1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру. 2) Дидактикалық, логикалық т.б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу. Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту. 3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Кәусар білім" сайысы»
«Кәусар білім» тапқырлар сайысы Мақсаты: 1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру. 2) Дидактикалық, логикалық т.б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу. Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту. 3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Армысыңдар, құрметті қонақтар Ағайын мен халайық Көпшіл болған ер дана Достары көп ер бала Өнерліден үлгі алып, Салдырар сәнді мол қамал Өнерлімен дос болсаң, Қиялыңды қорғайды - демекші, бүгінгі Кәусар білім тапқырлар сайысымызды бастаймыз! Ойынымызды бастамастан бұрын әділ баға беретін әділқазы алқаларымен танысып алайық.
Ойынымыздың жоспарымен таныстырып өтейін.
ЖОСПАР: 1 тур - Таныстыру 2 тур – Бәйге 3 тур –Жорға
4 тур –Математикалық сандық 5 тур–Көшбасшы
1тур-Таныстыру.Математика сырлары,
Қызықтырады біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді!Әр топ өздерин таныстырып өтеді.
2тур – Бәйге
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Қатысушыларға әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге,бәйге,бәйгелерді көріңіз-дей келе бөлімімізді бастайық. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда – демекші, қане, көреліік, алғашқы бөлімімізде ойыншыларымыз өздерін қалай ұстар екен...
Ойын шарты: Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, қолдарыңызды көтересіздер. Бірінші болып көтергеніңіз жауап бересіздер. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі топ жауабын айтуына болады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. 550+49= 599 700-599= 101 358+207= 565
670+99= 769 1005-19=986 360+127=487
760+500= 1260 458+59=517 284+168=452
3 тур.Жорға,жорға,жорғала,
Шапшаңдыққа таң қалма.
Ойын деген арпалыс,
Жеңілемін деп ойлама!дей келе үшінші сайысымыз Жорғаны бастаймыз.
Ойын шарты: Адасқан әріптерді дұрыс орналастырып қолдарыңызды көтересіздер. Бірінші болып көтергеніңіз жауап бересіздер. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі топ жауабын айтуына болады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Адасқан әріптер:
Оызтғ-тоғыз анқост-тоқсан
Ықықр-қырық гзсеі-сегіз
Скесне-сексен плыса-алпыс
Иарыжм-жиырма
4 тур.Математикалық сандық Тоғыз сандық берілген,әр сандықтың ішінде сұрақ жасырылған.Сандықты таңдап,дұрыс жауап берсең сол ұпайға ие боласыңдар.Егер жауап дұрыс болмаса, қарсылас топтың жауап беруіне болады.
1.Үстелде үш стакан сүт бар.Алмас бір стакан сүтті ішіп қойды.Үстелде неше стакан сүт қалды?/2/ (20 ұпай)
2.Нанды үш бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек?/3/(20 ұпай)
3.2 қыз мектепке келе жатып,алдарынан мектептен келе жатқан 3 қызды кездестіреді.Мектепке неше кыз келе жатыр? /2/ (20 ұпай)
4.3 ағайындының ішінде Марат Асхаттан ұзын.Асхат Дәуреннен ұзын.Кімнің бойы ұзын./Марат/(30 ұпай )
5.Қасқыр мен түлкі тегін балыққа тап болды.Қасқыр айтты:«Мен математикаға нашармын,балықты сен бөл»дейді.Сонда түлкі:саған біреу,маған екеу,саған екеу,мағанүшеу,саған екеу,маған төртеу.Қасқыр неше балық алды?/5/(30 ұпай )
6.Тосын сый.Өз өнеріңді көрсет. (30 ұпай )
7.Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы,сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады./2/(40 ұпай )
8.1 жұмыртқа 5 минутта піседі,ал 2 жұмыртқа неше минутта піседі?/5/(40 ұпай )