kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош келдің, жаңа жыл !.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная разработка содержитвоспитательные моменты для учеников

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош келдің, жаңа жыл !.»

Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл!

Мақсаты: Оқушылардың Жаңа жыл мерекесі туралы ұғымдарын тереңдете отырып мерекелік көңіл күй тудыру, әсемдікке, шығармашылыққа, өзара достық қарым-қатынасқа баулу.

Кейіпкерлер: Жүргізуші, Қарақшылар (3), Сиқыршы, Мыстан кемпір, Ақша қар.

Залда шырша әсем безендірілген, музыка ойнап тұрады.

Барысы:

Жүргізуші:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым

- Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Осы кезде залға қарақшылар кіріп, бәрі айқайлап-шулап келеді де шыршаны бір айналып алып айтады:

1-қарақшы:

-Ооо қараңдар қандай ағаш өсіп тұр. Жақсы болды,осы ағаштың көлеңкесінде демалайық. (төсеніштерін төсеп-төсеп бәрі жата қалады.сосын біреуі басын көтеріп)Түу мыналар неғып жүрген балалар.Бізге кедергі жасап.Көп күннен бері адамдарды тонаймыз деп ұйықтаған жоқпыз.Барыңдар, үйлеріңе кетіңдер.

Жүргізуші:

-Құрметті қарақшылар. Сіздер бұл жерде демала алмайсыңдар, өйткені бізде мереке болып жатыр. Сіздер басқа жаққа барып демалыңыздар.

Қарақшы (ашуланып, атып тұрып)

-Сен кімсің өзі маған қарсы шығатын.Қайдағы мереке? –Айтыңдаршы бұл қайдағы мереке? Қайдағы мереке?

(деп балаларды жұлқып-жұлқып сұрайды,олар жауап береді)

-Жаңа жыл дейді ха-ха-ха .Қайдағы жаңа жыл? Сендерге бүгін жана жыл тұрмақ ескі жылда болмайды. (қылыштарын көрсетеді) . Қарашы өздерін,бізге ұйқы бермей.(ААА деп есінейді) Тезірек ұйықтаса ғой шіркін!



Жүргізуші:

-Қарақшы ағай ! Бізге тимеші.Біз шуламай ақырын ғана жүреміз.Мереке болсыншы.Бұл мерекені біз 1 жыл күттік қой,ия балалар.Қазір Аяз ата келеді көп кәмпит әкеледі.Біз сіздерге де береміз.Береміз бе балалар!

Қарақшы:

-ООО кәмпит дегенді біз де жақсы көреміз.Жарайды келістік.Сендердің Аяз аталарың келгенше біз ұйықтап алайық. Ал сендер шуламаңдар. (Қылышын көрсетеді)

(Бәрі жатып қорылдап ұйықтап кетеді.) Жүргізуші:

- Балалар енді қайттік, мерекемізге Аяз ата мен Ақшақар керек.Оларды қалай шақырамыз.Айқаласақ мына қарақшылар оянып кетеді ғой. Аяз Атаны айқайлап шақырмасақ келмейді ғой. Қап енді не істесек екен, а?

Залға Сиқыршы келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сиқырлы сандығыма қарасам осы жақта мереке болып жатыр екен. Мерекелерің қалай өтіп жатыр? Жақсы ма?

Жүргізуші:

Жоқ.Мерекеміз көңілді өтпей жатыр.Мына қарақшылар келіп шыршамыздың түбіне жатып алды.Енді аяз атаны шақыра алмай жатырмыз.Сиқыршы бізге көмектесіңізші.

Осы кезде бір қарақшы оянып кетеді:

-Бұл не айқай шу? Түу түк ұйқым қанбады ғой.Неге шулайсыңдар А. Мынау кім өзі ааа Аяз ата ма? Әй Әкел кәмпитіңнен.Сенде көп кәмпит бар деп айтқан

Жүргізуші: Жоқ, қарақшы ағай, бұл аяз ата емес.Аяз ата келу үшін біз қатты айқайлау керекпіз.Біз сіздерден қорқып айғайлай алмай тұрмыз

Қарақшы

-Дұрыс-дұрыс бізден қорқу керек. Сонда мынау кім?

Жүргізуші:

-Бұл сиқыршы

Қарақшы: -Өй, осындай сиқыршы бола ма екен (күледі) -Әй сен рас сиқыршысың ба?Кәне сиқыршы болсаң маған 1 шелек алтын,1 шелек күміс берші.Жоқ бір қап. Жоқ-жоқ бір бір машина толтырып алтын берші. ООО мен бай болушы едім. Кәне тезірек бер әйтпесе мына қылышты көріп тұрсың ба?

Сиқыршы:

-Қарақшылар мен сендерге ештеңе де бере алмаймын.Өйткені мен қайырымды сиқыршымын. Кәне, оданда мына балалардың тілегін орындайын.

Қарақшы:

-Қайдағы балалардың тілегі.Сен тек біздің тілегімізді орындайсың (1-2 қарақшы сиқыршыны ұстап алады.Қолын артына қайырып )

Қарақшылар:

-тез тілегімізді орында

Сиқыршы:

-Босатыңыздар қалтамнан сиқырлы таяқшамды алып сіздердің тілектеріңді орындайын (балаларға қарап көзін қысады)

Қарақшы босатады.

Сиқыршы:

абра –кадабра сим салабим ( 2рет)

Мына қарақшылар мейірімді әрі көңілді болсын!

Осы кезде қарақшылар күлімдеп:

- ООО қандай сүйкімді балалар!

- Киімдері қандай керемет!

(Барып баларды құшақтап, кей балалардың арқаларынан қағып мақтайды)

Сосын бір-біріне қарап:

-Ой қызық ,ә? Мейірімді қарақшы боп кеттік. О ғажап. Сиқыр.

Жүргізуші:

-Қарақшыларымыз қайырымды болды сізге рақмет, сиқыршы.Ал енді балалар Аяз атаны шақырайық, ия! Кәне бәріміз бірге Аяз ата, Ақшақар!

Залға мыстан кемпір кіреді қолында аяз атаның қолғабы, басында аяз атаның бас киімі және таяғы бар.

Мыстан кемпір:

Асау желмен алысқан

Аяз әжелерің асығып

Шаршап келді алыстан

Төрге мені отырғыз!

Уф белім-ай

Жүргізуші:

-балалар мынау кім?

Балалар: -Мыстан кемпір

Жүргізуші:

-Мыстан әже! Сіз неге Аяз атаның қолғабын, бас киімін киіп алғансыз?Неге өзіңізді Аяз әже дейсіз! Аяз әже болушы ма еді.

Мыстан кемпір:Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасыз.Ол келсе қуанасыңдар.Оны 1 жыл бойы күтесіздер а! Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар! Мен де ол сияқты кәрімін,жасым үлкен міне биыл 240-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім келеді.Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім. Көрдіңдер ме менің ол сияқты таяғым да, қолғабым да, тымағым да бар. Енді бұдан былай менің атым Аяз әже болады.Ал кәне , менің сол жаман шалдан қай жерім кем.Мен одан әлдеқайда артықпын.кәне балақан айтшы мені Аяз әже

деп (осылай бірнеше балаға жақындап айтқызады)

Мыстан кемпір:

-О. Енді бұл менің мерекем.Жылда өзім келем.

Жүргізуші:

-Мыстан әже, Сізде Аяз атаның барлық заты бар екен.Сіз оларды қайдан алдыңыз?Ал Аяз атаның кәмпитке толы қапшығы қайда?

Осы кезде залға жылап Ақша қар келеді.

Мыстан кемпір тығылып қалады.

Жүргізуші:

-Ой мынау біздің Ақша қар ғой!Ақша қар салеметсіз бе.Сізге не болды?

Ақша қар:

- Менің Атам осы мерекеге келе жатқан.Жолда маска киген біреулер ұстап алып, оның заттарын тартып алыпты. Енді ол қапсыз, таяқсыз келе алмай отыр.Мені іздеуге жіберді.Мен барлық жерді іздеп таппадым. Ой енді не болар екен? Енді сіздерге Аяз ата келе алмайды ғой?! (жылайды)

Жүргізуші:

- Жылама ақша қар Аяз атаның заттары осында.Тек қапшығы жоқ.

Ақшақар:Қалайша жоқ.Заттары кәне?

Жүргізуші:

-Мыстан әже! Кәне бері келіңізші?

Мыстан кемпір: Жоқ-жоқ.Мен ештеңе бермеймін.Мен енді осы мерекенің басты кейіпкері болам Мен Аяз Әже болам

Жүргізуші:

-Енді не істейміз

Ақша қар тағы жылайды.

Осы кезде қарақшылардың біреуі:

-Жылама Ақша қар.Қазір біз бұл мыстан кемпірді ұстап алып бәрін алып береміз.

Барлығы мыстан әжені қуады. Ол қашады.

Сосын ұстап алады да бәрі жабылып мыстан кемпірді алып келеді.

Сиқыршы:

-Кәне мыстан кемпір мына қызға Аяз атаның заттарын қайтар.Әйтпесе мен сені мұзға айналдырып жіберем.Мәңгілік қатып тұрасың.

Мыстан кемпір:

-Ойбай жоқ мұзға айналдырма,Мә-мә алшы осыны

(Ашуланып бәрін шешіп бере салады.)

Ақша қар:

-Ал кәмпиттері бар қапшық қайда?

Мыстан кемпір :

-Ол менде жоқ,-деп тағы қашады.

Қарақшылар

-Ұстаңдар. Ол өтірік айтады –деп тағы қуады,ұстап әкеледі.

Сиқыршы:Мыстан кемпір сені мұзға айналдырмай тұрғанда тез айт, Аяз атаның қабы қайда?

Мыстан кемпір:

-Түу жарайды.Болмадыңдар ғой. Мен оны бір жерге тығып кеткем. Мерекеден соң шай ішіп, кәмпитке бір тояйыншы деп едім.

Сиқыршы: (қарақшыларға) Қазір сендер Ақша қармен бірге барыңдар. Мына мыстан кемпірмен тыққан жерін көрсетсін де қапшықты берсін. Ал кәне тезірек.

Мен оған дейін мына балалардың көңілдерін көтере тұрайын.

4 «А» сынып: Тасболат Жасұлан

4 «Ә» сынып: «Жігіттер биі»

4 «А» сынып: Қыздар «Испан биі»

4 «В» сынып: «Ақшақарлар» биі

4 «Б» сынып: «Флешмоб»

4 «А»сынып: Сахабидин Бахытнұр Ән «Шіркін-ай»

4 «Ә»сынып: Қыздар биі

4 «В»сынып: «Папури» биі

4 «А» сынып: Ашимова Назгүл «Елочка»

4 «А» сынып: Үнді биі






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Қош келдің, жаңа жыл !.

Автор: Амирова Актоты Мырзакуловна

Дата: 04.01.2017

Номер свидетельства: 375345

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""?ош келді? жа?а жыл!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-9"
    ["file_id"] => string(6) "246209"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446310294"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Қош келдің, Жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(28) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_12"
    ["file_id"] => string(6) "448069"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515170379"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "« Қош келдің Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(24) "kosh_keldin_zhana_zhyl_3"
    ["file_id"] => string(6) "498077"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549037543"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Жа?а жыл жарыл?асын""
    ["seo_title"] => string(20) "zhanazhylzharylkasyn"
    ["file_id"] => string(6) "275308"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452537938"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(46) "zhana_zhyldyk_ertengilik_keldi_mine_zhana_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "493003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545888027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства