Просмотр содержимого документа
««?ыздар! К?ктем г?лі - 2016»»
Жамбыл облысы Шу ауданы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Якубова Гүлнара Харсановна
«Қыздар! Көктем гүлі - 2016»
жүргізуші: Армысыздар бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер, бүгінгі «Қыздар! Көктем гүлі - 2016» атты аруларымыздың байқауына хош келдіңіздер!
Байқаудың мақсыты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналағын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік – әдемілігімен, сұлулығына тәу ету.
жүргізуші:
Тауып бір әйел – әлем бар тілдерін,
Бақытпен астастырып әр күндерін
Босатып қара жердің тұла бойын,
Келдің бе, сегізінші наурыз күнім
жүргізуші:
Бүгін той құрметтейтін әлем халқы,
Аналар күнін- елдің салтын.
Көк байрақ төбемізде тұр желбіреп,
Шарықтап еркіндіктің өскен нарқын.
жүргізуші:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой.
Ән – жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
2 – жүргізуші:
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз.
Балалар, дүниедегі ең асыл жан кім?
Сендерді үнемі қорғап, жақсы көретін кім?
Еркелетіп, қызықтарың мен бұзықтарыңды көтеретін кім?
Бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі)
Хормен: Құрметті әжелер, аяулы аналар мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз!
1 – жүргізуші:
Гүл – гүл жайнай береміз,
Кіреді біздің сәніміз
Аналарды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз! (бәрі)
Ән: «Анашым»
Ілияс:
Әлпештеген баласын
Ана – бақыт, ана – күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер Анасын
Бәрінен де жақын маған
Бәрінен де ақылды анам
Күндей күліп жүре берсін
Айналайын, асыл анам!
Ердәулет:
Бойға қуат береді,
Айналайын дегені
Мен анамнан үнемі
Соны естігім келеді
Ана деген не деген
Кең пейілді жан еді
Алғыс алып анамынан
Бақыт тапқым келеді.
Димаш:
Алтын анам, анашым, асыл анам,
Мен қалай сезімімді жасыра алам
Жасыңда қалай сұлу, әдемі едің
Ағарған ой салады шашың маған
Анашым, мәңгі шебер ақ бесігім
Жүрегімде мәңгілік жатты есімің
Нариман:
Маған жарық сыйлаған кім? – Анам
Жылатуға қимаған кім? – Анам
Жөргегімді ауыстырып, құндақтап,
Мен жанын қинаған кім – Анам
Мен ауырсам жүдеген кім? – Анам
Күдігі тез үдеген кім? – Анам
Азамат боп қосылғанша қатарға,
Тілегімді тілеген кім? – Анам.
Дидар:
Қателессем кешірген кім? – Анам
Анамдағы махаббатқа нанам
Ең бірінші ана керек балаға
Ақ аналар, жүріңдерші аман
Сыйласам ба барша гүлін даланың
Сыйласам ба бар жақсысын тағамның
Намысты ұл ұятты қыз өсірген
Бәрі асыл, бәрі батыр анамның
Аслан:
Анашым, тілеуімді тілеп жүрген
Аумайсың жарығы мол ашық күннен
Бүгін сіз шаршасаңыз біздер үшін
Әр балаң өсер ертең болып жүлдең
Хор: «Құттықтаймын мама»
ІІ бөлім
жүргізуші:
Арулар аяулылар, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ бұлар.
Арулар тіршілікке күре тамыр
Өмірді бір – біріне жалғап тұрар.
жүргізуші:
Сұлулыққа қарап көз тоймайды,
Сұлулыққа өзін – өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгін сөз,
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы
жүргізуші:
Ананың құтты болсын, мерей тойы
Бүгінгі айтылатын көптің ойы.
Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда,
Ауылымның арта берсін абыройы.
жүргізуші:
Той пердесін ашайық,
Жырдан шашу шашайық.
Аруларды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Ән: «Арулар» Аралбай Шолпан
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз,
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген
Тіл байланып қалатындай көрінген
Сұлулықты соған ғана берген бе?
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде –
дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен аруларымызды ортаға шақырамыз.
№1 Аралбай Айман
№2 Сайлаубек Аяулым
№3 Акпар Назым
№4 Құдайберді Замира
№5 Әділхан Аружан
№6 Әскер Ақбота
№7 Тоқтар Нұрай
Әділдікпен баға берер аруға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Алқасын қазылардың біз сайладық
«Көктем гүл» аруды талдап бүгін алуға
Бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныстыру.
Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
1. Сәлемдесу немесе өздерін таныстыру.
2.Мәнерлеп «Ана» туралы өлең оқу.
Өз өнерін көрсету.
Сұрақ – жауап.
Қол өнері (түйме қадау, ою ою)
Сән үлгісі (Жарамсыз заттардан)
І.Баурап алар бір – ақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы – ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- деп байқауымыздың 1- бөлімі «Сәлемдесу» бойынша аруларымыз өзін – өзітаныстыруына рұқсат берейік.
ІІ.Мәнерлеп өлең оқу.
ІІІ.Өнері өрге жүзер талаптының,
Талантты талмай ұшар қанаттының.
Әлди әкен әлемі өнар аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының.-деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
ІV.Білім құйған бойына,
Қанын өмір жайына.
Салт- дәстүрдің әр сөзін
Сақтап жүрген ойына. «Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
V.Сырмақ ойып текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
Шеше көрген тон пішер дегені рас,
Аруларымыз шебер қолға араласқан.
«Қол өнері» Түйме қадау жене ою ою.
VІ.Қазақ қызы тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал
Ай секілді асқақ ару арайлы. «Сән үлгісі»
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрі
Зерделі ой, зейінді келіп сынар.
Әділқазыларға сөз беру.
Сұлулықтың дүниеде барын қарап,
Аққайың да ұрлана таңырқамақ.
Пай – пай шіркін, қыздардың құдіреті – ай!
Ес еркіңді әкеткен барымталап.
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздар! Көктем гүлі - 2016» байқауы өз мәресіне де жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз гүлге толы болсын – дей отырып, бүгінгі байқауымызды аяқтаймыз.