Просмотр содержимого документа
«??старды ?ор?айы? »
Қүстар – біздің досымыз
Мақсаты:1. Оқушыларға құстардың пайдасы туралы малғұмат беру
2. Құстардың түрлі , тіршілігі туралы білімдерін дамыту, ата- бабамыздың құстарды қалай қастерлеп құрметтегені туралы айтып , ой- өрістерін дамыту.
3. Оқушыларғ экалогиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғау ,ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Әдісі: әдеби- монтаж, түсіндіру,ойын
Сабақ барысы:
Кіріспе бөлім (психологиялық дайындық)
Жаңбыр, жаңбыр , жауасын,
Жанымызға дауасын,
Біз ойынайтын ауланың,
Тазартасың ауасын.
Ендеше сол ауамен дем алып көрейік (балалар тыныс алу жаттығуын жасайды )
Құрметті ұстаздар, оқушылар .Хош келіңіздер! Сіздерді көнілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз! «Құстар – біздің досымыз!» атты ашық тәрбие сағатымызды тамашалауға шақырамыз .
Енді сөз жұмбақ шешеміз , ол үшін мына жұмбақтардың жауабын табу керек.
1)Биікте ұшып жүреді ,
Түлкі, қоян бүреді,
Қия таста ұясы
Бұл құсты кім біліді? (Бүркіт)
2)Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ. (Қарға)
3) Ақ сарайын талқандап ,
Шықты біреу талтаңдап. (Балапан)
4) Алмас- алмас күшті аңды ,
Аулар- аулар тышқанды. (Ителгі)
5)Айдын судың түлегі ,
Шабақ іліп жүреді .(Шағала)
6)Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып. (Тырналар)
7) Көктемде ерте келетін,
Біз ұя жасап беретін.
Ол қандай құс балалар? (Қараторғай)
Соңымен сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты?
- Табиғат
- Балалар «Табиғат» дегенді сендердің ойларына не келеді ? Қане , тақтаға жазайық.
жер
Табиғат су
орман
құстар
адам
аңдар
өсімдік
Табиғатты құрайтын жанды тіршілік иесінің бірі құстар. Құстар табиғаттың әдемі әнімен сәні.
Табиғат , қандай сұлу,қандай көркем
Мамырда жасанады гүлдеп ертең.
Сылдырлап бұлақ ағып сай-саладан,
Ағаштар жапырақ жайып, қыр көгерген.
2Мұғамім: Табиғат- халық қазынасы .Адамның бар тіршілігі табиғатқа байланысты , күш- қуатты, бар игілік пен жақсалықты ол табиғаттан алынады.
Көктем айларын атандар (Наурыз, сәуір, мамыр)
Көктем мезгілінің ерешелігі қандай?
Көктем -жер
мал төлдейді
қар ериді
құстар оралады
ағаштар бүр жарады
күн ұзарады
күн жылынады
2-оқушы.
Келіпті көктем,
Көрікті неткен!
Тал бүрлеп өскен,
Күн нұрын төккен.
Мұғалім: Көктем мезгілінде айналаның бәрі әсем гүлге толы, ағаштардың бүтақтары бүршік ашып, ауа райы күрт өзгеріп, дала жайнай түседі . Олай болса тәрбие сағатымызды «Көктем» әнімен бастайық.
Сахнаға Коктем шығады.
Көктем (залға қарап бас иіп)
Сәлем, достар аман ба,
Мынау бейбіт заманда.
Шат- шадыман көктеммін,
Шаттық болсын заманда.
Ән құрадым гүлімен,
Қуантамын бәріңді,
Құт – береке күніммен.
Хор: Сәлем елдің көктемі
Әлем енді көктеді.
Құрметпенен бас идік ,
Құстарына көктемгі.
Көктем: Рахмет ,балалар,
Сендерде ой- сана бар.
Бау- бақшаның дұшпанын,
Бастырмады құстарым.
Кербез құстар әнімен
Келді міне сәнімен- әдемі құстарды қарсы алайық.
1.Қарлығаш: (Гүлім)
Қарлығашпын,
Мен адамның тұрағын ,
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй-ішін
Санитармын төселген.
Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді деп ғалымдар зерттеген.Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп- қатерден қорғап жүреді.
Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
2.Торғай: (Дильназ)
Мен торғаймын, торғаймын
Көк аспанда шарлаймын.
Жерге бекер қонбаймын,
Суықтанда тоңбаймын.
Құрт- құмырсқа , шеркейден,
Бау – бақшаны қорғаймын.
Үйіміздің қасындағы кіп- кішкентай торғай бір жылда 4 миллионға жуық зиянды құрттарды жейді.
3.Тоқылдақ.(Құдайберген)
Құртты іздеп інінеі,
Қарғайды үңгінен.
Тоқылдақ құс дәрігер,
Қашанда ол әбігер.
Тоқылдақты- халық орман емшісідеп атайды. Ол өз тұмсығымен ағаш қабығының астынан зиянды құрт- құмырсқаны оңай табады.Бір тәулікте 200- ден астам зиянкестің көзін жояды.
4.Бұлбұл: (Айнагүл)
Мен еркін бақытты бұлбұлмын,
Бұлағын тасытқан ән- жырдың.
Тамаша тамылжыл шырқаймын
Шаттығын тауыса алмай әр күннің.
Бұлбұл- жылы құс . Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге,шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Әнші құстар ретінде эстетикалық маңызы бар.
5. Аққу: (Айнұр)
Құс сұлу аққумын,
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген,
Атуға көзі қимаған.
Сұлулықты паш етіп,
Жырлаған талай ақындар.
Нәзік үнді, көл көркі,
Құс патшасы мен болам.
Аққу қорғауға алынбаған жыл құсы.Аққу 30-40 жыл өмір сүреді.Көз тоймайтын сұлу құс.Халық аңызына сүйенсек , жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген , адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс.Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Көгершін Ұшып келеді (Айгера)
Сәлеметсіңдер ме , балалар,
Бейбітшілік құсы – менмін көгершін.
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін,
Аспан тұнық , шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін.
Мен аспанда ұшып жүріп, сендерді көріп, қонаққа келдім.Мен сендерге босқа келген жоқпын , сендердің білімдеріңді тексерейін деп келдім. Мына менің аузыма тістеген себеттің ішінде жұмыртқалар бар, сол жұмыртқаны жарып ашсаңдар сендерге арналған тапсырмалар бар.
тапсырма: Балалар сендер құстар туралы қандай ойын білесіндер?Кәне атандаршы? «Ұшты,ұшты», «Мысық пен торғай», «Аққу- қаздар» , «Үкі мен құстар».
тапсырма: Мен сендерге бір ойын алып келдім . «Қалай айтуды білемін» деген. Құстың атын айтқанда оның дауысын дұрыс сипаттап беру керек.
Аққу сұнқылдайды
Қаз қанқылдайды
Қарға қарқылдайды
Тырна тыраулайды
Торғай шырылдайды
Сауысқан шықылықтайды
Үйрек барылдайды.
тапсырма
№1.
Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп,
Жүзгенде көлдің сәні өзі ? (Аққу)
№2. Қайталап атымды,
Көктемде ән саламын.
Кез келген ұяға
Жұмыртқа табамын. (Көкек)
№3.Көктемде ерте келетін ,
Үйімізге енетін,
Саздан соғып ұя істеп,
Балапанға беретін.
Бұл қай құс балалар ,
Өзіміз жақсы көретін? (Қарлығаш)
№4.Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды ? (жапалақ)
№5.Дамылсыз барабан қағады,
Сол жерде тамағын табады . (Тоқылдақ)
№5. Өзі сақ , өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды .
Құйрығы ұзын , өзі ала,
Бұл қандай құс ? (Сауысқан)
№.6 Ауылдық жердің «сағаты»,
Таусылар таңда тағаты.
Бұрауды керек етпейді,
Құлақтан дауысы кетпейді.(Әтеш)
№7. Сөз үйретсең қайталайды,
Өздігінен айта алмайды .(Тоты)
№4 тапсырма Құстың суретің салу
Мұғалімнің сөзі: с журнала
Мұғалімнің сөзі:
Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан- ақ түсініп, оны өзінң тұрмыс – тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген ,құстар ақылы ауа райын болжаған. Енді солардың біразына тоқталып кетейік.
Тырналар тым төмен ұша , ұзамай күн суытады,ал жоғары самғап бара жатса, күн ұзақ болады кеш қайтса, қыс жылы болады.
Бозторғай ән салса , күн ашық болады .
Торғай шанға аунаса, жаңбыр жауады.
Сары шымшық ысқырса , шынымен күз болады.
Үйрек бір аяғымен тұрып басын қанатыңың астына тықса, аяз болады,.
Қарлығаш жоғары ұшса , күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны ьлоадды№
Жаңбыр жауарда қарғалар у- да шу болады.
Шымшық ұя салса , қыс қатты болады.
Халқымыз құстар арқылы түсті жорып , болашақты болжаған.
1.Түсіне қарлығаш кірсе , бақытқа кенелесі.
2. Түсінде көгеншін көрсен , онда өңінде оның ісі оңғарылады.
3.Түсіне қараторғай кірсе,онда ол оңінде қуанышқа бөлінесін.
4.Егер түсіне қаз кірсе, онда өңінде оның азық- түлік қоры көбейеді.
Сұрақ:Табиғаттқы қорғауға байланысты қазақтың қандай тыйым сөздерін білесіңдер?
Құтың ұясын бұзба
Жасыл шөпті жұлма
Аққуды атпа
Суды лайлама
Құмырсқаның илеуін бұзба !
Бұлақ басын ластама
Құстың жұмыртқасын жарма
Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығын өтейді.
Викторина сұрақтары:
1.Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (бүркіт)
2.Қандай құс хат тасушы атанған?(көгершін)
3.Қандай құс ұя салмайды ?(көкек)
4.Басында тарағы бар, бірақ шашын татай алмайсын?(Әтеш)
5.Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды ?(қарлығаш)
6.Құстың негізгі мекені?(ұя)
7.Қазақстанда құстардың неше түрі бар? (500)
- Балала , соншама алыс жерден , қиын қатерлі жолдарды артқа қалдырып , зорға жеткен құстарға қалай көмек көрсетуіміз керек?
Қорытынды.
Хормен :
Құстарды біз атпаймыз,
Бар тіріні мәпелеп,
Табиғатты сақтаймыз!
Табиғатты сүйе біліңдер!
Қанатты құстарды қорғай біліңдер! Балапандарына тимей , тіршілік етуіне мүмкіндік жасандар. «Құстар – біздің досымыз» екенін естеріңнен шығармаңдар!