kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош с?йікті, ?ліппем!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аштаева К?лшат Кордабаевна                                                                                                                  бастауыш сынып м??алімі                                                                                                                      Тараз ?аласы №34
                                                                         ?ош с?йікті, ?ліппем!

Ма?саты.
    1.Білімні? сара жолы мектептен басталатынын, білімні? ке? д?ниеде ?мірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген ??штарлы?ын арттыру, о?у?а, білімді болу?а ша?ыру.
    2.О?ушыларды? белсенділігін, ?жымдылы?ын к?шейту. Сынып абыройы ?шін жанын салып е?бек ету, бір-біріне жолдасты?, досты? к?мек к?рсету сезімін дамыту.
    3. Мектепті я?ни, білім ордасын, ?стаздарын ??рметтеп, е?бекті ба?алай білуге т?рбиелеу. Ата-анасыны?, Отанны? адал ?л-?ызы болу?а жетелеу, т?рбиелеу.

К?рнекіліктері: та?ырып жазыл?ан ж?не на?ыл с?здер жазыл?ан плакаттар, суреттер, слайд, бейнетаспа, шарлар 

Автор: Алты жасар баласын,
Алпыста ?жей жетектеп
Келе жатыр к?шеде,
?айда ?лгі мектеп-деп
Алпыс келеді с?рініп,
Алты келеді ж?гіріп.

С?лтанм?рат: Апарар ана мектепке
Ата- аналы? парызы?.
О?ып білім аламын,
Мен о?ушы боламын.

Анасы: Асы?па ?лі ?ара?ым,
Санау?а енді жарады?.
Жасын толсын алты?а
Сонда алып барамын.

С?лтанм?рат:  Мені? ?арыс ма?дайым,
Бала? болам талапты.
Т?ртіп са?тап ?рдайым,
Жа?сы о?имын саба?ты.

Анасы: Айт?анымды шыра?ым,
Шы?арма тек сана?нан.
Мектептегі м??алім,
Кем болмайды ана?нан.

С?лтанм?рат:  ?ырк?йекте келдім де,
Сынып?а кірдім ?уанып,
?арсы алды ?стаз мейіріммен
?адамымды ??п алып.
(осы кезде барлы? о?ушы сахна?а шы?ады)

Барлы?ы ?осылып:
Ала?ай-ау, ала?ай!
Б?дан былай мен енді,
Емеспін жай «бала?ай»
Барды? міне  мектепке,
О?ушымыз  біз енді.

?н «Жас д?уірді? т?легіміз»
?ні: И. Н?сіпбаевтікі
С?зі Е. ?тетілеуовтікі

М??алімні? кіріспе с?зі.
??рметті жинал?ан барша ?ауым, ата-аналар, ?стаздар. Біз с?йікті ?ліппемен ?оштаспа?пыз. ?ліппені бітіру – алда?ы ?мірге бастайтын к?п белестерді? бірі. Ендеше, біз б?гінгі к?ні сол белесті? бірінен асты?. Сонды?тан да салтанатты мерекеге ?ош келді?іздер!
?ліппені бітірді балаларым,
?ліппеден н?р ал?ан даналарым.
?зі о?ып жазатын х?лге жетті.
??тты болсын білімі балаларды?!
Ата-ана ?уанып шаттанады,
О?ыды деп баласы ма?танады.
Алдарына б?ларды? кім шы?ыпты,
Барлы? маман мектептен аттанады.
Ал ендігі кезекті о?ушылар?а берейік.

Бекзат: Армысыздар аналар!
Бармысыздар балалар, 
С?зіме ??ла? салы?ыз
Бір серпіліп ?алы?ыз.
?ліппеге арналма? 
Б?гінгі жыр ?німіз!

Амина: Шашу – шашу шашайы?, 
А? санды?ты ашайы?
Б?л мереке, б?л тойды? 
Баста??ысын жасайы?!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош с?йікті, ?ліппем! »

Қош сүйікті, Әліппем!


Мақсаты.

1.Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру.

2.Оқушылардың белсенділігін, ұжымдылығын күшейту. Сынып абыройы үшін жанын салып еңбек ету, бір-біріне жолдастық, достық көмек көрсету сезімін дамыту.

3. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанның адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу.


Көрнекіліктері: тақырып жазылған және нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер, слайд, бейнетаспа, шарлар


Автор: Алты жасар баласын,
Алпыста әжей жетектеп
Келе жатыр көшеде,
Қайда әлгі мектеп-деп
Алпыс келеді сүрініп,
Алты келеді жүгіріп.

Сұлтанмұрат: Апарар ана мектепке
Ата- аналық парызың.
Оқып білім аламын,
Мен оқушы боламын.

Анасы: Асықпа әлі қарағым,
Санауға енді жарадың.
Жасын толсын алтыға
Сонда алып барамын.

Сұлтанмұрат: Менің қарыс маңдайым,
Балаң болам талапты.
Тәртіп сақтап әрдайым,
Жақсы оқимын сабақты.

Анасы: Айтқанымды шырағым,
Шығарма тек санаңнан.
Мектептегі мұғалім,
Кем болмайды анаңнан.

Сұлтанмұрат: Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
(осы кезде барлық оқушы сахнаға шығады)


Барлығы қосылып:

Алақай-ау, алақай!

Бұдан былай мен енді,

Емеспін жай «балақай»

Бардық міне мектепке,

Оқушымыз біз енді.


Ән «Жас дәуірдің түлегіміз»

Әні: И. Нүсіпбаевтікі
Сөзі Е. Өтетілеуовтікі


Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Құрметті жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар. Біз сүйікті Әліппемен қоштаспақпыз. Әліппені бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан да салтанатты мерекеге қош келдіңіздер!
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата-ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты,
Барлық маман мектептен аттанады.
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.

Бекзат: Армысыздар аналар!
Бармысыздар балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз!

Амина: Шашу – шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық!

Бекзат: Әліппені меңгеріп,
Әріптерді таныған,
Құтты болсын тойымыз,
Біз білімді балдырған.

Амина:: Жақсы білім, көрімдік,
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане ортаға салайық!


Бақнұр : Бірінші қыркүйек
Келдім мен гүл алып,
Алдымнан ұстазым
Қарсы алды қуанып.

Қазбек: Қуантып мені ағалар,
Шақыртты осы мектепке!
Қараңдар міне, балалар
Келмеппін мұнда мен текке.



Аделя: Ақыл, білім көп берер
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктеймін
Сенсің өмір көктемім.

Нұркен : Көріне бер биіктерден
Алтын ұя мектебім.
Шәкірттерің білімді боп,
Сенен өсіп көктесін.

Нұрайым: Мектебім қандай тамаша!
Жарқырап тұр жаңаша.
Ұстаздарым білікті
Ақтаймыз біз үмітті.

Ән «Мектебім»

Әні мен сөзі Б. Бейсенованікі


(Мақта қыз бен мысық келеді)

Мысық: (таңдана) Мяу! Ой осы біз қайда келдік?

Мақта қыз: Меніңше біз осы жерде болған сияқтымыз.

Мысық: Мұнда өте дәмді иіс шығады ғой, қандай тәтті, Мяу! Таптым, таптым, балдай тәтті балалықтың иісі ғой! Байқадың ба, иісін-ай!

Мақта қыз: О, сонда қалай бұл балабақша ма?

Мысық: Мяу! Міне, балдай бөбектер де тұр екен ғой.

Бекзат: Біз тіптен бөбектер емеспіз.

Амина: Өкінішке орай таппадыңыздар! Біз бірінші сынып оқушыларымыз.

Мақта қыз: Ал, сендер бізді таныдыңдар ма?

Бекзат: Иә, Мақта қыз, біз сіздермен Әліппені оқып, танысқанбыз.

Мысық: Жарайсыңдар, мяу! Ал сендер неге жиналып тұрсыңдар?

Амина: Біз, бүгін ең алғаш қолымызға ұстаған Әліппемен қоштасқалы тұрмыз.

Бекзат: Біз, енді өзіміз-ақ, кезкелген сөздерді, тіпті қысқа әңгімелерді де бөгетсіз оқи аламыз.

Мысық: Барлығын білесіңдер ме, мяу? Қазір біз оны тексерелік.

Бір патшалықта тату өмір сүріпті,

Қырық екі сұлу ханша.

Барлық елге танымал, бұл не екен?

Зерек болсаң тауып ал.

Амина: Әріптер

Мақта қыз: Жұмбақтың шешуін таптыңдар. Ендеше, айтыңдаршы, әріптер дыбысталуына қарай қалай бөлінеді?

Оқушы: Дауысты және дауыссыз.

Мысық: Жарайсыңдар, мяу! Білетіндерің байқалады.

Мақта қыз: Біз сендерге ризамыз! Олай болса біз ортаға бәріміз бірігіп Әліппені шақырайық!

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе,

(«Әліппе» келеді)


Әліппе:
Ішім толы әріпке,

Менмін әйбат әліппе!

Барлық ілім-білімнің,

Бастауы мен әліппе!

Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!

1-оқушы: Мынау менің Әліппем

Көгілдір туым түсіндей.

Ақылшы жақын досымдай,

Қымбатты маған кісімдей.


2-оқушы: Бірінші беттен елімнің,

Елтаңбасын таныдым.

Көк байрақты қазақтың,

Ұрпағымын сәнімін.


3-оқушы: Әсем ою-өрнекпен,

Көмкерілген Әліппем

Сен болмасаң білімге,

Бастайтын жолды біліп пе ем.


4-оқушы: Енді жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе


5-оқушы: Әліппем менің,Әліппем

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің.

Ертеңгі сәуле жарықпен.


«Әліппе» әні орындалады. Әні: И. Нүсіпбаевтікі
Сөзі Е. Өтетілеуовтікі


Мақта қыз: Балалар, біз сендерге тапсырма ала келдік. Біз сөздерді көрсетеміз, сендер хормен оқып, сол сөздің ішіндегі жасырынған сөзді табуларың керек.

Мысық: Ал дайынсыңдар ма? Мяу! Дана – ана, ағаш – аға, бөрік – өрік, оқулық-оқу, бесік – бес.

Мақта қыз: Бәрекелді, жарайсыңдар!

Әліппе: Балалар маған сендердің көмектерің қажет. Сендер әріптерді үйреніп бітісімен, менің тентек әріптерім жан-жаққа тарай бастады. Қараңдаршы бірі тікұшақпен, бірі автобуспен, бірі паршютпен, ал кейбіреулері тіпті жаяу қыдырп бара жатыр. Ал оларға әрине кетуге болмайды. Өйткені сендер әріпті үйреніп қойсаңдар да олар бізге қажет қой. Солай ма балалар! Әріптер орнына бару үшін сендерге олардың тапсырмаларын орындау керек. Егер сендер сөздерді оқып берсеңдер әріптер орнына келер еді. Қане, кім оқып берер екен?


Әліппе: Рахмет, балалар! Сендер маған өте үлкен көмек көрсеттіңдер! Менің сендерге деген алғысым шексіз!

6-оқушы: Бар ғылымға бас болып, әліппе тұр төрінде

Барлық ғылым дәріптеп, сыйлайды оны көрдің бе?

Оқып, одан нәр алған талай қазақ баласы

Әліппеден бастаған Президенттің өзі де!


7-оқушы: Қырық екі әріпті үйретті бізге әліппе,

Ұмытпа оны ешқашан қошеметте, құрметте.

Бітірсең де мектепті, болсаң дағы данышпан,

Есте сақта әліппенің құдіретін, дәріпте.


8-оқушы: Қош бол, дейміз біз енді әліппеге ізетпен,

Білім нәрін сусындатып, оқуды ол үйреткен.

Жылдар өтіп, ер жетіп есейсек те, өссек те,

Есте қалар сол кездер әліппемен тілдескен.


9-оқушы: Қош бол,құтты әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.


10-оқушы: Барлық әріп бағалы ,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды, қолдайды.


11-оқушы: Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық қоймадық.


12-оқушы : Біз енді Әліппемен қоштасамыз

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағына сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.


13-оқушы:Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті Әліппем.

Сенің арқаң оқи жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім


Барлығы: Қош сүйікті Әліппем!


«Прощание с букварем» әні орындалады.


Көрініс: «Портфель»

Автор: Биік те емес аласа,

Бір портфель тұр жараса.

Қызыққандар кіре алмай,

Сыртында жүр таласа,

Сонда мұны кім алған?

Ішіне оның не салған?

Құлпын ашып көрейік,

Нелер барын білейік,

Тук-тук, тук,

Кіруіме бола ма?

Әлде біреу тұра ма,

Әрине ешкім тұрмайды,

Тұрса үнсіз болмайды.

Әне пенал келеді,

Сөзімді сол жалғайды.


Пенал: Пай, пай, пай!

Түсім бе әлде өңім бе?

Жай портфель емес тегінде,

Болса болар тек қана,

Ертегілер елінде.

Жақынырақ барайын,

Ішне көз салайын.

Кім тұрарын портфельде,

Жайлап біліп алайын.

Тук-тук, тук,

Болар ма екен кіруге?

Кім тұрарын білуге,

Жауапсыз қалды сұрағым,

Онда өзім тұрамын.


Автор: Енді әліппе келеді,

Портфельді ол да көреді.


Әліппе: Ашық екен есігі,

Ішіне жайлап кірейін

Кімдер барын білейін,

Жақсы достар болса егер,

Бірге өмір сүрейін.


Автор: Есікті ашып осы сәт,

Пенал шықты ақылды.

Әліппені өзімен,

Бір тұруға шақырды.


Пенал: Кір, Әліппе, бас қосайық,

Бірге тұрып достасайық.


Автор: Жүгіріп дәптер келді де,

Кіргісі келіп ішіне

Қарады ол да телміре.


Дәптер: Жазу жазар болса кім,

Онда мен де керекпін.

Кіргізіңдер мені де,

Бір тұрайық демекпін.


Автор: Әліппе де жөн көрген,

Адал досты.

Қатарына дәптерді,

Жедел қосты.


Әліппе: Кел, дәптерім, келіңіз!

Портфеліме кіріңіз.

Оқушы үшін әрқашан,

Керекпін деп біліңіз!


Автор: Түгелдесіп бір-бірін,

Достар күтіп алыңдар.

Келе жатты жүгіріп,

Түрлі-түсті қаламдар.


Қызыл қалам: Әрине, әрине,

Керексіңдер бәріңде.

Көңіл сыйса сиямыз,

Тар болса да ұямыз.


Көк қалам: Тәртібінен сабақтан,

«4», «5» алып жарыссын.

Кіріңдер жақсы бағалар,

Оқушылар жарыссын.


Автор: Міне осылай портфельдің,

Лезде іші осылай толып кетті,

Арттарынан жүгіріп,

«2»-лік пен «1» де жетті.


«2»-лік: Портфелім, мені қалдырмай,

Кіргізіп ал ішіңе.

Жалқауларға жайлымын,

Жалынбаймын «3»-іңе.


«1»-лік: Жалқауларын жалдап алам,

Аңқауларын алдап алам.

Көшіре қалса кластан несі бар?

Досым үшін мен де қалам?


Автор: Сұрланып босағадан,

Қалам шықты.

Ұрысып, «1» мен «2»-ні

Жерге тықты.


Көк қалам: Сөздеріңді жөн көретін,

Бізді аңқау кім деп едің?

Балалардың досы мықты,

Сендерсіз-ақ көретін.

Еңбек етпей ерінсе,

Ол оқушы бола ма?

Достарымыз «4» пен «5»

Кетіңдер бізге жолама!


Автор: Кіргізбей «1» мен «2»-ні

Сарт етіп есік жабылды.

Оқушы екен иесі,

Міне, өзі табылды.


Бекзат: Амина мен саған ертегі айтайын тыңдайсың ба?

Амина: Әрине, Бекзат, құлағым сенде

Бекзат: «Ерте, ерте, ертеде, Ерте ме, әлде бүгін бе? Жақын ба, әлде алыс па? Беймәлім бе, таныс па, Бір ел болыпты. Бұл елдің адамдары бір – бірімен көк байрақтың астында тату- тәтті өмір сүріп, өніп-өсіпті. Елді бір кемеңгер хан басқарыпты. Оның талабы осы өркендеп жатқан елде бірде-бір бала білімсіз болмауын талап етіпті. Қанша уақыт өтері беймәлім, бірақ 2030 жылы ол ел үлкен өркениетті, барлық ғылымды меңгерген беделді елге айналатынына кәміл сеніпті. Халқы осы ортақ арманға жетуі үшін барлық күш жігерін жұмсапты.

Амина: Бекзат, бұл ертегің маған өте таныс. А-а таптым-таптым сен біздің еліміз Қазақстан туралы айтып тұрсың ғой я.

Бекзат: Рас, бұл ертегі ел, біздің тәуелсіз Қазақстанымыз. Аз уақыттың ішінде еліміз үлкен жетістіктерге жетіп, тез қарқынмен дамып келе жатыр. Биыл міне, Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығын атап өттік.


Амина: Олай болса, осы мерейлі тойға тарту ретінде жігіттердің орындауында «Жаса, Қазағым» әнін қабыл алыңыздар!.

14-оқушы: Бұл мереке сенің арқаң ата-анам,

Бір мен үшін не керекті табасың.

Балаң жақсы деген сөзді естісең,

Күлімсіреп қуанып-ақ қаласың.


15-оқушы: Рахмет ата-анаға,

Тең көрер мені данаға.

Өздеріңдей қамқор жан,

Табылмас әрбір балаға.


«Қыздар» биі орындалады.


«Мереке» әні орындалады.


Мұғалім сөзі: Құрметті ата-аналар! Әліппемен қоштасу қуанышы құтты болсын! Мен осындай сыры мол 42 әріпті танып, жазуы мен дыбысталуын меңгерген, ақылды, тәртіпті, өнерлі балаларым болашақта әлемді таң қалдыратын, үлкенді сыйлайтын, қиялы мен арманы ұштасып үлкен іс тындыратын тұлға болатындарына сенемін!

Құрметті қонақтар! Ендеше осы бүлдіршіндерді қол соғып бәріміз құттықтайық. Ертеңгілігіміздің соңында қонақтарымызға сөз береміз.

Мұғалім:   Арманмен алыстарға аттанарда,
Жас оралар іркіліп жанарларға.
Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?ош с?йікті, ?ліппем!

Автор: Аштаева К?лшат Кордабаевна

Дата: 11.11.2014

Номер свидетельства: 129322


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства