kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош, с?йікті ?ліппем!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: 1. О?ушылар?а «?ліппе», «ана тілі» о?улы?тарыны? ма?ызын т?сіндіру. 2. Ата-аналар?а балаларды? 3-4 айда ?андай білім мен білік игергенін іс-ж?зінде к?рсету. 3. О?ушыларды? эстетикалы? тал?амын ?ластыра т?су.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош, с?йікті ?ліппем! »

Тақырыбы: Қош, сүйікті Әліппем!

Мақсаты: 1. Оқушыларға «әліппе», «ана тілі» оқулықтарының маңызын

түсіндіру.

2. Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім мен білік

игергенін іс-жүзінде көрсету.

3. Оқушылардың эстетикалық талғамын ұластыра түсу.

Көрнекі құралдар: «әліппе», «ана тілі» оқулықтары, қанатты сөздер, шарлар.

Негізгі бағыттары:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Әдеби-музыкалық монтаж.

3. Құттықтау бөлімі.

Барысы:

  1. Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата-аналар, оқушылар! Тәуелсіздік алып етек – жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ.

Бұл той бүлдіршіндердің тұңғыш тойы. Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, азаматтық борыштарының алғашқы белесінен асып, тағыда бір жасқа есейіп отыр. Тойларыңыз тойға ұлассын!

Қазір осы уақытқа дейін алған білімдерін көрсетіп, әнмен, өлеңмен өнерлерін ортаға салады.

«Қош, сүйікті Әліппем!» ертеңгілігін ашуға рұқсат етіңіздер.

Сынып оқушылары әдемі бимен сыныпқа енеді.

-Қарсы алайық, әдемі де ару қыздарымыз!

-Қарсы алайық, ер жігіт сұлтандарымыз!

Әдеби-музыкалық монтаж

1. Бүгін біз үшін қуанышты күн. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітіріп қоштасқалы тұрмыз.

2. Армысыздар мұғалімдер – әз жандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

3. Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр толар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

4. Өтті оқу сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат Оқулықпен достассақ, Әліппемен қоштаспақ. Өсті, білім бойымыз, Құтты болсын тойымыз.

5. Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені» Қызығып қарай бердім әріптерді, Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың, Ұстазым маған кілтін алып берді.

6. Бүгінгі қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

Мұғалім: Балалар мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.

Іші толған әріпке, Білімдіге жарық не?

Оқушылар: Болашаққа жол ашқан, Ол – сүйікті Әліппем!

Мұғалім: Олай болса, бәрімізге қымбат дос «әліппені» ортаға шақырайық!

Оқушылар: Әліппе, әліппе, әліппе!

Әліппе: Сәлем, балалар!

Оқушылар: Сәлем, сүйікті Әліппе!

Әліппе: Армысыздар, жас достар!

Армысыңдар, жас достар!

Болашаққа жол бастар.

«Әліппең» келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Өлең « Әліппе, әліппе» (сынып орындауында)

7. Біз енді өзіміз – ақ кез – келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи аламыз.

8. Әліппем, менің әліппем! А деген бастап әріптен Сөз құрап, жаза бастадым, Тақылдап, таңба танып мен.

9. Үйретті бізге Әліппе 42 дербес әріпке, Сөз, сөйлем құрап әріптен Лайық болдық дәріпке.

10. А – ны айытқанда дауысым дірілдейді, Ұстазым көз алдымда күлімдейді. Күн сайын әріптердің атын біліп Сөз оқимын айырып, буынды енді.

Би: «Қамажай»

11. Бізді үйреткен білімге жалықпастан, Рақмет ұстазыма көзімді ашқан. Біз шәкірт, біз – Отанның блашағы, Білімнің басқышына қадам басқан.

12. Ыстық әр бір беттерін,

Жазуыңды ұғамын.

Ақыл бердің Әліппе

Ақылды сен мұғалім!

13. Үйретіп жазудың да өрнектерін,

Ойымды әліппе мен тербеткенмін.

Зор қуаныш маған да, ұстазға да,

Тілін біліп ұстазды сөйлеткенім.

Ән: « Мұғалім ол біздің»

14. Әр күнім алып келер жаңалықты,

Тоқимын оқып, білім жаңа әріпті.

Ұстазымның тынымсыз еңбегімен,

Жаным да сағат сайын жаңарыпты.

15. Әліппемен қош айтысып қаламыз.

Енді қолға басқа кітап аламыз,

Ата – ана қуанышқа ортақ бол.

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Әліппе: Енді балалар сендер «Ана тілі» оқулығынан оқитын боласыңдар. Олай болса, « Ана тілін» ортаға шақырайық.

Ана тілі: Армысыздар жас достар!

Туған елдің тілімен.

Ақылы мен танымын,

Түсіндірер бәріңе

Ана тілі пәнімін.

Ана тілі – елдігім,

Ана тілім болмаса,

Бүтіндемес кемдігім.

16. Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған,

Рахмет, ұстаз алғашқы.

17. Әліппем менің әліппем

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп – көп рахмет! – барлығы

18. Қош бол құтты әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Тақылдатып сөйлеттің.

Би: Вальс»

Мұғалім: Балалар, біз тек әріп қана танып қоймай, с онымен қатар сандар әлеміне де тоқталайық.

« Санамақ» оқу.

  1. Мені келсе білгің, Мен таяқша бірмін. Барлық санға жол бастап, Ең басында тұрамын. « 1 саны»

  2. Бірден кейін тұрамын, Бірден кейін тұрағым. Бірді бірге қосқанда. Мен шығамын шырағым. « 2 сана»

  3. Екіден соң әрқашан, Үш саны мен тұрамын. Орыныма барамын. Екі айшық саламын. « 3 саны»

  4. Үш саусақтан таяғым, Оқушылар қояды. Төрт дегенің баяғы, Төрт түліктің аяғы. « 4 саны»

  5. Төрттен кейін бесті, Білу оңай десті. Санашы бір қолыңның саусағын, Оңай табасың бесті. « 5 саны»

  6. Мен өзімді қатарға, Бестен кейін қоямын. Басым бірден басталып, Нөлмен бітер аяғым. « 6 саны»

  7. Қара мына қызықты, Көсеуді кім ұмытты. Жеті болсаң бір тартсаң, Бел ортамнан сызықты. « 7 саны»

  8. Менің атым сегіз, Жетіден соңғы деңіз. Жазылғанда қос дөңгелек, Мен боламын сегіз. « 8 саны»

  9. Сегізден кейін – тоғыз, Алтыны төбесінен тұрғыз. Сонда боламын мен тоғыз. « 9 саны»

  10. Әліппеде О – ға ұқсаймын, Сонда нөлге ұқсаймын. Жеке тұрсам мәнім жоқ. Бірді алдыма ұстаймын. « 10 саны»

Ана тілі: Рахмет, балалар Әліппе сендерге көп нәрсе үйреткен екен. Мен риза болып тұрмын. Мен де бар зейіндеріңді салып, ынта қойып оқыңдар. Кейінгілерге таза, ұқыпты етіп қалдыруларыңды сұраймын.

Әліппе: Рахмет, балалар. Ана тілімен таныстырдым. Енді рұқсат болса мен кетейін. Қош болыңдар!

Оқушылар: Қош, бол сүйікті Әліппе!

Ән: « Сен, мен және бәріміз»

Мұғалім: Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы өнерді өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар!

Құттықтау сөздер.

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы.

Чувашка ауылы.

Бастауыш сынып мұғалімі.

Қасқарауова.С.Ш
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ош, с?йікті ?ліппем!

Автор: ?ас?арауова Саним Шамшитденовна

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174782


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства