kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ош бол,??тты ?ліппем!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы : «?ош бол,??тты ?ліппем!» Ма?саты : 1. О?ушыларды? ?ліппеден ал?ан білімдерін тияна?тау, ?з ?нерлерін ата- аналар?а к?рсету. 2. О?ушыларды? тіл байлы?ын, д?ниетанымын, о?у?а деген ?ызы?ушылы?ын дамыту. О?ушыларды? с?здік ?орын молайту. 3.Білім н?рін беріп, сауатын аш?ан ал?аш?ы о?улы?ы ?ліппеге ??рмет к?рсетуге, о?у?а, білімге деген
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қош бол,құтты Әліппем!» 1-сынып»

Тақырыбы : «Қош бол,құтты Әліппем!»

Мақсаты : 1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау, өз

өнерлерін ата- аналарға көрсету.

2. Оқушылардың тіл байлығын, дүниетанымын, оқуға деген

қызығушылығын дамыту. Оқушылардың сөздік қорын молайту.

3.Білім нәрін беріп, сауатын ашқан алғашқы оқулығы әліппеге

құрмет көрсетуге, оқуға, білімге деген сүйіспеншілігін арттырып,

отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жалаушалар, нақыл сөздер, шарлар, суреттер


Барысы:

І. Кіріспе бөлім.

- Армысыздар, құрметті қонақтар! Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған, кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, ойларына ой, саналарына сана қосып, өздерінде жауапкершілік сезімі пайда болып, білім асуының алғашқы белесінен аман- есен асып, тағы бір жасқа есе йіп отыр.

«Әліппе» -бұл бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Сондай жағдайға жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр.

Бүгін сіздердің алдарыңызда шәкірттер төрт ай бойы әліппеден және басқа пәндерден оқығандарын көрсетпек.

Армысыздар, әлеумет, кеш қонағы.

Бүгін бізде мереке аса мәнді.

Қуанып зер салайық, ей халайық!

Балғындарды қошеметпен қарсы алайық!

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! 1 сынып оқушыларының «Қош бол,құтты Әліппем!»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына енді. Сондықтан әліппемен қоштасу салтанатты мерекеге қатысушы балаларды қошеметтеп отырайық.

Мұғалім: - Бала деген шіркін-ай балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.

(Балалар өздерін таныстырады.)


1.Жұмсағанда баратын,

Айтқан тілді алатын,

Мен боламын .


2.Сәулелі де сымбатты,

Сөйлегені тым тәтті.

Мен боламын Ақбота деген қыздарың,

3.Дарасы болар даланың,

Нұрасыл деген баламын.


4. Гүлнұр қызбын кең маңдай,

Әдемімін мен қандай.


5.Көп оқитын, көп тоқитын,

Менің атым Шырайлым


6.Білімнен бақыт табатын,

Мен Улту боламын.


Ұлдар: Ассалаумағалейкум, ағайындар!

Қыздар: Армысыздар аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!

Барлығы: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

І-жүргізуші: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан әліппе оқулығын бітірдік.

ІІ-жүргізуші: Олай болса, бүгінгі «Қош бол,құтты Әліппем!»атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер

ҚР-ның Әнұраны

1 - оқушы:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2 - оқушы:

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
1-жүргіуші

Бүгін біздің куанышымызда шек жок. Ceбебі, біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

Өсті міне ойларың,

Өсті ақыл ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

1-жүргіуші:

Шашу ,шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық!

Бұл мереке бұл тойдың

Бастамасың бастайық!

2-жүргіуші:

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат...

Оқулықпен достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ.

Мұғалім:- Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар: - Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті Әліппе.

Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық.

Оқушылар:- Әліппе, әліппе, әліппе!

(Ортаға әліппе шығады.)


Әліппе : Сәлеметсіздер ме .балалар!

Хор: Қош келдіңіз,Әліппе!

Әліппе :

Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаңа
Құттықтаймын, саусыңдар ма,
Бүлдіршіндер, балғындар.
1-оқушы:
Бар білімнің бастауын,

Әліппеден бастадым.

Үйренуге талпындым,

Құлшынып балғын жас жаным


2-оқушы:

Менің атым – Әліппе
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен
Бауыржан да ,Мәлікте

3-оқушы:

Мынау менің Әліппем

Көгілдір туым түсіндей.

Ақылшы жақын досымдай

Қымбатты маған кісімдей?

4- оқушы:

Бірінші беттен елімнің

Елтаңбасың таныдым,

Көк байрақтың қазақтың

Ұрпағымын,сәнімін
5-
оқушы:
Әліппем ,менің әліппем,

Адеген бастап әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

6- оқушы:

Әліппем ,менің әліппем

Сені қолға алып мен.

Есігің аштым білімнің,

Ертеңі жарық сәулемен
1-жүргізуші: Біз енді өзіміз-ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді де бөгетсіз оқи аламыз.

2-жүргізуші:

Үйретіп мұғалім алғаш бізге әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді,

Адамның ой-арманы,мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

1-жүргізуші: Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік.42 әріпті түгел жаттап алдық.Оқуды ,санауды, жазуды үйрендік.Осының бәрін үйреткен кім?

Бәрі: Мектеп , мұғалім, әліппе!

2-жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да,егін саслған егінші де ,мал бағып терін төккен шопан да,көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де,бәрі-бәрі ұстаздан білім,тәлім алған,сондықтан да ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді ( бас иеді)

Барлығы :Ұстаздарға мың алғыс!

Ән: «Мұғалім-ол біздің!»

1-жүргізуші:Біздің әліппені жақсы меңгеріп,сауатты жазып,оқуымызға ата-аналардың да қосқан үлесі мол.Қане,бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.

Хор: «Бақытты балалық шағымыз үшін,рақмет саған ата-ана!»

2-жүргізуші: Әліппе бізді тек әріптермен ғана таныстырып қойған жоқ,бір-бірімізбен достыққа,мектеп ережесін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті.

1-жүргізуші:

5-тік болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер –білім көп тоқып,

Өсе берсің санамыз.

Мұғалім: -Балалар,ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім еді?

-Ыбырай Алтынсарин

-Ал,алғаш мектеп ашқан кім?

-Ахмет Байтұрсынов

-Ыбырай аталарын оқу туралы қандай өсиет қалдырған?

Хормен: Бір аллаға сыйынып

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
Әліппе: Балалар,енді мына жиналған қауымға осы уақытқа дейін нені оқып үйренгендеріңді көрсетсеңдер деймін.

Мұғалім:

Әріп біткен шығыңдар!

Орындарыңа тұрыңдар.

Бастайық кәне айтысты!

Жібермейік намысты.

1-оқушы:

А дегенім ардақты

Ақ сүт берген апамыз

2-оқушы:

Б дегенім бал тілім

Біз бақытты баламыз.

3-оқушы:

Ә дегенім әншінің

Әнеге айналған әуені.

4-оқушы:

Қ дегенім малшының

Қамшысы ғой әдемі.

5-оқушы:

Д дегенім добың мен,

Дойбы болып шықпай ма?

6-оқушы:

С дегенім сәбидің

Сылдырмағын ұқпай ма?

7-оқушы:

Ж дегенім Жеңімпаз

Жеңімпаздар мұқалмас.

8-оқушы:

З дегенім өнерлі

Зергер асыл тас жонар.

9-оқушы:

К дегенім кемеңді

Капитандар басқарған.

10-оқушы:

Ө дегенім ол басқа

Өрісің мал жайлайтын

11-оқушы:

Ү дегенім үріккен,

Үйрегіңнен ауысты

12-оқушы:

Е дегенім ежелгі

«Ер» деген сөз даңқты

13-оқушы:

Т дегенім жеңімпаз.

Туымыз ғой қолдағы.

14-оқушы:

Г дегенім бөктерде

Гүл болатын жайнаған

15-оқушы:

Р дегенім күн бойы

Радио сайраған

« Алфавит сыры »
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба, Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде, түсінші?

А деген ол – аналар ғой ардақты,
Ә деген ол – әкелер ғой салмақты,
Б деген ол – балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Ән: «Туған жер»

Әліппе: Ретімен тізбелі,

Әрбір санды даралап.

Қайсың барсың бізге енді,

Айтып берер санамақ?

17- оқушы: 1 дегенім- бесік,

Шықтың содан өсіп.

18- оқушы: 2 дегенім- елім,

Далам, тауым, көгім.

19- оқушы: 3 дегенім- үміт,

Үміт артар жігіт.

20- оқушы: 4 дегенім- төзім,

Төзе білем өзім.

21- оқушы: 5 дегенім- бақыт,

Бағалайтын уақыт.

22- оқушы: 6 дегенім- ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

23- оқушы: 7 дегенім- жалау,

Жүректегі алау.

24- оқушы: 8 дегенім- сөзің,

Серт беретін кезің.

25- оқушы: 9 дегенім-талғам

Тура жолға салған

26- оқушы: 10 дегенім- Отан,

Қорға соны ботам

Әліппе: Жарайсыңдар ,достарым!

Ұқыптылық ,әдептілік туралы не білесіңдер?

Сыйлап өскен ағаны

Сәлем берген баланы кім дейміз?

Хормен: Ұқыпты екен дейміз

Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы кім дейміз?

Хормен :Ұқыпты екен дейміз

Таудай биік талабы,

Жақсы оқитын баланы кім дейміз?

Хормен:Үлгілі екен дейміз

Өтірік сөз айтпаса

Уәдесінен қайтпаса кім дейміз?

Хормен: Шыншыл екен бұл дейміз!

1-жүргізуші:

«Әліппе» деген - алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

2- жүргізуші:

Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің әліппем,

Ақылды сіз мұғалім.

Мұғалім: «Әліппе» сендерді оқуға,жазуға үйретті.Сол үшін әліппе достарыңа не деу керек.

Хормен: Бізге оқу үйреткен

Бар уақытты бірге өткен

Әліппеге рахмет!

«Дос болайық бәріміз» әні

Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғасты-ратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.

Оқушы:

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе

Оқушы:

Әліппе-білім анасы

Әліппе- кітап данасы

Әліппе бетін ашпаған

Адамның барма баласы?

Оқушы:

Білімге жолды бастаған ,

Әліппем, саған мың алғыс!

«Оқы «деп ұран тастаған,

Әліппем, саған мың алғыс!

Оқушы:

Үйретті бізді Әліппе

Қырық екі әріпке

Сөз ,сөйлем құрап әріптен

Лайық болдық әріпке

Оқушы:

Қош бол құтты «Әліппем!»

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Жүргізуші:

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім

Ән «Қошақаным»

Әліппе:Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым.Қазақта айтады «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп.Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін.

Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

-Балалар ,әліппемен қоштастық.

Енді «ана тілі» оқулығын оқитын боламыз.

Оқушы:

Ана тілің –арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл!

Өз тіліңді құрметте!

Жүргізуші :

Ана тілі біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап,бағып қағамыз.

Біз ана тіліміздің мәртебесін жоғары көтереміз деп уәде береміз.Енді біз сізбен біргеміз.

Ән: «Анамның тілі –аяулы үні»

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,.

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып – оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың!

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейбін еңбекқор мықты болсын. (сыйлықтар тарату)

Құттықтау сөз кезегі:

Мектеп директоры м.а. Сыздыков Б.Ө. беріледі.

Мұғалім:Балалар, сендердің әліппені жақсы меңгеріп,сауатты оқуларыңа ата-аналарыңның да қосқан үлесі мол.

Ата-ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің — деп келесі сөзді ата-аналарға береміз.

Мұғалім: Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін енбекқор күшті болсын! Осымен «Қош бол,құтты Әліппем!»

ертеңгілігімізді аяқтаймыз!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?ош бол,??тты ?ліппем!»

Автор: Утепова Жанар Валиевна

Дата: 06.02.2015

Номер свидетельства: 168611


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства