1. Оқушылардың жан-жақтама білімін тексеру, пысықтау;
2. Ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту, әр түрлі пәнге
қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
3.Тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу;
Жұмыстың түрі: Интеллектуалды ойын.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, әр түрлі сұрақтар, тесттер.
Ойыншылар: 4 сынып оқушылары
Жұмыстың жоспары: І кезең «Тестпен жұмыс»
ІІ кезең «Кім жылдам?»
ІІІ кезең «Тапқыр болсаң тауып көр»
«Қорытындылау»
Мұғалім:
Көңілді тапқыштар мен білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім біледі? Көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күннің жеңімпазы болады.
Білімімен сайысады ойыншылар,
Алға озар ең мықтысы осы жолы
Көпшілік өнерлерін қызықтайық,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына!
Оқушылар хормен:
Бастауышта оқимыз бәрімізде
Достық сөзі әрқашан жанымызда
Жарысуға өзіміз келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге
Жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп
Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп
Дайынбысың жарысуға достарым
Көрсетіңдер өздеріңде қандай күш барын – деп,
біз ойынымызды бастаймыз.
Балалар, орындарыңа жайғаса қойыңдар.
Жалпы ойынның тәртібімен таныстырып өтейін:
Ойынға барлығы 10 ойыншы қатысады.
Ойын ережесі: Ойын 3 кезеңнен тұрады.
Ойынның І кезеңінде сендер білімнің әр алуан саласынан алынған сұрақтарға жауап бересіңдер.
Әрбір сұрақтың жауабы үшін сендерге 5 секунд уақыт беріледі. Барлығы тест түрінде сендерге ортақ 20 сұрақ қойылады.
Әрбір сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
Ең көп ұпай жинаған 6 ойыншы келесі кезеңге өтеді.
Сонымен барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!
Біз ойынымызды бастаймыз.
І кезең
«Тестпен жұмыс»
Ойын барысы: І кезеңде 10 ойыншыға экран арқылы 20 сұрақ қойылады.Әрбір сұрақтың 3 жауабы бар.Әр ойыншы дұрыс жауап нұсқасын көрсету керек . Ең көп ұпай жинаған 6 ойыншы келесі кезеңге өтеді.
С. Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтіндегі “Өзітар, өзіқараңғы, өзі қауіпсіз ” ненің мекені?( Тышқанның)
Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет (99)
Қалың киімді ұнатады,
шешіндірсең жылатады. (пияз)
Жыртқыш құстарға қайсысы жатады? (бүркіт)
Уақыттың өлшем бірлігі? (сағат, минут)
6 . «Жаңбыр жаумаса – жер жетім» деп бастаған шешендік сөзді кім
айтқан? ( Төле би)
7. Дауысты у дыбысы бар сөзді тап. (сусын)
8. Телефонда 103-ті теріп қай қызметті шақырса болады?(жедел жәрдем)
9. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (тұсбағар)
10.«Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан» не? (түйе)
11. Екі шеті тұйықталған сызық?(кесінді)
12 Шыншыл ертегілер тобына жататын ертегіні көрсет.
(Байлық пен ақыл)
13.Қайқұс жұмыртқасынбасқаұяғасалады?(көкек)
14. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (жапырақ)
15. Төмендегі жануарлардың қайсысы қысқы ұйқыға кетеді? (аю)
16. Тұңғыш Президент Күні - қай күн? (1 желтоқсан)
17. « Ғылым таппай мақтанба» – өлеңі н кім жазған? (Абай)
18. Ең үлкен бір таңбалы санды . (9)
19. Үш сомға бір қой сатып алған қай кейіпкер?(Алдаркөсе)
20. Күні бойы тынбайды,
Дәмді тағам жинайды.(ара)
Ойынға қатысып, бірақ 2 кезеңге өте алмаған оқушыларға үлкен алғысымызды айтамыз. Ал, келесі кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!
ІІ кезең
«Кім жылдам?»
Ойынды ең ұпайы көп ойыншы бастайды. Экраннан 6 тақырып көрсетіледі.
« Ана тілі»
« Қазақ тілі»
«Математика»
« Дүниетану»
«Кім тапқыр?»
«Мақал сөздің – мәйегі»
Әр ойыншы өзінің қалаған тақырыбы бойынша берілген 1 минут ішінде экранда көрсетілген сұрақтарға жауап қайтару керек.
Бұл кезеңде да ұпайды көп жинаған 3 ойыншы келесі кезеңге өтеді.
Математика
1. Математикада неше амал бар? (4)
2. Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін. (шаршы)