Оқушыларға Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тақырыбы: Елбасы – ел тірегі Мақсаты: Оқушыларға Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: кітаптар, слайд, видео көрсету.
Кіріспе. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. Мұғалім: оқушылар елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт – санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашаққа үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының «... садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ», - деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын
Слайд көрсету арқылы елбасының өмірі, отбасы, еңбек жолы туралы айту. Оқушыларға сұрақтар қойылады. - Біздің президентіміз кім? - Н. Ә. Назарбаев -Біз қандай елде өмір сүріп жатырмыз?
Біздің тіліміз қандай тіл?
Қазақстанның астанасы қандай қала?
Астанада қандай ғимараттар бар?
Оқушылардың елбасы туралы тақпақтарын тыңдау.
Халқы сенер,ақылын елеп ұлдың,
Еліне де қашанда сенер ұлың.
Елбасысы болды да қазағының,
Еңкейтпеді жалауын өр елінің.
Білді бөбек есімін бесіктен де,
Шаттық күйін келеді кешіп кеуде.
Қазақстан деп білер бүкіл әлем,
Назарбаев есімін есіткенде.
25 жыл өтіпті сыннан дара,
Сыннан өтер сыр бермес тұлғаң ғана.
Нұрсұлтан деп тауың да асқақтады,
Нұрсұлтан деп күй төкті туған Дала.
Жеткізді ұлы өр елін бүгінгіге,
Дос қуанып,күншілдер түңілді де.
Бағыт алды "Мәңгі Елге" Қазақстан,
Сол жайлы ұрпақ айтар жырын,міне.
Тәуелсіз боп ел тұрса аспан асты,
Бақытты онда қарты да,жас баласы.
Елбасының салынған қалауымен,
Жарқырайды бұл күнде Астанасы.
Өнеге боп білімі бүгінгіге,
Ұл-қыз өсіп келеді бүгін,міне.
Соның бәрі Елбасы қамқорлығы,
Ұрпақ үшін айналған жыр-үлгіге.
Өткенін де өр елдің өрен білді,
Келешекке керекті өнерді ілді.
Желбірейді байрағым аспанымда,
Назарбаев есімін әлем білді.
Қорытынды. Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.