Просмотр содержимого документа
««Қыз-еркем,қылығымен көркем»»
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебінің бастауыш мұғалімі: Дүкенбаева Маржанкүл
3 «а» сынып
«Қыз-еркем,қылығымен көркем»
Сценарий тақырыбы:«Қыз-еркем,қылығымен көркем»
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін — өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.Ананы құметтеуге, ардақтауға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті Ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар, сұлу арулар! Сіздер 8- Наурыз Халықаралық аналар күніне арналған «Ару қыз!» атты мерекелік ертеңгілікке жиналып отырсыздар.
Жүргізуші:
Армысыздар ақ тілекті әжелер,
Ертегімен өмірімді әсемдер.
Мерекеңмен аялаған аналар,
Бір өзіңнен бар қуаныш таралар.
Шуақ шашқан алтын көңіл арулар,
Дарынды боп өнерменен қарулан.
Жүргізуші:
Құрметті жиналған қауым бәріміз ана деген асыл жаннан жаралған бір тұлғамыз. Сол аналарымызға ұзақ өмір, талмас қанат, таусылмас бақыт тілей отырып, мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Жүргізуші:
— Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бұл кім?
Балалар: Ана,ана,ана.
Жүргізуші: Ана - перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тілегіне кезек берейік
Хор: Анашым-ана жаным
Жүргізуші:
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі – дей отырып өздеріңізге арналған , жүрек жарды лебіздерін қабыл алыңыздар.
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі — деп ару қыздарымызды ортаға қошаметпен шақырайық.
«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды марапаттау.