kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ғарышқа апарар жол"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.09.2018ж

Тақырыбы: «»Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие- Мәңгілік елдің кепілі!

Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, бейне таспа
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен  патриотпын.» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының президенті кім? - Президент деген кім? Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
(Осы кезде картамен жұмыс жасату). Аталған қалаларды картаға түсіріп бояңыздар.
Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма? (оқушылардың ойын тыідау). Ендеше алдымыздағы қима қағаздан не шығатынын жабыстыру арқылы көрейік. (жапсырмалау жұмысын жасату)
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді
Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
Дұрыс - ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
«Мақалды тап» ойынын ойнайық.
Отан - да ыстық.
Отан - нан басталады. т. б
Қортынды: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.

Қорытынды: Сіздер бүгінгі төменгі сынып оқушылары– ертеңгі еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан.» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер. Келешекте еліміздің нағыз "ПАТРИОТТАРЫ" боларсыздар деп үміттенемін. 
Рефлексия. Гүлдерді себетке жинайтын уақыт та келіп жетті.Бүгінгі сабаққа қатысты пікірлеріңді жазып себетке салуларың сұралады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ғарышқа апарар жол"»

Түсінік хат

Оқушылар қазақша ауызекі сөзге түсініп, өздері қазақ тілінде көрген білгенін, ойын айтып, оқып, жаза алатын болуы керек. Бұл үшін олар тұрмыста жиі қолданылатын сөздерді игеріп, қазақ тіліне тән дыбыстардың емлесін біліп, дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылануға тиіс. 

Қоғамның ертеңі болашағы жас жеткіншектерді тіл мәдениетіне баулу – бүгінгі күннің басты талабы. 
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болғандықтан қазақ тілін оқытуға көп көңіл бөлінуі керек. 
Қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру, тәсілдерін меңгерту.
Тіл дамытудың негізі - оқушылардың сөздік қорын байыту және сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Оқушылар сөзді неғұрлым көп білсе, жұмыстың басқа салалары соғұрлым жедел жүреді. 

Бағдарламаның мақсаты:

Қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру тәсілдерін меңгерту.
Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу дағдыларын ескере отырып, әр сабақта сол сөздермен сөйлем құрату, жаңа сөз үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарды айыра білу, сауатты жазуға үйрету, жеңіл, қысқа мәтіндерді оқытуға машықтандыру, түсінгенің айта білуге дағдыландыру, бір-бірімен сөйлесе білуге үйрету, әр түрлі жазба жұмыстарын ұйымдастыру, өз ойын жүйелі түрде айтып беруге, қазақша сөйлеуге жаттықтыру. 

Осы мақсатқа сай туындайтын міндеттер:
1. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;
2. Сөйлеуге дағдыландыру үшін, пайдаланылатын басты материал – мәтін. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру.
3. Сөздік қорын молайтуға, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдыландыру үшін мазмұны тартымды, тілі көркем жұмбақ, жаңылпаш, мақал, ертегі, шағын өлеңдер мен қызықты әңгімелер оқу. 
4. Граматикалық тұлғаларды мәтінді оқудан бұрын түсіндіру, мазмұны бойынша сұрақтар қою, жауап қайтара білу. 
5. Жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің, мақалдардың сөздігін жасау.




Күтілетін нәтиже
Осы оқу курсының мазмұнын меңгерген оқушыдан күтілетін нәтиже: 
Қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерген, сөз ішінде дұрыс айта білетін, дұрыс жаза алатын, сөздерді орфоэпиялық нормамен айтуға жаттыққан, мәтіннің мазмұнын баяндайтын, қазақша сөйлеуге жаттыққан, қазақ тілінде өз ойын жазбаша білдіре алатын, тілі дамыған тұлға қалыптасады.


Пәнаралық байланыс:
Әдебиеттік оқу, дүниетану. 

































































Мазмұны




I тоқсан

Сағат саны


Әдіс-тәсілдері

Білімділік ережесі

Ескерту


Барлық сағ саны

теория

Прак

тика


Мерзімі



1

Кіріспе. Халық ауыз әдебиеті

1

1


7.09.

Түсіндіру

Мәнжазба



2

Бесік жыры

2

1

1

14.09-21.09

Баяндау

Үлгі дайындау



3

Мақал сөздің мәйегі

2

1

1

28.09-5.10

Сұрақ-жауап

Суреттер



4

Өтірік  өлеңдер

2

1

1

12.10-19.10

Түсіндіру

Мәнжазба





5

Жаңылтпаштар

1

1


26.10

Конспект

Альбом






ІІ тоқсан

сы

6

Ырымды ұғып ал

2

1

1

9.11-16.11

Баяндау

Үлгі әзірлеу



7

Ұлттық  ойын түрлері

2

1

1

23.11-30.11

Түсіндіру

Мәнжазба



8

Бата тілек  сөздер

2

1

1

7.12-14.12

Баяндау

Альбом

Мереке


9

Төрт түлік жырлары.

Түлік пірлері

2

1

1

21.12-28.12

Түсіндіру

Сызба дайындау



III тоқсан

Қазақ жыраулар поэзиясының атасы – Шалкиіз Тіленшіұлы

10

Эпостық жырлар. Ер Тарғын. Қобыланды батыр. Алпамыс

2

1

1

11.01-18.01

Сұрақ-жауап

Альбом



11

Айтыс .Айтыс түрларі

2

1

1

25.01-1.02

Түсіндіру

Үлгі,сызба дайындау



12

Ертегілер елінде

2

1

1

8.02-15.02

Баяндау

Альбом



13

Аңыз әңгімелер.Алдар мен Қожанасыр  әңгімелері

2

1

1

22.02-1.03

Сұрақ-жауап

Сызба дайын



14

Ұлттық салт — дәстүрлер

1

1

1





15.03

Түсіндіру

Мәнжазба



IV тоқсан



15

« Батыр болсаң жауға найзаң тисін» Қазақ батырлары

1


1

5.04-12.04

Түсіну




16

« Даналар сөзі- ақылдың көзі»

Қазақ билері


2


1


1

19.04-26.04


Сұра-жауап


Сызба әзірлеу



17

Әйтеке бидің тапқырлығы

(шешендік сөздері)

2

1

1

3.05-10.05

Түсіндіру

Мәнжазба



18

« Қазыбектің қаламақ қандығына елшілігі»

2

1

2

17.05-24.05

Баяндау

Көрме



Барлығы: 34 сағат

Мазмұны




I тоқсан

Сағат саны


Әдіс-тәсілдері

Білімділік ережесі

Ескерту


Барлық сағ саны

теория

Прак

тика


Мерзімі



4 г


1

Қиял-ғажайып ертегілері

1

1


9.09.17

07.09.17

Түсіндіру

Мәнжазба



2

Керқұла атты Кендебай ертегісі

2

1

1

16-23.09

14-21.09

Баяндау

Үлгі дайындау



3

Кейіпкерлерге талдау

2

1

1

30-07.10

28-05.10

Сұрақ-жауап

Суреттер



4

Ертегідегі нақыл сөздер

2

1

1

14-21.10

12-19.10

Түсіндіру

Мәнжазба



5

Ертегідегі пейзаж

1

1


28.10


26.10


Конспект

Альбом




ІІ тоқсан

Аяз бидің ғұмырнамасы

6

Мергенбай бейнесі

2

1

1

11-18.11

09-16.11

Баяндау

Үлгі әзірлеу



7

Туған жерге байланысты мақалдар

2

1

1

25-02.12

23-30.11

Түсіндіру

Мәнжазба



8

ЭССЕ

2

1

1

9-16.12

7-14.12

Баяндау

Альбом

Мереке


9

Фантастикалық ертегі құру

2

1

1

23.12

21.12

Түсіндіру

Сызба дайындау



III тоқсан

Қазақ жыраулар поэзиясының атасы – Шалкиіз Тіленшіұлы

10

Әдеби ертегілер

2

1

1

13-

20.01

18


11-

18.01

18

Сұрақ-жауап

Альбом



11

«Толағай» ертегілер

2

1

1

27-3.02

25-01.02

Түсіндіру

Үлгі,сызба дайындау



12

Кейіпкерлер бейнесі

2

1

1

10-17.02

08-15.02

Баяндау

Альбом



13

ЭССЕ

2

1

1

24-03

.03

22-01.03

Сұрақ-жауап

Сызба дайын



14

Мәтелдер Ерлікке байланысты

2

1

1





10-17.03



08-15.03

Түсіндіру

Мәнжазба



IV тоқсан



15

Ұлылардан ұлағат

1


1

07.04


05.04


Түсіну




16

Қазақ халқының киелі сандары


2


1


1

14-21.04

12-19.04


Сұра-жауап


Сызба әзірлеу



17

Мақал- сөздің мәйегі

2

1

1

28.04-05.05

26.04-03.05

Түсіндіру

Мәнжазба



18

Нақыл сөздер

3

1

2

12-

19.05

10-

17-24.05


Баяндау

Көрме



Барлығы: 34 сағат











































«Тіл дамыту» қосымша сабақ бойынша бағдарлама
Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат
2 сынып

№ Тақырыбы Сағат
1 Дыбыс туралы түсінік 1
2 Буындап оқу , дыбыстық талдау жасау 1
3 С.Көбеев «Екі соқа» әңгімесі 1
4 Мақалдар 1
5 Жұмбақтар 1
6 С. Көбеев «Сауысқан мен қарға» әңгімесі 1
7 Жазба жұмысы (шығарма) 1
8 Тіл дамыту сабағы 1
9 Граматикалық жаттығулар орындау 1
10 Алдар Көсе мен бай баласы» аңыз әңгіме 1
11 Мәтінмен жұмыс 1
12 Зат есімді қайталау 1
13 Нәтиже сабақ. Сөйлесу үлгілері 1
14 Жазба жұмысы (суреттер бойынша әңгіме). Қатемен жұмыс 1
15 «Арыстан күшігін асыраған мысық» ертегі 1
16 Сөздік жұмысы 1
17 Мәнерлеп оқу 1
18 А. Бақтыгереева «Мұғалім апай» 1
19 Диктант «Кітап» 1
20 Қатемен жұмыс 1
21 Сенің кім болғың келеді? 1
22 «Жеті атасын білмеген жетім» 1
23 Нәтиже сабақ 1
24 Сен нені жақсы көресің? 1
25 Менің отбасым 1
26 Сен не үйрендің? 1
27 Сын есімді қайталау 1
28 Өткенді қайталау 1
29 Т. Молдағалие «Менде үлкен боламын» 1

30 Жаңылпаштар 1
31 «Жарыс жалғасады» ертегі-жаңылпаш 1
32 Жазба жұмысы (шығарма) 1
33 Қатемен жұмыс 1
34 Сен не үйрендің? 1

Барлығы: 34 сағат

Оқушының білім дағдысына қойылатын талаптар:

- сөздерді дыбыстық құрамына қарай талдау;
- дауысты дыбыстарды, дауыссыз дыбыстарды айыра білу;
- сөздегі буындар санын анықтау;
- әліпбидің қатарын жаттау;
- сурет мазмұнын қазақша айтуға жаттығу;
- орын тәртібі ауысқан сөйлемдегі сөздерді дұрыс қалыпқа келтіре білу;
- мәтіннен қажетті сөйлемдерді таба білу;
- тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыру;
- жоспар, сұрақ бойынша әңгіме айтуға жаттығу;
- мәтін бойынша сұрақ қоя білу;
- мәтінді түсініп, дұрыс мәнерлеп оқуға дағдылану;
- мәтінді дауыстап оқу, ішінен оқу;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап бере білу;
- тыңдау, есту арқылы түсінгенін айтқызу;
- түрлі жағдайларға байланысты әңгіме жүргізе білу;
- тапсырма шарттарын түсініп орындау;
- шағын өлең, мақал, жұмбақдарды жатқа айту;
- жаңылпаштарды жылдам оқып, мазмұнына түсіну;
- шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жазуға төселу;




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Ғарышқа апарар жол"

Автор: Артықбай Д.М

Дата: 17.05.2022

Номер свидетельства: 607182

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "саба? жоспары та?ырыбы: 1- ?ырк?йек білім к?ні "
    ["seo_title"] => string(48) "sabak-zhospary-tak-yryby-1-k-yrkuiiek-bilim-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "181183"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425309583"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства