kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Екінші сынып?а арнал?ан, ашы? т?рбие са?аты. "Жолда ж?ру ережесіне байланысты!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

??рметті ?стаздар,ж?не о?ырмандар. Сіздерге ?сынылып отыр?ан ж?мысты? басты ма?саты,бастауыш сыныптарда ?тетін ашы? саба?тарды? е? ма?ызды ж?не пайдалы саба?тарды? бірі. Б?л саба? ар?ылы о?ушыларымызды?, балаларды? к?шеде, ?о?амды? ортада ?зін ?зі д?рыс ?стай білу, ж?не барлы?ына бірдей ережені б?збау?а ша?ыратын,т?рбиелік м?ні бар саба?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Екінші сынып?а арнал?ан, ашы? т?рбие са?аты. "Жолда ж?ру ережесіне байланысты!"»



«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»






Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстыру.

  • Жол қауіпсіздігін есе сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.

  • Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта, жол ережесінің қимылында жүретін кіщкене машиналар,бағдаршамдар.





Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз. «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»атты тәрбие сағатымызды басталғалы отырмыз.Жолда,көшеде қалалар мен ауылдарда орын алатын жолға байланысты әр түрлі жағдайларды бүгін қарасырып не себептен қиындықтар туатының немесе адамдар ауырып қалатының анықтайтын боламыз.

1-жүргізуші: Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәрібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні,жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,қалтарыстан жолға шығып кететінің салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

2-жүргізуші: Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқытылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап , әр сабақтан өорытынды жасауға міндетті. Үлгілі,тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру ережесінің заның бұзбайды. - Сонымен достар, қандай бала жол ережесін бұзбайды?

-Үлгілі,тәртіпті бала.

Дұрыс. Ал енді «Жолда жүру ережесін сақтаймыз» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

ІІ-Негізгі бөлім: Берілген жұмбақтарды шешу.

  1. жүргізуші:Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өмірінді күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

2-жүргізуші: Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды.(Автобус)

1-жүргізуші: Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

2-жүргізуші: Жоқ өзінде бас та,ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам)

1-жүргізуші: Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсын бір үзім,

Табыңдаршы балалар,

Бұл жұмбақтың шешімін.(Жол)

2-жүргізуші: Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ, «Тоқта,жүр!»дейді. (Бағдаршам)

1-жүргізуші: Бағдаршам өмірді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз.Оның сырын біліп, тілін алу,ұғу баршамызға керек.

Балалар: неге?

Біздің қаламызда сол сияқты Амандық ауылында да, және де басқа қалалрмен біздің елімізде бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да,үлкендер де,яғни барлық жүрушілер мен жүргізушілер бұлдытпай орындауы керек.

2-жүргізуші: Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріндерші.

  • Жиек жол деген не?

Адамдар жаяу жүретін көше шетіндегі тар жол

  • Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

Дұрыс! Ендігі кезекте бағдаршамдарымызды ортаға шақырайық.



Тақтада.

Қызыл - Тоқта!

Сары - Сақтан!

Жасыл – Жол ашық!

Мирас: Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Ақсауле: Сары кзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!

Айдана: Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба!

Сахналық көрініс. «Маймақ аюдың достары»

(Инспектор,аю,қоян, мед.бике)

Инспектор Никита: Медбике апамыз бәрімізді емдейді,

Айырса адамды, аңды да емдейді,

Отырған мынау медбике апаға,

Айтыңдаршы, қане кімдер келмейді? (Осы кезде сырттан басын ақ шүберекпен танған, сыртынан қан шып-шып шыққан аю кіріп келеді.)

Инспектор Никита: Апа, қараңыз, мына сұмдықты.

Маймақ аюды кім қыңжылтты?!

Мед.бике Мерей: Маймағым, не болған өзіңе?

Көкпеібек ісінген бас-көзінде?

Маймақ аю Жанболат: Айтайын мен жасырмай шынымды-ай,

Сақтан қал, жанымды шыбындай.

Жармасын бал тасыр машина үстіне,

Домалап түстім шыңғырдым құлындай.

Мед.бике Мерей: Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті бқздың қарынның қамы үшін,

Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят-ақ,

Тәртіп керек, біліп ал, жан үшін!

1-жүргізуші: Ал енді осындай маймақ аюдың жағдайына түспейтін үшін, біз қоян досымыздан үлгі алайық.

2-жүргізуші: Ал, коян досым бағдаршам жоқ жрден, көшелерден қалай өтеміз?

Қоян Аңсар: Егер һтетін жерде бағдаршам болмаса,кшеден өте бере әуелі сол жаққа өараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде оң жағымызға көз саламыз.Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз. Ендеше,мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай өтетінімізді қоян досымыздан үйреніп, біліп алайық. Қоян жолда жүру ережесін көрсетеді.

Инспектор Никита: Көреген дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты-бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Бағдаршам Мирас: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төр топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Бағдаршам Ақсауле: Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзің.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Бағдаршам Айдана: Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады,

У-шусыз ұрыспай.

Сақтандыру белгісі Айдана:

Қып-қызыл үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар жолдаған,

Аман-сау, жүреді жаяу да, көлік те,

Мен берген белгіні сақтаған,қолдаған.

Міндеттеу белгісі Нәзира:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті,

Барлығын анықтап тұрамын жолында,

Абай бол, шартыңды міндетті орында.

1-жүргізуші: Ал қанекей, үйренейік жолда жүру тәртібін,

Ережені жақсы білер, жатқа білер бар кімің.

Шарттарымен таныстық, бәріне дайын болайық,

«Жол тәртібін жадыңда ұста» атты мына сайыстың.



Құрметті ата-аналар бүгінгі сайысымыз 3 бөлімнен тұрады.

2-жүргізуші: Бірінші бөліміміз жұмбақтарды жасырудан тұрады. Сонымен біз сіздерге жұмбақ жасырамыз, сіздер дұрыс жауаптарыңызды айтарсыздар.

1-жүргізуші: Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз. (Зымыран)

2-жүргізуші: Бір тұлпар бар су ішпейді, жем жемейді.

Ескеріп ешбір адам елемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (Трамвай)

1-жүргізуші: Үш көзді батыр,

Жолды аңдып жатыр.(Бағдаршам)

2-жүргізуші: Бір-біріне қарай, үйлер тіркесіп,

Қара тұлпар жүр, әрі-бері көшіп. (поезд)

1-жүргізуші: Сымға салып, жүр асығып,

Дыз-дыз етіп жүрегі сымнан ұстап жүреді.

Өзіне адам мінеді, ол не, кім біледі? (троллейбус)

2-жүргізуші: Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды

Жерде де жүреді, бауырлап жатпайды.(ұшақ)

1-жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Келесі сайысымыз. Тақырыпқа сай ең жақсы сурет салушыны анықтау.







Ең жақсы сурет тақырыбында жеңіске жеткен оқушымыз!

Мұғалім: Ата-аналар,балалармен бірге «Көше тәртібі» тақырыбында сурет салу және қорғау

Енді ең соңғы бөлік ата-аналарға арналған, ата-аналар кезек кезекпен балаға байланысты мақал-мәтелдер немесе тиым сөздер айту.





Аңсар: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңызда,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ! Үлкен-кіші баршамызға!

Жанболат: Баратын жеріңнің тұрағын,

Үн-түнсіз жол сілтеп тұрамын,

Күндіз де, түнде де жанады

Көк түске боялған шырағым.

Мерей: Қызылмен боялған аумақты,

Тыйымшыл белгімін салмақты.

Ол тұрған жерлерден жүруге болмайды.

Қауіп бар бағдарла жан-жақты

Қорыта келе: Көше тәртібін сақтау-сенің міндетін! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зиянынды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Екінші сынып?а арнал?ан, ашы? т?рбие са?аты. "Жолда ж?ру ережесіне байланысты!"

Автор: Бузаубасова Назерке Досымгалиевна

Дата: 12.12.2015

Номер свидетельства: 265270


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства