Просмотр содержимого документа
««?аза?стан жолы 2050 Бір м?дде, – бір ма?сат – бір болаша?» »
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан жолы 2050 Бір мүдде, – бір мақсат – бір болашақ»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы:
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-14 желтоқсан күні жаңа «Астана опера» опера және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысында халқына жарияланған үндеуі қалай аталады?
- «Қазақстан жолы 2050 : бір мүдде – бір мақсат – бір болашақ» жолдауы
-Иә, балалар, «Қазақстан жолы 2050 : бір мүдде – бір мақсат – бір болашақ» Жолдауын арнады.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан жолы-2050» : бір мүдде– бір мақсат – бір болашақ»!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.Оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.
Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
«Қазақстан жолы -2050» осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан жолы– 2050» Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу .
. 2017 жыл – Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы. Көрме «Болашақ энергиясы» ұранымен өтеді. Энергияның балама көздері – бұл әлем қоғамдастығын толғандыратын ең өзекті тақырып2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» 100 қатысушы мемлекет пен 10 халықаралық ұйымды қабылдайды. Олар жаңартылған энергия көздерін қолдану саласындағы жетістіктерін, олардың экологиялық тазалығы,қолданыстағы төмен бағасы және қоршаған ортаға зиянсыздығы сияқты артықшылықтарын көрсетеді.Бұрын мұндай масштабтағы халықаралық көрме Орталық Азия және ТМД елдерінде ешқашан болып көрмеген. «ЭКСПО-2017» өткізілуі – халықаралық көрме және ақпараттық-тұсау кесер алаң ретінде Қазақстанның дамуындағы үлкен қадам.
Ән: Елім менің.( тыңдалады)
Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы)
Қорытынды:
- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?
«Ойын»
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!