kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ош бол, с?йікті ?ліппем" атты ерте?гілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 сынып о?ушыларыны? сауат ашу п?нінен ал?ан білімдерін бекіту, білім - білік да?дыларын к?рсету, тілін дамыту, с?здік ?орын молайту, ?з ?нерлерін ата - аналар?а к?рсету, эстетикалы? тал?амдарын ке?ейту, ??ыптылы??а, жина?ылы??а, сыныпта досты? ?арым - ?атынас орнату ма?сатында "?ош бол, с?йікті ?ліппем" атты ?ліппемен ?оштасу салтанаты. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ош бол, с?йікті ?ліппем" атты ерте?гілігі »








«Қош бол, сүйікті Әліппем !»

(ертеңгілік)


1 «а» сыныбы


Дайындаған : Медетова Болған Арықбайқызы








2014 – 2015 оқу жылы

28 орта мектеп





Мақсаты : Оқушылардың сауат ашу пәнінен алған білімдерін бекіту , білім – білік дағдыларын көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, өз өнерін ата – аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын кеңейту, ұқыптылыққа, жинақылыққа, достық қарым – қатынас орнатуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : «Қош бол, сүйікті Әліппе», «Әліппем - білім бастауы» т.б сөздер жазылған плакаттар, түрлі – түсті шарлар, суреттер, интерактивті тақта.

Барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі .

Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата-аналар! Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отырмыз. Бүгін елдігіміз ескріліп, егеменді ел болып, тәуелсіздігіміздің 23-жылдық торқалы тойымен қатар келіп, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп жатқан шақтағы тойымызға тағы бір той қосылмақ. Бұл той балалардың тұсау кесер тойы іспеттес. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танып, сауатымызды ашқан, біздің жақын досымыз – 4 ай бойы достасқан Әліппемен бүгін қоштасамыз. Кеше ғана алаңсыз шапқылап жүрген бүлдіршіндердің бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болған. Сонымен азаматтық борыштарының алғашқы асуынан аман-есен асып отыр.


Нұрлы үмітін арқалаған арқаға

Жан сәулесін тарататын баршаға

Шын пейілімен құрметімізді көрсетейік,

Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға.


Өсті міне бойларың

Өсті міне ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың – дей келе 1 «а» сыныбының «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.


1-оқушы:

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достаспақ

Әліппемен қоштаспақ

Өсті міне бойымыз

Құтты болсын тойымыз

Әріптерді таныған

Бәрі: Біз кішкентай балдырған


2-оқушы:

Жырдан шашу шашайық

Ақсандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық

Шашу,шашу жасайық

3-оқушы:

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар

Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар

4-оқушы

Көз салып қараңызшы тойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға

5-оқушы:

Ұқсатпа мені басқаға

Есейдім 7 жастамын

Қош айтысып бақшаға

Мектепке жолды бастадым

Хор: «Біз мектепке барамыз»

6-оқушы:

Қыркүйекте келдім де

Сыныпқа кірдім қуанып

Қарсы алды мейіріммен

Қадамымды құп алып

7-оқушы:

Еркесі едім атамның

Еркесі едім анамның

Толып биыл 7-ге

Мен де оқушы атандым

8-оқушы:

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр-әніміз

Хор: «Мектебім»

9-оқушы:

Ең алғаш алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді

Бәрі: Ұстазым оның кілтін алып берді


Хор: «Жарқын жүзді ұстазым»


Мұғалім: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ қояйын:

Іші толған әріпке

Білімдегі жарық не?


Хормен:

Болашаққа жол ашқан

Ол сүйікті Әліппе!


Мұғалім: Олай болса ортаға Әліппені шақырайық.

Хомен: Әліппе! Әліппе!

Ортаға әліппе шығады:

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата-аналар!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаңа

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Жақсы білім көрімдік

Болсын бізге халайық

Не үйреніп, не білдік

Кәне ортаға салайық!


Әліппе: Осы сендер қандайсыңдар?

  1. Талабы биік таудаймыз

  2. Мың бұралған бишіміз

  3. Біз шеберміз

  4. Ақылдымыз

  5. Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз

  6. Көп оқимыз


Бәрі: Біз қазақ елінің болашағымыз!

Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын

Ән-бимен шашу шашылсын

Мың бұралған бишілер

Бименен кешті жалғасын.


Би: «Адай» (бір топ қыздар)


Мұғалім: Ал, балалар, Әліппеге арналған тақпағымызды айтып берейік

10-оқушы:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

11-оқушы:

Әліппем менің Әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен

12-оқушы:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе!

13-оқушы:

Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Бәрі: «Сүйікті біздің Әліппе!»


Хор: «Әліппе» әні

Мұғалім: Ал, балалар, айтыңдаршы, біздің қазақ тілінде қанша әріп бар?

14-оқушы:

Алфавитті жаттадық,

Онда жүйе қалып бар

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

15-оқушы:

Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші.

16-оқушы:

А деген ол – аналар ғой ардақты

Ә деген ол - әкелер ғой салмақты

Б деген ол – балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі

Алшақ кетпей сондықтан да расында

Тұрады олар алфавиттің басында


Әліппе: - Балалар, есімдерің қай әріптен басталған?


  1. Алтынарай:

А әрпінен есімім

Айтам сөздің кесімін

Алтынарай деген мен боламын,

Айдай өсіп толамын.

  1. Бақдәулет:

Бақдәулетті білесіз

Көңілге мені түйесіз

Б әрпі де атымда

Оқып біліп жүресіз

  1. Мержан:

Мержан деген атым бар,

Мағжан сүйген елім бар

Мұқағали жырлаған

Мақтан етер жерім бар.

  1. Ұлдана:

Ұлдана деген мен едім

Алсам білім тереңін

Ұ әрпінен есімім

Аламын оқу білімін

  1. Сәулет:

С әрпінен тұратын

Сый-сияпат, сенімің

С дегенің сиқырлы

Сәулет деген мен болам

6.Думан:

Д әрпінен бастасаң

Дархан, дария далам бар,

Жақсы оқитын сабақты

Думан деген мен болам


Мұғалім:- Жарайсыңдар, есімдеріңді білдік, енді әріпті жұмбақты шешіп көрейік.

  • «Ж» - дыбысын өткенде

Жұмбақ шештік жаңылмай:

«Жұмбақты шеш» слайдқа жазу


Н - әрпі:

Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы

Қайсы әріптен басталған

Соңғы әріпіне қарашы!


Ғ-әрпі

Ұқсайды өзі шалғыға

Елестет көз алдыңа

Қане, ойланып табайық

Болды екен бұл қай әріп?

Т-әрпі

Бастайды ол «Таңды» да

Бастайды ол «Талды» да

Келіп тұрған қай дыбыс

«Тау» мен «тастың» алдында?


С-әрпі

Сауысқанды, сағызды

Сарымсақты, сәбізді

Бастап тұрған қай дыбыс

Ы -әрпі

Кесе, шыны,пиала

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз

Бәрінің атын не дейміз?


З-әрпі

Қаздан көре аласың,

Қағаздан да табасың

Байқамасаң анықтап

3 (үш) екен деп қаласың


Әліппе: Жарайсыңдар, әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер. Олай болса әріптерден сөз құрастырып оқиық:

Отан. Ана. Ата. Мектеп.Білім. Бала.


Мұғалім: Жарайсыңдар!

  • «Т» дыбысын өткенде

  • Тақпақ айттық тақылдап «Отан»

  • «Ә» дыбысын өткенде

  • Тамылжыта ән айтуды үйрендік.


Ән «Ақкөгершін» (Нұрсезім)

  • «Б» дыбысын өткенде

  • Бата беруді, мың бұралып билеуді үйрендік


Би «Балалық шақ»

Мұғалім:

Алайық келер сәтті ойға түйіп

Қалар бір шапағаты көпке тиіп

Қол жайып періштенің пейіліне

Бәріміз бір ауыздан «Әумин» дейік.


«Бата»:

«Әумин» десең міне батам

Қолдасын Қызыр бабам

Әлемнің бетін жарық ет

Ұл-қызды түгел білімді ет

Келесі оқу жылына

Аман-есен түгел жет

«5» болсын алар бағамыз

Біліммен бақыт табамыз

өнер-білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз.

Әумин!


Мұғалім: Жарайсыңдар, тағы да қандай өнерлерің бар?

  • «Ш» дыбысын өткенде шешендік сөзді үйрендік.


Көрініс «Билердің кездесуі»

Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің. Жаңбыр жаумаса жер жетім, басшы болмаса ел жетім. Сөз танығыш жастарға айтатын 10 түрлі жұмбағым бар.

Әйтеке би: Биікке шықсаң,көзің ашылады,

Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады, - айтыңыз ұлы тұлға.

Төле би: айтсам, 10 түрлі жұмбағым мынау: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

1 дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман

2 дегеніміз – егесіп өткен ел жаман

3 дегеніміз – үшке бөлінген ағайын жаман

4 дегеніміз – тұрақсыз дос жаман

5 дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман

6 дегеніміз – асқынған дер жаман

7 дегеніміз – жас келіншек жесір қалса сол жаман

8 дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман

9 дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімде бас көрсетпесе сол жаман

10 дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген.


Төле би: Рахмет, дәл тауып шештіңдер, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарларым.

Әліппе: Балалар, сендерге мен ризамын. Мені жақсы меңгеріпсіңдер, сендер тек менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге, қандай пәнді оқыдыңдар?

Оқушылар: дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, ағылшын, математика.

Әліппе: - Ендеше, математика қонаққа келіпті, қарсы алыңдар.

Математика: Менмін есеп сабағы

Менімен қояр бағаны

Біткенімен Әліппе

Мен біткенім жоқ әлі

Сәлемет пе достарым

Сабағы боп жоспардың

Төрт амалды қолданған

Математика достарың .

  • Қане, қайсың жүйріксің ?


  1. Екі сиырдың мүйізі нешеу ?

  2. Үш тауықтың аяғы нешеу ?


Ретімен тізбелі

Әрбір санды даралап

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ


Санамақ:

1-оқушы: 1 дегенім - бесік

Шықтық содан өсіп

2-оқушы: 2 дегнім – елім

Далам, тауым, көлім

3-оқушы: 3 дегенім – үміт

Үміт артар жігіт

4-оқушы: 4 дегенім – төзім

Төзе біле өзім

5-оқушы: 5 дегенім – бақыт

Бағалайтын уақыт

6-оқушы: 6-дегенім – ақыл

Тыңдағаның мақұл

7-оқушы: Жеті деген – жалау

Жүректегі – алау

8-оқушы: Сегіз деген – сөзің

Серт беретін – кезің

9-оқушы: Тоғыз деген – тоқтау

Елдің жоғын-жоқтау

10-оқушы: Он дегенім – Отан

Қорға соны, батам!


Математика: Ал, балалар, балалар!

Қанша сан бар жазайық

Қарап тұрмай сандарды

Қайта-қайта санайық.


Әліппе: Жарайсыңдар, ақыл-ойды тәріпке келтіретін математиканы жақсы оқыпсыңдар. Математикаға арнап «Есеп сабағы» әнін айтып беріңдер!

Ән: «Есеп сабағы»


Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

Бестік болсын бағаларың

Қуансын ата-аналарың

Өнер-білім көп тоқып

Өсе берсін саналарың.

  • Оқумен өсіп толыңдар,

аман-есен болыңдар!


Хормен: Қош бол, Құтты Әліппе!


Мұғалім:

  1. Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға Ана тілін аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ боп,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

2. Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Бәріміз қол соғып

Ана тілін қарсы алайық!

(ортаға Ана тілі шығады)

Ана тілі:

Ақыл-ойы дананың

Ана тілі боламын

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың

Өсірген ой білімді

Мәнін терең білуде

Мейірімі мол балаға

Ана тілді құрметте


Құрметті оқушылар! Мен Ана тілі пәнімін. Барлық қазына байлық білімде. Ендеше ол туралы менен оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Бәрің де өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.

1-оқушы:

Мейірімі мол балаға

Бар әлемде анаға

Басымызды иеміз

Бабамыздың тілі деп

Даламыздың үні деп


Бәрі: Ана тілін, ана тілін, ана иілін сүйеміз!


Ана тілі: Рахмет, балалар, мені жақсы оқыңдар.

Хор: «Мұғалім ол біздің»


Мұғалім: Балалар, сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп сауатты оқуларыңа ата-аналарыңның да қосқан үлесі мол. Сондықтан бәріміз ата-анамызға рахмет айтайық.

Бәрі: Ата-анаға рахмет!

Мұғалім: Балалар, сендер 4 айда көп нәрсені үйреніпсіңдер. Осының бәрін үйреткен кім?

Бәрі: мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.

Мұғалім: Олай болса, мектеп басшылығына, ата-аналарға сөз берейік.

Мұғалім: Қымбатты балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. «Әліппе» сендерді тек әріптемен ғана таныстырып қойған жоқ, оның әрбір беттері сендерді бір-бірлеріңмен достыққа, мектп ережесін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын.


Оқитын әрі жазатын

Білімге қол созатын

Оқушы болдың сауатты

Білімнің кілтін ашатын, - дей келе бүгінгі «Қош бол, сүйікті Әліппем!

Атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.


Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"?ош бол, с?йікті ?ліппем" атты ерте?гілігі

Автор: Медетова Бол?ан Ары?бай?ызы

Дата: 10.03.2015

Номер свидетельства: 184056


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства