Оқушылардың білімін тиянақтау, адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке баулу.
Ұйымдастыру кезеңі: тақырыпқа сай безендіру, нақыл сөздер, даналардың суреттері.
Еретеңгілік барысы: Құрметті жиналған барша қауым, құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата – аналар , балалар. «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз . Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ . Кеше ғана алаңсыз ағаш атқа шапқылап жүрген бүлдіршінлер , бүгінгіде бойларында жауапкершілік пайда болып дайындық тобын аяқтап, 1 сыныпқа қадам басқалы тұр , Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер! Шәкірттер атаның баласы емес, халықтың баласы болсын.
Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін ән-күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен мақал-мәтелдермен өрнектеп, өнерін ортаға салмақ. Біліміздің артып, сөз байлығымыздың молайлағанын , санамыздың өскенін көрсетейік.
Балалар, біз үлкендерді қалай құрметтейміз?
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз. (Бастарын иеді).
ІІ. – Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан Республиксында.
Әйнегі – күн, шатыры – аспан,
Кең дала төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан Республикам менің.
Балалар Қазақстан өз Тәуелсіздігін қашан алды?
1991 жылы 16 желтоқсанда.
Қазақстан Республикасы қандай республика?
Егеменді, Тәуелсіз.
Бауырласып бір туысқан,
Ұлттары көп жүзден астам.
Тілі түлеп, діні оралған,
Тәуелсіз ел – Қазақстан.
Елбасымыз кім?
Н.Ә.Назарбаев.
Еліміздің елордасы қай қала?
Астана.
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән
Елордасы Отанның
Мақтанышым – Астанам
Өзіміз қай облыста тұрамыз?
ШҚО. Зайсан ауданы,Қаратал ауылында тұрамыз.
Балалар, біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің рәміздері дүниге келді. Балалар еліміздің рәміздерін атаңдаршы?
Мемлекеттік ту, елтаңба, әнұранымыз. (Әнұран орындалады).
Өздерің айтқан әнрұранның сөзін жазған кім?
Жұмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев.
Ал әнін жазған кім?
Шәмші Қалдаяқов.
Шәмші атаның сазды үні,
Жігер беріп қайратты.
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
Әнұраны елімнің,
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның,
Болашағы бірлікте.
Жеңіс туын көтерген,
Жарыстарда сан қилы.
Жетіп бізге шет елден,
Көкте әнұран шалқиды.
Туымыздың түсі қандай?
Көгілдір түс – ашық аспанның түсі,
Алтын күн – тыныштық пен байлық.
Дала бүркіті – еркіндіктің, теңдіктің белгісі.
Ұлттық ою-өрнек – салт-дәстүрге құрмет.
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Тудың авторы, суретшісі – Шәкен Ниязбеков.
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.
Елтаңбаның авторлары – Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібек.
Кең өлке
Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман, тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы –
Қазақтың кең байтақ даласы.
Алтын заң
Ал бүгін міне жарқырап,
Нұрын төкті алтын заң.
Оқу оқып, білім ал,
Демал деген осы заң.
Дана халық Отан туралы мақал айтып, сол арқылы жас өркенді отансүйгіштікке тәрбиелеген екен.
5. Шығыс күнтізбесі: – Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Осы 12 жыл сайын бір мүшел жас.
Бастаушы: Туған жер табиғатын сүйіп, оны қорғауға баулу – басты парыз.
І бала: Айналадағы өзімізді қоршап тұрған дүние жер, күн, аспан, тау, тас, су, өсімдік, жан-жануар, жәндік атаулының бәрі – табиғат.
- Жылдың төрт мезгілінде болатын қандай құбылыс өзгерістерді білесіңдер?
ІІ бала: Қар, жаңбыр, бұлт, тұман, бұршақ, жел бұлар табиғат құбылыстары .
Бастаушы :
Оймен, қане, өсейік,
Ойлы жұмбақ шешейік
Оқысаң, аласың,
Оқымасаң, наласың,
Қатарыңнан қаласың
(Білім)
Аппақ, дала, қара дән,
Сепкен дәні түсінуге жараған
(Әріптер)
Мен ақ қалам, ақ қалам,
Жазган сайын жоқ болам.
(Бор)
Үйреткен ілімді А Ә Б В Г Д Е Ж З И Й К Қ Л М Н
42 білімді (Алфавит) ң о ө п р с т у ұ ү ф х h ц ч ш щ ъ ы і ь э ю я – хор.
Білім ошағы – мектеп!
Армандарым көп менің
Атқарамын деп келдім
Асыл анам метебім!
Өнерпазың көп сенің
Өнер табам деп келдім
Өз бесігім мектебім!
Өсіп оймен санамыз
Өмірге жол саламыз
Білім қуған баламыз!
Сәлем саған сүйікті
Оқып ғылым тектерін
Ой аламын деп келдім
Оттан ыстық мектебім
Мектеп қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!
Өмірімнің көктемін
Сенде өткізем деп келдім
Алтын ұям - мектебім !
Сен әпердің білікті
Сенен өстім көктедім!
Алтын – ұя мектебім!
1-бала:
Қымбатты ұстаз, қадірлі тәрбиешім,
Аямаған біз үшін тәрбиесін.
Білімнің нәрін салып балаларға,
Оятқан ақыл-ойын, жан-жүйесін.
2-бала:
Мектепте тәтті нәрсе білім дейді,
Білім оңай уысқа ілінбейді.
«Оқы, жаз» дегенін ұғып алсаң,
Ұстазың да жайраңдап күлімдейді.
3-бала:
Жиырма бес сәби, жиырма бес үміт тілектер,
Жиырма бес сіз оқытқан түлектер.
Тілейміз ұстазым мен, мектебіме,
Жемісті еңбек, ыстық алғыс жүрекпен.
4-бала:
Ұстазым үйретуден зерікпеген,
Талай шәкірт өзіңе еліктеген.
Жақсылыққа жетелеген анамдай,
Өзіңізге еркелеп, еркелеп еріп келем.
5-бала:
Әріптерді тіземін,
Өзім жаза аламын,
Жазуымды түзедім,
Айтуымен апайдың.
6-бала:
Есепке де, ертекке,
Уақытымды бөлемін.
Өзім барып мектепке,
Өзім үйге келемін.
7-бала:
Көреміз көзіңізден мейрімді,
Сеземіз анамыздың алақанын.
Қыран ана секілді күтіп, баптап.
Ұшырған ұясынан балапанын.
8-бала:
Айтамызапай сізге көп-көп алғыс,
Қашанда қасыңыздан табылармыз.
«Даярлық - бір білімнің негізі» деп,
Біз сізді әрқашан сағынамыз.
Отанның ұланын
Баулыған мұғалім
Өзіңсің ағытқан
Білімнің бұлағын
Кәусарын білімнің
Құлшына сіңірдім
Сол үшін өзіңе
Алғысым көп менің
Хор:
Алғашқы ұстаз анамызбен тең келді
Бар асылын бізге жиып мол береді
Қанатымен су себелеп асыл жан
Баласындай шын жүректен хан көреді.
9-бала:
Біз балауса баламыз,
Жетілді ой-санамыз,
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз.
10-бала:
Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алгыс!
Барлығы:
Өсірген ұл-қыздарын,
Тәрбиешіге мың алғыс!
Ән:
Біз мектепке барамыз
Оқып білім аламыз
Еске сізді сақтаймыз
Еңбегіңізді ақтаймыз!
Хор:
Біріншіге енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз
Есік қағып Әліппе оқулығы кіреді
Сәлем гүлдей болғандар
Алғашқы тәлімді алыңдар
Болыңдар, ойлы ақылды
Енді мектеп шақырды
Менің атым – Әліппе
Үйретемін әріпке
Үйретемін білімге,
Әріппен білім бастаған
«Әліппе» оны бастаған
Оқушылар: Әліппені сүйеміз
Әріппен бас иеміз
Аңыз, ертек, ән жырдың
Бәрін бойға құйғыздың
Санамызға сіз біздің - Хор
Бар асылды сыйғыздың
Жастық білім шырағы
Рахмет сізге мұғалім!
Бастаушы: Рахмет менің кішкентай бүлдіршіндерім, әрқашан осындай ертеңгіліктерге белсене қатысып, жақсы оқып, жақсы үйреніп, үлгілі, тәртіпті болыңдар!
Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау, аман есен мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашанда ашық болып ,
Біріншігі барған қадамдарың құтты болсын!
Өтер балған жастық шақ
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Жолдарың болсын сәт, сапар тілеймін!
Басынан доссың баламен
Бас кітап сенің Әліппең
Оқысын сені балғындар,
Танысқан әрбір сөзіңе
Алғашқы әліппе ұстазы
Тапсырдым балаларды
Өзіңізге, - деп келесі сөз кезегін бастауыш сынып мұғалімі Жағыпарова ЖАННА АПАЙҒА БЕРЕМІН .
Қуанышқа көңіл бүгін толады.
Балаларым өмір есігін ашады .
Түлектерге ақ жол тілеп қуанып,
Әз аналар шашуларын шашады .
Бір ата ,бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда тірлік бар деген бабам ,
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз ,-- деп бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз .