Просмотр содержимого документа
«Егемен болмай-ел болмас, тәуелсіз болмай-жер болмас»
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған кездесу
Тақырыбы:
"Егемен болмай - ел болмас,
Тәуелсіз болмай - жер болмас"
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар!
Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын!Мемлекетіміздің өсіп-өнуі,шыңға жетіп өркендеуі-біздің жетістігіміз.Сондықтан бүгінгі "Егемен болмай -ел болмас, Тәуелсіз болмай-жер болмас"атты кездесуімізге қош келдіңіздер!
Ерали:
Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім,сөйлер сөзім.
Туған жерім,сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны!
Әнұран орындалады.
Айым:
Тәуелсіздік -бұл менің парасатым
Күншілмен де тіл тауып жарасатын
Қорғайтын елдігіңді ерлігімен,
Қазақтың шығаратын Алаш атын!
Мадина:
Бабалардың арманы,аналардың тілегі болған бақыт-Тәуелсіздік алақанымызда.
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз,мақтанышымыз!
Мағжан:
16- желтоқсан -тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп ел жадында қалған күн
Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің
Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің !
Айтолқын:
1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі Мемлекеттік тіл мәртебесін алды.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі - қазақ тілі болып жарияланды.
Шұғыла:
Қуан далам!Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұзды жүрек түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!
Қуан досым,қуанатын күн бүгін!
Ерасыл:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
Даниал:
Құрметті қонақтар, оқушылар!
Осы өткен өмірімізді қарасақ,әр жылдың өз шежіресі,тарихы,сыры,қасиеті бар. (Слайд)
Нұрлан:
Осыдан 30 жыл бұрын,яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды.Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді.Бұл келеңсіздікке жастар жаман оймен барған жоқ.Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған әскер мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды.Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты,түрмеге қамады,Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев,Ләззат Асанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан жастарымыздың өмірін үзді.
Ендеше сол желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут еске алайық!
Ислам:
Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,
Өйткені тілім қайтіп қанат жаймақ
Ұран жазып,қып-қызыл ту көтеріп
Жастар шықты алаңға "Елім-айлап"
Нұрзат:
Алаңға шығып ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын
Содан барып тоңы еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым!
Аружан :
1991 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.
Алтынай:
Арсен:
Ерали:
1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері қабылданды.
Жанель:
Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп нұр
Күн жаяды шапағын
Нұрдәулет:
Астында оның қалқыған
Қыран құстың бейнесі
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білерсің!
Жайна:
Шаңырақ бар,уық бар
Әсем бейне сен көрсең
Жай бейне емес ұғып ал,
Көгілдір түс аясы
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ жұрт панасы
Уықтар -күн сәулесі!
"Қазақ биі" орындайтындар : Аружан мен Арай
Нұрсұлу: 1993 жылы қарашаның 15-де Ұлттық Валюта -Теңге айналымға кірді.
Сәулебек:
Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай
Теңгеміз бар тайға таңба басқандай
Көк байрағым көкте биік желбіреп,
Бірлікке бізді шақырып жатқандай.
Нұрқанат:
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы қабылданды.
Мирас:
Әйнегі -күн, шатыры -аспан,
Кең дала төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістей шашқан
Қазақстан-Республикам менің!
Мадина:
Абай туған ,Сәкен туған
Құрметте достым,қазақтың жерін.
Күләш пен Роза,бұлбұлдар шыққан
Қазақстан-Республикам менің!
Хор:" орындайтын сынып оқушылары
Арай:
Нұрлан:
Нұрқанат: Қазақстан- сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан -бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы,елтаңба,әнұраны,
Қазақ елі егеменді,сан ұлты бар.
Слайд :
"Егемен болмай-ел болмас,
Тәуелсіз болмай-жер болмас"
Хормен :
Мәңгі болсын,баянды болсын
25-жыл ғұмырың!
Құтты болсын,мықты болсын
Тәуелсіздік тұғырың!
Мади:
Құрметті қонақтар!Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнін ел болып атап өттік.Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр.Сіздерді салтанатты түрде Қазақстан Республикасының "Жасұлан" қатарына қабылдауға рұқсат етіңіздер!
Аружан:
Алматы-Тәуелсіздіктің бастауы.1986 жылы жастар өздерінің демократиял ық құқығын қорғау үшін алаңға шықты.Бүгінгі біздің
қонағымыз сол желтоқсан көтерілісіне қатысқан Құрманғазы Рахметов ағамыз ортамызда.
Сөз кезегін қонағымызға берейік.
Қонақтарға сөз беру
1.Құрманғазы Рахметов (Оқушылардың сұрағы)
2.Базлуов Нұрлан
3.Ата-ана бата беру (Арайдың әжесі бата береді)
4.Мектебіміздің директоры Ирина Ивановнаға сөз беріледі.