Ма?саты: ХХ ?асырды? елімізге сыйла?ан басты байлы?ы Т?уелсіздік о?айлы?пен келмегені жайында бастауыш сынып о?ушыларына жете т?сіндіру; Желто?сан к?терілісіні? сипатын насихаттай отырып Желто?сан ??рбандарын м??гі есте са?тау?а т?рбиелеу. жас ?рпа? бойында еліне, жеріне, ?лтына деген патриотты? сезімін ?алыптастыру.
Ж?ргізуші: 1991 жылы - Т?уелсіз ел атанып, ая?ынан т?й-т?й бас?ан республикамыз бен оны? хал?ы ?шін ерекше жыл. Сол к?ні республикамызды? аспанында ?аза? еліні? ?з Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елта?бамыз ?абылданды.
Ж?ргізуші: К?к ж?зінде ?лемге н?рын шаш?ан к?н с?улесі, астында ?ия?а ?анат ?а??ан ?ыран тынышты?ты?, берекелі ?мірді? белгісі, ал ою-?рнек ?ай елдікі екендігін а??артады.
Ж?ргізуші: Ортасында ш??ылалы к?н, оны? астында ?алы?тап ?ш?ан ?ыран бейнеленген тік б?рышты к?гілдір мата. К?н - ш??ыла ж?не ?ыран бейнесі алтын т?сті. Матаны? сол жа?ында ?лтты? ?рнегі бар тік жола? орналас?ан.
Ж?ргізуші: Елімізді? р?міздерін, соны? ішінде ?асиетті К?к байра?ымыз бен Елта?бамызды, ?н?ранымызды ?з жанымыздай ?астерлеу, о?ан зор ??рметпен ?арап т?мардай са?тау - б?рімізді? абыройлы міндетіміз.
1-о?ушы: Аспан т?стес к?гілдір,
Тікб?рышты матаны?
Ортасында т?ніп т?р,
К?н жаяды шапа?ын.
2-о?ушы: Астында оны? ?ал?ы?ан
?ыран ??сты? бейнесін
К??ілі деп білесі?
Азат елді? шал?ы?ан.
3-о?ушы: Ескі белгі - ?рандар
Сары алтындай са?тал?ан.
К?н, ш??ыла, ?ыран да
Алтын т?спен аптал?ан.
4-о?ушы: Сол жа?ында матаны?
?ызыл т?сті жола? тік.
М?ратындай атаны?
?сем ?рнек - ол ?лтты?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза?станым -Т?уелсіз елім »
"Надек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
/Тәрбие сағаты/
Сынып жетекшісі: Қалиева А.Х.
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстаным
Мақсаты: ХХ ғасырдың елімізге сыйлаған басты байлығы Тәуелсіздік оңайлықпен келмегені жайында бастауыш сынып оқушыларына жете түсіндіру; Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтауға тәрбиелеу. жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Жүргізуші: 1991 жылы - Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй-тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында Қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.
Жүргізуші: Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыран тыныштықтың, берекелі өмірдің белгісі, ал ою-өрнек қай елдікі екендігін аңғартады.
Жүргізуші: Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір мата. Күн - шұғыла және қыран бейнесі алтын түсті. Матаның сол жағында ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан.
Жүргізуші: Еліміздің рәміздерін, соның ішінде қасиетті Көк байрағымыз бен Елтаңбамызды, Әнұранымызды өз жанымыздай қастерлеу, оған зор құрметпен қарап тұмардай сақтау - бәріміздің абыройлы міндетіміз.
1-оқушы: Аспан түстес көгілдір,
Тікбұрышты матаның
Ортасында төніп тұр,
Күн жаяды шапағын.
2-оқушы: Астында оның қалқыған
Қыран құстың бейнесін
Көңілі деп білесің
Азат елдің шалқыған.
3-оқушы: Ескі белгі - ұрандар
Сары алтындай сақталған.
Күн, шұғыла, қыран да
Алтын түспен апталған.
4-оқушы: Сол жағында матаның
Қызыл түсті жолақ тік.
Мұратындай атаның
Әсем өрнек - ол ұлттық.
Жүргізуші: Көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтың айналасында күн сәулесінен тарап уықтар орналасқан, оның аңыз-әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында "Қазақстан" деген сөз бар. Қазақстан мемлекеттік Елтаңбасының реңдік белгісі екі түсті: алтын және көгілдір түсті.
5-оқушы: Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар
Әсем бейне сен көрген
Жәй бейне емес ұғып ал.
6-оқушы: Көгілдір түсті аясы -
Бейбіт дала елесі,
Шаңырақ - жұрт панасы,
Уықтар - көн сәулесі.
7-оқушы: Сүйсіндірген өзіңді,
Түсіне біл таңбаны
Жетелер елді алдыға
Пырақ - халық арқасы.
8-оқушы: Жоғарыда түсер көз
Бес тармақты жұлдызға.
"Қазақстан" деген сөз
Таныс барлық ұл-қызға.
9-оқушы: Мағынасы сымбатты,
Бар осындай бейнеміз.
Маған, саған қымбатты
Елтаңбалы елденбіз.
Жүргізуші: Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Соңында мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 86 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады!?
Жүргізуші: 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің небәрі 18 минутқа созылған қысқа уақытта өткен пленумы болды. Сол пленумда Республика Компартиясының Орталық Комитенінің Бірінші хатшысы, Қазақстанға 20 жылдай басшылық еткен Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевты қызметінен боласатты. Оның орнына саяси бюроның Григорий Колбинді сайлады.
Жүргізуші: Қасқалдақ ұшып көлінен,
Жүрегей келіп қоған күн
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік алған күн.
Жүргізуші: Нашақор деп, ұлтшыл деп
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн.
Жүргізуші: Қақаған қыстың ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн
Қара көз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн.
Жүргізуші: Қариялар итке таланып,
Ер басын күрек шапқан күн
Аппақ қар қанға боялып,
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.
Жүргізуші: Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Жүргізуші: Ел басына туды күн
Қайғы езіп елдің еңсесін
Жаншыды-ау жаны батпан мұң,
Сол бір қарғыс атқан күн.
Жүргізуші: Атты бүгін азаттықтың ақ таңы
20 жыл Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқалы.
Елі текті, киелі, қасиетті жерімнің
Құтты болсын еркіндігі, ата-баба арманы.
1-көрініс:
- Қыздар, мен газет әкелдім.
- Қане, не жаңалық бар екен?
- Пленум болыпты. Қонаевты орнынан алды дейді?
- Онысы несі?!
- Орнына кім болыпты?
- Колбин деген Ульяновтан келіпті.
- Қазақтан-ақ біреу қойсайшы!
2-көрініс:
(Бір топ жастар ортаға шығады)
- Пленум шешіміне қарсымыз!
- Әр ұлтқа өз басшысы!
- Колбинді әкетсін!
- Қонаевтың өзі сөйлесін!
Автор: Оларды ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. Бір-екі адамды ұстап алады. "Қайрат, Қайрат" деп топ шулап тарайды.
3-көрініс:
Прокурор: Қазақ ССР Жоғарғы сотының қылмыстық істері жөніндегі сот коллегиясы 1987 жылы 16 маусымдағы үкімін Қайрат Рысқұлбековты қылмыстық істер кодексінің 60-бабы бойынша қылмысты деп тауып, ең жоғары жаза - өлім жазасына кесті. Айыпкер ақтық сөзіңді айт!
Қайрат: (оқушы)
Күнәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар.
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар.
"Еркек-тоқты құрбандық",
Там десең атыңдар.
Мен не етермін, не етермін
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген қош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Қош, аман бол артымда
Ағайын-туған, азамат.
Артымда қалған ата-анам
Ел-жұртым, саған аманат. (Екі адам алып кетеді)
Ән: Қарабауыр қасқалдақ
4-көрініс:
Қыз бала:
Есің ал, есіңе ал жас достар
Бұл жерде батыр жоқ қол бастар.
Бұл жерде жүркете мұз жатыр,
Бұл жерде өрімдей қыз жатыр.
Бұл жерде мәңгілік аттанған
Халықтың есенде сақталған
Бұл жерде Ләзаттың қаны бар,
Танкінің астында тапталған.
Қайраттың анасы:
Оу, көздің жасын бұлайын,
Жүректі жеді-ау уайым
Саған ғұмыр бермеді-ау,
Жарылқағыш құдайым.
Мынау неткен зар заман,
Жүректегі тар заман.
Сені өлтірген дұшпанға
Зауал келсін Алладан!
Басшыларға ұнамай
Ел көзінше жыламай
Анашыңның шарасыз
Боздағанын білдің бе?!
Тар құрсақты кеңіткен
Тай құлындай тебіскен
Бауырыңның сені іздеп
Егілгенін білдің бе?!
Құлыным менің қор болды-ау!
Желтоқсанның қайғысы
Сан анағы сор болды-ау!
Ләззаттың анасы:
Бота көзің боталап,
Қиянаттан қаталап,
Дәл он алты жасында
Жан адам жоқ қасыңда
Қыршыныңнан қиылдың,
Қара жерге бұйырдың
Қысқа күндей қызарып,
Баттың-ау сен, Ләззатым!
Елің үшін азапты
Тарттың-ау сен Ләззатым!
Айдай аппақ қызымды
Аямаған қанішер,
Туды екен білмеймін
Қай анадан қанішер?!
Ләззаттың сөзі: (қыз бала)
Міне мен де жатырмын
Ақжазықтың түбінде.
Мені өлтірген танкист жігіт,
Тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсең өткен күнді
Еске алғанның несі бар
Желтоқсанда құрбан болған
Ләззат қызды есіңе ал.
Бұйрық берді саған бастық
Сенімімді ақта деп,
16-ға толған қызды
Танкіменен тапта деп
Жас өмірдің қыршын гүлін
Қиып түскен қанішер!
Сақ болмасақ қазақ қанын
Желтоқөсанда тағы ішер
Он алтыда қиылдым мен
Табанында танкінің
Ләззат атты құрбымын
Қазақ деген халқымның
Шағалалар қалықтаған
Көк теңізді жағала
Ләззат дейтін мен болам
Аспандағы шағала
Туған халқым - қазағым,
Сенің үшін жанамын
Енді қайтіп көрмейік
Желтоқсанның азабын!
Енді қайтіп көрмейік
Желтоқсанның азабын!
Ән: "Желтоқсан желі"
1-оқушы: Ұяңнан ұшып шығып оралмадың,
Ауылына Ақжазықтың қона алмадың.
Шілде айы туған күнің екен сенің,
Ол күннің қонағы боп келе алмадың.
2-оқушы: Қайрылмай кеткен қарлығаш,
Желбіреген қолаң шаш.
От жетіге жете алмай,
Қиылып кеткен қыршын жас.
3-оқушы: Небәрі он алтыдан асып едің,
Балалық бал дәуренмен тасып едің.
Қазақтың салт-дәстүрін, жолын қуып,
Өмірге енді қадам басып едің.
4-оқушы: Анаңның арманы едің естен кетпес,
Ортаңа қадірлі едің баға жетпес.
Арнадым осы әнімді рухыңа,
Тарихта қалатындай мәңгі өшпес.
5-көрініс: "Тарих өткелдері"
Немересі: (ұл бала) Әже, атам ылғи "Сенің болашағыңды ойлаймын, өткен өмірді ойлаймын" дейді. Оның өткен өмірі қандай?
Әжесі: Е, балам, ата-бабаң не көрмеді дейсің?! 1723 жылы жоңғар шапқыншылығы, одан 1930-1932 жылдардағы алапат аштық, одан 1937-1938 жылдардағы ағаларымыздың жазықсыз жазаға ұшырауы ...
1986 жылы Тәуелсіздік жолында жастарымыз ереуілге шықты. Міне, өткен өмір. Бұған да тәубә. Еліміз өз Тәуелсіздігін алып, егеменді ел болдық.
1-оқушы: Егеменді ел болудың белгісі -
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
Егеменді деген сөздер естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
Еліміздің егемендігін осылай жырлаймыз, балам. Ұмытпаңдар, айналайын ұрпағым. Елін, жерін сүйетін үлкен азамат болыңдар!
Жүргізуші: 1991 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Президенттік сайлау болды. Оның қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев президент болып сайланды.
Бұл Қазақстан тарихында бүкіл халық қатысқан, жасырын дауыс беру арқылы сайланған тұңғыш Президент еді.
2-оқушы: Шұғылалы ширақ ойлап түрінде,
Биіктерден естіледі үнім де,
Тұңғыш рет Президент сайланып,
Мойындады барлық әлем бүнігде.
3-оқушы: Отан - әр адамның жүргені жақын, жылы, қасиетті сөз. Отан дегеніміз- адамның туып өскен жері, туған-туыстарымен бірге тұратын атамекені. Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті, киелі ұғым - Отан.
4-оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
5-оқушы: Отан дейміз кең байтақ Астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйінен басталады.
6-оқушы: Мақтанамын мемлекетім барына,
Терезең тең, басқалармен тарылма
Өз еліңнің жырын жырлап, мұңын мұңдап әр ұлан,
Өз еліңнің қорғаушысы болу керек қашанда.
7-оқушы: Мен жас ұланмын,
Мемлекеттің қорғанымын ертеңгі.
Нұрға, гүлге толтырамын
Өзім туған өлкемді.
8-оқушы: Республика ерікті ел - Қазақстан,
Келді ақыры көптен күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Мен иемін бүгінге, ертеңіме,
Елдік күйін, ел күйін шертем мен де.
Мен қазақпын жаныммен, жүрегіммен,
Еңбек өмір, ер өмір, жыр өмірде.
Жүргізуші: Атыңнан айналайын қазақ деген ,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағаң сынбай,
Көрсең де көреріңді азаппенен.
Жүргізуші: Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
Жүргізуші: Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9-желтоқсанда Қайрат Рысқұлбековке "Халық қаһарманы" атағы берілді. Сәбира, Ләззат, Ерболға "Ақталу жөнінде анықтама" қағаздары берілді. Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Қанша ащы болғанмен жиырмасыншы ғасырдың бізге сыйлаған ең басты бақыты - Тәуелсіздік. Тәуелсіздіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Мазмұны мен өрнегі жарасқан, Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!
Жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан - әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде басты тұлға. Бүгінгі Қазақстан - әлем таныған егеменді, демократиялық және құқықтық мемлекет.