kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қош, Бастауыш - бастамам" тақырыбындағы бастауышпен қоштасу ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныпты бітіргенде өткізілетін ертеңгіліктің жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қош, Бастауыш - бастамам" тақырыбындағы бастауышпен қоштасу ертеңгілігі»

19


«Қош, Бастауыш - бастамам»

.

 Кіріспе сөз:

Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені).

Мұғалім:

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап білімменен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 «Б» сыныбының «Қош, Бастауыш - бастамам» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.

Бұл салтанат қуаныш баршамызға,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 «Б» сыныбын ортамызға.

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

  1. Болмаса да білімі мықты,

  2. Ән менен биде алдыда тіпті.

  3. Шұғыладай сүйкімді қызың,

  4. Құлпырып міне, алдыңа шықты.

  5. Данияр сынып тентегі,

  6. Жарқын болсын ертеңі.

  7. Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

  8. Чемпион боп, шарласын аты өлкені

  1. .

  1. Ай мен күні сыныптың,

  2. Өн бойында өнер тұнып тұр.

  3. Аягөз ару келеді,

  4. Айналасы мерейлі.

  5. Әлішер үнсіз жүреді.

  6. Жымиып қана күледі.

  7. Бастауышты аяқтап,

  8. Өзі де міне, келеді.

  1. Асықпайды сөйлегенде,

  2. Алдына жан салмайды жүгіргенде.

  3. Қарсы алайық Дастанды,

  4. Қорғайтын ертең Отанды.

  5. Көп оқитын, көп тоқитын

  6. Дина болады қызымыздың аты.

  7. Сабырлы да салмақты,

  8. Бүгін міне, алдыңа шықты.

  1. Өзі ақжарқын, мейірімді жан,

  2. Мынау біздің Әлижан.

  3. Сымбатты да айбатты

  4. Қарсы алыңыз өнерлі азаматты.

  5. Сыныбымыздың әншісі,

  6. Балаусаға кім сыншы?

  7. Ертеңгі күні сахнадан

  8. Көретін жұлдыз болсыншы.

  1. Маңғаздана Рахат шықты алдыңа,

  2. Білім де бар, өнер де бар бойында.

  3. Тамашалап көріп ал да оны өзің,

  4. Дұрыстығын бұл сөзімнің мойында.

  5. Зерделі де зейінді,

  6. Жансая кішіпейілді.

  7. Ән мен бидің шебері,

  8. Арта берсін мерейі.

  1. Қулығы бар бір басына жетерлік,

  2. Өнерден де кенде емес.

  3. Қатты сөзге көңілі бос.

  4. Ернұр біздің ақылды жас.

  5. Жақсылықты жақтайтын,

  6. Аида біздің ақкөңіл.

  7. Сыныбым деп жүрегі.

  8. Күлімдеп әркез жүреді.

  1. Мінезі бар аңқылдаған.

  2. Жүзінен күлкі ойнаған.

  3. Сабырлы қыз Еркежан.

  4. Орын да алған жарыстан.

  5. Темірлан сынып мақтаны.

  6. Сүйеді ол бар пәнді.

  7. Отанның жас ұланы,

  8. Үміт артқан болашағы, ертеңі.

  9. Өзі күйші, өзі биші.

  10. Талабына қарайық.

  11. Әрі зерек, әрі тапқыр,

  12. Ділназды қарсы алайық.

  1. Мұғалім: 

  2. Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын  6 жасар бала болса,  бүгін міне, бастауышпен қоштасқалы тұр.  Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары , «Әдепті бала» , «Әнші, балапан», «Кішкентай күз аруы», «Наурыз», «Таланттар шұғыласы», Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

  3.    Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық шақтан басталады.  Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр. Ендеше қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

  4.  1-жүргізуші: Бала шаққа болашақты  жырлатып,

  5. Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

  6. Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

  7. Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

  8.  

  9. 2-жүргізуші: Армысыздар әжелер мен аналар

  10. Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

  11. Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

  12. Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

  13.  

  14.  1-жүргізуші: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

  15. Қыран құстай балапанын мәпелер.

  16. Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

  17. Азамат боп, кешегі сәби - еркелер!

  18.  

  19.  2-жүргізуші: Армысың сен, алтын ұя мектебім

  20. Саған айтар жыр- алғысым көп менің!

  21. Жүректерге жаққан білім шырағын,

  22. Мектебіме арналады бұл әнім!

  23.  1-жүргізуші: Дұрыс айтасың! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.

  24.   1-жүргізуші:  Олай болса, алтын ұя мектебімізге арнап

  25.  «Мектебім» әнін шырқайық!

  26. Ән: «Мектебім»

  27. Слайд: «Мектептегі мерекелер»

  28.   1-жүргізуші: Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

  29.  

  30. Рахат: Мектеп деген білім кені, жыр кені,

  31. Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

  32. Мектеп деген тәрбиеші адамға.

  33. Мектеп деген даналардың мекені.

  34.  

  35. Дина: Мектебім - білім берер алтын ұям.

  36. Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

  37. Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

  38. Әрқашан қасиетті атың маған.

  39. Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

  40. Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

  41. Өзіңе борыштармын өмір бойы

  42. Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

  43.  

  44.  Данияр: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

  45. Алтын ұя, ақ босаға киелі.

  46. Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

  47. Күллі шәкірт саған басын иеді.

  48. Аягөз: Мектебім, алтын ұям , нұрың жарық,

  49. Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

  50. Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

  51. Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

  52. Ернұр:  Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата- анам,

  53. Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

  54. Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.

  55. Тамырланып, сан тарапқа тараған.

  56.  Аида:  Мектебім - сүйікті мектебім,

  57. Бауырыңда түлеймін, көктеймін.

  58. Сен – бұлақ, мен - қайың бүр ашқан,

  59. Өзіңнен нәр алып көктедім.

  60.  Данияр: Мектеп – кеме, білім – теңіз,

  61. Барар жерге тез жетеміз.

  62. Төрт жыл алған білім нәрін ,

  63. Азық етіп ер жетеміз.

  64. Темірлан:

  65. Алтын ұя мектебім аялаған,

  66. Бар балаға білім беріп, сая болған.

  67. Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

  68. Жаманға да, жақсыға да пана болған.

  69. Дастан:

  70. Еркелігін көтеріп әр баланың,

  71. Сусындатып білімнің тұнығынан.

  72. Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,

  73. Нәр алып, ұшып шыққан қойыныңнан

  74. Ән : «Үйретеді мектепте»

  75. .

  76.   1-жүргізуші: Ақырын жүріп, анық бас,

  77. Еңбегің кетпес далаға.

  78. Ұстаздық еткен жалықпас,

  79. Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?

  80. 2-жүргізуші: Ұстаз – дана

  81. 1-жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.

  82. 2-жүргізуші:

  83. Арманым боп аңсаған,

  84. Мәңгілік қалдың мекендеп,

  85. Өзіңе арнап ән айтам,

  86. Ардақтап ұстаз өтем деп.

  87.  1-жүргізуші: Келесі ән сіздерге арналады, ардақты да аяулы ұстаздар.

  88. Хор: «Ұстазым»

  89. 2жүргізуші: «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

  90. Әлішер:

  91. Маған ұстаз үйретті,

  92. Әліппесін өмірдің.

  93. Жан жүйемді билетті,

  94. Күйі шалқып көңілдің.

  95. Қиялымды кездірді,

  96. Таптым ойдың тұрағын,

  97. Маған ұстаз сездірді,

  98. Алдағы өмір шырағын.

  99. Шұғыла:

  100. Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің,

  101. Әр балаға сен ана, әкедейсің.

  102. Болашақтың көктеген жас шыбығын,

  103. Бағбанындай аялап, мәпелейсің.

  104. Жансая:

  105. Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

  106. Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

  107. Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,

  108. Жүргеніңді ұнаттық арамызда.

  109. Балауса Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

  110. Деуші едің білімменен күш толады.

  111. Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

  112. Ақылмен іс істесең, оң болады.

  113. Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

  114. Таласып алушы едік біздер жаттап.

  115. Өзіңіз баға қойған күнделікті,

  116. Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

  117. Аида Білім алған өзіңнен,

  118. Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым.

  119. Саған ыстық сезіммен,

  120. Қарайды жұрт мұғалім.

  121. Хор: «Мұғалім-ол біздің»

  122. Еркежан Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

  123. Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.

  124. Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы,

  125. Тез үйрендік әділ мен адалдықты,

  126. Жирендік, ажыраттық жамандықты.

  127. Жалғастырар ақ жолын сенің салған,

  128. Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

  129. Ернұр Әліппемен аштым өмір есігін,

  130. Тербетемін білім бөбек бесігін.

  131. Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

  132. Жаттап өстім ұстазымның есімін.

  133. Темірлан Есімде ерен ұстазым,

  134. Шашымнан сипап өткенің.

  135. Аянбай бізге қыс-жазы,

  136. Молынан мейір төккенің.

  137.  1-жүргізуші: Сыныбымыздың әнші қызының орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар!

  138. Ән: «Анадай асыл мектебім»

  139. 2-жүргізуші: Шара апамдай бұралып,

  140. Биді билеп береміз.

  141. Би дегенің кермет,

  142. Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға бишілер тобын «Жастар» биімен шақырайық

  143. Дина

  144. Ұстазым – ұлағатым, сая бағым.

  145. Шәкіртті өз балаңдай аяладың.

  146. Қолыма әліппенің кілтін берген,

  147. Адалдық ақ жолыңды бағаладым.

  148. Жансая:

  149. Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

  150. Айқара есік ашып тастағаны.

  151. Бір мереке, думан болып осы маңда,

  152. Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,

  153. Енді міне, сағымдай өте шықты,

  154. 4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

  155. Ұстаз ана жасады мына бізден,

  156. Ел танитын азамат, бір-бір мықты.

  157. Рахат :

  158. Алғашқы ұстазым анамызбен тең келді,

  159. Бар асылын бізге жиып, мол берді.

  160. Қанатымен су себелеп асыл жан,

  161. Баласындай шын жүректен хан көрді.

  162. Мұғалім:

  163. Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

  164. Орындалсын арман, тілек, талаптарың.

  165. Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

  166. Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

  167. Өткіздік талай күнді, талай айды,

  168. Уақыт сырғып артқа қарамайды.

  169. 4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

  170. Өткіздік талай қызық, талай жайды.

  171. Ірге тасын қаладым, білім бердім,

  172. Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

  173. Ортада тұрған осы шәкірттердің,

  174. Көрейік тамашалап өнерлерін.

  175. 1-жүргізуші: Біздер өстік, есейдік,

  176. Қанаттандық, қатайдық.

  177. Қоштасарда ән салып,

  178. Би билейік думан ғып.

  179. Көпшілікке өнерді,

  180. Көрсетейік не түрлі.

  181. Би «Грузин биі» Ұлдар

  182. Би: «Мани-мани»

  183. Бестік:

  184. Бүгін міне қоштасады балбұлақ,

  185. Әні менен жырына, тарландарым сал құлақ.

  186. Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан

  187. Лаулап жансын болашағың, шамшырақ!

  188. Ертегілер еліндей болған, бал балалық шағымыздың куәсі – бастауыш сыныппен қоштасу кешін осы ертегіге сенген күндеріміздің белгісі ретінде «Ертегілер елінде» әнімен жалғастырайық!

  189. Ән. «Ертегілер елінде» орындайтын:

  190. 1-жүргізуші: 

  191. (Екеуі Бестікке қарап) Біз сені танымадық қой? Сен кімсің?

  192. Бестік: Мені сендерге балалардың бесінші сыныпқа барардағы дайындығын тексер деп Білім ханшайымы жіберді. Менің қолымда тапсырмалар жазылған билеттер бар. Сендерден билеттердегі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларының орындалуын талап етем. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, бесінші сыныпқа даярлықтарыңды бақылаймын.

  193. 1 тапсырма

  194. Қазақстан Республикасының Әнұранының авторы кім?

  195. 2 тапсырма

  196. Қазақтың төл өнері – айтыс туралы білесіңдер ме?

  197. 3 тапсырма

  198. Домбыра қандай аспап?

  199. Оқушылар жауабы,

  200. Домбырада ән, күй орындалады.

  201. 4 тапсырма

  202. Қандай актерлік шеберліктерің бар?

  203. Оқушылар өздері даярлаған сахналық қойылымнан үзінді көрсетеді.

  204. 5 тапсырма

  205. Математикалық жұмбақ есептер шешкенді жақсы көресіңдер ме? Олай болса, шешіп көріңдер.

  206. 1 жұмбақ есеп

  207. Мұз айдында 700 бала,

  208. Асыр сап жүр сырғанап.

  209. Сырғанамай 200 бала,

  210. Жағалауда тұр қарап.

  211. Енді осы бар баланың санын айтып көріңдерші? (900 бала)

  212. 2 жұмбақ есеп

  213. Сен, мен және бізбен бірге өзің де барсың. Бәріміз нешеу болдық?

  214. 6 тапсырма

  215. Енді маған көрсететін қандай өнерлерің бар?

  216. Ән. «Ақылшы -мұғалім» Аягөз, Ділназ, Шұғыла

  217. Вальс

  218. Бестік: Рахмет сендерге, балалар! Өнерлі де шебер екенсіңдер. Мен Білім ханшайымына сендердің бесінші сыныпқа дайын екендеріңді айтып барамын.

  219. 1-жүргізуші:: Бестік, өзің байқағандай балалардың мол білімді екендіктеріне біз де қуанып тұрмыз. білімдерін әрі қарай толықтыра түссін деп білім кілтін табыстайық.

  220. Темірлан: Ақыл – ойларың, саналарың, білімдерің бұдан әрі толыға түссін.

  221. 3 сынып жауаптары (тақпақтары)

  222. Бестік: Дұрыс айтасыңдар. Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені, ол шәкіртінің көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады. Сондықтан да болар небір дарынды ойшылдар да, көк жүзін шарлаған ғарышкерлер де, жүрек жұтқан батырлар да, қарапайым еңбек адамдары да ұстаздарды пір тұтып, ерекше қадірлейді.

  223. Ұ – ұлағатты

  224. С – сабырлы

  225. Т – талантты

  226. А – ақылды

  227. З – зерделі

  228. Өнбойына осындай асыл қасиеттерді жинаған аяулы ұстаз атына кір келтірмейік!

  229. 1-жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды алғашқы ұстамызға білдіреміз

  230. 2- жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды мектебіміздің директоры Қалынов Мұхтар Қажыкенұлына, оқу ісінің орынбасары Коксимова Мария Сергалиевнаға, тәрбие ісінің орынбасары Садбекова Азия Нұрахметовнаға, музыка пәнінің мұғалімі Муфтиева Гүлназ Муратовнаға, өзін өзі және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Смаилова Жанерке Серикпековнаға, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қалынова Альбина Мұхтаровнаға білдіреміз.

  231. 1-жүргізуші: Ән мен биге басайық

  232. Өнерімізді көрсетіп,

  233. Құрметіне ұстаздың

  234. Әннен шашу шашайық.

  235. Ән «Күн сәулелі Қазақстан» Балаусаның орындауында

  236. Дина:

  237. Кім сендерді балалар, сүйетұғын

  238. Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

  239. Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай

  240. Анамыз ғой дамылсыз жүретұғын.

  241. Кім сендерді балалар, тербететін,

  242. Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.

  243. Жалқау болсақ, балалар, жаман болсақ,

  244. Анамыз ғой көз жасын көлдететін.

  245. «Бала өсті дегенше, батыр өсті десеңші,

  246. Батыр өнер білмесе, қапыл өсті десеңші»- дегендей, баланы өнер

  247. білімге баулуда ата-ананың еңбегі зор. Мектепте ұстаз, үйде ата-ана

  248. тәрбиелейді.

  249. 1-Жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.

  250. Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған –ата-ана. Құрметті ата-аналар келесі музыкалық сәлемдемелер сіздердің құрметтеріңізге.

  251. Ән «Анама»

  252. Би «Шарара»

  253. Ән «Сенің анаң алтын»

  254. «Көзімнің қарасы» Әлижан

  255. Дина ата – аналарға сұрақтар қояды.

  256. 1. Сіздің анаңыз балаларыңызға кім болады?

  257. 2. Бала дүниеге келген күні қандай той жасалады?

  258. 3. Балаңыздың туған күні қашан?

  259. 4. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні кім?

  260. 5. Екі қыздың баласы бір - біріне кім болады?

  261. 6. Балаңыздың парталас көршісі кім?

  262. 7. Балаңыз бірінші сыныпқа қашан барды?

  263. 8. Сіздің әкеңіз балаңызға кім болады?

  264. 9. Балаңыздың сүйікті асы не?

  265. 10. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

  266. 11. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

  267. 12. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

  268. 13. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

  269. Дина Өтті сенде қызық шағым,

  270. Бастауышым – балбұлағым.

  271. Қоштасар күн жетті міне,

  272. Қимастықпен қол бұлғаймын.

  273. Балалар, енді сендер орта буын есігін мол сеніммен ашып, өз өмірлеріңе жауапкершілікпен қарайтын қыз бен жігіт болдыңдар. Өмірлерің мағыналы да қызықты болсын!

  274. Құттықтау сөз кезегін алғашқы ұстазымыз бен ата – аналарымызға берейік.

  275. (Ұстаздары мен ата – аналары құттықтайды)

  1. Ұстаз тілегі:

  2. Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

  3. Сенімдердің айналыңдар серперіне.

  4. Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

  5. Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

  6. Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

  7. Аластайтын жаныңды күз көңілден.

  8. Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

  9. Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

  1. 1-жүргізуші: Бізді болашаққа не бастайды?
    Барлығы: Ұстаздың көрсеткен жолы, 
    Ата-ананың ақылы,
    Болашаққа деген берік сенім.

  2. Жүргізушілер:

  3. Ұмытпаймын жаныма,

  4. Білім нәрін еккенің.

  5. Барлығы бірге:

  6. Қош қымбатты ұстазым,

  7. Қош бастауыш мектебім!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Қош, Бастауыш - бастамам" тақырыбындағы бастауышпен қоштасу ертеңгілігі

Автор: Оразаева Сайран Кабыкеновна

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394316


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства