?о?ам?а сай жастарды ?алыптастыруда?ы ?лтты? д?ст?рді? ма?ызы
?о?ам?а сай жастарды ?алыптастыруда?ы ?лтты? д?ст?рді? ма?ызы
?о?ам?а сай жастарды ?алыптастыруда?ы ?лтты? д?ст?рді? ма?ызы
«Ел боламын десе? - бесігі?ді т?зе»- деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей, азамат жастарымызды ?лтты? д?ст?рде т?рбиелеуде ?лтты? менталитетке к?п к??іл аударуымыз керек, я?ни ?рбір елді? ?зіні? жеке т?л?асын ?алыптастыруы о?ай шаруа емес. ?аза? еліні? азаматын ?алыптастыруда ?лтымызды? салт-д?ст?рін пайдалану б?л е? ?ажап істерді? бірі. ?рбір педагог ел азаматын ?алыптастыру барысында салт-д?ст?рлерді насихаттай отырып, т?рбие беру барысында ?лтты? ??ндылы?тарды, салт-д?ст?рлерді? элементтерін пайдалануы тиіс.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?о?ам?а сай жастарды ?алыптастыруда?ы ?лтты? д?ст?рді? ма?ызы »
Тасжанова Назира
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы
№56 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Қоғамға сай жастарды қалыптастырудағы ұлттық дәстүрдің маңызы
«Ел боламын десең - бесігіңді түзе»- деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей, азамат жастарымызды ұлттық дәстүрде тәрбиелеуде ұлттық менталитетке көп көңіл аударуымыз керек, яғни әрбір елдің өзінің жеке тұлғасын қалыптастыруы оңай шаруа емес. Қазақ елінің азаматын қалыптастыруда ұлтымыздың салт-дәстүрін пайдалану бұл ең ғажап істердің бірі. Әрбір педагог ел азаматын қалыптастыру барысында салт-дәстүрлерді насихаттай отырып, тәрбие беру барысында ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлердің элементтерін пайдалануы тиіс.
Қазақ халқында ел болашағын тәрбиелейтін, яғни жастарды тәрбиелейтін салт-дәстүрлері көп. Әрбір дәстүр, әрбір құндылық ұлт тәрбиесінде үлкен роль атқарады. Тек қана Қазақстан азаматын тәрбиелеуде тәрбиелеуші тәрбие мен ұлттық дәстүрдің басын қоса алса болғаны. Мысалға алатын болсақ «Бесік жыры». Бесік жырының кішкентай жас сәбиге әсері мол. Себебі ,сәби әдемі әуенмен ұлтының қандай екендігін біле алады, яғни сезінеді. Баланы жастайынан тәрбиелеуде орын алатын әрбір үлгі өнеге, салт-дәстүр тәрбиеленуші жас буынның болашақта өз елінің адамгершілігі мол азаматы болуына көп ықпал етеді. «Балаларды тәрбиелей отырып, қазіргі ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, демек, дүниенің тарихын да тәрбиелейді»-деп А.С. Макаренко айтқандай, ел азаматын тәрбиелеуде ұлт дәстүрінің маңызы зор. Қазақстан азаматын қалыптастырудағы тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеуде белгілі әлемдік отандық ғалымдардың еңбегіне тоқталатын болсақ, әлемнің алғашқы ұстазы Аристотель «Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз» деп жазады.[1]. Яғни ұлы тұлға бұл құдіретті сөздері арқылы әрбір елдің өз азаматы, жастары қалыптасуына халықтың қосар үлесінің көп екендігі жайлы сөз еткен. Қазақстан азаматын қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Сондықтанда ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын адам бойына сіңіру, Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады. Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды қазақстандық ел азаматын қалыптастырудағы мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес.
Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алап қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Ол, ол ма, осы жырлардың негізгі кейіпкерлері – болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі[2].
Қазақ елінің азаматын қалыптастыруда келесі қазақ ұлтының ұлттық ойыны дәстүрі асық ойнауды мысалға алсам болады. Асық ойнау арқылы бала қалай тәрбиеленеді? Ел азаматы болып қалыптасудағы бұл ұлттық ойынның әлеуеті қандай? - деген сауалдарға жауап беретін болсам, асық ойыны.– біздің ұлттық спортымыздың бір түрі. Ертеде мұны қазақтың ұлы да, қызы да қызыға ойнаған. Өйткені, асық ойындарының тәрбиелік мәні зор. Мысалы, асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойыны өзінің түрлеріне қарай баланың күш-жігерін арттырып, мергендігін, шапшаңдығын, ептілігін және қырағылығын жетілдіреді. Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас баланың намысын жанып, «қатарымнан озсам» деген талпынысты бойға қасиет қылып сіңіреді. Мұның сыртында асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Халқымыз асықты қастерлеген. Мысалы, қазақта «асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар. Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе, сол бірінші атады. Яғни асықтың алшы түсуі оның иесін басымдыққа жеткізеді. Сәті түсіп, жолы болып тұрғандығын білдіреді. Асық тұла бойы құдiретке тұнған күш іспетті де. Сол себептен ертеде бақсы-балгерлер асық арқылы болашаққа болжам жасаған[3].
Қазақстан азаматын қалыптастыруда ұлттық дәстүрді пайдалану көп еңбекті қажет етеді. Өйткені қазақ этносының бүкіл тыныс- тіршілігінде, отбасындағы әдет-ғұрып пен пен салт-санасынан көрініс беру шарт. Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен, ұлттық салт-дәстүр мен ұштастыра білуі міндетті. Мәдениетті болу үшін тұлға білімді болуы керек және өз білімімен ұлттық дәстүрдің әлеуетін пайдалану қажет. Қанша білімді болғанымен ұлттық дәстүрді игермеген болса, ондай тұлға өз елі алдында мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді. Ал азамат болып қалыптасу жолында әдеп, дәстүр сақталса, ел болашығының азаматының мәдени жемістері көрінеді[1].
Қазақтың ағартушы педагогиканың еңбектері ұлттық сана сезімді, ұлттық намысты, тарихи сананы қалыптастыруда алатын орны мен маңызы ерекше. Сондықтан сол қазақ тәлімгерлерінің ой-пікірлерін егемен еліміздің бүкіл халқын, әсіресе жас ұрпағымызды қазақ халқының ұлттық рухында тәрбиелеу негізіне алынуы, ол үшін олардың сол ұлттық тәрбие беру туралы көзқарастары жан-жақты зерттеліп, оқу тәрбие жұмысында кең қолданыс табуы тиіс. Сонда ғана ұлттық тәрбие- ұлт болашағымыздың негізі бола алады.[4]
Жастар – бұл біздің қоғамымыздың болашағы. Қазақ елінің азаматын қазақи салт-дәстүрлер тұрғысынан тәрбиелеу бұл – біздің қоғамымыздың басты міндеті. Сондықтанда барлық жастарды елінің өрен азаматы ретінде қалыптастыруға ұлттық дәстүрлі нақыштан жоғары дәрежеде көп үлес қосумыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
С.Ғ.Тәжібаев «Мектептің тәрбие беру үрдісіндегі оқушының ұлттық келбетін қалыптастыру» Алматы 2010
http://45minut.kz/?p=60831
www.alaman.kz/p=7341
К.Бөлеев «Қазақ этнопедагогикасы- ұлттық тәрбие берудің негізі» Алматы, Нұрлы әлем 2008
Шұбаттың емдік қасиеті
Жарияланды 14-03-2014, 23:08 Категориясы: Ғылыми жұмыс
Мазмұны: 1. Кіріспе. 2. Шұбаттың емдік қасиеті. 3. Қазақстанның ұлттық бренді - шұбат 4. Зертханалық жұмыс. 5. Қорытынды. 6. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жобаның мақсаты. Қазақ халқының байырғы сусыны - шұбаттың емдік қасиетін анықтау арқылы маңызын көрсету. Қазақтың байырғы сусыны ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.
Жобаның міндеті. - Қазақтың ұлттық сусыны - шұбатпен танысу; - Шұбаттың адам өміріндегі алатын орнын көрсету; - Шұбаттың адам денсаулығына пайдасын көрсету;
Кіріспе. Түйе – төрт түліктің төресі. Ауыр жүк артылып, алыс сапарға жегілсе де мыңқ етпейтін маңғаз жануардың қадірін көшпелі жұрт қатты білген. Айрықша күтімді қажетсінбейтіндіктен «кедейдің малы»атанған жануар табиғи жайылымды тез қоңданады. Әрі оның сүті мен шұбатты медицина тарапынан емдік сусын ретінде мойындалғаны да белгілі. Көзін тауып, өңдей білсе, жүні де өнеркәсіпте таптырмайтын шикізат. Міне, осындай пайдасы мол мал тек әлемде санаулы мемлекеттерде ғана бар. Соның бірі біздің елімізде. Алайда, түліктің төресі түйені өсіріп, оның өнімдерін ұлттық брендке айналдыра алмай отырғанымыз да шамбайымызға бататын шындық. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан кешенді бағдарлама жасалып, осы саладағы ұсақ-түйек шаруашылыққа барынша нақты қолдау көрсетілмесе бүгінгідей мысықтабандаумен ұзаққа бармайтынымыз белгілі.
- Түйенің пайдалы жақтары көп қой. Бір ғана сусынының өзі неге тұрады. Көптеген ауруларға мыңнан бір ем. Сүтінен шұбат дайындап, құрт қайнатады. Шипалық қасиеті мол, дәмі тіл үйірер шұбат сусынына бүгінде шетелдіктер аса қызығушылық танытып отырғаны белгілі. Көптеген Азия елдері әрі тағам, әрі киімге шикізат, дертке дауа ретінде пайдаланатын түйе сүтінің емдік қасиеттері күннен күнге ғалымдарды таңғалдыруда.
Ғалымдар шұбатпен өкпе құрты, бауыр ауруларын, холециститті, өт жолдарының бітеліп қалуын емдеуге болады дегенді айтады. Осыған орай шұбатты әлемдік нарыққа шығару үшін ғалымдар өнімді кептіру, құрғақ сүт ұнтағы және таблетка түрін жасау технологиясымен де айналысуда. Алайда шұбаттан жасалған өнімдерді әлемдік нарыққа шығарып, ұлттық брендімізге айналдыру үшін қыруар қаржы, көлемді инвестиция қажет екені анық. Ал, әзірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сауықтыратын медициналық сусын деп бағалап отырған шұбаттың пайдасын ескергендер саны саусақпен санарлықтай.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Материал рейтингісі:
20
барлық дауыс бергендер: 1
Ілмек сөздер: Шұбаттың емдік қасиетті, ғылыми жоба, түйе туралыЖариялаған bibka Оқылды: 4473 (рет) | Пікірлер: 0