kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ош,с?йікті ?ліппе!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?ош,с?йікті ?ліппе!»

Ма?саты: О?ушыларды? сауат ашу барысында ал?ан білімдерін тияна?тау.?р о?ушыны? іс-?рекеттері ар?ылы икемділігін,шы?армашылы? м?мкіндігін ашу.Ата-аналар?а балаларыны? ?ш-т?рт айды? ішінде ?андай білім игергенін іс-ж?зінде к?рсету.Адамгершілікке,??ыптылы??а,?зін- ?зі ?стау?а,ана тілін с?йіп ?астерлеуге т?рбиелеу.

К?рнекілігі: интерактивті та?та,г?лдер,на?ыл с?здер,к?гершіндер,шарлар,?аза?стан картасы.

Барысы:

М??алім: С?леметсіздер ме ??рметті ?стаздар,аяулы да арда?ты ата-аналар,?она?тар! Ш?кірттер ?олдарына т???ыш рет  ?стап,бетін аш?ан о?улы?ы «?ліппемен» ?оштас?алы отыр.Олай болса 1 –сынып о?ушыларыны? дайында?ан «?ош,с?йікті ?ліппе» атты ерте?гілігін бастау?а р??сат еті?іздер!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ош,с?йікті ?ліппе!» »

«Қош,сүйікті әліппе!»

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін,шығармашылық мүмкіндігін ашу.Ата-аналарға балаларының үш-төрт айдың ішінде қандай білім игергенін іс-жүзінде көрсету.Адамгершілікке,ұқыптылыққа,өзін- өзі ұстауға,ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,гүлдер,нақыл сөздер,көгершіндер,шарлар,Қазақстан картасы.

Барысы:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар,аяулы да ардақты ата-аналар,қонақтар! Шәкірттер қолдарына тұңғыш рет ұстап,бетін ашқан оқулығы «Әліппемен» қоштасқалы отыр.Олай болса 1 –сынып оқушыларының дайындаған «Қош,сүйікті Әліппе» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі әліппемен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.(Музыка ойнап тұрады)

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын.Сендер оған жауап айтыңдаршы.

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Балалар хормен:

Болашаққа жол ашар-

Ол сүйікті –Әліппе!

Мұғалім: Олай болса,бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе!Әліппе!Әліппе!

Әліппе:Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім: Хош келдіңіз Әліппе!Келіңіз төрлетіңіз.Әліппе сіз біздің бүгінгі бүлдіршіндерге көп нәрсені үйреттіңіз.

-Бірақ осы сізбен қоштасып жатқан бүлдіршіндердің есімдерін білесіз бе?

Әліппе: Апай мен оны мүлдем ұмытып кетіппінгой.Мені көптеген бүлдіршіндер оқып,танып жатыр мен бұлардың есімдерін ұмытып қалдым ғой.Балалар сендер маған өз есімдеріңді айтасыңдар ма?

Оқушылар: Иә

Қуатхан Аружан:

А әрпінен есімім

Айтсам сөздің кесімін.

Аружан мен боламын

Айдай өсіп толамын.

Альбина:

Альбинаны білесіз,

Көңілге мені түйесіз.

А әрпі де атымда

Оқып-біліп жүресіз.

Дидар:

Дөңгелене доп келеді,

Оны теуіп Дидар келеді

Мәз боламын шаттана

Ойым мүлде басқада.

Айнагүл:

А дегенің Айнагүл

Айнагүл деген мен бала

Жақсы оқысам сабақты

Одан артық жоқ шара.

Нұржан:

Нұржан деген есімді,

Білдіңіздер кесімді.

Н әрпі бар ішінде,

Тыңдасаңыз шешімді.

Қымбат:

Қымбат деген мен едім,

Алсам білім тереңін,

Қ әрпінен есімім

Аламын оқу білімін.

Балауса:

Б дегеніңіз Балауса

Б-ны білу керек біз

Б дегенің тамаша

Бақыт ,байлық жараса

Әскербек Аружан:

Аружан деген есімді

Күнде көріп,естиді.

Ж әрпі бар ішінде

Оқимын менде есімді.

Айдана:

Айдана деген мен болам

Айды қосып дана мен

Атам қойды атымды

Айдың нұры болсын деп.

Мұғалім: Әліппе мінекей сіз бүлдіршіндермен таныстыңыз.

Мұғалім: Енді ортаға әріптерді шақырайық.

(О.Т,А,Н әріптерін таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды)

1 - оқушы:
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мынамененбасталған
Екеуініңаттары.
2 - оқушы:
Торғай, торғай, торғайсың
Таяукеліпқонғайсың.
Жемшашайынтойып ал,
Сонда аязғатонбайсың.
3 - оқушы:
Астана - Астанам,
Астана - бас қалам.
Ардақтапатыңды,
Аузымнантастаман.
4 - оқушы:
Ас біткенніңатасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсыәріптенбасталып
Аяқталғанынқарашы.
Мұғалім: Рахмет балалар,Білмесбек болмай,Білгішбек болыңдар!

(Сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)

Білмесбек:
- Мыналар не жиналған - әй. Меніңатымдыатағанқайсың?
Мұғалім:
- СәлеметсіңбеБілмесбек! Сеніатаған мен ғой. Бүгінбізде «Әліппеменқоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
- Әліппеменқош - та - су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
(кетіп бара жатып, бірбаланыңшарынаұмтылады)
Бала:
- Тиіспе, меніңшарыма. Мұндаәріпжазылған.
Білмесбек:
- Әріпдейді. Қайдағыәріп, мынаудоңғалақтыңсуреті, ал мынауесіктіңсуретінсалыпқойыпты - ей. Бұлардыңбәрін мен Әліппеніоқымай - ақбілемін.
Мұғалім:Ол не дегеніңБілмесбек. Бұлар О, П әріптері. ДегенменбалаларБілмесбектіңсөзініңжаны бар. Әрбірәріпбірнәрсегеұқсас.
Кәне, ендімақалдарқұрастырып, оқусауатымыздыкөрсетейік. Мақалдардыдұрысоқуүшінсандардыөсуретіменорналастырукерек.Содансоңшыққансөздіоқимыз. Білмесбекбірнешеретұмтылып, балаларменбіргежауапбергісікеледі де, әріптібілмейтініесінетүсіп, желкесінқасиды.
Мұғалім:МінеБілмесбек, көрдіңбе? Балаларәріптіқалайжақсыбіледі.
Білмесбек:Онда мен де кітапоқығымкеледі.
Мұғалім:Бұныңдұрысболды. Тек алдыменүсті – басыңдытазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыптыбалаларғанаұстайды.
Білмесбек:Жарайды.(шығыпкетеді)
Мұғалім:Балалар, әріптердітаныпқанақоймай, олардыңбасынқосыпосылайшаоқибілулеріната - анаүшін де, мен үшін де үлкенқуаныш.

Әліппе:

-Балалар!Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар.Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

Оқушылар:Математика,дүниетану,музыка,бейнелеу өнері,еңбекке баулу.

Әліппе: Олай болса математиканы ортаға шақырайықшы.

Хормен: Математика,математика,математика

Математика: Армысыңдар кішкентай ғана бүлдіршіндер!Сендер ме мені шақырған.

Оқушылар: Иә

Математика: Әліппе,Әліппе осы бүлдіршіндер сені де мені де жақсы оқыған сияқты.Мен осы бүлдіршіндерге кішкене сұрақ қойып көрсем қайтеді?

Әліппе: Арине қойып көр.Бүлдіршіндер бәрін біледі екен.

Математика:Осы менің қалтамда бір сұрақтар жүр еді.Қайда кеткен өзі?(қалтасын ақтарып көреді)Ах таптым.

1+1 2+2 1+4

5-3 4-0 6-1

Математика: Жарайсыңдар балалар!Мені жақсы меңгеріпсіңдер.

Әліппе:Рахмет балалар!Сендер маған көп қуаныш сыйладыңдар,мен сендерге ризамын.Болашақта да осылай оқыңдар.

-Ал достар,бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.Ана тілін ортаға шақырайық.

Хормен: Ана тілі,Ана тілі,Ана тілі!

Ана тілі: Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың,
Өсірген ой білімді,
Мәнін терең білуде,
Мейірімі мол балаға.
Ана тілді құрметте.
Барлық, барлық анаға. Мен әліппеден оқып - білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.

Мұғалім: Ана тілі Сіз бүлдіршіндерге өзіңізбен бірге жұмбақтар ала келген сияқтысызғой.

Ана тілі: Әрине алып келдім.

1.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса,аттама.(Кітап)

2.Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған(Бор)

3.Аяғы біреу,қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді(Қалам)

Ана тілі: Мен туралы кім тақпақ біледі?

1-оқушы:Ана тілің-біліп қой,

Бостандығың теңдігің.

Ана тілің-біліп қой,

Мақтанышың елдігің

2-оқушы:Ана тілі ұраным,

Ана тілі-құралым.

Ана тілі болмаса,

Мықты болмас тұрағым

Мұғалім:-Балалар,Әліппе сендерді оқуға,жазуға үйретті.Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

Қыздар:Балаларға ақ тілек,

Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.

Хормен:Біздерге білім үйреткен

Әліппе,саған рахмет!

Әліппе:Достар мінекей сендермен қоштасатын кезде келді.Мені жақсы оқығандарың үшін рахмет.Енді Ана тілі пәнінде жақсы оқыңдар,жыртпай таза ұстаңдар.Қош сау болыңдар!

Ән: «Рахмет саған Әліппе!»

Мұғалім:Ал енді оқушыларымыздың өнерлеріне кезек берейік.

Көрініс: «Бауырсақ»

Би: Вальс

Би. Үнді биі

Ән: Сағындым әже,сағындым.

Мұғалім:Балалар мұнда қарайықшы.Біз нені көріп тұрмыз?

Бұл біздің кең байтақ жеріміз.Аспанымыз ашық,күніміз жарқырап тұр.Мына көгершіндер бейбітшіліктің белгісі.Біз осы кең байтақ жерімізде аспанымыз ашық,күніміз әрдайым бізге нұрын шашып,бейбітшілікте өмір сүрейік.

Мұғалім: Балалар,мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ,сендерді бір-біріңмен достыққа,мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті.Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға

Тілек айтар қонақтар.

«Әліппе»оқулығын жақсы оқып,білім алаған оқушыларды мадақтау қағазымен марапатауға мектеп директоры Ажибекова Баян Жеңісқызын шақырамыз.

Директордың оқу ісі меңгерушісі Нуриева Жібек Барамбайқызына сөз кезегі.

Ата-аналар ақ тілегі.

Мұғалім: Бүгінгі біздің «Қош сүйікті Әліппе!»атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?ош,с?йікті ?ліппе!»

Автор: Сапар?алиева Махаббат Ер?абыл?ызы

Дата: 16.04.2015

Номер свидетельства: 202053


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства