kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қош келдің, Жаңа жыл»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қош келдің, Жаңа жыл» атты жаңа жылдық кештің жоспары:
Жауапты мұғалімдер: Реим К, Нұрымбетова Н.
Сыныптар:0 А,1А.
Бағдарламада:

Қатысатындар:

Аяз Ата-Мирас  

Ақшақар -Арай

Патша-Камила

Шахерезада-Нұрлыгүл

Ақ пері сиқыршы-Алмагүл

Мыстан- Бақытжан

Мешін Бақыт ата -ана

Уәзір – Мансұр, Әділет

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қош келдің, Жаңа жыл»»


5 орта мектеп










«Қош келдің, Жаңа жыл» атты

жаңа жылдық кешінің сценарийі









Жауаптылар: 0А Рейм К

1А Нұрымбетова Н.О


.































2016-2017 оқу жылы





«Қош келдің, Жаңа жыл» атты жаңа жылдық кештің жоспары:
Жауапты мұғалімдер: Реим К, Нұрымбетова Н.
Сыныптар:0 А,1А.
Бағдарламада:

Қатысатындар:

Аяз Ата-Мирас

Ақшақар -Арай

Патша-Камила

Шахерезада-Нұрлыгүл

Ақ пері сиқыршы-Алмагүл

Мыстан- Бақытжан

Мешін Бақыт ата -ана

Уәзір – Мансұр, Әділет

Музыкалық нөмірлер:
1)Хор: Шырша жыры (Қане, достар, тұмайық)
2) Би: «Үнді»

3) Хор: Құтты болсын жаңа жыл (Міне келді жаңа жылымыз да)

4) БИ   « Клоун » биі
5) БИ: Санта клаус

6) Би: «Снежинка» биі

7) Би: « » биі

8)ӘН : В лесу родила елочка

9)Хор: Маленькой елочка

10) Би: Үнді

11) ХОР: Жаңа жыл

12) ХОР: До свиданья Дед Мороз
Ойындар:

1) Мұздақтар

2) Алақай», «Ой-ой-ой»
3) Мартышка!

4) Паровозик
Хоровод:

1). Шырша жыры

2) Құтты болсын жаңа жыл
3) Маленькой елочке

4) Жаңа жыл, жаңа жыл

5) До свиданья, Дед Мороз.

Жаңа жыл мерекесі
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
1- жүргізуші: 

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады.
Шырша жырын жырлаңыздар.

2- жүргізуші:
Даламызға,  қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға, балаңызға
Жалынды сәлем береді.

1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер. 
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән7, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! 
Ал, бүгін балалар ,қандай мереке?

ХОР: Шырша жыры (Қане, достар, тұмайық)

Балалар : Жаңа жыл

Бүгінгі көңі-күйлерің қандай? (Балалар саусақпен көрсетеді)

-Өте жақсы

Әдемі шығыс әуені ойнап тұрады
Автор; Ерте,  ерте,  ертеде Бағдат шахарында, Бағадүр деген патша өмір сүріпті
/Сахна төрінде шынтақтап патша жатады, қасында нөкерлері желпуішпен желпіп тұрады/
/  Әсем ,  әдемі шығыс әуеніне биші қыздар билейді\  
Автор:  Патша  өз сарайында іші пысқаны соншама, мазасы кетеді.. .
Уәзір: О-менің мәртебелі патшам,  неге мазасызданып отырсыз?
Автор: Патша қабағын шытып,  ашулана қарайды.
Патша: Мен жалықтым, ішім пысті,  Шахрезада қайда?
Уәзір: Түсіндім,  Сіздін ойыңызды, патшам.
Уәзір: Патшамның бұйрығымен Алладинді шақырындар.. . . . . . . . . .
 /Әдемі әсем биін билеп ортаға Алладин келеді/

Алладин: О- сәлеметсіз бе,  менің сүйікті де қадірменді патшам!!!
\Шахрезада иіліп сәлем беріп,  ханның қасына жайғасады\
Автор: Патша ашуланып,  дөрекі сөйлейді.
Патша: Алладин ,  кешігіп қайдан келдің?  Мені неге күткізіп қойдың?
Автор: Алладин а әдемі күлкісімен,  патшаға ұрлана қарап қойып

Алладин: Ия,  патшам бүгін Сізге- Шалқар шаҺарындағы заманауи қазіргі ХХІ ғасырдағы болып жатқан № 5 мектепбінің жаңа жылдық шырша ертегісі, Аяз Ата, Ақшақар туралы баяндағым келіп тұр.
Патша: Әрқашанда мені өзге жат шаһарлар елдері қызықтырған, бірақ маған заманауи, № 5 мектепте , жаңа жылдық шырша, Аяз Ата, Ақшақар деген сөздердің мағынасын түсінбейді екем..
Патша: Уәзір2 қайдасын/патшаның алдына басын иіп уәзір кіреді/Ақпері сиқыршы қайда, шақырындар деп бұйрық береді.
Уәзір: Ақ пері сиқыршыны шақырып жатыр патшам. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
\ сиқырлы әуен ырғағымен Ақ пері сиқыршы келеді\
Ақ пері сиқыршы:О қадірменді менің патшам, Сіз мені шақырыпсыз ғой
Патша: Шалқар қаласы №5 орта мектептегі жаңа жылдық шырша ертегісіне барғым келеді. Аяз Атаны,  Ақшақарды, қызықты, таңғаларық оқиғиларды көргім келеді.  Мені сол жерге жеткіз.
Ақ пері сиқыршы: Тақсыр, айтқаныңыз болсын, бірақ мен сіздің өмір қауіпсіздігіңізге жауаптымын ғой, Сізге бір нәрсе болса.. . . . . . . .
Патша: Менің бұйрығымды болжытбай орындандар.  Шалқар қаласы №5 орта мектептегі жаңа жылдық шырша ертегісіне дәп қазір, сол  жерге жеткізіңдер-деп бұйрық береді.
Ақ пері сиқыршы: О мәртебелі патшам, Сіздін өмір қауіпсіздігіңізге жауапты болғандықтан, Сізді ешкім таңымас үшін,   өзім сіздің сиқырлы шамыңызға айналайын, екеулеріңіз бірігіп Шалқар қаласы №5 орта мектептегі жаңа жылдық шыршасының жүргізішулері болыңыздар деп сиқырлы сөздерін айтады
Патша: Айтқандарын болсын

БИ: Үнді 0А класс

Еркеназ 0А

Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар,

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен

Қол соғып қошеметпен қарсалыңдар.

Нұрдәулет 0А

Қызыл ала шапаны ,

Сағындым аяз атаны.

Жылдамырақ келсе екен,

Бізге сыйлық берсе екен

Бекжан 1А

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Арайлым 0А

Аяз-ата аман ба?

Аман болғын әмәнда.

Қарша қызды сүйеміз

Ізетпен бас иеміз

Жаңа жылға мың сәлем

Жасай берсін бұл әлем.

Айшабибі 1А

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер


\Залдың шамы сөнеді, қайта жанады,  сиқырлы әуен ойналады,  патша Алладин екеуі сахына төріне шығады\

ФАНФАР сахна төріне жургізушілер шығады.

Патша:
Келіңіздер,  келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер.
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер!

Алладин:
Құтты болсын жаңа жыл,  барша халық,
Қуанышқа,  шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Бірге: Құтты болсын Жаңа жыл!

Патша: Сыңғырлашы сырнайым, жаңа жылды жырлайын,  дөңгеленіп тұрайық, ойын сауық құрайық. Ән шашуы шашылсын, Жаңа жылға ылайық!
Бірге: Жаңа жыл3құтты болсын жаңа жыл!
\Балалар дөңгеленіп шырша аясында тұрады\
ХОР: «Құтты болсын Жаңа жыл»
БИ   « Клоун » биі

Асылхан 1А

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегендер де арманда

Жаңа жылың құтты болсын ағайын

Батыр 0А

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,

Әрқашан мерекелік көңіл болсын.

Кеудеміз қүмбірлеген жырға толып,

Қане,достар, күлкімен орта толсын.

Фариза 0А

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Қарақат 1А

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жаңға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Дияр 0А

Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам ақ болсын.

Төрлет,төрлет Жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Жандос 0А

Жаңа жылды қарсалып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын-жарқын әе салып,

Жалғасады жырға-жыр

Али 1А

Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар

Аяз ата келеді Ақшақармен

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар

Алладин:  

Қуаныңдар,  қонақтар,  тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен
Құрметпен қарсы алыңдар !!! / бірігіп/

Бірге: Алақай, алақай Аязата мен Ақшақар келеді.
/Әсем жаңа жылдық  әуен ойнай бергенде  бррррр, тррррр деп музыка өзгереді/

Мыстанның дауысы

Патша:- Балалар,  бұл Аяз-ата мен Ақшақар емес қой.  Бұл, бұл зұлым мыстан ғой!/Қорқыныш үреймен айтады/
Мыстан: – Күтпедіңдер ме мені? Сендер менің тыныштығымды бұздыңдар.  Енді
мерекелерің қапастағы қара түнекке айналады!  Ха-ха-ха!
Алладин:– Біз де оңайлықпен жеңіле қоймаспыз! Кет жаның аман тұрғанда!
Мыстан: Сендердің сүйікті Аяз-аталарың мен сүйкімді Ақшақарларың,  менің әміріммен тұтқынға алынды

Ха-ха-ха! Ал енді,  мен сендерден сұраймын,  қараңғылық әлемінен қорқасыңдар ма,  жоқ па?
Бәрі: – Жоқ! Біз сенен де қорықпаймыз.
Мыстан: – Онда,  барлықтарың маған өмірбақи  құлшылық етуге дайындалыңдар! Мен кішкентай бұзықтарды жақсы көремін! Ха –ха-ха.

Патша: – Тоқт,  Мыстан ! Сен біздің жаңа жылдық шыршамыздың шырқын бұзуға хақың жоқ жоқ! Бұл жерге мейірімді,  адал,  шыншыл,  ұқыпты,  тәрбиелі балалар жиналды.   Ия,  балалар?

Балалар - Я
Мыстан : – Сонда,  іштеріңде жаман,  сатқын оқушы жоқ дейсіңдер ме? Мен сендерге сенбеймін! Ата-анасының тілін алмайтын,  сабақты нашар оқитын,  бұзақылық жасайтын,  жамандыққа әуес оқушы араларыңда болу керек.
Аллади: – Қателесесің,  мыстан ! Оны біз саған дәлелдеп бере аламыз.  Келісейік: жарыс – сайыстарға түсейік.  Егер біз жеңсек,  сен бұл жерден кетесің.
Патша:  – Ал,  жеңілсек,  онда Алладин екеуіміз сенің патшалығыңа өз еркімізбен барамыз,  ал балаларға тиіспейсіңдер.  Қалай,  әділетті  ме?
Мыстан: – Сендер жеңілесіңдер оған күмәнім жоқ.  Сонда да қызыққа бату үшін шарттарыңа келісемін

Алладин.: – Сөз байлайық! (сөз байласады) егер біздің адалдығымызға,  достығымызға,  бірлігімізге көзің жетсе,  Аяз-атамен Ақшақарды да жібересің

Патша.: – Балалар сендер куәсіңдер.  Барлығы әділетті болуы керек!Алдымен күш сынасайық.

/осы кезде Алладин шыршаның айналасына 100 жылтыр шарик шашады,  

ойын «Мұздақтар» ойналады, шарты кім тез мұздақтарды жинайды сол жеңіске жетеді. /

Алладин: – Ал біз біріккенде,  күшіміз арта түседі.
1, 2, 3 ойынымызды бастайық
/ойын басталғанда ырғақты әуен ойналып тұрады. /

Патша: – Кәне,  достар бізге көмектесетін кім бар?
/балалар жылдамдықпен тез-тез мұздақтарды  себеттерге жинайды/ Алладин: – Рахмет,  балалар! Көрдіңдер ғой,  бірлігі бар озады,  бірлігі жоқ тозады. Жеңіс біздіке! Алақай!!!!!
Патша: – Бәрекелді.  Көрдіңдер ме мыстан,   біз жеңіске  жеттік!
Шахерезада: :  Ал,  қара зұлым мыстан,  біздің күшімізді,  алғырлығымызды,  достығымызды көрдіңдер.  Енді,  Аяз-ата мен Ақшақарды босат та,   сүйкімсіз  зұлым мыстан бұл жерден кет.
Мыстан: – Жарайды,  жарайды  Аяз Атаны  және Ақшақарды босатайын.

/Кетіп баратқандай кейіп танытады, рок музыкасы ойналады,  жаман күлкінің дауысы шығады/
-Бірақ,  бізге осы жер керек.  Біз мұнда  зұлымдықтың шыршасын өткіземіз.  ХА-Ха-Ха

Патша: –  Оңбаған, келіскен уәдең қайда,  сөзіңде тұрмайсың ба,  зұлым мыстан!
 Мыстан: – Мыстандар үшін заңдылық жоқ. Мен ешкімге бағынбаймын.

Алладин:-/Алладинге  қарап/ Мыстанға біздің әліміз келмеді. \Жылайды

Патша:  Жылама, , бізге  Ақ пері  сиқыршым көмекке келеді

Алладин сиқырлы шамын сүртедісол мезетте Ақ пері сиқыршы келеді/ сиқырлы әуен ойнатылады  Ақ пері сиқыршы  өзінің әсем,  қорқыныш жүрісімен жан-жақтағы ертегі кейіпкерлердін зәресін алады \
Ақ пері сиқыршы: О менің  мәртебелі патшам не үшін мені шақырдыңыз

Патша: Мыстан Аязата мен Ақшақар екеуін тұтқынға алды.  Енді,   жылдық шыршаны Аяз Ата мен Ақшақар екеуінсіз қалай мерекелейміз.  Соларды құтқару үшін сенің көмегін керек. Барлық үміт сенде Ақ пері сиқыршым.

/ Осы жерде ақ пері мыстан ортасында би арқылы шайқас өтеді/

Ақ пері сиқыршы дуалы сөздермен: Құдретті арай таңның сепкен күннің нұрсәулесін, жарқыраған түннің ай сәулесін өзіме көмекке шақырамын, мынау тұрған қара зұлымдарды жетті қат жер астындағы қара түнекке мәнгілікке жіберемін.. . . . . . . .

Мыстан : Тек мені онда жібермеші, жібермеші, маған аяушылық танытшы, танытшы.. . .

Ақ пері: Жоқ мыстан ,  патшамның,  балалардың,  Аяз Ата мен Ақшақардың мазаларын алған үшін сендер мәңгілік қара түнекке жетті қат жердің астына кетесіндер/мыстан жоқ болып кетеді/

Алладин:-/: Ал балалар, сиқыршыға рахмет айтайық.

Барлығы: Рахмет

Алладин:-/:Мыстаннан құтылғанға қуаныштысыңдар ма

Балалар: Өте қуаныштымыз!
Алладин:-/:Ендеше, бәріміз бірге «Алақай! Деп айқайлайық. Кәне, қаттырақ. Мен сендермен бірге мынау бір ойынды ойнағым келіп тұр.Ойын «Алақай» деп аталады. Мен сендерге әртүрлі жағдайлар айтам. Егер ол көңілді болса «Алақай» деп, ал егер көңілсіз болса «Ой-ой-ой» деп қатты айқайласыңдар.

Шахерезада Ал балалар, енді «Алақай», «Ой-ой-ой» ойын ойнап жіберейік.(Ойынның шартын айтып ойын ойнатылады)

1.Әп-әдемі балалар мерекеге келіпті! (Алақай)
2. Сүп-сүйкімді қыздар да! (Алақай)
3. Беті кір-қожалақ болған ұлдар! (Ой-ой-ой)
4. Кешіріңдер, өте ақылды ұлдар! (Алақай)
5. Осы отырған балалар оқиды екен екіге! (Ой-ой-ой)
6. Жоқ-жоқ, барлық бала оқиды екен бестікке! (Алақай)
7. Келе жатыр, келе жатыр Жаңа жыл! (Алақай)
8. Бізде енді каникул ! (Алақай)
9. Каникул болады екен бір-ақ күн! (ой-ой-ой)
10. Жоқ-жоқ болады екен бірапта! (Алақай)
11. Аяз ата келе жатыр алыстан! (Алақай)
12. Қолында оның қалақай! (Ой-ой-ой)
13. Тәтті-тәтті сыйлықтар! (Алақай)

 Осы кезде әдемі сиқырлы әуен ойналады:
Ақ пері: Құдретті арай таңның сепкен күннің нұрсәулесімен, жарқыраған түннің ай сәулесімен, жақсылықтын күшімен Аяз ата мен Ақшақар зұлымдық патшалығындағы  тұтқыннан босатылсын.

Алладин:Бүгінгі салтанатты Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп,  алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып турмын!

Аяз - ата келгенше өз өнерлерімізді көрсетейік.

БИ: Санта клаус
Патша Қанекей,  балалар! Қанекей , балалар,  біздің ортамызға Аяз атамыз бен Ақшақар келе жатыр,  қол соғып,  қошеметпен қарсы алайық!!!
Балалар: Аяз Ата,  Ақшақар деп шақырады

Залдан  жаңа жыл әуеніне арналған ырғақты музыка  ойналады. Аяз Ата мен Ақшақар келеді
«Снежинка» биі
Аяз Ата: 
Сәлематсыңдар ма,  балалар!
Күнтізбеде қалыпты
Жалғыз ғана бір парақ.
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Оданасқан не сый бар.
Қуанышсыйлаубалаға
Оданзорбақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Ақшақар: Армысыздар құрметті қонақтар, ертегі кейіпкерлер, біздің сүйікті де сүйкімді балақайларымыз!
Патша: Бүгін сәні мен салтанаты жарасқан № 5 орта мектептің жаңа жылдық шыршасына қош келдіңіздер!
Аяз Ата: Жаңа жыл құтты болсын!
БИ: 1класс

Ақ пері сиқыршы:
Қандай сұлу шыршамыз,
Ортамызда тұр жайнап!
Жаңа жылда баршамыз,
Шаттанайық, кел, ойнап

Ойын: Паровозик
Аяз Ата:

Ақшақар қызым мерекеге арналған жаңа жылдық жасыл шыршамыздын шамын жағатын уақыт келді.
Ақшақар:Иә ата , бәріміз бірігіп жасыл шыршамыздын шамын жағайық
Бірге.  

Жаңа жылдық шыршамыз

қуант бізді таңырқат,  

жарқыраған жұлдыздай

шамдарыңды жарқырат!

1, 2, 3,  шамдарынды жарқырат!
\шырша жанады сиқырлы әуен ойналады, жан-жақтан хлопушкалар атылады
Бірге: Құтты болсын Жаңа жыл!
Шахерезада: Шыршаның жағылу құрметіне Балалардың онерін тамашалайық.

ӘН : В лесу родила елочка

ХОР: Маленькой елочка

БИ: (Арам зам зам ) Үнді биі


Мәди 0А

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Мерует 0А

Тамаша ғой қыс деген,

Қуанады бар бала.

Шырша тойын тойлайды

Аяз атамен қосыла

Бекзат 1А

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды

Сағадат 0А

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Бақыт болып, жаңа жылым келді ғо

Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл.

Інкәр

Әлішер 0А

Кел төрлет, жаңа жылым, құтты жылым

Өзіңді бүкіл әлем күтті бүгін

Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен

Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.

Нұржігіт 1А

Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Мұрат 0А

Армысыңдар халайық!

Бапмысыңдар халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!


Аяз Ата: Ал канекей балалар,  дөңгеленіп тұрайық, қолымыздан ұстайық, шырша жырын жырлайық
Хор:Жаңа жыл (Көк шыршамыз ырғалып)

Патша: Бізбен бір жыл  бойы болған мешін жылы құтты жылы болды. Ортаға қошаметпен Мешін жылын шақырайық. /

Тарс-тұрс дыбыстар, қөтеріңкі африкандық музыка ырғағымен сахнаға маймылдар шығады.  /
Аяз Ата: Кел, кел ортаға той жылы болған Мешін жылы.

Алладин:Мешін жылының құрметіне ойын ойнайық

ОЙЫН: Мартышка
Ескі Мешін жылы:Иә, достарым! Менің бірнеше сағаттардан кейін тарихтың еншісіне айналатын уақытым да жетті.
Алуан жақсылық куәсі,
Бөп өткен жылдардың бірімін
Халқыма мол ырыс әкелген,
Жарқ еткен жақсылық жылымын.
Қош сау болыңдар балалар!

Аяз Ата: Рахмет саған мешін жылы. Сау саламатты бол.
Бірге: Қош сау болыңыз ескі жыл!!!!!!!

Тауық дауысы шығады

Алладин: Алақай балақайлар,  Жаңа жыл2 келді! Қараңдар, қарандар

Патша:
Кел,  Жаңа жыл,  жеттің бе тағы айналып
Дастарханды отырмыз саған жайып
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талайұлыс,  талай ел,  талайхалық
Келгенсайынкөңілдіөсіресің
Ұлыболсынбастаған осы көшің
Төгіп-шашпайтасытыпкетсеңекен
Қазақдегенхалықтықнесібесін!

Алладин:

Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет,  төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын !
Жаңа жыл: Тауық
Туғызам айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады
Күншілдік тұншығады
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды
Камбада мол   болсын
Ақмаржан – алтын дән

Наз

Достар, достар!
Тағы да бір жыл жаңа
Қадам басты, ұрлана да нұрлана
Жүректерде лүпілдейді жас үміт.
Ашылады – шашылады бүр жаңа
Кәне. Достар, көтерейік иықты
Аңсайықшы қыран самғар биікті

Мансұр 1А

Айша 0А

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Диас

Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз.
Бабалардың аманатын ақтаймыз.
Қазақстан мәртебесін көтеріп,
Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып, береке бер халқымызға
Мерейін , мәртебесін биікке асыр.

Гүлназ 0А

Кел билейік сенімен

Дедім тартап жеңінен

Еріп кетпе Ақшақар

Адамдардың демімен

Аида 1А

Жаңа жылда балалар

Тек жақсылық көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан

Мықты болу өзіңнен

Жаңа жылда, балалар

Тек қуаныш көріңдер

Жылау, ауру , жамандық

Қастарыңда болмасын

Әли 0А

Келіңіздер, келіңіздер

Би де билеп беріңіздер.

Қызығы мол жаңа жылдың,

Тамашасын көріңіздер.

Шәкір 1А

Әкем таңдап әкелді

Ең үлпілдек шыршаны,

 Иісі аңқыған шыршаны,

 Жарқыраған шыршаны...

 Жұпар иісі аңқыды,

 Апамды да мәз қылды!

Айша 0А

Даламызға,қаламызға,

Жана жыл кіріп келеді.

Қартыңызға,балаңызға,

Жолында сәлем береді.

Диас 1А

Кел, Жаңа Жыл!Төрле-төрле жеріме,

Құт-береке боп келгейсің еліме!

Үміт артып армандарға аяулы.

Шаттығыңа бөлегейсің мені де

Омар 0А

Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға


Аяз Ата:
Бәрекелді,  Жаңа жыл балам! Мен саған сенемін халқымызға қуат, береке, жақсылық әкелетіне. Жаңа жылдарың құтты болсын!Егеменді еліміз, әлеуметтік экономикалық жағдайы жақсарып, сендерге бақытты балалық шақтарын өтуіне барлық жағдай жасалып жатыр. Еліміздің болашағы сендерсіңдер, ата-аналарынның, ұстаздардың тілін алып, құрмет тұтып, еліміздің көк байрағын көтеретін азамат болыңдар. Сендер еліміздің болашағысыңдар, Жаңа жылда жаңа табыс,  зор денсаулық тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын балалар!

Аяз Ата:
Жаңа жыл – жаңа бағыт,
Әкелсін далама құт.
Өнерлілерің көп болсын,
Елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін,
Өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге,
Көптен-көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар,
Тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше,
Амандықта болыңдар!

Ақшақар: 

Жаңа жылда,  балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау,  ауру,  жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар,  балалар!

Аяз Ата: Мен сіздерге жаны жақсылыққа толы Жаңа жылдарыңызды қалдырамын.  Сіздерді жыл бойы бақытты етеді деп сенемін.  Ал,  балаларым,  сендер өсе беріңдер.  Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар

ХОР: До свиданья Дед Мороз
/ Аяз Ата мен Ақшақар қоштасып шығып кетеді/

Алладин:
Ән тыңдап,  би биледік бүгін жасыл шыршада
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып,  Жаңа жылға қадам бастық
Құтты болсын Жаңа жыл баршамызға

Патша: Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр,  жаңа шуақ,  табыс пен береке,  қуаныш пен мереке алып келсін.  Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі,  мерекелі жыл болсын.
 




Музыкалық нөмірлер:
1)Хор: Шырша жыры (Қане, достар, тұмайық)
2) Би: «Үнді»

3) Хор: Құтты болсын жаңа жыл (Міне келді жаңа жылымыз да)

4) БИ   « Клоун » биі

5)Мыстан кіреді

6)Ойын :Мұздақтар
7) БИ: Санта клаус

8) Би: «Снежинка» биі

9) Би: « 1 класс » биі

10) Ойын : Паравозик

11)ӘН : В лесу родила елочка

12)Хор: Маленькой елочка

13) Би: Үнді (арамзамзам)

14) ХОР: Жаңа жыл

15) Маймылдар кіреді

16)Ойын : Мартышка

17) Тауық кіреді

18) ХОР: До свиданья Дед Мороз
19 ) БИ ҮНДІ























0 А класс оқушыларының жаңа жылға қатысымы туралы мәлімет

Оқушының аты-жөні

Киімі

Орындайтын шыршалық номері

1

Серік Аягөз

Қуыршақ

қуыршақтар биі

2

Серік Абдуллух

Аю

тақпақ

3

Бөкенбаева Мерует

Ханшайым

өзбек биі

4

Алтынбай Айна

Қуыршақ

Қуыршақтар биі,

5

Марат Әлішер

Қоян

Тақпақ

6

Өмірбаева Гүлназ

Ақшақар

Тақпақ,

7

Жақсығалиев Мәди

Санта клаус

санта клаустар биі

8

Төрехан Омар

Зорро

тақпақ

9

Нұргелді Дияр

Батыр

Клоун биі

10

Мұханбетсадық Арайлым

Ақшақар

Ақшақарлар биі

11

Лескенов Батыр

Ханзада

тақпақ

12

Ізбасарова Фармза

Түлкі

тақпақ

13

Қолқанат Әли

Қуыршақ

Қуыршақ биі,

14

Жүсіпов Жандос

Буратино

Клоун биі

15

Жұбатқанов Сағадат

Қоян

Қуыршақ биі,

16

Имамурзин Мурат

Қасқыр

Қуыршақ биі,

17

Жұмабек Еркеназ

Ақша қар

Өзбек биі

18

Бакеива Айша

Қуыршақ

Ән Балапаным, қуыршақ

19

Алдадосов Нұрдәулет

Буратино

тақпақ







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Қош келдің, Жаңа жыл»

Автор: Нұрымбетова Нұрлыгүл, Рейм Камила

Дата: 02.01.2017

Номер свидетельства: 374944

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""?ош келді? жа?а жыл!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-9"
    ["file_id"] => string(6) "246209"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446310294"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Қош келдің, Жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(28) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_12"
    ["file_id"] => string(6) "448069"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515170379"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "« Қош келдің Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(24) "kosh_keldin_zhana_zhyl_3"
    ["file_id"] => string(6) "498077"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549037543"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Жа?а жыл жарыл?асын""
    ["seo_title"] => string(20) "zhanazhylzharylkasyn"
    ["file_id"] => string(6) "275308"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452537938"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(46) "zhana_zhyldyk_ertengilik_keldi_mine_zhana_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "493003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545888027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства