Интелектуалдық «ХХІ ғасыр кошбасшысы» сайысы.
Мақсаты:
Оқушылардың білім және білік дағдыларын анықтау.Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауларын дамыту, оқушыларды білімге, білуге ынталану
Қатысушылар: 1 «а» сынып оқушылары 3 топ
1-қатар: «Қырандар»
2-қатар: «Барыстар»
3-қатар: «Кенгуру» топтары
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Бәйге
ІІІ. Сөз мерген
ІҮ. Көкпар
Ү. Қорытынды
І.Бәйге. (әр дұрыс жауапқа 10 балл)
1.Біз тұратын облыс қалай аталады?
2.Облыс орталығы қалай аталады?
3.Сен тұратын аудан
4.Сен тұратын ауыл
5.Адамның сезім мүшелерін ата (көз, мұрын, құлақ, тері, тіл.)
6.Ауаның температурасын немен өлшейді?
7.Бір жылда неше ай бар?
8.Бір жылда неше мезгіл бар?
9.Әр мезгілде неше ай бар?
10.Қандай қос мекендіні білесің?
11.Қандай бауырымен жорғалаушыны білесің?
12.Бунақденелерді ата. (көбелек, қоғыз, құмырсқа, бал арасы, шыбын)
ІІ.Сөз мерген. (әр дұрыс жауапқа 10 балл)
1.Атадан...... (бала туса игі)
Ата ....... (жолын қуса игі)
2.Атаның көркі ...... (құйрық жалы құлағы)
Таудың көркі ...... (тасы менен бұлағы)
3.Сиырдың ...... (сүті тілінде)
4.Сиыр сауған ...... (шөлдемес)
5.Малды бақсаң ..... (сиыр бақ)
Сүт кетпейді ...... (шарадан)
6.Күннің шуағы ...... (жылы)
Анының құшағы..... (жылы)
7.Өнер ..... (білім)
Білім ..... (өмір шырағы)
8.Батыр ..... (бір рет өледі)
Қорқақ ..... (мың рет өледі)
9.Өнерлінің ..... (қолы алтын)
Өлеңшінің ..... (сөзі алтын)
ІІІ.Көкпар.
Ана тілінің сұрақтары:
10-Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)
20-Жуан дауыстыларды ата (а,о, ұ, ы)
30-Бұқар жыраудың сөзін айт. (Екі жақсы қас болмас,екі жаман дос болмас)
40- «Адам болам десеңіз» өлеңін жатқа айт
Математикадан сұрақтар:
10- 3 пен 7-нің қосындысы нешеге тең? (10)
20- 9-а=3 а-нешеге тең? (6)
30- Бейне сұрақ
40- Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны 10.Аулада неше тауық неше бұзау болуы мүмкін? (1 сиыр, 3 тауық, 2 сиыр, 1 тауық)
Дүниетанудан сұрақтар:
10- Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
20- Мекенжай деген не? (әр отбасының тұратын жері-оның отбасы)
30- Дернәсіл деген не? (Дернәсіл- жәндіктер мен жануарлардың белгілі бір кезеңде жұмыртқадан жарып шыққан, әлі есейіп өспеген баласы. )
40- Аңдардың балалары қалай аталады? (аю-қонжық, елік-лақ, арқар-қозықа, бұғы- бұзауқа, түлкі-жаутан, қоян-көжек, мысық-марғау, барыс-мәулен, қасқыр -бөлтірік)
ІҮ.Қорытынды.
Тыңдағандарыңызға рахмет (қол шапалақтау)