kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ош бол, ??тты ?ліппем!» атты ?ліппемен ?оштасу ерте?гілігіні? сценариі

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 сынып о?ушыларына арнал?ан "?ош бол, ??тты ?ліппем!" атты ?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі сауат ашу п?нін ал?ан білімдерін тиян?атау?а к?мектеседі. Тіл байлы?ын дамытып, ?зіні? ана тіліне деген с?йіспеншілігін арттырады. М?тіндерді ж?ргізіп о?у?а, сурет бойынша с?йлем ??растыру?а, ауыз ?дебиетіндегі шы?армалармен танысады. Абай, Ыбырай сия?ты а?артушыларды? ?ле?дерін м?нерлеп о?ып, жат?а айтады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ош бол, ??тты ?ліппем!» атты ?ліппемен ?оштасу ерте?гілігіні? сценариі»

«Қош бол, құтты Әліппем!» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігінің сценариі.


Мақсаты: Оқушыларға әліппе мен ана тілі пәнінің маңызын түсіндіру. Ата – аналарға балаларының 3-4 айда қандай білім игеретінін іс жүзінде көрсету. Оқушылардың эстетикалық талғам сезімдерін байыта түсуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

1. «Біз ХХІ ғасырдың ұрпақтарымыз!»

2. Қош бол, құтты болсын!

3. Абай, Ыбырай суреттері, өлеңдері.

4. Оқу білім туралы мақал мәтелдер.

5. Кеспе әріптерінің магнитті тақтасы.

6. Республика рәміздері.

7. Гүл, шаршар, нақыл сөздер жазылған плакат, карона (әріптердің).

Барысы:

Кіріспе сөз: мұғалім.

Сәлеметсіңдер ме, құрметті ұстаздар, ауялы ата – аналар, бірінші сынып оқушылары! Бүгін егемендігіміз ескеріліп, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымызға алысқа жетіп, жатқан шақта бүгінгі сіздер үшін әліппемен қоштасу ертеңгілін бастаймыз. Кеше ғана алаңсыз атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болды. Шәкірттер ата-ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

Оқушы:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл – ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.

1-жүргізуші Аружан:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Бүгінгі бірінші «б» сынып оқушыларының «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Сіздерді осы ертеңгілікті тамашалауға шақырамыз.

Би: «Шөжелерім».

Ән: «Әліппе».

Оқушы:

Әліппем менің әліппем!

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

2-жүргізуші Жарас:

Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап жол ашқан?

Хормен: «әліппе».

Құтты болсын тойларың.

1-жүргізуші Аружан:

Олай болса, ортамызға сүйікті әліппемізді шақырайық. Хормен әліппе, әліппе деп шақырады.

Ортаға әліппе оқулығы шығады. Балалар, сендер мені оқыдыңдар және менен не үйрендіңдер? Сол білімдеріңді көрсетіңдер. (Сания)

2-жүргізуші Жарас:

Біз, әліппеден әріптерді, сөздерді оқуды, жұмбақтар шешуді, өлеңдер жаттауды үйрендік. Енді кез келген кітапты өзіміз оқып, өзіміз жаза аламыз.

1-жүргізуші Аружан:

Сонымен бірге, Ыбырай, Абай аталарымыздың өлеңдерінде айта аламыз.

Нұрай:

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

1-жүргізуші Аружан:

Бұл кімнің өлеңі? Хормен: Ы. Алтынсарин

Айзада:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге

2-жүргізуші Жарас:

Бұл кімнің өлеңі: Абайдың (хормен)

2-жүргізуші Жарас:

Ой, балалар, біз жұмбақ шешуді де үйрендік қой? Ал ендеше жұмбақ шешейік.

Дастан:

Қырық екі жауынгер,

Санын түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер қауымды ел,

Сырын терең ұғады.

Хормен: (Алфавит)

1-жүргізуші Аружан:

Алфавиттер, шығыңдар!

Орындарыңа тұрыңдар

Басталық кәне айтысты!

Жібермейік намысты.

Мадияр: А әріпі:

Алфавиттің А тұрады басында

А деген ол аналар ғой ардақты.

Әлихан: Ә Әрпі:

Ә деген ол әкелер ғой салмақты.

Ануар: Б әрпі:

Б деген ол балалар ғой әдемі.

Нұрасыл: Г әрпі:

Гауһардай А сарайға

Гүлзар керек қалайда.


Гауһар: Ғ әрпі:

Ғалым болсаң ғылымда,

Ғажайыптар аша біл.


Дархан: Д әрпі:

Дүңгіршектер салынды,

Діңгек, қада қағылды.


Ильхан: Е әрпі:

Есектұмсық сылақшы,

Ерке әрі тілі ащы.


Жасұлан: Ж әрпі:

Жұмбақты шешті тез олар,

Жамырай «Е» десті олар.


Ерали: З әрпі:

Зәулім сарай жарқылы

Зеңгір көкке шарпылды.


Ерназар: И әрпі:

Итбалық өте ақылды,

Игі іске жұртты шақырды.


Дильназ: К әрпі:

Керемет баға бес деген,

Келемін алға басып мен.


Айсара: Қ әрпі:

Қиындықтан қорықпа,

Қаймығып еш торықпа.


Дастан: М әрпі:

Мейман келсе, дәл қазір,

Мейрамхана болды әзір.


Камила: О әрпі:

О кәдімгі дөңгелек,

Кетпесін ол дөңгелеп.


Аружан: Ө әрпі:

Өзеннен тартып жарық, нұр,

Өрмелегіш балық жүр.


Айзада: С әрпі:

Спортпен айналыс

Сұлулық сыйлаған.


Гүлназ: Т әрпі:

Тынымсыз еңбек қайнайды

Төңірек гүлдей жайнайды.


Арайлым: Н әріпі Нан - әлемнің азығы

Дастарқанның қазығы

Нар түйенің асылы

Өрісі ел жазығы

Мен «Н» әріпімін


Ғалымжан: Ү әрпі:

Үдей де түсіп барлық іс

Үлгім тынды әр жұмыс.


Санжар: У әрпі:

Уықтардың барлығын

Уық қапқа сал күнім.


Исабек: Ы әрпі:

Ынталы алға ұмтылмақ,

Ырыс алды ынтымақ.


Жарас: І әрпі:

Іс болды бұл жігерлі

Інжу сарай гүлденді.


Нұрай: Ш әрпі:

Шындықты сақтаймыз

Шыншылды жақтаймыз.


Арай: Х әрпі:

Қағазда жоқ хатта бар,

Қарада жоқ, хандар бар.


Сахналық көрініс «Байлық пен ақыл».

Қатысушылар: Әке – Жасұлан, 1-ұл Дархан, 2-ұл Дастан, 3-ұл Мадияр, 4-ұл Исабек, автор – Айсара.

Байлық пен ақыл

Автор: Ертеде бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап, былай депті.

Автор:Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:

Автор:Екінші ұлы асыл киімдерін киіп әдеміленіп келеді де:

Автор:Үшінші ұлы күміспен және асыл тастармен әшекейленген белдік тағып келеді.

Автор:Әкесі үш ұлына қарап басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап сен неге үндемейсің?

Автор: Әкесі өз мұрагері етіп ең кіші ұлын тағайындайды.

Әке: Мен қартайдым.Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті.Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады.Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарың көрсетіңдер.

Үлкен ұл: міне, менің байлығым.Асыл тасты жүзігім бар. Ал кім бай болса, сол ақылды адам.

(Асыл тасты жүзік тағып келу)

Екінші ұлы: Менің осы асыл киіммен көргендер ақылым байлығымның алдында бас иеді.

(Асыл киіммен келу)

Үшінші ұлы: Мұндай белдік-ешкімде жоқ. Бұл менің байлығым-

( Жылтыр тастармен көмкерілген белдік тағып келеді)

Ең кіші ұлы: Әке: Менде асыл тасты жүзік, асыл киім де, әдемі белдік те жоқ.Бірақ еңбексүйгіш екі қолыммен жігерлі жүрегім бар.

Арайлым: Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салатанат.

Оқулықпен достасып,

Әліппемен қоштассақ.

1-жүргізуші Аружан:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз!

2-ші жүргізуші Жарас:

Таныстырған 42 әріппен,

Хормен: Қош бол, менің қасиетті Әліппем!


1-жүргізуші Аружан:

Ал, балалар енді Әліппені шығарып салып, ортаға Ана тілі оқулығын шақырайық!

Хормен: «Ана тілі, ана тілі» деп шақырылады.

Дильназ:

Сәлем, ойшыл, достарым,

Ана тілін таныңдар.

Оқып білім алыңдар

Білім шамын жағыңдар.

Балалар менен әдемі, сауатты жазуды үйренесіңдер.


1-жүргізуші Аружан:

Ал, кәне, жұмбақ есептер шығарайық. Бізге қонаққа Математика келеді. Біз әріптермен қатар санауды және есептеуді де үйрендік.

2-ші жүргізуші Жарас:

1-жұмбақ.

Мен, інім, әкем

Шешем және әпкем

Әпкемнің шешесі мен әкесі

Інімнің әке шешесі, әпкесі,

Бәріміз моншаға бардық

Моншаға қанша адам бардық? (5)

Енді, біз, оқу жазумен қатар әдептілікті де үйрендік.


Дархан:

Бір дегеніміз-білеу,

Екі дегеніміз-егеу

Үш дегеніміз-үміт

Төрт дегеніміз-төсек

Бес дегеніміз – бесік

Шықтың содан өсіп.


1-жүргізуші Аружан:

Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Хормен: Әдепті екен бұл дейміз.


2-жүргізуші Жарас:

Кітап дәптер қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Ұқыпты екен бұл дейміз.


Ән Аружан: «Анашым»


1-жүргізуші Аружан:

Таудай биік талабы,

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Үлгілі дейміз бұл дейміз.


Ән: «Қош бол, құтты Әліппем!


2-жүргізуші Жарас:

«Қош бол, құтты Әліппем!» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
«?ош бол, ??тты ?ліппем!» атты ?ліппемен ?оштасу ерте?гілігіні? сценариі

Автор: Жусипбекова Рыскул Аубакировна

Дата: 12.01.2016

Номер свидетельства: 275860


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства