Просмотр содержимого документа
««Елін с?йген,елі с?йген-Елбасы»»
Тәрбие сағат тақырыбы: «Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы» Тәрбие сағат мақсаты: Балаларға тұңғыш Президент туралы мәлімет беру.Елбасының еңбек жолынан үлгі алып,еліне деген патриоттық сезімдерін ояту,білімділікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағат әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап. Тәрбие сағат көрнекілігі:Елбасы суреттері,кітаптары,рәміздері. Тәрбие сағатының өту барысы: Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады: Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясын, Халықпен бірге ашығасын да, халықпен бірге тоясың. Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін, Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың,- деп Тұманбай Молдағалиев жырлағандай бүгінгі «Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы» атты тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті
Н.Ә Назарбаевқа арналады.
Өмір жолы
1940 жылы6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы,Шамалған ауылы,Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген.Балалық шағы таршылық жағдайда өткен.Үлкендердің мал бағуына.бау-бақша өсіруіне көмек көрсетіп,шөпшек теріп ,отын жарған. Осындай қиыншылықта жүрседе мектепті өте жақсы оқыған.Н.Ә Назарбаев политехникалық институтында 3 жыл оқып,одан соң Теміртауда Қарағанды металлургия зауыты жанынан құрылған зауыт-втузға ауыстырылды,оны инженер-металлург мамандығы дипломымен бітіріп шықты. 1991 жылы желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті.Сайлау нәтижесінде Н.Ә Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап,егемендік алғалы бері жиырма жылдан асты.Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды.
Мәдениетіміз,өнеріміз,экономикамыз,білім мен ғылымымызбен өркениетті елу елдің қатарына қосылдық.
Н.Ә Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындары: Қазақ Ұлттық Мемлекеттік заң университеті. Назарбаев Университеті. Назарбаев зияткерлік Мектебі. Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда,ол бойыншы жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.
Балалардың тақпақ өлеңдері айтылды
Аса талантты балалар үшін «Дарын» сыйлығы тағайындалған. Ел парламенті қабылдаған заңға сәйкес,1-ші желтоқсан 2011 жылдан бастап Президент күні аталып өтуде. Елбасы күні-елдікті еңселетіп,тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.