kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"ХХІ ?асыр к?шбасшысы" интелектуалды? ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

ХХІ ?асыр к?шбасшысы

                               «Т?уелсіз ел тірегі - білімді ?рпа?»

Ма?саты:   1. О?ушыларды? жеке п?ндерден ал?ан білімдерін  дамыту, ?з

                       беттерімен ізденіс ?рдістерін, білім-білік да?дысын ?алыптастыру.

                    2. Тап?ырлы??а, шешендікке баулу, ізденімпазды??а жетелеу, ой-

                                   ?рісін, тіл м?дениетіне деген с?йіспеншілігін  арттыру.

                   3. Ал?ан білімдерін ке?інен ?олдана білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"ХХІ ?асыр к?шбасшысы" интелектуалды? ойын »


ХХІ ғасыр көшбасшысы

«Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ»

Мақсаты: 1. Оқушылардың жеке пәндерден алған білімдерін дамыту, өз

беттерімен ізденіс үрдістерін, білім-білік дағдысын қалыптастыру.

2. Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-

өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.

3. Алған білімдерін кеңінен қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойын

Барысы:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, әділқазылар алқасы, қонақтар!

- «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз!

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда, - дегендей ойын «жарыс» түрінде өтеді.

Бүгінгі сайыс сабағымыздың ерекшелігі сыныбымыздың көшбасшысын анықтаймыз. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік! Сендердің сабаққа жақсы қатысып отырғандарың, жақсы жауап берулерің Тәуелсіздікке қосқан өз үлестерің.

1 – ойыншы: Қазкен Самал– болашақта журналист болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.

2 – ойыншы:Болат Ажар- өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.

3 – ойыншы: Айтмағанбет Әйгерім— заң қызметкері боламын деген ойы бар.

4 – ойыншы:Акетаев Бектас— эколог болып, Қазақстанды гүлдендіремін дейді

5 – ойыншы: Қаппар Рамазан— әлемге әйгілі ұшқыш болғысы келеді

6 – ойыншы: Мұғиынов Ерасыл– заң қызметкері болуды армандайды.

7 – ойыншы: Садықан Аманжол- болашақта ұстаз болуды армандайды

8 – ойыншы: Сұңғатұлы Жан- болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді

9-ойыншы : Тәңірберген Қапият-

10-ойыншы: Таңат Нұрсұлтан-

11-ойыншы: Тиышбек Ерсұлтан-

12-ойыншы: Тиышбек Нұрсұлтан-

13-ойыншы: Шурабай Ерлан-


Әділқазылар алқасын сайлау.

- Шын жүйрік шабысынан танылады,

Қатты білім, терең ой саналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпен қол соғылады.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты,

Білім мен тапқырлардың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)



Сайыс: 5 кезеңнен тұрады.

1 кезең: «Бәйге»

2 кезең: «Жеті жұрттың тілін біл» (Полиглот)

3 кезең: «Сөз ойла, тез ойла»

4 кезең: «Көкпар»

5 кезең: «Жорға»


1.«БӘЙГЕ» кезеңі.

-Бұл кезеңде сыныптың барлық оқушыларына сұрақтар беріледі. Сұрақтың жауаптары 3 түспен берілген. Оқушылар дұрыс жауаптардың түстерін көрсетеді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Осы кезеңде ең көп ұпай жинаған 8 оқушы іріктелініп алынады.


Сұрақтар:

  1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі-

Жұрнақ түбір жалғау


  1. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады?

сұрақ белгісі нүкте леп белгісі


3. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер-

Зат есім Етістік Сын есім

4. Жалқы есімдер қалай жазылады?

Кіші әріппен бірге бас әріппен


5. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз-

Нашар Жақсы өте жақсы


6. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша-

Жұрнақ жалғау түбір


7. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша-

Жұрнақ жалғау түбір


8. Жалпы есімдер қалай жазылады?

Кіші әріппен бірге бас әріппен


9. Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба-

Леп белгісі нүкте сұрау белгісі


10. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?

3-ке 2-ге бөлінбейді


11. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді қалай атаймыз? түбір сөз жалғау туынды сөз


12. Мәтіннің неше түрі бар?

2 3 4


2.«Полиглот» кезеңі

ЖҰМБАҚТАР


Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Кезекпен жұмбақты оқып тұрамын, оқушылар қолдарындағы белгілерін көтеріп, шешуін айтады. Бірінші жауап берген оқушылар іріктелініп алынады, соңынан екі оқушы ойыннан шығады.

(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту, жылдам жауап берген оқушылар іріктелініп алынады)

1. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады. (Қар – снег)


2. Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың,

Бұл үйден көреген болып шығасың. (мектеп - школа )


3.Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)


4. Ұшып - қонып тынбайды,

Тасқа соқсаң сынбайды.

Суға салсаң батпайды,

Түскен жерге жатпайды. (Доп - мяч)


5. Жолбарыстан аумайды

Пеш түбінде аунайды. (мысық - кошка )

6. Жұпар иісі еседі,

жайнап бақта өседі. ( гүл – цветок)

7. Қазақтардың қасиетті саны... (жеті- семь)


8. Кеудесінде жаны жоқ,

Тамырында қаны жоқ

Май жейді, су ішеді (көлік - машина)


9. Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ.

Қолына алсаң шешен,

Ақылы асқан көсем. (Кітап - книга)


10. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)


11. Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)


12. Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

13.Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады ( қоңырау-звонок)


3-кезең: «Сөз ойла, тез ойла»

-«Сөз ойла, тез ойла» сайысына да келіп жеттік. Мұнда сендерге әріптер беріледі, сол әріпке байланысты берілген сұраққа жауап қатасыңдар. Мысалы:

С әрпі болса, с – дан басталатын жауаптар беріледі.(с, қ, ш, м, к, б)

Сенің атың кім?

Сен нені армандайсың?

Қайда барасың?

Сен не ұнатасың?

Досыңа туған күнге не әпересің?

Қыста не болады?

Мектепке немен келесің?

Демалыста қайда боласың?

Ұнататын тағамың?

Достарыңа тілек.


Ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы шығады.


-Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

әрқашанда осы өнерді сөндірмей,

біліміңмен шарықтай бер әрдайым.



4- кезең: «Көкпар»

Әдебиеттік оқу 10 20 30 40

Математика 10 20 30 40

Қазақ тілі 10 20 30 40

Дүниетану 10 20 30 40


Әдебиеттік оқу

10 ұпай Заттың, құбылыстың басты белгілерін нақты бір мақсатқа қарай ашып көрсететін мәтін түрі (сипаттау)

20 ұпай М. Дулатов «Бұл – қымыз молайып, қозы піскен кез» деп қай ай туралы айтып отыр? (Шілде)

30 ұпай Ғ. Мүсіреповтың «Көлде» әңгімесін есіңе түсір. Сақалды бастарымен бозторғайдың жұмыртқасын нелер шағып жейді?(Қарға)

40 ұпай Қойшылар бағып жүрген қойларының жүні арқылы нені білген? (Ауа райын)

Қазақ тілі

10 ұпай Үнді дауыссыз дыбыстарды ата (л, м, н, ң, р, й, у)

20 ұпай Сөздің құрамы неден тұрады (түбір, жалғау, жұрнақ)

30 ұпай Сөйлемнің ең негізгі мүшесі (бастауыш)

40 ұпай Бастауыш пен баяндауыштың арасына қай кезде сызықша қойылады? (екеуі де зат есімнен жасалса)


Математика

10 ұпай Ең үлкен екі таңбалы санға 1-ді қоссақ, неше шығады? (99+1=100)

20 ұпай Көбейту амалының компоненттерін ата (көбейткіш, көбейткіш,

көбейтіндінің мәні)

30 ұпай Ұзындығы 5 см, ені 7см тік төртбұрыштың периметрі қанша?(24 см)

40 ұпай Әлібек 1 күнде 2 ертегі оқыды. Ол 2 жұмада неше ертегі оқиды? (28)


Дүниетану

10 ұпай Адам денесінің тірегі (Қаңқа)

20 ұпай Дені сау адамның тамыры бір минутта неше рет соғады? (60-80 рет)

30ұпай Өсімдік бөліктерін ата. (тамыр, сабақ, жеміс, гүл, тұқым)

40 ұпай Сезім мүшелерін ата. (Тіл, көз, құлақ, мұрын, тері)



4.«ЖОРҒА» кезеңі

Сұрақтары:

1-оқушыға:

ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)

16 желтоқсан-қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)

Қазақстанның солтүстік көршісін ата. (Ресей)

4. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

5.Абайдың шын аты. (Ибраһим)

6.Атақты қазақ күйшісі кім? (Құрманғазы Сағырбайұлы)

7.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? (1995ж.)

8. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин)

9.Парталас көршің?

10. Қазақтың үш биін ата. (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)

2- оқушыға:

1.ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы сайланды?(1991ж)

2.Білім күні қашан тойланады? (1-қыркүйек)

3.Үш жүздің басын біріктірген хан. (Абылай хан)

4.Ертең аптаның қай күні? (Сейсенбі)

5.Азаттық жолында күрескен кім? (Тоқаш Бокин)

6. Балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім? (А.Байтұрсынов)

7.Құрманғазының шәкірті. ( Дина)

8.4 жасынан бастап білім алған ақын ( Мағжан)

9.Нешінші сыныпта оқисың? (үшінші)

10.Жылдан құр қалған жануар (түйе)

ҚОРЫТЫНДЫ.

Ақыл керек білім таңдап аларға,

Білім керек іске жақсы қарарға.

Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,

Білім-жарық, нұрын саған шашатын.


Әділқазы мүшелері қорытынды жасап, оқушыларды марапаттайды.

- Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі интеллектуалды ойынымыз аяқталды. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз». ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар!


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"ХХІ ?асыр к?шбасшысы" интелектуалды? ойын

Автор: Касимова Айман Дюсеновна

Дата: 28.05.2015

Номер свидетельства: 215938


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства