kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Халы?ты? ?лы т?л?асы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Халы?ты? ?лы т?л?асы

 

 

 

    ?аза? хал?ыны? ?лы,  дара,  ?з заманыны? биік  шы?ы бол?ан т?л?алары к?п.  ?р заманны? ?з ас?ары бар демекші КСРО уа?ытында  ел билеу ісіне ат салыс?ан, халы? ?амын ойла?ан, а?иы?  ?ыран т?л?аларды? бірі –Д.А.?онаев. Ол бар ?мірін жары? ж?лдыздай хал?ына  шуа?ын шашумен ?ткізіп, елі ?шін ?шы ?иырсыз е?бек еткен.  Атамыз бас?ар?ан ?рбір басшылы?, ?рбір іс ?з н?тижесін бере білген.  ?рбір істе  жан-жа?ты ойлана отырып,  елімізге тиімді т?старын  ?сына білді ж?не ?з заманыны?  ?лы саясаткері болды.  Ол  билік басында бол?ан уа?ыт к?рделі ?арама-?айшылы?тар?а толы бол?анымен, ты?ыры?тан шы?а  біліп,  ел экономикасын,  ?леуметтік саласын, ?ылыми-?лтты?  м?дениетін дамыту  ісіне ауыз толтырып айтарлы?тай ?лес ?осты, орасан зор е?бегі сі?ді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Халы?ты? ?лы т?л?асы »

Қызылорда облысы,

Жаңақорған ауданы

№ 56 қазақ орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Тасжанова Назира



Халықтың ұлы тұлғасы




Қазақ халқының ұлы, дара, өз заманының биік шыңы болған тұлғалары көп. Әр заманның өз асқары бар демекші КСРО уақытында ел билеу ісіне ат салысқан, халық қамын ойлаған, ақиық қыран тұлғалардың бірі –Д.А.Қонаев. Ол бар өмірін жарық жұлдыздай халқына шуағын шашумен өткізіп, елі үшін ұшы қиырсыз еңбек еткен. Атамыз басқарған әрбір басшылық, әрбір іс өз нәтижесін бере білген. Әрбір істе жан-жақты ойлана отырып, елімізге тиімді тұстарын ұсына білді және өз заманының ұлы саясаткері болды. Ол билік басында болған уақыт күрделі қарама-қайшылықтарға толы болғанымен, тығырықтан шыға біліп, ел экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылыми-ұлттық мәдениетін дамыту ісіне ауыз толтырып айтарлықтай үлес қосты, орасан зор еңбегі сіңді.

Телегей теңіз терең ақыл мен аса білімдарлық, көреген зерделілік- бұл биік тұлғаның парасатты бейнесі. Біле-білген адамға Қонаев атамыз тек саяси басшы ғана емес ұлт рухының ұстазы болды. Ол кіршіксіз кісілігі мол, баршаға қамқор болды. Күнделікті жай тірлікте жан жүрегімен қуанып, қиянатты да сабырмен жеңіп қайғы-мұңды да ақыл-оймен көтере білді. Қонаев атамыз халқы үшін ізгі, өнегелі мол істер мен ізгі жақсылықтар жасады. Халық атамыздың еңбегін бағалап, оған үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын берді, оған қоса сегіз Ленин, Октябрь революциясы ордендерімен, медельдарымен марапатталды. Осы алған марапаттарына қарап-ақ Қонаевтың қандай азамат болғанын, оның өз ісіне деген жауапкершілігінің қандай болғанын сезінуге болады.

Қонаевтың бойындағы ең ерекше ұлы қасиеті –қанағатшылдық болды. «еңбегіне қарап ісін бағала» демекші халық Қонаевты «қанағат мектебі» деп атаған. Ол 40 жылдан астам ел ағасы болып жүрсе де, өзіне бірде-бір мал-мүлік жинамаған, тек қарапайым болып өмір сүрген. «Адамды танып білгің келсе лауазымы жоғары креслоға отырғыз» демекші Қонаевтың қандай ұлтжанды билеуші екенін осы іс-әрекетінен қарап білуге болады.

Ел билеп отырған кезде Дінмұхамед атамыз ғылым саласына орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс-жүзінде дәлелдеді. Ғылымды арттыру мен қатар жас ғалымдарды қолдап білім беру жүйесіне көп көңіл бөлді.

Қонаев туралы мақала жазғанда оның ел билеген кездегі жетістіктері жайлы жазбай кету мүмкін емес нәрсе. Д.А.Қонаевтың арқасында Қазақстанда өнеркәсіп, ең бастысы түрлі-түсті металлургия жоғарғы деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның 70-нан астамы, мырыштың 40 нан астамы қазақ жерінде өндірілді және т.б Соколов-Сарыбай, Лисаков, Жезқазған, Балхаш комбинаттары жақсы жұмыс істеп, көлемдері кеңейді.[1]

Қонаев ел басқару барысында тек ғылым жолында болған жоқ. Ол қазақ өнерін жоғары бағалап, жан-жақты қолдап қазақ мәдениетінің жоғары дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері жұмыс жасады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында білім мен мәдениет ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылды.

Қонаевтың бастамасымен қазіргі таңдағы үкімет үйі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғимараты т.б ғимараттар салынды.

Д.Қонаев заманында Қазақстан өзге республикалар арасында зор құрметке ие болды, дамуда ілгері озды. Ғылыми күш – қуаты күрт өсті, ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттарына бетбұрыс жасалды, өндіргіш күштерді өркендетуге талапты, талантты ғылыми кадрлар тобы нығайып өсті. Атамыздың өзі де зор ғалым болған. 1968 жылы техника ғылымдарының докторы атанды, 1952 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының академигі болды. Ол 1936 жылы Мәскеуден түсті металдар және алтын институтын бітірген. 1952-1955 жылдары Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Президенті болды. Қазақстан ғалымдарының мерейін асыру бағытында зор еңбек етті. [2]

Дінмұхамед Қонаев ел билігінде болған ширек ғасырда тамаша іскерлігімен танылған тұлға. Оның еңбекқорлығы мен іскерлігі жөнінде талай танымал адамдар сөз еткен. Елге сыйлы ел ағасы болауына да осы қабілеттері себеп болса керек. Ол билік саласында ғана емес халық шаруашылығында да еңбек етті.1936 жылы Мәскеуден түсті метелдар және алтын институтын бітірген соң, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жіберілді, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, бас инженер, техникалық бөлімнің бастығы, рудник директоры кызметін атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жұмысты ұйымдастырушы талантты басшылардың бірі, Алтай полиметалл комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің директоры, қорғасын – мырыш өнеркәсібінің КСРО –дағы аса ірі кәсіпорындарының бірі Лениногор руда басқармасының директоры болды. Қонаев қай істе де істі мемлекеттік тұрғыда шешуге тырысатын қайраткер болды.

Қорыта келгенде Д.А.Қонаев көпті көрген ұлы парасат иесі. Оның қазақ еліне қосқан үлесі орасан зор. Д.А.Қонаев өмірден көрген білгендерін қағаз бетіне түсіріп өсиет ретінде қалдырған. Ол бір өсиетінде «Өмір – теңіз. Ол үнемі құлаққа ұрған танадай тып – тыныш қалыпта тұрмайды. Дауыл тұрған кезде тап болсаң, асау толқындар түпсіз тұңғиыққа да батырады, жағалауға да лақтырып тастайды. Онда соған шыдас бергендер ғана ғұмыр кешеді» деген екен.

Қазіргі таңда Қазақстанның біраз жерлеріне Қонаевтың есімі берілді. Мысалға: Алматы, Астана және Тараз қаласындағы көшелер, Орал қаласындағы шағын ауданға, Өзбекістанның астанасы Ташкент каласындағы орталық көшеге және де Алматы қаласында жекеменшік университетке Қонаевтың есімі берілді. 1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылды. 1994 жылы Қонаевтың құрметіне Алматы қаласында мұражай ашылды [2].

Қонаев туралы көптеген пікірлер айтылды. Үлкен ғұлама ғалымдар, қоғам қайраткерлері мысалға: Серiкболсын Әбілдин былай деген: «Мемлекет қайраткерi ретiнде баға берер болсам, Д.Қонаев – қазақ тарихында төрден орын алатын тұлға. Неге? Өткенге аз-маз сараптама жасап көрелiк. Дiнмұхамед Қонаев кеңес заманында ширек ғасыр бойы Қазақстанды басқарған уақытта ел мәдениетi мен экономикасының деңгейi өте жоғары болды. Бiз жемқорлықтың емес, еңбек пен жауапкершiлiктiң жар­қын үлгiсi ретiнде одақтас республикалардың алды болдық. Дүниеге ұрпақ әкелу көрсеткiшi жағынан да одақтас республикалардың iшiнде алдыңғы орынды алатынбыз. Ауру-сырқау, өлiм-жiтiм саны басқалармен салыстырғанда аз болды. Ол кездерi азаматтардың өмiр сүру жасы орта есеппен алғанда жетпiстен асатын. Өкiнiшке қарай, қазiр ол жастан төмен түсiп кеттiк...» деп пікір қалдырған. Қонаев еткен ұшан-теңiз еңбек арқылы бүгiнде талай қазақтар жан сақтап жүр. Қонаевтың тұсындағы дәрежеге бүгiнде еңбектеп жете алмай келемiз. Кеңшардан 200 шақырым қашықтықта отырған малшылар қыстауына электр желiсiн тартуға Қонаевтың басшылығымен өзiм де талай араласқан едiм...» [3]. Осындай керемет пікірлер Қонаевқа көптеп жазылды, тіпті жақында Қонаев туралы 300 өлең жинағы жазылған кітап жарыққа шықты. Бұл кітаптың авторы- Рафаэль Ниязбек[4]. Осындай үлкен құрметке ие болған Қонаевтың рөлі ерекше. Халыққа көп еңбегі сіңген Д.А.Қонаев өз күшімен ел билеп қазақ халқының күшеюіне орасан зор үлес қосты. Тарих сахынасындағы Д.А.Қонаевтың әрбір істері біздер үшін үлкен өнеге, мақтаныш болып табылады.




Түйіндеме

Бұл мақалада Д.А.Қонаевтың өмірде қандай адам болғаны, қазақ елі үшін тер төге жұмыс жасағаны, оның Қазақстанның тәуелсіздігі жолында күшті басшы бола білгені жөнінде жазылған.



Резюме

В этой статье написано о том каким лидером был Конаев, что он сделал для казахской земли, на казахского народа и для независимости Казахстана.




Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Отан тарихы №11 2012 ж

  2. hhtp:\\kk.Wikipedia.org.

  3. Жас Алаш газеті 2012 10 қаңтар

  4. Алматы Ақшамы 27.11.2011



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Халы?ты? ?лы т?л?асы

Автор: Тасжанова Назира Алтынбековна

Дата: 05.04.2015

Номер свидетельства: 197596


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства