kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қанаттанды балапан шәкірт-түлегім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныппен қоштасу мерекесіне арналған сценарий

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қанаттанды балапан шәкірт-түлегім»

Тақырыбы: Қанаттанды балапан,шәкірт-түлегім.

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.
Барысы:
Мұғалім: Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Бүгінгі ертеңгілігіміз бастауышпен қоштасқалы отырған балаларымыздың тек бастауышпен ғана емес, бал балалық шағымен де қоштасар сәті деп есте қалсын деп ертегі желісінде өткізгенді жөн көріп отырмыз. Ендеше ертегімізді бастайық.

Мұғалім: Ерте, ерте ерте ме екен, әлде қазір ме екен «Ақсуат орта мектебі патшалығы» атты кішкентай ел болған екен. Бұл патшалықтың басқа патшалықтан бір ерекшелігі айнала әсем гүлдер, көк, жасыл ағаштар жайқалып патшалыққа ерекше бір сән беріп тұрады екен. Келген жанның жасыл орманының сұлулығына көздері тоймайды екен. Бір ғасырдан астам бұл патшалықта өмір сүріп келе жатқан әр ұлт тұрғындары сондай ақылды, білімді, өнерлі болады екен. Ол патшалыққа жамандық атаулы мүлде жоламаған екен, себебі бұл патшалықта әр ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүреді екен. Бұл патшалықты бір ғасыр бойы хандар басқарып келген. Ол патшалық екі хандыққа бөлініпті. Бірі «Бастауыш хандығы», екіншісі «Орта буын хандығы» екен. Ол екі хандық тату қарым - қатынаста тұрған екен. Ең кіші «Бастауыш» хандығында кішкене бүлдіршіндер өмір сүріпті. Тәп - тәтті бүлдіршіндер кез келген мейманды тәтті қылықтарымен баурап алады екен. Оны патшалықтың ауласында жайқалып өсіп тұратын гүлдердің бірін Ақбөпе есімді ханшайым басқарады екен. Ал екінші «Орта буын» патшалығын Альфия есімді ханым басқарыпты. Сонымен уақыт өте келе 10 жасқа толған «балбұлақтықтар» көрші «Орта буын» хандығына өтеді. Осындай күн 2015 жылы «Бастауыш хандығының» табалдырығын аттаған, 10 - ға толған 4 сыныбының тұрғындарының басына да жеткен екен. Сөйтіп олар «Орта буынға» жол тартыпты. (Слайдтан бастауыш мектептен шығып келе жатқан оқушылар көрсетіледі.)

Мұғалім: Сонымен 2015 жылғы «Бастауыш хандығының» түлектері жақындап қалған екен, қарсы алайық.
(Ортаға 4 сынып оқушылары шығады.)
Мұғалім: Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген бір мұрат - дегендей, мұны көру де бір бақыт деп ойлаймын. Сіздердің алдарыңызда тұрған мына бүлдіршіндер, 4 - ші сынып оқушылары осыдан төрт жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірттер бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Мұғалім:. Балалар бүгінгі мерекемізге екі хандықтың хашайымдары да келіп қалыпты ғой.



«Бастауыш хандығының» ханымы:- Ханым, менің хандығымнан тағы бір қарлығаштарым ұшқалы отыр. Ақ батамды тілеп, сенің хандығыңа өткелі отырған бүлдіршіндерім 2011 жылы тарыдай болып патшалық табалдырығын аттаған кішкене бүлдіршіндер, бүгін міне ақыл – ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырата алатын шәкірт болды.

«Орта буын хандығының» ханымы: Е, ханым, уақыт деген сиқыршы ғой! Міне көзді ашып – жұмғанша кешегі кішкене бүлдіршіндер де есейген екен.

«Бастауыш хандығының» ханымы:- Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Балдырғандар өміріне өшпес із қалдырған бастауыш хандығымен қоштасып, ханым өзіңнің қанатыңның астына барғалы отыр.

«Орта буын хандығының» ханымы: Сенің хандығыңнан менің хандығыма өтетін балдырғандарға өте разымын. Десек те, сен білесің, менің хандығыма өту оңай емес. Мен хандығыма өнерлі, білімді шығармашыл балаларды қабылдаймын.
«Бастауыш хандығының» ханымы:- Ханым, жылдағы дәстүрді бұзбағым жоқ! Ендеше сол балалардың өнері мен білімін көрсетер сәт те келген екен. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына, балдырғандарымыз өз өнерлерін көрсетуге дайын. Міне, менің патшалығымның ұшқалы отырған мақтаныштары. Сынақты бастасақ бастайық.
/Балдырғандар келеді/
«Орта буын хандығының» ханымы:- Көріктеріне ақылдары сай, тамаша балдырғандар екен. Бастауыш патшалығында 4 жыл бойы жетістіктерге жетіп жүрген балдырғандар бар ма?
«Бастауыш хандығының» ханымы:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларын
Көрсетеді бүгін міне ортада

Ал енді бастауыштан ұшқалы отырған түлектерге сөз берейік, ұстаздарына айтар тілектері бар шығар.

Ақбөпе: Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

 

Аян: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

 

Камшат:: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!


Мөлдір:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Ән «Аяулы мектебім»


*Біз бүгін 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан,

*Әліппені ең алғаш қолға ұстатқан,

*оқу менен жазуға үйреткен,

*оңымыз бен солымызды танытқан,

*Жақсыдан үйренуге,жаманнан жиренуге баулыған,

* өмірде жол табуға жол сілтеген,

*көзімізді ашып,көкірегімізді оятқан ардақты да аяулы ұстазымызбен,

*білімнің ірге тасын қалаған ,ой санамызды дамытқан,

* білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш мектебімізбен

Қоштасқалы отырмыз.

1. Алғашқы қоңырау дауысы,алғашқы ұстаз,қолыма алғаш ұстаған құдіретті Әліппем!


2. Дәптердің жазылмаған таза бетіндей сәби көңіл,балалық жас дәурен.


3.2011 жылдың 1-қыркүйегі. Бұл күні алғашқы қоңыраудың соғылғаны мәңгі есімізде.


4.Жоқ,жоқ, біз тіпті есейіп кеткен жоқпыз. Бұл біздің 4 жыл бұрынғы балалық шағымызға саяхат.


Шаттанамын,мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсініп,мақтанамын.

Осы сырды үйреткен 4-ші сыныбым,

Түстей болып,міне,артта қалдың.


Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп өскен бүгін ойымызға.

Қош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға!


Білім деген қауыздан гүл ашылған
Оған керек таусылмайтын көп шыдам.
Бар білімнің, бар ілімнің атасы
Бастау алар бастауыш сатысынан

Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз – ана жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Білім бар білім десең баста піскен
Қолда оқулық бәрі де тасқа түскен.
4 жыл бойы саялы мекен еткен
Қоштасайық енді біз бастауышпен.

Бастауыш бұнда өткен бала шағың,
Соқпай кетпес бұл жерге қаласа кім?
Еліміздің әу бастан–ақ дайындауда
Саналы азаматын, болашағын.


Қағылды міне, әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы қоңырау.
Қалайша 4 жыл тез өтіп кеткен
Шындық па осы, япыр-ау !



Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасатын күн келді бастауышпен.


Бастауышты халық та дәріптеген
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.

Мектебім- білім бере алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.



Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя,ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.


Ән « Мектебім,аяулы мектебім» »


Көрініс «Пәндер айтысы»


Математика: Достар,жүріңдер, Ғылымға барып ақыл-кеңес алып, даудың төрелігін сұралық.


Ғылым: Бұл не айқай, бұл не шу?


Математика:/ тізерлеп,амандасып,қолын көкірек тұсына қойып:/

Ғылым,біз,пәндер,сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік


Ғ: ендеше,баяндаңдар


М. Қымбатты мәртебелім,өмірде менің орным ерекше.Өйткені. Адам баласына керегі мен.Мен есеп болмасам,адамдар сағатты,сауданы,жерді, т.б. ғылымдар есебін қалай есептей алады.


Ана тілі: Жоқ,мәртебелі Ғылым ,адам баласы Ана тілі болмаса,тіл қоры,тіл байлығы болмас еді,сөйлеу,тілдесу мәнін білмес еді.


Қазақ тілі: Қазақ тілі болмаса дауысты ,дауыссыз дыбыыстарды айыра алмас еді. Қазақ тілінде қанша әріп бар екенін де білмес еді.Буын,жұрнақты ажырата алмас еді.Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді


Орыс тілі; Ғылым тақсыр.менің айтар датым бар.Орыс тілі болмаса,ол қалайша үш тұғырлы тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласысөз мәтінін аударып,ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?


Дүниетану: Ал мен арқылы адамзат баласы таза ауада демалып,денсаулығын нығайтып.табиғат аясында тынығып,салауатты өмір салтын құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін.Менсіз сіздердің күндеріңіз не болмақ?


Дене тәрбиесі:(спорттық қимыл көрсетіп): қымбатты достар,барлықтарыңның сөздерін тыңдап мен бір ойға қалдым.Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін ең алдымен дене қозғалысы,шымырлы болу керек қой.


Ғылым: Өзін-өзі тану сен неге үндемейсің?



Өзін-өзі тану: Мен достарымның сөзін естіп қайран қалып тұрмын.Ақыры бір-бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырлықпен әдеп сақтап тұрған жайым бар.Олай болса,адам баласына тазалық,әдептіілік,мәдениетті сөйлеу,сыпайы,тәртіпті қадағалайтын өзін-өзі тану арқылы өзгеге үлгі болуға мүмкінідік бар деп сөзімді қорытамын.


Ғылым:Барлықтарыңның жауаптарыңды тыңдадым.десек те өмірде адам баласына әрқайсысыңның керекті екендеріңді ескертемін.Адамдар таза ауада тынығады,дене үнемі қозғалыста болуы шарт, үш тілді меңгеру арқылы шет елдерге іс-сапарда болады, білімдерін шыңдайды, есеп арқылы қазына қорын молайтады,өз бойынамәдениетті қалыптастыру арқылы рухани мәдениетті қалыптастырады. Бәріңіз де бір-біріңмен тығыз байланысты ғылымсыңдар.Сондықтан: «біріміз-бәріміз үшін,бәріміз –біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп,татулықпен тарқасайық,достар!

Бәрі: «Біріміз бәріміз үшін,бәріміз біріміз үшін!»

Ән «Астана»

Көрініс.

Рахат: Аян, мен ұстаз туралы шығарма жаздым мына-а-дай!

Аян: Сәл,түссейші.

Рахат: Мынадай енді

Аян: Әлі де түссейші

Рахат: Мынау енді Көп нәрсе жазғым келіп еді.Ұстазым туралы терең ойға батып отырғанда байқамай да қалыппын.Уақыт,шіркін, неткен жүйрік едің! Ұстазға арнап шығарған өлеңімді бар.Тыңда,достым!

Кемшілікті кезінде Көңілімнің хошы-ай,

Кесіп айтар өзіңе. Көп шәкірттің досындай.

Өнеге мол өзіңде, Ақ ниетті,кеңпейіл,

Өсиет көп өзіңде. Біздің апай осындай!

Аян: Иә,Ұстаз туралы қанша жазсаң да,қанша жырласаң да артық емес.Өйткені,ол-Ұстаз-Ана.

Рахат: Батыр Бауыржан атамыз: « Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.

Аян,саған бір сұрақ қояйын деп едім. Адамға ақыл беретін кімдер?

Аян: Ана тілі ғой ақыл беретін.

Рахат: Жоқ,бір данышпан қария былай деп жауап берген екен.Адамға ақыл беретін өнегелі ата-ана,ұлағатты ұстаз,адал дос.Ата-ана үнемі баласына ақылын айтады, ұстаз шәкіртін жақсылыққа тәрбиелейді.. Достық көзі ақылдан басталады. Ақылды болайық,достым!

Достар, сендер ұстазға қандай тілек айтар едіңдер!

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып , мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.





О,Ұстаз,неткен мықты,төзімдісің,

Қол бастаған батырдың дәл өзісің.

Шарашасаң да сездірмей ,күлімдейсің.

Шәкірттерім білім алсын,білсің дейсің.


Шәкірттер,сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады.


Ән « Ұстазға мың тағзым»


Аян: Иә,осыдан 4 жыл бұрын 6 жастағы сәби-бала едік,сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Рахат: Енді,міне,сауатымызды ашып,білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.Үлкен жігіт болып есейдік.

Аян: Рахат,осы 4 жыл бойы нені үйрендік?

Рахат: Оқуды,жазуды,есеп шығаруды,ән айтуды,би билеуді.

Аян: Ақбөпе сен не айтар едің?

Ақбөпе: Үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды,жерімізге,елімізге жақсылық жасауды.

Аян: Альфия, сен не айтар едің?

Альфия: Халқымыздың әдеп-ғұрпын ,салт-дәстүрін сақтауды.

Аян: Жарайсыңдар, достарым,дұрыс айтасыңдар.

Аян: Біз нені сүйеміз?

Отанды,ата-ананы,халқымызды,достарымызды,табиғатты,ел байлығын,

Бәрі: ұстаздарымыз бен алтын ұя мектебімізді.

Рахат:

Үлкен адам болсыншы деп жан-жақты,

Үлпілдетіп балапандай самғатты.

Мейіріммен мәпелеген кім бізді?

Бәрі: Ата-ана ғой жетелеген біздерді.


Ата-анаға қарызбын, Бала,бала,бала деп,

Маған өмір сыйлаған. Бар өмірін арнаған.

Бала қамын ойлаған, Жанұясы жарасқан,

Бар ма сіздей сыйлы адам? Бар ма сіздей арлы адам?


Айналайын әкемменің қорғаным,

Сіз арқылы бақытты өмір орнады.

Сіз арқылы аман-есен ержетіп,

Сіз арқылы білімді адам болғаным.


Жаным әке,бәйтерегім саялы,

Тамырланып жапырағын жаяды.

Өзің барда еркелеймін өмірге,

Арқасында алақаныңныңт аялы.


Арқа сүйер асқар тауым әкемсің,

Саған балаң бақыт ылғи әкелсін.

Еңбек еткен бала үшін аянбай,

Аман жүрші айналайын әкешім!


Жаным әке,сен мен үшін пірімсің,

Айтылатын әсем әуен,жырымсың.

Өзің барда қысылмаймын ешқашан,

Мейірімді шуағымсың,күнімсің!

ән «Асыл әке»

Ананың балаларға арнауы

Жақсы болса балалар,

Қуанамыз әрдайым.

Жүректерден шыққан сендерге,

Балам,өмір гүлімсің,

Жарық сәуле күнімсің.

Сендер үшін ата-анаң

Бірі-бәйтерек,бірі-шың.


Сендер ,балалар, өмірім Бауыр етім балам деп,

Сөйлейін бүгін төгіліп. Өмір сүріп келеміз.

Ұл-қызым жетіп қалды деп, Үміттерді ақтайды деп,

Алаңдайды көңілім. Сендерге мен сенемін.


Бала: Жаным ана, жаутаңдаған жанарың,

Тыным таппай жеткіздің-ау баланы

«Әжімденіп ақ жүзіңіз қалған ба?»

Деп ойлана мен анама қарадым.


Балалардан аямадың барыңды,

Аналары әркімге де қадірлі.

Артық адам жоқ қой сірә,өзіңнен,

Көңілі кең,жүрегі жұмсақ,жаны ізгі.

Монолог «Ана /Б.Бұлқышев/


Ұлың өсіп ер жетті жігіт болып,

Қызың өсіп бой жетті үміт болып.

Мың алғыс ата-анаға біз арнаймыз,

Өнерлі боп өстік біз ақыл толып.

,

Ата-ана,бақытымсың,барымсың,

Тірегімсіің,сүйенішім,арымсың.

Жалғасындай ата-ананың балалар,

Жақсы атымен бар әлемге танылсын.


Ән «Әке,ана»


Орта буын ханшайымы: Ұстаздарыңыз да,өздерің де де толқып тұр екенсіңдер.Қандай тамаша! Бастауыш мектеп хандығы-қандай керемет !Бірін-бірі ерекше құрметтейтін ұстазы мен шәкірттері қандай бақытты.Бүгінгі түлектер,бойларыңызда әдептілік те, өнер,білім де жарасым тауып тұр екен. Ризамын сендерге.Бұл хандықтың ұстаздары , еңбектеріңіз ерен екеніне көзім жетті.Бұл хандық киелі деп түсінемін. Бүгіннен бастап мен сіздерді өз хандығыма қуана-қуана қабылдаймын.


Бастауыш Ханымы: Қымбатты менің бастауыштан қанаттанған түлектерім!

Сіздер болашақта мектеп деген үлкен шаһардың тұрғыны боласыздар.Ұстаздарды құрметтейтін адал оқушы бола біліңіздер! Сендерге сенім артамыз.


Түлек: Ұстаз сенімін ақтаймыз!


Мұғалім: Иә,шынымен де бұл киелі патшалық . Бұл патшалықтан ғылым иесі де,ел қорғаған батыр да,көкті шарлаған ғарышкер де,ақын да алғашқы ұстаздан білім алған.Кішкентай сәби жүрегін баурап,одан түсінігі мол шәкірт жасау үшін ұстаз қанша тер төгеді десеңізші.

Алғашқы ұстаз еңбек ететін бастауыш мектеп,сені киелі демеске бола ма?


Асыл арман мен ұшқыр қиял адамды сан тарапқа жетелейді. Осы қанаттанып отырған Шәкірттерім ойлағаныңа қол жеткізе алатын,тамаша мүмкіндіктерді пайдалана білетін,өз қажетіне жарататын, өмірден өз орнын айнымай тапқан жандар болса деп мен де армандаймын.Осы арманымызды «Арман құсы» деп аталатын бимен көрсеткіміз келді.


Би «Арман құсы»

Ән «Егемен Қазақстан»

Би «Саржайлау»

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.



Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап біліммен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.



 Мен үшін бәрі бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.



Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.



Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Болашағыңа мен нық сенімдемін.



Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне, 
Сенімдердің айналыңдар серперіне. 
Ұстаздық ақ жүрекпен мен тілеймін, 
Тек – сәттілік шәкірттерім ертеңіңе. 

Ән «»Балдәурен




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Қанаттанды балапан шәкірт-түлегім

Автор: Жумагулова Гульмира Сейтбековна

Дата: 09.02.2017

Номер свидетельства: 389805


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства