Просмотр содержимого документа
«Класс к?шбасшысы »
Тақырыбы: Класс көшбасшысы
Мақсаты:
Оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отырып, білім – білік дағдыларын байқау, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Ана тілін сүюге, аталы сөзді түсінуге үйрету. Елін, жерін қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу. Мұғалім:
Жер үстінде адам өмір өткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер. Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменнен аспанға жол салынар. Армысыздар ата – аналар, ұстаздар! - Бармысыздар, Болашақтың басталуы, Балғын шақты балалар! Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсететін «Сынып көшбасшысы» атты интеллектуалды ойынымызды тамашалайсыздар. Ал, келіңдер, келіңдер, Біріңе – бірің еріңдер, Біліміңді тексеріп, Ойынға қатысып көріңдер (Ойынға қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз) Қатысушы оқушылар: Осы аралықта алған білім дәрежемізді өлең – жыр, жұмбақ, мақал – мәтелмен өрнектеп барымызды ортаға салайық. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік. «Сынып үздігі» атты интеллектуалды ойынымыз 5 бөлімнен тұрады. 1. «Бәйге» 2. «Тіл өнер» 3. «Ғажайып төрттік» 4. «Тапқырлық» 5. «Жорға» Сайысқа қатысатын оқушыларға іске сәт! 1 – бөлім: «Бәйге». Бұл бөлімде 20 сұрақ қойылады. Сол сұраққа ең бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 балл 1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп бар) 2. Кез-келген санды бірге көбейткенде шығады? (сол санның өзі) 3. Рейстагқа ту тіккен кім ? ( Р.Қошқарбаев ) 4. “Қ” қандай дыбыс? (Қатаң дауыссыз) 5. Ешкінің төлі қалай аталады? (Лақ) 6. Бір сағатта неше минут бар? (60 минут) 7. Тудың түсі? (Көгілдір) 8. Елтаңбаның авторы? (Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов) 9. Қазақстан Республикасының президенті? (Н. Назарбаев) 10. Бәйтерек монументінің биіктігі? (97) 11. Массаны өлшейтін құрал? (Таразы) 12. Бір жылда неше күн бар ? ( 365 -366
13. Балалар сөзіне қандай сұрақ қойылады? (Кімдер?) 14. Мәтіннің қандай түрлері бар ? ( сипаттау , пайымдау , әңгімелеу )
15. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана) 16. Көптік жалғауларын ата (лар, лер, дар, дер, тар, тер) 17. Көпбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы ( периметр ) 18. Бағдаршамның қызыл түсі нені білдіреді? (тоқтау) 19. Қазақтың үш биін ата (Әйтеке , Қазыбек , Төле )
20. Ұзындық өлшем бірлігі ( мм, см , дм, м )
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады. 2 – бөлім: «Тіл өнер» Бұл турда оқушыларға 14 сұрақ қойылып, дұрыс жауапты екі тiлде яғни, қазақ, орыс, ағылшын тiлiндегi аудармаларын айтады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады. 1. Қолымды 4 алма, Табақта 4 алма, Барлығын қосқанда Болады неше алма? Жауабы: бес – пять - five 2. Әкеңнің анасы саған кім болады? Жауабы: әже – бабушка - grandmother 3. Сылдыр сұйық, су емес, Iшсең шөлiң қанады. Ақ болса да, қар емес. Шешуiн кiм табады ? Жауабы: сүт – молоко - milk 4. Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды Кун-солнце-sun
5.. Жылы киім тон “Т” алып тастап Не деп айтқан жөн? Жауабы: он – десять –ten 6. Бетін адам ашады, Білім нұрын шашады. Жауабы: кiтап – книга – book 7. Білімнен мол сый – асы, Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп – школа – sсhool 8 Егіз қайың, Бой-бастары тең өскен. Іске дайын, Бұтақтары бес-бестен. (Қол)
9. Сегіз қырлы
Алтын сырлы. Жауабы: қарындаш – карандаш – реncil 10. Тіл ұшында уы бар Ол не екенін біліп ал. Жауабы: жылан – змея – snake 11. Тәтті жеміс? Жауабы: алма – яблоко - apple 12. Он асықтың үшеуін Досың сұрап алады. Айтшы, сонда нешеуі, Өз қолыңда қалады? Жауабы: жеті – семь - seven 13. Бұл кім? Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған? Жауабы: ана – мама – моther 14. Сырт сырт соғады, Уақыттан озады сағат-часы-оклок
Ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығады. 3 – бөлім: «Ғажайып төрттік» Бұл тур бойынша ұпай санын (30, 40, 50) таңдау арқылы әр пәннен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi. Қазақ тілі 30. Б, в, г, ғ, д, ж, з дауыссыз дыбыстарды қай түріне жатады? 40. Сөз құрамы неден тұрады? 50.Жай сөйлем және жайылма сөйлем дегеніміз не?
Әдебиеттік оқу. 30. “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінің авторы кім? Жауаптары: А) А. Байтұрсынұлы Б) Ы. Алтынсарин В) А. Құнанбайұлы 40. Берілген суретте қазақтың тұңғыш мульфильмі қалай аталады?
50. Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны бiл. Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен, Бiлiмсiз, Өнерсiз, Болады ақыл тұл.
Өлең қалай аталады, авторын ата? Ш.Құдайбердіұлы.Адамдық борышың
Математика. 30. 1 дециметрде (дм) неше сантиметр (см) бар? 40. Барлығы 20 сәбізді 4 қоянға нешеден бөліп беруге болады ? ( 5 )
50. Ұзындығы 20 см болатын тіктөртбұрыштың ені одан 4 есе кем. Тіктөртбұрыштың ауданын есепте?
Дүниетану. 30. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? 40. Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі қалай аталады? 50. Бұл жер қыртысында ең көп тараған қатты тау жынысы. Жердің терең қойнауында кездеседі.Қазақстанда Сарыарқа тауларында кең тараған.Табиғат құбылыстарының әсеріне төзімді. Аталған тау жынысы қалай аталады? (гранит )
Ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығады. 4 – бөлім: «Тапқырлық» Бұл турда оқушыларға бір сөз беріледі сол сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет. Уақыты 1 минут. Қ А З А Қ С Т А Н Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас. Ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығады. 5 – бөлім: «Жорға» Бұл турда ұпайы көп қалған екi оқушыға жеке-жеке 1 минутта 10 сұрақ қойылып, дұрыс жауапқа 10 баллдан ұпай жинайды. 1 – оқушы 1. 35 саныңда неше ондық бар? (3 ондық) 2. Қарға сөзінде неше буын бар? (2 буын, қар – ға) 3. 6*8 өрнегінің мәні нешеге тең? (48) 4. Судың неше күйі бар? (сұйық, қатты, газ) 5. Тау сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз) 6. 5 ондық, 9 бірлік нешеге тең? (59) 7. Қазақстан Ресубликасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі) 8. Ең үлкен көк тамыр қалай аталады? (Қолқа) 9. Күрек сөзіне дауысты і дыбысы жағанғанда қандай өзгеріс болады? (к-г) 10. Бұл қандай бұрыш? (Тік бұрыш) 2 – оқушы: 1. 45 саныңда неше ондық бар? (4) 2. Домбыра сөзінде неше буын бар? (3 буын, дом – бы – ра) 3. 9*4 өрнегінің мәні нешеге тең? (36) 4. Тау жыныстары қандай күйде кездеседі? (қатты, сұйық, газ) 5. Ту сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауысты) 6. 7 ондық, 8 бірлік нешеге тең? (78) 7. Табиғаттағы денелерді нешеге бөлеміз? (тірі, өлі) 8. Кітап сөзіне ы дыбысы жалғанса қандай өзгеріс болады? п-б
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров) 10. Бұл қандай бұрыш? (Сүйір бұрыш)
Мұғалім: «Сынып үздігін» марапаттау Бастауышта оқиды, Ойға білім тоқиды Бұлар бізден жалындар Ертеңгі ірі ғалымдар Алдыңда ұзақ жолың бар, Оқумен өсіп толыңдар Қиындыққа мойымай Аман – есен болыңдар.
Сайыстың шартымен таныстыру .
І сынақ . «Бәйге» сұрақтары .
Берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысу керек . Әр дұрыс жауап үшін 10 балл алуға болады . Бәріне табыс тілеймін .
1.Адамдардың қатынас құралы ( тіл )
2.Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді ?( үш )
3.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері ( Т.Әубәкіров )
4.Сөйлеудің қандай түрлері бар ? ( ауызекі , жазбаша )
5.Ғарышқа ең алғаш ұшқан кім ? ( Ю.А.Гагарин )
6.Біздің туда не бейнеленген ? ( қыран , күн , ою )
7.8.Тасымалданбайтын сөздерді ата ( су , от , ай , от )
9.Табиғат нешеге бөлінеді ? ( тірі , өлі )
10.Адамға қажетті бес нәрсені ата ( ауа , су , күн , жылу , қорек )
Тірі табиғатқа не жатады ? ( Өсімдік , адам , жануар )
8. Ана тілі 20 .
« Бір бала бар атаға жете туады ,
Бір бала атадан кері кете туады » осы сөз кімдікі ? ( Төле би )
4 сынақ . « Сөз шебері »
Әр ойыншы өз қалауы бойынша 1 өлеңді мәнерлеп жатқа айтып береді .
2ойыншы қалуы керек .
5- сынақ . « Жорға »
1 минутта қанша сұрақ таңдап , нешеуіне дұрыс жауап берулеріне қарай ұпай жинауға болады . 1 сұрақ – 1 ұпай болып есептеледі .
1 – оқушыға :
1. Қыс айларын ата (желтоқсан , қаңтар , ақпан )
2. Білім ордасы ( мектеп )
3. Сөзге шебер адамды кім дейді ?(шешен )
4. Қанша дауысты дыбыс бар ?(15 )
5. Сөйлем нені білдіреді ? ( тиянақты ойды )
6.Ең кіші натурал сан (1 )
7. Күйді орындаушы кім ?( күйші )
8. 16 - желтоқсан қандай күн ?( Тәуелсіздік )
9. Ұя салмайтын құс (Көкек )
10. Сиырдың пірі (Зеңгібаба )
11. Көру мүшесі ( көз )
12. Жылқыға жұрнақ жалғанса , кім болады ?(жылқышы )
13. Президентіміз кім ?
14. Саусаққа тағатын бұйым ? ( Жүзік )
15. Кесінді ұзын ба , түзу ұзын ба ?( Түзу )
16. Өшіру құралы (Өшіргіш )
17.Күй атасы кім ?( Құрманғазы )
18. Қосылғыштың мәні ( қосынды )
19. 72 – 70
20. 100 жыл
2- оқушыға :
1 . Сұраулы сөйлемнен кейін не қойылады ?( Сұрақ белгісі )
2. 4 түлікті ата .
3. Дауыссыз дыбыстар нешеу ?( 25)
4. Сөз неден құралады ? ( әріптен )
5. Балаларға білім беретін кім ?
6. Ең үлкен екі таңбалы сан .
7. Ұшақ жүргізуші ( Ұшқыш )
8. 1 – қыркүйек қандай күн ? ( Білім күні )
9. Суретші ата кім ? ( Қастеев ата )
10Қой атасы ( Шопаната )
11. Есту мүшесі ( құлақ )
12. Біздің облыс?.
13. Біздің ауылдың әкімі кім ?
15. Зиянды әдеттер .
16. Оқушы айнасы ( күнделік )
17. Қазақстанның көмір өндіретін қаласы (қарағанды )
18 . Азайғыштың мәні ( Айырма )
19.45 +20
20. Биыл қай жыл ( Жылқы)
Ойын соңында әділқазылар алқасы екі баланың ұпайларын есептеп , жеңімпаз балаға « Сынып үздігі – 2011» деген атақ беріліп , тиісті сыйлықты табыс етеді . Ақ тілектерін айтып , қорытындылау.
Қатысқан оқушыларды марапаттап , сыйлықтар беру.
өткізген бастауыш сынып мұғалімі Мухамедиярова Ш.Ж