз тілімізбен өмір сүрейік!- бұдан артық қалай айтуға болады?

Қажет десеңіздер,одан да оңайлатып айтайын: « Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!.

Н.Назарбаев


21 оқушы : Қазақ елі барда қазақ тілі де болады.Өседі. Өркендейді.

Н.Назарбаев


22 оқушы: Елдің туы жығылмас,тілдің туы жығылмай


Қ.Мырза Әли

23 оқушы: Тіл – халықтың мәдениеті мен қуатының көрінісі


М.Мағауин


24 оқушы: Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды.


Т.Әбдікұлы



25 оқушы: Таным таяздығы мен сана таяздығы- тіл мен ділді білместіктен туады.


И.Тасмағанбетов


Қорытындылау.

Мұғалім: Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай Даналардан қалған асыл сөздер өте көп екен.Бұл өзекті ойлар,әсіресе,жас ұрпақ ,яғни сендердің бойларыңа ана тіліміздің қадір-қасиетін сіңіруге рухани азық болары сөзсіз. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын, өсиетін есте сақтаңдар.

Даналар сөзі – ақылдың көзі атты тәрбие сағатымызды тіліміздің жанашыры,Қазақ тілінің қайраткері Мұхтар Шақановтың өлеңімен қорытындылағым келеді.


-Кімде-кім өз ұлтын жойылудан

Сақтағысы келсе,

Бабаларының сан ғасырлық үміт-сенімін

Ақтағысы келсе,

Өшіргісі келмесе тірліктен халқының

Рухани ізін,

Өз ана тілінде оқытуға міндетті ұл-қызын!



Осымен біздің тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!














































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Классный час на тему: "Даналар сөзі"

Автор: Бекенова Хабиба Мухамедияновна

Дата: 17.11.2016

Номер свидетельства: 359860

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып»"
    ["seo_title"] => string(50) "ulkiendier_zholy_u_lylyk_u_rpag_y_zhurier_u_g_ynyp"
    ["file_id"] => string(6) "432188"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1507880586"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства