Просмотр содержимого документа
«Елiн суйген- Елбасы»
Тәрбие сағатының тақырыбы: Елін сүйген-Елбасы
Күні: 29.11.19
Тәрбие сағатының мақсаты мен міндеттері:
– Тұңғыш Президент – Елбасы туралы білімді кеңейту;
- бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық, бейбітшілік, ұлттық келісім сезімдерін қалыптастыру;
- оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
Өткізу формасы: сынып сағаты
I кезең (10 минут)
1) Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Балалар, барлықтарыңызды Қазақстан Республикасының Әнұранын орындауға дайындалуларыңызды сұраймын (Қазақстан Республикасының Әнұраны ойнайды).
Құрметті балалар, біздің бүгінгі сынып сағатымыз тәуелсіз мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Күніне арналады.
Отан! Бұл сөзде қаншалықты көп мағына бар! Менің көз алдыма мейірімді және дана халық мекендеген ұлан-ғайыр жер келеді: қазақтың селеу кілемі төселген даласы, жусанның қышқыл иісі. «Менің Қазақстаным» деген сөзді айтқанда жүрегімнің зор мақтанышқа толатынын сеземін.
Осы аптада Қазақстан халқы маңызды күнді атап өтеді. 1-желтоқсан қандай мереке күні?
- Жарайсыңдар, сендер өз Отанын сүйетін, оны даңққа бөлейтін, салт-дәстүрді құрметтейтін, өз елінің тарихын білетін адамды патриот деп атайтынын білесіндер ме?
- Ал сендерді патриот деп атауға бола ма?
II кезең (25 минут)
2) «Сен өз елің туралы не білесің» – викторина
Әрбір дұрыс жауапты біз қол шапалақтаумен қолпаштаймыз
1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан Республикасы)
2. Мемлекеттің негізгі Заңы, ол – ... (Қазақстан Республикасының Конституциясы)
3. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кім? (Н. Назарбаев)
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)
5. Қазақстанның астанасы? (Нұр-Сұлтан қаласы)
6. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы? (Теңге)
7. Мына күндер туралы не айтасыңдар: 16 желтоқсан? 7 мамыр? 30 тамыз?
3) «Сөйлемді аяқта» ойыны
Балалар, қағаздағы сөйлемдерді өз қалауларың бойынша жауап бере отырып, аяқтаңдар (Тыныш музыка естіледі)
1. Менің Қазақстаным ең ......................................................................
2. Мен өз Отаным ........................................ үшін мақтан тұтамын
3. Патриот болу дегеніміз ......................................................................
4. Мен .......................................................................................тұрамын
5. Менің ойымша, Бірінші Президент болу, бұл – .................................
Қазақстан халқы достық пен келісімде өмір сүреді. Біздің еліміз өркендей беруі үшін әркім өз тілегін айтсын:
- Мен Қазақстанға гүлдену мен бейбітшілік тілеймін!
- Мен өз Отаныма береке тілеймін!
- Мен бейбіт аспан тілеймін!
- Халық аман сау болсын деп тілеймін!
- Мен барша халыққа бақыт тілеймін!
(Оқушылардың тілегі әртүрлі болуы мүмкін. Тапсырманы орындағаннан кейін балаларды белсенді қатысқаны үшін марапаттау керек).
4). Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы бейнефильмді көру.
Талқылау үшін сұрақтар:
1. Президент болу оңай ма?
2. Тұңғыш Президент туралы не білдіңіз?
3. Елбасының қандай көшбасшылық қасиеттерін білесіз?
4.Сіз оған не тілейсыз?
III кезең (10 минут)
Сабақ соңында мұғалім қорытынды шығарады.
Қазақстанның болашағы сіздерсіздер, жас ұрпақтар. Біз өткенді есте сақтауымыз, бүгінгіні білуіміз, болашақты құруымыз керек және өзіміз Отанымыз – Қазақстан Республикасына қызмет етуіміз қажет.
Осындай маңызды тарихи уақытта елімізден Нұрсұлтан Назарбаев сияқты көшбасшы шықты. Ол – «Ұлт көшбасшысы», «Елбасы».
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы. Қазақстан Парламентінің Сенаты 1 желтоқсан күнін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні деп атап өтуге шешім қабылдады. Тұңғыш Президенттің жетістіктері Қазақстан халқы тарапынан үлкен құрмет пен сенім тудырады.