kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ерікті егемен ел -Қазақстан" әдеби қойылым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналған әдеби қойылым.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ерікті егемен ел -Қазақстан" әдеби қойылым»



Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру. Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту.Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. 


Көрнекілігі: Бейнефильм, көркем суреттер, оқушылардың Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнаған суреттері, безендіруге арналған – шарлар, Қазақстан жерімен бейнеленген сахна көрінісі.  Жылдар шежіресі жазылған жалаушалар, жүрекше, флешмобқа қажетті 6 лента, Көрініске қажетті киімдер

«Көк тудың желбірегені» әні естіліп тұрады.


Мұғалім: Құрметті ата – аналар, әріптестер, оқушылар, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы құтты болсын. Бұл күн оңайлықпен келген жоқ. Еліміздің тарихына шолу жасап көрейік.

Айнель

Армандарды жақындатқан тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік- ел бақыты ,ертеңі

О, халайық құтты болсын қуаныш

Медина Д

Дүбірлетсін өңірді

Дүбірлесін дүддүлі

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл күні

Хормен: Тәуелсіздік күні құтты болсын

Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнебаян көрсетіледі.

Тарихи көрініс: Керей, Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы. 

Керей: О, халайық, халқымыздың басына қиын – қыстау кезеңдер келді. Әбілқайыр хандығы құлдырау үстінде. Шығыстан төнген жаудың екпіні қатты. Не істейміз

Жәнібек: Ел болып, өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең. Осы кезді пайдалана алмасақ, енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Қазақ деген атпен жеке дара мемлекет құрайық.

Халық дүбірлесіп, талқылауда:

 Әділжан: «Сұлтандардың атқаны жөн. Иә, жеке мемлекет құрайық,

Жәнібек: Ендеше, қазақ руларының игі жақсыларын жинандар. Хан кеңесін өткізейік. Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын.  

Кәусәр : Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібек Батыс Жетісуда қазақ хандығының ұлттық туын тікті.

Ақмарал : 1723 жылы қазақ халқы айтқысыз зор зобалаңға тап болды. Ата – қоныс, құтты мекен, мал – мүлкінен айрылған, жаяу шұбырған халық қанғырып, қыстың ақ қар, көк мұзында малы жұттан, аштықтан үсіп өлді.

Диктордың дауысы:

1941 жыл 22 маусым 3 сағат 55 минут. «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін 22 маусым күні сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасына басып кірді».




Сахнаға үш , төрт оқушы шығады. Жүріп бара жатып, дауысты естіп кідіреді. (Данияр Н, Іңкәр, Аңсат)

 Іңкәр : Сұмдық – ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?

 Аңсат : Қойыңдар! Жамандық шақырмандар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес па? 

Данияр Н :  «Отан үшін отқа түс күймейсін» деген халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен белес жатыр. Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз. Ендеше, Отан үшін аттанайық!  

Согыс туралы ән «Свещенная война» естіліп тұрады

Тарихи көрініс: Жаралы жауынгердің жарасын таңып жатыр. Бір жауынгер хат жазып отыр. Әлия мен Мәншүк пулемет пен мылтықтан оқ жаудырып жатады.


Балнұр: Иә, «Жеңіс» бізге оңай келген жоқ. Бұл қасіретті соғыста 70 миллион адам құрбан болса, соның 25 миллионынан астамы Кеңес Одағынан, ал 650 мыңнан астамы қазақ болды. Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін деген ұран әр адамға жалынды күш берді. Кеңес Одағының батырыатағын алған Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов сияқты ағаларымыз болса, Әлия мен мәншүк сияқты апайларымыздың ерлігін ешқан ұмытпаймыз. 500 – ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Сахнада слайдта Семей полигоны туралы көрсетіледі.  

Кәусәр: 20 ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көргенді көрген жоқ. 1949-50 жылдары Семей полигонында сыналған 600-ден астам ядролық жарылыстардың кесірінен осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам уланды. 

«Желтоқсан желі» әні естіліп тұрады.

Тарихи көрініс: бейнебаян көрсетіледі

Алаңға шыққан жастар. Қайратты сүйреп бара жатқан полицейлер.

Айым: Иә, тарих қойңауыңда тағы да бір кезең. Ол 1986 ж. 16 желтоқсандағы Алматыдағы Қазақстан жастарының көтерілісі еді, Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т.б. жастарымыз тәуелсіздік жолында құрбан болды.   

Аружан С: Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталғанды

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады

Аружан М: -Біз - қазақ елінің тәуелсіз мемлекет атанып, көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көріп жүрген ұрпақпыз.

Наз :

Өркендеп алға басты Қазақстан,

Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.

Қуатты, берекелі, бейбіт елмен,

Санасатын болды енді дос пен дұшпан.

«Туған жер» әні орындайтын Медина Дәулетқали

Оқушылар 2 қатарға жыл бойынша тұрады

Рәмия:

Не бір қиын қыстау заман болса да, қаншама қиындықты артқа тастап, еліміз мүлде танымастай болып өзгерді. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойын тойлағалы жатырмыз. Ендеше тәуелсіздік шежіресі 25 жылға сөз берейік.

Жылдар шежіресі 
Аңсат: 1991 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жылы». 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сайланды. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Аружан С: 1992 жылы «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы» өтті.

Іңкәр: 1993 жылы 28 қаңтарда «Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды».

Әлижан: 1994 жылы»Халықаралық Отбасы жылы» деп жарияланды. 25 қарашада екінші қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев ғарышқа сапар шекті.

Даулет: 1995 жылы «Ұлы ақын Абай жылы» деп жарияланды.

Инсаният: 1996 жылы «Бейбітшілік пен рухани татулық жылы» деп жарияланды. Ж.Жабаевтың 150 жылдық мерей тойы атап өтілді, 16 желтоқсанда Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
Әли: 1997 жылы «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы». Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «ҚАЗАҚСТАН-2030» Жолдауы жарық көрді.

Әлихан: 1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» . Астана қаласының ашылу рәсімі болды.

Асанали: 1999 жылы «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы». 10 қаңтарда Н.Назарбаев 7 жылға Президент болып қайта сайланды.

Рәмия: 2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы». 16 қыркүйекте Сиднейде ХХҮІІ жазғы Олимпиада ойындарының тұсауы кесілді. 19 қазанда Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойы өтті. 

Наз: 2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы тойланды.

Аружан М: 2002 жылы «Денсаулық жылы» деп жарияланды. Түркістанда дүние жүзі қазақтарының II Құрылтайы өтті
Данияр С: 2003-2005 жылдар «Ауылды қолдау жылдары деп жарияланды. Бұл жыл оралмандардың тарихи отанына оралуымен маңызды.

Медина М: 2004 жылы Қазақстан үшін ағымдағы жылды Қазақстандағы Ресей жылы деп жарияланды

Диас: 2005 жыл сайлау жылы болды. Алғаш рет сайлау үдерісінде жаңадан енгізілген электронды сайлау жүйесі бекітілді. 

Ақмарал: 2006 жылы «Қазақстандағы Пушкин жылы». 6 қаңтар ҚР-ның жаңа әнұраны бекітілді. 11 қаңтар ҚР-ның Президентінің ұлықтау күні. Қазақстан Республикасының Гимні өзгерді.
Ибраһим: 2007 жылы Елбасымыз Н:Ә.Назарбаевтің «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан» Жолдауы жарияланды.

Данияр Н : 2008 жылыАстананың 10 жылдығы тойланды.

Арнур: 2009 жылы «Қазақстанда Украина жылы».

Айнель: 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастықтың ұйымына төрағалық етіп, 4 желтоқсанда Астанамыз Елордада 54 елдің басынқосқан ҮІІ САММИТ өтілді.

Айым: 2011 жылы қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 70 медаль салынды. 3 сәуір Президенттік сайлау өтіліп нәтижесінде Н.Назарбаев жеңіске жетті. Осы жылы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толды. 2011 жылдың тағы бір ерекшелігі – осы жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» атағы берілді. 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күнін атап өтетін болды. 
Балнұр: 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды. Алғаш рет қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Жылдың ең маңызды саяси оқиғасы – «Қазақстан 2050» стратегиясы.

Кәусәр: 2013 жылы «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды. 
Медина Д : 2014 жылы Астана күні қарсаңында Елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. 
Әділжан: 2015 жылы Қазақстанда үлкен шаралар Қазақ хандығының 550 жылдығы,. Ұлы Жеңістің 70 жыл, Шоқан Уәлихановтың 180 жыл ,ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына 170 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы

Мұғалім: 2016 жыл

Хормен: Тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл

ҚР ның әнұраны айтылады

Айнель: Атыңнан айналайын егемен ел,              

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Диас: Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

Балнұр: Бостандық құтты болсын ерікті ел,

Айдын көл, көк майсалы көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

Әділжан: Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

Ақмарал: Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Арнур: Отан деген әр адамның жүрегі

Оған ел де, жер де, су да кіреді

Отанымды бар әлемге паш еткен

Президентім мақтанышым тірегім.

Инсаният: Жаралдық молшылықтан толы ағыстан

Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

Көркейген елім менің – Қазақстан!

Данияр Н: Тәуелсіздік бостандығың еліңде

Желбіреді көк тұлпарың көгіңде

Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге

Теңесті халқың терезесі тең елге.

Айнель:Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар

Қазақстан – бұл азат ел3, танысыңдар

Көкбайрағы , елтаңба , әнұраны

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Медина М: Тәуелсіздік бабалардың ұраны

Бейуақытта бойға таққан тұмары

Тәуелсіздік түнектерде тұншығып

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

Әли:Тәуелсіздік бостандығың еліңде

Желбіреді көк тұлпарың көгіңде

Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемі

Теңесті халқың терезесі тең елге.

Мұғалім: Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін. Еліміздің белгісі – көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін.Той тойға ұлассын.

7. «Жаса Қазақстан» флэшмоб


«Егемен , ерікті ел - Қазақстан» сурет көрмесінің қорытындысы





















Семей қаласы

«№ 34 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ















Ерікті, егемен ел – ҚАЗАҚСТАН.










Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойына арналған әдеби қойылым







Өткізген 2 «в» сыныбының жетекшісі Нуркенова. Г. А.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Ерікті егемен ел -Қазақстан" әдеби қойылым

Автор: Нуркенова Галия Ашкеновна

Дата: 24.11.2017

Номер свидетельства: 440578


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства