Просмотр содержимого документа
««?ош бол, с?йікті ?ліппе!» »
« Қарасай ауданының білім бөлімі «М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қош бол,сүйікті әліппем!»
(ашық тәрбие сағаты)
Орындаған: С.Ортаева
2015 оқу жылы
Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті Әліппе!»
Мақсаты:1.Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу. 2. Ата-аналарға балаларының үш-төрт айдың ішінде қандай білім игергенін іс-жүзінде көрсету. 3.Адамгершілікке, ұқыптылыққа, өзін-өзі дұрыс ұстауға, ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу..
Мұғалім: - Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1 «А» , 1 «Б» сынып оқушыларының әзірлеген «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілігін тамашалағалы отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Сондай жағдайға жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар! 1 «А»және 1 «Б» сынып оқушыларының
«Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.
- Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: - Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе.
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық.
Оқушылар:- Әліппе, әліппе, әліппе!
(Ортаға әліппе шығады.)
Әліппе:Армысыздар , жас достар! Армысыздар, ата-ана! Болашаққа жолбастар, Әліппең келдіортаға. Меніңатым - Әліппе, Мені анаңдай дәріпте. Мені оқып ержеткен, Ағаңменен Әпкең де. Сендермені 4 ай бойы оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Кәне, соны айтыңдаршы.
Оқушы:Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың,
Басы болар Әліппем.
Оқушы:Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Оқушы:Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім
Оқушы:Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Оқушы:Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Оқушы:Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым білімнің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Хор: Әліппе
Әліппе: Ал, балалар, менің мына сұрақтарыма жауап беріңдерші? Сыйлап үлкен ағаны Сәлем берген баланы Кім дейміз?
Хормен:Әдепті екен бұл дейміз!
Кітап, дәптер, қаламы Кір шалмаған баланы Кім дейміз? Хормен:Ұқыпты екен бұл дейміз! Таудай биік талабы Жақсы оқитын баланы Кім дейміз? Хормен:Үлгілі екен бұл дейміз! Өтірік сөз айтпаса Уәдесінен қайтпаса Кім дейміз?
Хормен:Шыншыл екен бұл дейміз! Әліппе:
-Өте жақсы ,балалар . Мен сендерге ризамын. Әрқашанда әдепті, ұқыпты,үлгілі,шыншыл болыңдар! Ал, балалар айтыңдаршы, қазақ тілінде қаншаәріп бар?
Оқушы: Альфавитті біліңдер Онда қалып жүйе бар. Біздің қазақ тілінде, 42 әріп бар. Оқушы: Альфавиттің А тұрады басында, Әрқашанда Ә тұрады қасында. Байқадыңба, Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде, түсінші? Оқушы: А деген ол- аналар ғой ардақты, Ә деген ол- әкелер ғой салмақты. Б деген ол- балалар ғой әдемі, Біздің елде үшеуі де кәделі. Алшақ кетпей сондықтан да расында, Тұрады олар алфавиттің басында
Қазақ биі Әліппе:- Балалар , сендер мені оқып, сауаттарыңды аштыңдар, жазуға , оқуға үйрендіңдер, Ал кәне, көпшілікке әріптердің сырын ашыңдар.
Оқушы:
«А» Ата,апа,ағайын
Аға қалай жағдайың
Астанадан мың сәлем
Аман,Асан,Арайлым.
Оқушы:
«Ә» Әпке әпер Әліппе
Әлия құмар әріпке
Әлі оқи жөнелер,
Әріп танып Шәріп те.
Оқушы:
«Б» Балмұздақты балаға
Бермеу керек далада.
Балаларды бақшаға
Беру керек қалаға.
Оқушы:
«Г» Гүлнұр озат оқиды,
Гүлнар шұлық тоқиды.
Гүлім гүлге су құйып,
Гүлназ ұлша доп қуды.
Оқушы:
«Ғ» Ғарыш, Ғылым, Ғажайып,
Ғасыр – сырын жазайық.
Ғалым көптеп барады
Ғарышкерлер азайып.
Оқушы:
«Д» Дастарқанда марқайып
Дина күйін тартайық.
Дала жырын төгілтер,
Домбырада қай халық.
«В» Оқушы:
Велосипед мінгенді,
Володя білгенді.
Валентина құлап қап,
Владимир күлгенді.
Оқушы:
«Е» Ерлер аңсап еркіндік
Ел болуға бекіндік
Еңсесі биік елімнің
Ел ордамыз – жер кіндік.
Оқушы:
«Ж» Жасұланбыз, жастармыз,
Жарқын істер бастармыз
Жерімізді түлетіп,
Жайнатып-ақ тастармыз.
Оқушы:
«З» Заңгерлер мен зиялылар
Заңсыздықты тыяды олар
Заман үнін, Заң бабын,
Зердемізге құяды олар.
«И» Оқушы:
Ислам діңім,тірегім,
Иманға толы жүрегім.
Имансыздан сақтанып,
Ибалы болып жүремін.
Оқушы:
«Қ» Құран – кітап киелі
Қадірін ел біледі
Қадір түні мұсылман
Құран жаттап жүреді.
Оқушы:
«Л» Лайым, орта толсын,
Лағың семіз болсын.
Лұқпан хәкімдей бол,
Лайым, Қызыр қонсын.
Оқушы:
«С» Сиднейде бағы жанып,
Саттархановқа таң қалдық.
Спортшы Бекзат талайдың
Сағын сындырды,аңғардық
Оқушы:
«М» Махамбеттей ерім бар
Мағжан сүйген елім бар
Мұқағали жыллаған
Мақтан етер жерім бар.
Оқушы:
«Н» Наурызда кезер ел маңды
Нағыз мейрам – ең мәнді
Наурыз көже ішуші ек,
Нағашылардан ең дәмді.
Оқушы:
«О» Орындықта отырып,
Оқулықты оқылық
Оқушы:
«Ө» «Өркенің өссін!» - деп атам
«Өкпешіл болма!» - деп апам
«Өсек айтпа!» - деп әкем
«Өнерлі бол!» - дер анам.
Оқушы:
«П» Парызың – ақыл қосу кішіге
Парызың – сәлем беру кісіге
Парызың – халын сұрау ауырса
Парызың – көмектесу ісіне
Оқушы:
«Р» Рәміздерім – елдігімнің белгісі
Білу керек бала дағы ең кіші
Рәміздерім – Әнұран, Ту, Елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жан кісі
Оқушы:
«Т» Тоқтар ұшты ғарышқа
Талғат болды ғарышта
Таңғалдырып қазағым
Тағы ұшса ғой Марсқа
Оқушы:
«У» Уызына жарыған
Уығын үйдің таныған
Уақ бала ойнап жүр
Уыстап ап тарыдан
Оқушы:
«Ұ» Ұлан – Елбасын қорғайды
Ұлан – оркестрде ойнайды
Ұлан – шыныққан сарбаздар
Ұланда жасықтар болмайды
Оқушы:
«Ф» Футбол тойы – қызық той
Февраль – ақпан айы ғой
Фарида – актер апайың
Фариза апай – шайыр ғой
Оқушы:
«Х» Хатта айтар амандықты
Хабарлайды жамандықты
Халық деген – өзіміз ғой
Халы жақсы – адам мықты
Оқушы:
«Ы» Ырыс алды – ынтымақ
Ырыссыз мәнсіз шындық бақ
Ықыласы болса тек іске
Ыдырыс сонда тындырмақ
Оқушы:
«І» Ішік жылы киім-ақ
Сенсең ішік тиімді-ақ
«Ю» Оқушы:
Оюларды салыңдар,
Ою мәнін таныңдар.
Ою-өрнек тоқыңдар,
Ою жайлы оқыңдар.
Ән: Қошақан
Көрініс: Кім күшті?
Мұғалім:
Балалар,біз қай елде тұрамыз?
Қазақстан.
Қазақстанның астанасы қай қала?
Астана.
Қазақстан Республикасының рәміздерін кім айтады?
Елтаңба,Әнұран,Ту.
Отан туралы қандай тақпақ білеміз?
Оқушы:
Отаным – байтақ мекенім
Отанды жырлап өтемін
Осында өтер өмірім
Отансыз босып кетемін
Оқушы:
Астана – арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап жас болып
Мен үлкен болғанда да.
Оқушы:
Отан жерім, Отан суым,
Отан қуат нәр береді.
Отан ұран, Отан –туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Ән: Отан
Би: Шөжелер
Әліппе: - Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Енді менен алған білімдеріңді « Ана тілімен » ұштайсыңдар.Міне менің досым Ана тілінің өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар.
Хормен: Сәлеметсіз бе , Ана тілі! Ана тілі: Сәлем, ойшыл достарым! Терең білім , ой саналы, Әрбір сөзім , ой салады. Ғылым, тәлім , өнерім көп, Достасқанға берерім көп. Әліппе: Жарайсыңдар , балғындар! Сендерге ризамын. Кәрі-жасқа ой сала, Үйрететін ой сана. Ана тілін сүйіңдер, Осыған бас иіңдер.
Оқушы:
. «Әліппемен» қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Оқушы:
Қош бол құтты «Әліппем!»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Оқушы:
Әліппем,менің әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам 1000 рет
Өзіңе көп-көп рахмет
Әліппе: Айналайын , балдырған, Менен білім алдыңдар! Әр сөзімді жаттаған, Достар үшін мақтаған. Рахмет айтып шаттанам, Риза болып аттанам Алда ұзақ жасың бар, Оқумен өсіп толыңдар,
Аман –есен болыңдар! Қош сау болыңдар!
Бәрі: Қош сау болыңыз!
Көрініс: Мақта қыз бен мысық
Мұғалім: - Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?
Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.
Оқушы:
Үйретіп жазудың да өрнектерін
Ойымды Әліппемен тербеткенім
Зор қуаныш маған да, ұстазға да,
Тілін біліп ұстазды сөйлеткенім
Оқушы:
Әр күнім алып келер жаңалықты
Тоқимын оқып,біліп жаңа әріпті
Ұстазымның тынымсыз еңбегімен
Жаным да сағат сайын жаңарыпты
Ана тілі: «Әліппе» оқуға
Үйреткен әр күні
Кім атын атай ғой?
Бәрі: Ол біздің
Мұғалім апай ғой.
Ана тілі: Үйретіп санауды,
Көп еңбек сіңірген
Кім атын атай ғой?
Бәрі: Ол біздің
Мұғалім апай ғой.
Ән: Ұстазға мың тағзым
Мұғалім:
Ал енді балалар осы уақытқа дейін қандай мақал-мәтелдер,жаңылтпаштар жаттадық соларды айтайық
Оқушы:
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Оқушы
Ақыл озбайды,
Білім тозбайды.
Оқушы:
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
Оқушы:
Оқу-білім бұлағы,
Білім өмір шырағы
Оқушы:
Жақсы қыз –жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт- көктегі жұлдыз.
Оқушы:
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Оқушы:
Жақсының жүрген жері базар,
Жаманның жүрген жері азар.
Оқушы:
Топ бала, топ бала
Ойнап жүр топтала.
Көп бала, топ бала,
Қуып жүр допты ала.
Оқушы:
Сулы жерде жалбыз бар,
Жалбызға сен жалғыз бар.
Жалғыз бар да, жалбызды ал.
Оқушы:
Шалабай шыли шалағай,
Шалағай шыли Шалабай.
Шақша басы шарадай,
Шаладай шала Шалабай.
Оқушы:
Көк тырна
Көп тырна
Тыраулап тек
Көп тұрма.
Оқушы:
Торта қойдым,
Орта қойдым.
Орта қойдым,
Жорта қойдым.
Оқушы:
Қарашы қиырға,
Көрінген сиыр ма?
Сиыр ма, суыр ма
Айыру қиын ба?
Ән: Не деу керек?
Мұғалім:
-Балалар, ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім еді? -Ыбырай Алтынсарин -Ал алғашқы әліппенің атасы кім? -Ахмет Байтұрсынов - Олай болса, ол кісілердің де рухынабас иіп, өсиеттерін әркез есте ұстаңдар!Дымбілмес болмай, Білгішбек болыңдар! (сахнаға кір-қожалақ Дымбілмес жүгіріп шығады) Дымбілмес: Мыналар неге жиналған, әй! Менің Дымбілмес деп атымды атаған қайсысың? Мұғалім:
-Сәлеметсіз бе ,Дымбілмес! Бүгін « Әліппемен қоштасу » мерекесі . Сен туралы айтқан мен. Дымбілмес: -Әліппемен қош-та-су! Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой, мен кетейін! Чао! (кетіп бара жатып, бір баланың басындағы әріпті көріп қалады да , жұлып алмақшы болады.) Бала: Тиіспе, менің басымдағыға! Мұнда әріп жазылған. Дымбілмес: Әріп дейді ғой. Қайдағы әріп , мынау доңғалақтың суреті ғой. Мәссаған рогатканың суретін салып алыпты . Бұлардың бәрін мен « әліппені » оқымай-ақ білемін. Мұғалім:
-Дымбілмес, балалар әріпті жақсы біледі.
Дымбілмес: -Ой , менен басқа білмейтіндер де бар шығар –ау іштеріңде! Мұғалім:
-Жоқ, Дымбілмес, барлық бала жақсы оқиды. Дымбілмес: -Онда мен кітап оқығым келеді. Мен де мына балалар сияқты әріп танығым келеді. Енді қайтсем екен......... Мұғалім:
-Өте дұрыс. Тек алдымен үсті-басыңды жөнге сал! « Әліппені » таза, әдепті бала ғана ұстайды. Дымбілмес: - Жарайды онда!(жүгіріп шығып кетеді) Сау болып тұрыңдар!
Мұғалім: Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.
Бәрі: Рахмет саған ата-ана!
Оқушы:
Күн боп күліп балаға, Ой жіберген санаға Мың бір сәлем жолдаймыз, Ардақты абзал анаға
Оқушы:
Ұмытпаймын еркелеткен күндеріңді, Ұмытпаймын әрқашан күлгеніңді. Әкешім, аман –есен жүре берші, Қалаймын ұзақ өмір сүргеніңді
Ән: Сабина
Би: Орыс биі
Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,.
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып – оқитын халге жетті,
Құтты болсын қадамы балалардың!
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
«Әліппе күнімен» марапаттау
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар. Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында, Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар – дей отырып, сөз кезегін қонақтарға береміз
Әнұран айтылады
Мұғалім: - Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1 «В» сынып оқушыларының әзірлеген «Рахмет саған, Әліппе!» атты ертеңгілігін тамашалағалы отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Сондай жағдайға жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар! 1 «В» сынып оқушыларының «Рахмет саған, Әліппе!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.
Мұғалім:- Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: - Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе.
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық.
Оқушылар:- Әліппе, әліппе, әліппе!
(Ортаға әліппе шығады.)
Әліппе:Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың-
Қуанышы халықтың.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане ортаға салайық.
3.Сөзімізге құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз.
4.Күмбір-күмбір қоңырау,
Соғылған ай қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма.
Жазылған ай қыркүйек.
5.Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
6.Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім.
7.Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе.
8.Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың,
Басы болар Әліппем.
9.Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
10.Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Хор: «Әліппе»
11. «Әліппемен» қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
12. «Әліппе» деген - алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
13.Қош бол құтты «Әліппем!»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
14.Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым білімнің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Мұғалім: - Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, жазуды, санауды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?
Бәрі: Мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.
16.А-ны айтқанда дауысым дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып буынды енді.
17.Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Әліппе: «Әліппе» оқуға
Үйреткен әр күні
Кім атын атай ғой?
Бәрі: Ол біздің
Мұғалім апай ғой.
Әліппе: Үйретіп санауды,
Көп еңбек сіңірген
Кім атын атай ғой?
Бәрі: Ол біздің
Мұғалім апай ғой.
Хор: « Мұғалім ол біздің.»
Жүргізуші: Ал осымен әріптер,
Шежіресін бастайық
Басшысы әріптердің,
А-дан сөзді бастайық.
А – Атыраудың айдыны,
Алтай таудың айбыны.
Астанамыз - Астана,
Алматымыз - бас қала.
Б - Бейбітшілік бар адам жүрегінде,
Бейбітшілік бар адам тілегінде.
И - Иба, әдеп, ақыл-ой,
Имандылық басы ғой.
Иісі қазақ баласын,
Инабатты дейді ғой.
Ө - Өнер іздеген өсер,
Өсек іздеген өшер.
С - Сыйламаған аз досын,
Сыйлай алмас өз басын.
Е - Еріншектің ертеңі,
Елге таныс ертегі.
Т - Тәп-тәтті нан таба нан,
Таба алмай қалдым табадан.
М - Мен көп тердім мақтаны,
Марат мені мақтады.
Н - Нағашым өтінді Назардан,
«Науат әкел» деп базардан.
О - Орындықта отырып,
Оқулықты оқылық.
Р - «Р-рр» деп бір ит жолықты,
Раушан одан қорықты.
Ұ - Ұл атану ұрыншақ,
Ұят екен ұғынсақ.
Щ – «Щёткамен тазарт тісіңді»
Деп ағам маған бұйырды.
Ы – Ырысбек сүйер жұмысты
Ықыласпен жуды ыдысты
І – Ізбасар болар ініміз,
Ісінен оны біліңіз.
Х –Хат жолдады Ахмет
«Хакім саған рақмет!»
Д - Дәмежанға дәрігер,
Дәрі беріп әбігер.
Ш - Шабындық жер шалғай ма?
Шалғысы бар шал қайда?
У - Улы жыланды Уәлі,
Уақ тас алып қуады.
Жүргізуші: Әріптерді қатар қойып,
Алфавитті құраған.
Оқу, білім өнерді,
Шамшыраққа балаған
Кім екен ол данышпан?
Бәрі: Ұлы Ыбырай атамыз,
Ұстаздардың ұстазы.
18. Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш қазақ педагогі. Ең алғаш әліппе жазған.
19. Ұстаздардың тұңғышы да,зоры да сен,
Халықтың кітап берген қолына сен.
Қазақтың қара түнек аспанынан,
Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем.
20. Айтпайсың ба дәл қазіргі еліңе өкпе,
Болашақ етеді аңыз сені көпке.
«Ыбырай Алтынсарин» деген шақта,
Бар мектеп көтереді қолын көкке.
21.Данышпан даласына сеніп туған,
Өмірін халық үшін беріп туған.
Еліне еңбек еткен деген сөздің,
Алғашқы мағынасын сен ұқтырған.
Ән: «Ұстаз»
Мұғалім: -Ал балалар, қонақтарға оқу сауатымызды көрсетейік!
( Оқушылар кезекпен кітап оқып береді )
Мұғалім: - Балалар сендер әліппемен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Бәрі: Математика, Дүниетану, Ән, Бейнелеу.
22.Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
23.Қолға қалам алайық,
Қанша сан бар, жазайық.
Қарап тұрмай, сандарды,
Қайта-қайта санайық.
0 – Дөңгелекке ұқсайды,
Доп сияқты, ұшпайды.
Досым нөлді О дейді ,
Десем «бұл нөл», ұқпайды.
1 – Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтес тәтем жүр сауып.
2 – Екі аяқпен жүремін ,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.
3 – Үйімде бар үш қалам,
Үшеуінде ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балықты ұстаған.
4 – Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да.
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
5 – «Бестік» деген бағаны.
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.
6 – «Алақай!»-дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?
7 – Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.
8 – Сен де, мен де баламыз
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
9 – Тоғыз жасқа келгенім
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!
10 – Он жыл,он жас-он деген,
Он жас кіші он менен.
Онды жаза аламыз
Он – тұрған бір нөл менен.
11 – Біздер санай білеміз,
Білмегенге күлеміз.
Біреу, екеу, үш, төрт деп,
Бес, алты деп жүреміз.
Санамақ айтылады.
Мұғалім: Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.
Бәрі: Рахмет саған ата-ана!
Ән: «Ақ мамам»
12 – Бәріміз ән сабақта тамашамыз.
Үкілі бөрік киіп жарасамыз.
Ағайға ән үйреткен риза болып,
Үйді-үйге өлең айтып тарасамыз.
13 – Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен даланы.
14 - Әр сабағы мектептің,
Әдемі ғой біздерге.
Риза болып шығамыз,
Мұны үйреткен сіздерге.
жан-жақты оқу, білім, мол тәжірибе қажет. Ендеше, осы әліппеден алған білімдеріңді болашақта толықтырып, армандарыңа жетіңдер.
Бәрі:– Рахмет сіздерге ұстаздар!
15.Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
17.Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
18.Әліппем,менің әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам 1000 рет
Өзіңе көп-көп рахмет
Әліппе:Балалар, мен сендерге ризамын. Енді сендер ана тілін де жақсы оқитын болыңдар.
Ана тілі: Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріңе,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім-ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінділмес кемдігім.
Бүгіннен бастап сауатты балалар білімдеріңді әрі қарай мына менің арқамда дамытып, тереңдете түсесіңдер.
Әліппе:Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым.Қазақта айтады «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп.Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!