./Инновационные технологии - гарантия качественного образования/ Жа?а технология – білім сапасыны? кепілі
./Инновационные технологии - гарантия качественного образования/ Жа?а технология – білім сапасыны? кепілі
ХХІ ?асыр табалдыры?ын білім мен ?ылымды инновациялы? технологиямен дамыту ма?сатымен атауымыз ?лкен ?мітті? басты нышаны болып табылады.
Технология – баланы дамыту?а жа?дай жасауда?ы т?рбиешіні? ?абілеттілігі ХХІ ?асырда жан-жа?ты дамы?ан шы?армашылы? жеке т?л?аны ?алыптастыру ?рбір т?рбиешіні? басты міндеті. Осы міндетті іске асыру ?шін инновациялы? технологияны д?рыс та?дап алып, жа?а ?діс-т?сілдерді мектеп ?міріне ке?інен енгізіп, балалар?а саналы да, сапалы білім алуларына ?з к?ш жігерін ж?мсау керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«./Инновационные технологии - гарантия качественного образования/ Жа?а технология – білім сапасыны? кепілі»
Бастауыш сынып мұғалімі: Достыбаева Айсамал Жарасовна
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектеп.
І. Кіріспе бөлім
Жаңа технология – білім сапасының кепілі.
ІІ. Негізгі бөлім.
Жаңа технологияны пайдалану баланы жан-жақты дамудың шешуші құралы.
Технологияны пайдалану арқылы баланың зерттеушілік, жобалаушылық дағдыларын қалыптастырудағы іс-тәжірибемнен.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Нәтижелі оқу іс-әрекеті- бүгінгі күннің басты талабы.
І. Кіріспе бөлім.
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиямен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.
Технология – баланы дамытуға жағдай жасаудағы тәрбиешінің қабілеттілігі ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастыру әрбір тәрбиешінің басты міндеті. Осы міндетті іске асыру үшін инновациялық технологияны дұрыс таңдап алып, жаңа әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне кеңінен енгізіп, балаларға саналы да, сапалы білім алуларына өз күш жігерін жұмсау керек.
Жаңа технология – әрбір оқу іс-әрекетінде пайдаланатын өте қажетті және сол тақырыпты балаға жеткізудің, түсіндірудің ең тиімді тәсілі.
ІІ. Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар мен практика жітістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, жаңа технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру делінген.
Жаңа технология заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымды кеңейту деңгейінде әр түрлі технологияларды және әдістерді қолдануды қажет етеді.
Мектепалды даярлық топтарында ойын технологиясын тиімді қолданады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезіне алады және де бала қуанышы мен ренішін айқын көрсете алады.
Жаңа технология түрлері – «Деңгейлеп – саралап оқыту», «Дамыта оқыту», «Сын тұрғысынан ойлау», «Ойын технологиясы», «Модульдік технология» және т.б.
Біздің басты мақсатымыз- білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тәрбиешіге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Тәрбиеші тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, баламен бірнеше жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі.
Қазіргі таңда жаңа технологияларды балалардың қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді.
Әр бала өздігімен жұмыс жасайды
Жаңа технология бойынша жұмыс жасаудың тиімді жолдары
Әр баланың жеке қабілеті айқындалады
Зерттейді, ізденеді
Жаңа инновациялық технологияны меңгеруге тәрбиешінің жан-жақты білімі қажет.
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын
Ол үшін қазіргі тәрбиеші
Баламен ортақ тіл таба алатын
Білімі, іскерлігі, шеберлігі қажет болады
Бала әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу.
Баланың шығармашылықпен ойлау, зерттеушілік, жобалаушылық қабілетінің дамуы, білуі мен танымдық белсенділігін арттыру – қазіргі кезде барлық тәрбиешілер қауымын толғандырып жүрген басты мәселенің бірі.
Баланың зерттеушілік, жобалаушылық дарындылығы мен шығармашылығын дамыту жолында мына қағидаларды есте сақтаған жөн.
Тәрбиеші өзі жетіктерең білім алып, оны балаларға жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыру.
Баланың оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын арттыру.
Әр сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.
Баланың шығармашылығы зерттеушілік, жобалаушылық әрекеттері ізденімпаздығы арқылы дамиды.
Мен осы сабақты жоспарлағанымда
Жомарт күз
Нені оқыту керек?
Сөздік қорын арттыру, өз ойын ашық айту, ойын, тілін дамыту
Не үшін оқыту керек?
Сұрақ-жауап ,топтастыру әдісі, ойындар, жұмбақ жасыру, күз туралы өлең шумақтар
Қалай оқыту керек?
Күз туралы білді. Сөздік қоры дамыды. Суретке қарап топтастырды. Күз туралы зерттеп, жобалап ізденді
Күтілетін нәтиже
Білім саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жомарт күз
Мақсаты: 1. Балаларға күз мезгілінің ерекшелігін айту.
2. Қоршаған ортада табиғат өзгерістері, күзгі адамдардың еңбегі туралы, суретке қарап байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
Шаттық шеңберіне дөңгелене тұрғызып, өлең жолдарын әндетіп айтқызамыз. Армысың, ардақты Аспан ата!
Армысың, мейірімді Жер ана!
Армысың, шұғылалы Алтын Күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Бәрі бірге қайталайды
Ізденуші ұйымдастырушы
Балаларға күз мезгілінің суретін көрсетіп әңгімелеу.
Тірек сұрақтар:
1. Қазір қай мезгіл?
2. Күз екенін қайдан білеміз?
4. Күздегі адамдар еңбегінен не білесіңдер?
Топтастыру әдісі
Күн салқындады
Жемістерді жинау
көкөністер
Күз суреті
Жапырақтар сарғаяды
Егін жинайды
Ойын «Ненің жапырағы?»
Балалар өз үйлерінен әкелген жапырақтардың қандай ағаштікі екенін айту
-Мынау – қайыңның жапырағы
-Түсі сары, пішіні сопақша
Тәрбиеші М. Әлімбаевтың «Алтын күз» өлеңін оқиды. Сөздік жұмысын жүргізеді.
Сарғаяды тоғай
Сап-сары маңай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып
-Маңай неге сап сары?
-маңай дегенді қалай айтуға болады?
-Құстар қайда не үшін қайтып кетті?
Жұмбақ шешу
1. Көк лағым көгалда жатып семірді
2. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні
Ойын: «Сиқырлы қоржын»
Көкөністер мен жемістердің қатты, дәмді, тәтті екенін ажыратып айту
Күз мезгілі
Балалар өз ойларын айтып топтастырады
Айнала
Қауын, сәбіз
Рефлексивті коррекциялау
Сабақты қорытындылау
Осы іс-әрекеттері арқылы баланың бойындағы
Табиғатты аялай біледі
Сезінеді
Көреді
Ізденеді
Жобалайды.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Жаңа технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану оң тәжірибе беріп отыр.
Жаңа технологиялар мен инновациялық әдіс – тәсілдерді меңгеруі жоғары деңгейде болуы қажет. Баланың білім алуымен қатар өз ойын ашық айта алатын саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу. Технологияны пайдалануда қол жеткізген жетістігін – балалардың суретке қарап еш қиындықсыз баяндап беруге, өз ойларын еркін жеткізіп беруге, ізденуге, шығармашылық жұмыс жасауға, топпен жұмыс істеуге дағдыланды.
Қазіргі талап – балаларды ойландыру, сезіндіру, ақпараттық құралдар арқылы өз бетінше еңбектенуге баулу.
Пайдаланған әдебиеттер
Тіл дамыту әдістемесі
Мектепалды даярлық №5 2014
Мектепалды даярлық №5 2015
Тіл дамытудың ғажайып әлемі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту №4 2015ж
Қазақстан Республикасының Білім Заңы
«Инновациялық тәжірибе орталығы» педагогикалық технология кезі. Алматы- 2001ж.