kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?стан Республикасыны? президенті Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «АСТАНА ж?не Президентіміз» фотосурет галереясы ж?не ??гімелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?стан Республикасыны? президенті Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев»




Қарақия ауданы, Қарақұдық орта мектебі






Тақырыбы: «АСТАНА және Президентіміз»






Өткізген: Өсербаева А.Б








2014-2015 о.ж


Тақырыбы: «АСТАНА және Президентіміз» фотосурет галереясы және әңгімелеу.

Мақсаты:

  1. Балаларға Отанымыз, туған жеріміз Қазақстан Республикасы Астана туралы және біздің президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы түсінік беру.

  2. Балалардың бойына ұлттық рухты ұялату, патриоттық сезімді дамыту.

  3. Балаларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін, мақтан етуге, туған еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы жоғарғы техникалық оқу орынын (1965), КОКПОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін 1976 ж бітірген.

Біздің Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап дербес мемлекет болды. Тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Осы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң жарыққа шықты. Осылайша әрбір тәуелсіз мемлекеттегі сияқты, біздің елімізде де өз мемлекеттік рәміздеріміз Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды. Кез келген мемлекеттің азаматтары – үлкендер де, балалар да – мемлекеттік рәміздерді қастерлеуі парыз, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.










































Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын құрметтеу өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау. Мемлекеттік рәміздерді сыйламау–бұл мемлекетті де, халықты да сыйламау деген сөз.

















Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы 1992 жылы маусымда бекітілді. Қазақстан туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.

Республикамыздың Мемлекетткі Туы – тікбұрышты көгілдір түсті мата. Тудың көгілдір түсі ашық аспан мен тыныштық белгісін, жарқын да бақытты болашақты білдіреді.

Тудың ортасында бейнеленген алтын түстес КҮН - өмір мен күш қуаттың, қозғалыс пен уақыттың белгісі. Күннің алтын дидиары Қазақстанның барлық жеріне нұрын шашып, сәулесін төгеді және татулық пен ынтымақты, бейбітшілік пен дәулеттілікті білдіреді. Тудағы күн сәлесінің шапақтары байлық пен тоқшылықтың нышаны – астық дәнінің пішініде бейнеленген.

Тудағы алтын түстес күннің астында қалықтап бара жатқан бүркіт бейнеленген. Қазақ халқы бұл құсты сонау ерте заманнан бері киелі, қасиетті деп есептеген. Ол – еркіндік пен көсеген арманға ұмтылудың символы деп есептеген. Ол дарқандық пен қырағылықты Қазақстандықтардың бақыт пен биік мақсат, мұраттарды көксейтінін танытады. Күш, куатпен айқындылықтың белгісі Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш, асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің теңдігін паш етеді.

Ту қазақтың ұлттық оюларымен кестеленген. Көне заманда ою-өрнектермен безендіру қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрінің бір бөлшегіне айналды. Зеңгір көктегі Күннің , қанатын жайған қыранның, ұлттық нақыштағы ою-өрнектің алтын түспен берілуі береке, байлық пен бақытты білдіреді.

Мемлекеттік Ту әкімшілік үйлерінің мемлекеттік мекемелердің үстінде орналастырылады.

1992ж 4 маусымы Қазақстан Республикасы Елтаңбасының дүниеге келген күні деп есептелінеді. Елтаңба авторлары – сәлетшілер Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлиханов.

Қазастанның Елтаңбасы да Туының түсіндей көгілдір түстес. Ол мәңгілік нышаны шеңбер пішінінде орындалған. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Ол - Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – Мемлекеттің түп - негізі – отбасының бейнесі. Шаңырақ – күн шеңбері. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін, үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Елтаңбадағы уықтар ынтымақ-бірлікте өмір сүріп жатқан Қазақстан халқын бейнелейді. Шаңырақты алтын алтын қанатты, ай мүйізді тұлпарлар қорғап тұр. Елтаңбада тұлпардың екі жақта орналасуы өз мемлекетіне адалдықпен оны қорғауға әзірлікті білдіреді. Жылқы – қазақ үшін қашан да сенімді дос, айнымас көмекші.


«Елтаңба» Оқыған: Амангелді Нұртілеу

Т. Молдағалиев

Қатар шапқан, қос тұлпар

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған тьаза күй


Бұл таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі

Мұнда да бар ерлігім

Мұнда да бар жер күші

Қара шаңырақ – ел күші

Асқақтатып тұр мұны

Елтаңбасы – елдігім

Елдің тыныш тірлігі


Тұлпардың сұлу да мінсіз келбеті Қазақстан халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру арманын көрсетеді. Сәйгүлік қанаттарының алтын масақты болып келуі – еңбек пен молшылықты меңзеу.

Елтаңбаның жоғарғы жағында бейбітшіліктің, ынтымақ-бірлік пен өлмес өмірдің баламасы бес бұрышты жұлдыз – елтаңбаның тәжі іспетті. Біздің мемлекет барлық бес құрлықтың өкілдері үшін ашық.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарда бейнеленеді. Мысалы, Елтаңба Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын айшықтайды. Елтаңба, сондай-ақ мемлекеттік мөрлерде, ордендер мен медальдарда бедерленеді. Қазақстан Елтаңбасын ұлттық валютамыз – тенге мен тиындардан да көруге болады.

















Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным» әні қабылданған. Бұл әннің тарихы қазақ. Әнді Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқов 1959 жылы жазған. Әнді алғаш орындаған – Жамал Омарова. Бұл ән әр үйде, әрбір мерекеде шырқалатын. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандықты аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

«Әнге ресми мәртебе беретін уақыт жетті!» - деді 2006 жылы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президенттің қатысуымен жазылған Әнұранның жаңа мәтіні қазақ халқының асқақ рухы асыл мұраттарға деген құлшынысын, қазақ жерінің молшылығы мен байлығының артатынын көрсетеді. Ол жерімізде бейбітшілік пен ынтымақ орнауы үшін, ерлікке, елдікке, бірлікке үндейді. «Менің Қазақстаным» әні әнұран ретінде алғаш рет 2006 жылы 11 қаңтарда орындалды.

Мемлекеттік әнұран мемлекеттік маңызы бар шараларда орындалады. Мерекелік шерулерде, салтанатты жиындарда және спорт жарыстарында естуге болады. Әнұранды Қазақстан Республикасының әрбір азаматы білуі тиіс.






















Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалған кезде, оған құрмет ретінде, барлығы орындарынан тұрып, оң қолының алақанын кеуденің сол жақ тұсына қояды.

Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы. 1997 жылы 10 желтоқсанда біздің еліміздің астанасы Ақмола болды. Ал 1998 жылы 6 мамырда қаланың аты жаңаша Астана деп аталды.

«Еуразия жүрегі» атты кітабында Нұрсұлтан Назарбаев былай деп жазды: «...Бұл жерде біздің Отанымыздың жүрегі соғатын болады!...»

Қаланың басты символы «Бәйтерек». «Астана – Бәйтерек» монументі 2002 жылы 29 тамызда ашылды. Монументті жасау идеясын ұсынған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Жоба авторы – атақты ағылшын сәулетшісі Норман Фостер. Ал жобаны жүзеге асыру жұмыстарына сәулетші Ақмұрза Рүстембеков жетекшілік еткен.

Монумент биіктігі – 105 метр металдан жасалған мұнара. Мұнараның басында – күн сәулесінің түсуіне қарай түсін өзгертіп тұратын «хамелеон» щынысынан жасалған алтын түстес алып шар. Шардың көлденеңі 22 метр.

97 метр биіктіктегі шарда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев оң алақанының таңбасы салынған, «Аялы алақан» деп аталатын композиция орнатылған. 97 саны елорданың Алматыдан Астанаға көшірілген жылын білдіреді.






Астанадағы «Қазақ елі» монументі 2009 жылдан бері Астананың жаңа алаңында асқақтап бой көтеріп тұр. Ол – Қазақстанның Тәуелсіздігі символдарының бірі. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 91 метр. Бұл Қазақстан егемен ел болған 1991 жылды меңзейді. Монумент авторлары – мүсіншілер Нұрсұлтан Далбай мен Мұрат Мансұров және сәулетшілер Сәрсенбек Жүнісов, Бақтыбай Тайталиев, Ерлан Жақыпбеков.



«Қ А З А Қ Е Л І» МОНУМЕНТІ


























Ақмола Астана атанғаннан кейін бой көтерген көптеген әдемі ғимараттар





















Орындаған: Шаңытбай Жадырасын

«Қазақстан картасы»


Анау Жайық өзені

Анау жатқан Атырау

Бәрі сенің өз жерің

Өз суларың, батыр – ау

Туған жердің тынысын

Ұққын орман нуымен

Алтынды Алтай шығысың

Қыран ұшқан шшыңынан

Оңтүстігің Алатау

Биіктерін қар басқан

Алатауда ақ отау

Алматыға жалғасқан

Жерің түгел бау-бақша

Соны сүйіп, өс ұлым

Бір жағыңда Ұлытау

Өр жағыңда Есілің

Жер қабылдап таң нұрын,

Береді елге байлығын

Осы жердің байлығы

Қазақ жері – ай күнім.


Хор: «Әнұран»

Орындаған мектепалды даярлық «А» тобы.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза?стан Республикасыны? президенті Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев

Автор: ?сербаева Айнак?л Бек?ызы

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322933


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства