kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Кітап - білім б?ла?ы" сыныптан тыс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:О?ушыларды о?улы?ты ??рметтей білуге, кітапты ??ыпты ?стау?а баулу; білімділік танымын ?мірмен байланыстыра отырып арттыру.

К?рнекілігі: О?у-білім туралы айтыл?ан с?здер жазыл?ан плакаттар;

                         кітаптар к?рмесі.

Барысы:

?йымдастыру кезе?і.

М??алім:

Кітап та алма а?ашы,

Жемісін біздер теретін.

Т?тті алма?а балашы

Кітабы?ны? ?р бетін, - деп М?зафар ?лімбаев атамыз жырла?андай

?деби кітаптар мен о?улы?тар сендерге білім к?зі, рухани ?азына. Біз кітап ар?ылы бастауыш мектепті? ?зінде-а? б?кіл адамзат ?мірімен танысамыз.

Кітап білімімізді молайтады, кітаптан к?п ?лгі-?неге мен т?рбие аламыз. О?ы?ан-то?а?аны? к?п болса, же?бейтін жау, алынбайтын ?амал жо?.

Дана хал?ымыз «Батыр бірді жы?ады, білімді мы?ды жы?ады» деп бекер айтпаса керек.

Кітап заманымызды? ?мірі. Ол к?ріге де, жас?а да ?ажет. Біз кітаппен к?н сайын кездесеміз. Кітапты о?и отырыпадамны?  ішкі рухани  жан д?ниесі байиды.

                 Айналада?ы ?мірмен, таби?атпен, адамны? е?бегімен, ??рбы-??рдастары?мен танысып, жа?сы болу?а, жа?сылы? іс істеуге  ??штарландыратын – кітап.

                 «Кітап – білім б?ла?ы» деп  бекер айтылма?ан екен.  Енді біз кітап туралы ?андай на?ыл с?з, ма?ал-м?тел, та?па?тар білеміз, соны орта?а салайы?.

Мадияр:

Адамны? досы кітап, ?мір кілті,

Те? келмес о?ан жи?ан м?лкі.

А?ылшы, жан?а серік, жол бастаушы,

Асыл ой ?азынасы, ?мір к?ркі.

Сымбат:             Т?рады басын ??рап ?ріп неден,

Бастал?ан білім басы ?ліппеден.

?араса? шал?ар те?із, т?псіз м?хит

О?ыса? кітап сырын ашып тере?.

?ли:                   Кітапты о?ымайды сыйлама?ан,

Білімге жанын жанып ?инама?ан.

?сірген кімні? болсын ой-?рісін,

Сол кітап бек а?ылшы к?нде ма?ан.

Альбина:            Т?лекті т?рбиелер кітап-мектеп,

?седі сол кітаптан б?та? к?ктеп.

Молайтып а?ылы?ды сан еселеп.

Береді білім н?рін кітап  к?птеп.

?ділет:               Айдын шал?ар кейде бір,

Кітапты т???ан к?л дерсі?.

Ауадай ?ажет бейне  бір,

Таппаса?  н?рін ш?лдерсі?.

Шал?ар:             Білім алар к?п адам

Жа?сы н?рсе  жо? одан.

?ызы?а кеп о?имын

Кітап к?рсем жа?адан.

Н?рд?улет:         Кетпейді ешбір  жадымнан :

Мектепке барды?, к?з айы.

Тастамай  сені жанымнан

?олты?тап ж?рдім ?дайы.

Алдияр:              Достар?а толы ма?айым,

Татулы? т?тті б?рінен.

Ерекше сені санаймын,

??ша?тап ж?рмін ?лі мен.

Перизат:             ?сын?ан  ?ойнынан,

Білімні? ?лесін.

Шы?пайды ойы?нан,

Досы? ?ой білесі?.

Б?л не?  Б?л – кітап.

Н?ршат:             Елімізде ата?ты,

?алым ата не тапты?

Б?рін, б?рін білесі?,

О?и берсе? кітапты.

К?рініс к?рсетіледі:

О?ушы:              Асыл ойды? иесі, бар ?ылымны?  ж?йесі.

?уанышы к??ілді?, баспалда?ы ?мірді?.

Жан азы?ым, серігім, арда?тамас сені кім?

Кітап:                 К?нде ?сіп к??ілім, к?ріктеніп келемін,

К?пті? тауып керегін, кезінде айтып беремін.

Біра? білмес пар?ымды, бай?ап ж?рмін ?ркімді.

О?ушы:              ?серлемей, асырмай, айтып берші жасырмай.

Жан азы?ым, серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап:                  Кейбіреулер ерігіп, бос ж?руден зерігіп,

Бетімді мені? ашады, ??гімеге басады.

Жолдарымды сызады, шыр?ымды да б?зады.

Оныменен бітпейді, беттерімді б?ктейді.

К?п жерімді жазады, ?айшыменен ?ияды,

Налымайын неге мен, б?л секілді пендеге.

О?ушы:              Сені с?ймес адам аз,

А?ылды к?п, надан аз.

Ондайлардан  т??ілме

Сені ойлар т?бінде.

Хормен:              Б?бектерім, о?ы, ойна,

О?у-білім са?ан пайда.

Кітабы?ны? шетін жыртып,

Сияменен бояп ?ойма.

М??алім:

Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, б?лдірмей таза ?стау -

 б?рімізді? міндетіміз. Кітаптары ?аптал?ан, ?те таза, ??ыпты о?ушылар да  арамызда бар.

  • Кітап ?айда басылып шы?ады?
  • Кітапты баспадан шы?ару ?шін не ?ажет?

Альбина:

Кітапты шы?ару ?шін к?птеген адамдарды? е?бегі ?ажет.

Алдымен адам орманнан а?аш кеседі. Оны фабрика?а апарады. Фабрика ол а?аштардан ?а?аз шы?арады. Содан со? авторлар жазады, суретші а?айлар сурет салады. Баспахана суреттер мен жазуларды жазып шы?арады.

Еркеб?лан:        Са?ан білім жемісін,

О?улы?ы? береді.

Талай адам сол ?шін

Ма?дай терін т?геді.

Жансима:           Орманшыны? аялы,

Ала?аны ?сірген.

Сонау а?аш саялы

?а?аз ?шін кесілген.

Юлия:                А?аш кесіп ?анша адам,

Ормандарда ж?реді.

А?а ?анша шарша?ан

А?аш тиеп ?немі.

Аманды?:          Машинист боп жасынан,

Д?бірлетіп даланы.

Сол а?ашты тасы?ан

Білер ме екен к?п адам.

?ли:                   Заводтарда к?н-т?ні,

?а?аз жасап ба?алы.

?анша адам кім ?шін

Ма?дай тері тамады.

Сымбат:             О?улы?ты барша?а,

Талай ?алым ?ол?а алып.

Жылдар бойы ?аншама,

Жазады ?за? тол?анып.

Шал?ар:            ?демілеп берсем деп,

Бояу жа?ып не т?рлі.

Суретшілер к?ркемдеп,

?анша уа?ыт отырды.

Н?рд?улет:        ?ріп теру ?шін де

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде

Айлап тыным к?рмеді.

Еркеб?лан:        О?улы?ты мектебі?,

Берер са?ан теп-тегін.

Білмейсі?-ау еш біра?,

?аншама е?бек кеткенін.

Мадияр:             О?улы?ы? ??ралы?,

Жа?ар білім шыра?ын.

Баса алмайсы? еш?ашан

Онсыз ал?а бір адым.

Н?ршат:            О?улы?ты ??рметте,

К?тіп ?ста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Да? т?сірмей бір бетке.

Кітап :                О?ы талмай, т?й сана?а, жас б?бек,

Сыр ??ямын, жыр ??ямын бойы?а.

Таза ?стап, о?ы мені, ?астерле.

Бар білімді мен егемін сана?а.

М??алім:

Кітап адам ?мірінде аса ма?ызды р?л ат?арады. Ол елді с?юге, талапты, кішіпейіл болу?а, мейірімділікке, т?зімділікке баулиды. Кітап жаман ?деттерден аула? болу?а ша?ырады. Кітапты бізді? ?о?амымызды? ?рбір адамы к?нделікті т?рмысында ?олданады. Одан а?ыл-ке?ес, т?лім-т?рбие, ?лгі-?неге алады. Кітап- бізді? рухани жан азы?ымыз.  Балалар, б?гін бізге мектебімізді? кітапханашысы келіп отыр. Ол кісі ?азір сендерге кітапхана?а келіп т?скен о?улы?тар мен ?деби кітаптарды таныстырып ?теді.     

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Кітап - білім б?ла?ы" сыныптан тыс шара»

Кітап – білім бұлағы

Мақсаты:Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу; білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.

Көрнекілігі: Оқу-білім туралы айтылған сөздер жазылған плакаттар;

кітаптар көрмесі.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін, - деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай

әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.

Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған-тоқағаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ.

Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.

Кітап заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітапты оқи отырыпадамның ішкі рухани жан дүниесі байиды.

Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарыңмен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын – кітап.

«Кітап – білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен. Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, тақпақтар білеміз, соны ортаға салайық.

Мадияр:

Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған мүлкі.

Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.

Сымбат: Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы Әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит

Оқысаң кітап сырын ашып терең.

Әли: Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

Альбина: Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп.

Береді білім нәрін кітап көптеп.

Әділет: Айдын шалқар кейде бір,

Кітапты тұңған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір ,

Таппасаң нәрін шөлдерсің.

Шалқар: Білім алар көп адам

Жақсы нәрсе жоқ одан.

Қызыға кеп оқимын

Кітап көрсем жаңадан.

Нұрдәулет: Кетпейді ешбір жадымнан :

Мектепке бардық, күз айы.

Тастамай сені жанымнан

Қолтықтап жүрдім ұдайы.

Алдияр: Достарға толы маңайым,

Татулық тәтті бәрінен.

Ерекше сені санаймын ,

Құшақтап жүрмін әлі мен.

Перизат: Ұсынған қойнынан ,

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің.

Бұл не? Бұл – кітап.

Нұршат: Елімізде атақты,

Ғалым ата не тапты?

Бәрін, бәрін білесің,

Оқи берсең кітапты.

Көрініс көрсетіледі:

Оқушы: Асыл ойдың иесі , бар ғылымның жүйесі.

Қуанышы көңілдің , баспалдағы өмірдің .

Жан азығым , серігім, ардақтамас сені кім?

Кітап: Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,

Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін.

Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді.

Оқушы: Әсерлемей, асырмай, айтып берші жасырмай.

Жан азығым , серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап: Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп,

Бетімді менің ашады, әңгімеге басады.

Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады.

Оныменен бітпейді, беттерімді бүктейді.

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды,

Налымайын неге мен, бұл секілді пендеге.

Оқушы: Сені сүймес адам аз,

Ақылды көп, надан аз.

Ондайлардан түңілме

Сені ойлар түбінде.

Хормен: Бөбектерім, оқы, ойна,

Оқу-білім саған пайда.

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма.

Мұғалім:

Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау -

бәріміздің міндетіміз. Кітаптары қапталған, өте таза , ұқыпты оқушылар да арамызда бар.

  • Кітап қайда басылып шығады?

  • Кітапты баспадан шығару үшін не қажет?

Альбина:

Кітапты шығару үшін көптеген адамдардың еңбегі қажет.

Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштардан қағаз шығарады. Содан соң авторлар жазады, суретші ағайлар сурет салады. Баспахана суреттер мен жазуларды жазып шығарады.


Еркебұлан: Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

Жансима: Орманшының аялы,

Алақаны өсірген.

Сонау ағаш саялы

Қағаз үшін кесілген.

Юлия: Ағаш кесіп қанша адам,

Ормандарда жүреді.

Аға қанша шаршаған

Ағаш тиеп үнемі.

Амандық: Машинист боп жасынан,

Дүбірлетіп даланы.

Сол ағашты тасыған

Білер ме екен көп адам.

Әли: Заводтарда күн-түні,

Қағаз жасап бағалы.

Қанша адам кім үшін

Маңдай тері тамады.

Сымбат: Оқулықты баршаға,

Талай ғалым қолға алып.

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

Шалқар: Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып не түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қанша уақыт отырды.

Нұрдәулет: Әріп теру үшін де

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде

Айлап тыным көрмеді.

Еркебұлан: Оқулықты мектебің,

Берер саған теп-тегін.

Білмейсің-ау еш бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін.

Мадияр: Оқулығың құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.

Нұршат: Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Кітап : Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,

Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені, қастерле.

Бар білімді мен егемін санаңа.

Мұғалім:

Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады.

Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап- біздің рухани жан азығымыз.


Балалар, бүгін бізге мектебіміздің кітапханашысы келіп отыр. Ол кісі қазір сендерге кітапханаға келіп түскен оқулықтар мен әдеби кітаптарды таныстырып өтеді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Кітап - білім б?ла?ы" сыныптан тыс шара

Автор: Жалелова Ма?пал М?дірес?ызы

Дата: 02.04.2016

Номер свидетельства: 314074


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства